Магистрант Дурбенова Жания, магистрант Баданов Исламбек,
к.т.н., проф. Баданов К.И.
М.Х. Дулати
атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.,
Қазақстан
Республикасы
СУДЫҢ ҚАНЫҚҚАН БУ
ӘСЕРІМЕН ӨТЕТІН БОЯҒЫШТАРДЫҢ БЕКІУІН ЖЕТІЛДІРУ
Қазақстан Республикасының Президенті текстиль
өңдірісін жаңа деңгейде дамытып және
қазақстан текстилін дүние жүзінің бірінші
қатарына шығару мақсатымен осы өңдірісті
жаңа, ең үнімді техникамен қамтамасыз етіп талшық
шикізатын талшық түрінен бастап сапалы бұйымдар ға
дейін толық өңдіру текстиль өнідірісінде жұмыс
істейтің мамандар алдында мақсат қойды. Дүние
жүзінің дамыған 50 елдің қатарына қосылу
үшін текстиль өңдірісі сапалы да кең ассортименті
бұймдар шығару қажет. Осы мақсаттарға жету
үшін өңдеу өндірісінің алдында үлкен
мақсаттар қойылып тұр.
Текстиль өндiрiсiнiң
химия-технологиялық процесстерiнің айырмашылығы жоғары
ұзақтықпен және үлкен қиындықтармен
болатыны. Осыған байланысты, сурет басу кезінде бояуды бекiтуi, оны
пайдалы қолдануы дәрежесiн жоғарлату және
қоршаған ортаның ластануларын төмендетуi маңызды
технологиялық мәселе болып табылады [1].
Өңдеу өндірісі
текстильдік материалдардың сапа көрсеткіштерін белгіленген
өлшемде анықтайды және текстиль өнеркәсібінде
өнім өндірудің соңғы
түйіні болып келеді. Өңдеу өндірісінің негізгі
мақсаты болып материалдарға товарлы түр беру,
техникалық құрамы және тұтынушылық
құндылықтың комплексті қатынасы болып табылады.
Өңдеу процесін 50% төмендеткенде, өнімнің
толық өзіндік құнының 6 %-ін төмендетуге
мүмкіндік береді. Өнімнің өзіндік құнын
анықтайтын факторлардың ішінен
ғылыми техникалық прогресс ең үлкен ықпал
етеді.
Осы жұмыс
текстиль материалдарға бояғыштарды бекiтудiң тиiмдi
әдiстерiн жасау мәселесiне арналған. Зерттеулерді жүргізу үшін
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің
«Тоқыма өнеркәсәбәнің технологиясы
және материалтану» кафедрасында жасалынған МЗУ-1 модельді булау қондырғы
қолданылды. Қондырғының конструкциясы текстиль
материалының өңдеу аймағында будың қысымын
тұрақты етіп ұстауға мүмкіндік береді. Қаныққан су буының және
азетроптық қоспалар буларының ортасында әр түрлi
класстағы бояғыштарды бекiту үшін жүргізуге
мүмкіндік беретін булау қондырғысының конструкциясы
ұсынылған. Қондырғы булау уақытын және
жылытасымалдаушының (су мен су ерітінділері) түрін өзгертуге
мүмкіндік береді. Осы қондырғыны пайдалану барысында
өңдеу уақытының, текстиль материалдары
құрылымының, жылытасымалдаушы түрінің,
бояғыш класстарының бояғыштың бекіту дәрежесіне
әсерін және сіңдірілген және өрнекбасылған
үлгілерді өңдеуде түстерінің сапалық
көрсеткіштерін зерделеу бойынша зерттеуді жүргізуге болады. Осы
қондырғы температурасы 100оС қаныққан су
буының ортасындағы бояуды бекiтіп өткiзуге мүмкiндiк
бередi. Қондырғы тот баспайтын темірден дайындалған. Қондырғының конструкциясы қарапайым
болып келеді.

1 сурет. М.Х. Дулати
атындағы ТарМУ
«Текстиль
өнеркәсібінің технологиясы және материалтану»
кафедрасында жасалған модельді булау құралы.
МЗУ-1 (сур. 1) келесі
бөлшектердең тұрады: 1- қақпақ; 2-
үстіңгі цилиндр; 3 - конус тәрізді тарелкалар; 4 - бу
шығатын құбыр; 5 - мата; 6 - бу жіберетін вентиль; 7 - астыңғы
цилиндр; 8 - бу жинағыш құрал; 9 - су ерітіндісі; 10 –
электржылтқыш. МЗУ-дің жұмыс істеу принципі мынандай. Булау
камераға 8 литр мөлшерінде дистиллирленген (тазартылған) суды
құямыз және қуаттылығы 1,6 кВт электртэнмен
қайнауға дейін қыздырамыз. Булау камерасының ішінде бу
жинау конусты тарелкалар болады. Дистилирленген су қыздырылып және
бу жиналғаннан кейін МЗУ-1 жұмысқа дайын. Осыдан кейін ішкі
цилиндрге үлгілерді оранатады да қақпақты жабады.
Сыртқы қақпақы жабады да буды беру үшін вентиль
ашылады. МЗУ-1-мен жұмыс істеген кезде судың конденсатының
бөліуі жоюға болады. Конденсаттан шыққан суды
жинақтау үшін бу түсетін қосымша кең ыдыс
жасалған. Конденсатты қайтадан буландырғыш камерадағы
тазартылған суды толықтыру үшiн қолдануға болады.
Конструкцияда
өңделген текстильдік материал арқылы будың өтуі
үшін буландыратын сопел әдісі қолданылған.
Апараттың ішкі конструкциясы пайда болған будың қуатын
максимальды пайдалануға жасалған. Қондырғының
автономиялық электрлік қоректенуі бар. Суды жылыту және
қажетті көлемде будың пайда болуы 1 сағат уақытты
құрайды. Жылытасымалдаушының
қуатын тиімді пайдалануға, қаныққан су
буының ортасында өңдеу кезінде өңдейтін
үлгілерде «тамшылардың» пайда болуын минимумға дейін
қысқартуға мүмкіндік береді.
«ТӨТжМ»
кафедрасының зертханалық шарттарында ресми түрде
мақұлдау жүргiзілген. Ағартылған фон (өң)
бойынша белсендi және кубты бояғыштармен өрнек басып
шығарылған мақта маталарының үлгiлерiн қаныққан су буының
ортасында өңдеуде оң нәтиже алынады.
МЗУ-1 модельді булағыш
қондырғыны текстиль өнеркәсібінің
өңдеу кәсіпорындарының бояу және өрнек басу
цехтарының химзертханаларында, ғылыми-зерттеу институттарында,
текстиль бағытындағы ЖОО–да өрнек басылған және
текстиль материалдарына сіңдіре өңдеудің оңтайлы
режимдерін құрастыру мақсатымен бояғыштарды бекіту
дәрежесіне әртүрлі факторлардың әсерін зерделеу
бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарды жүргізуде
қолдануға болады.
Құрылғының
конструкциясы мата үлгінің бетінде қақтың
тұруын болдырмайды, сонымен қатар басқа
артықшылықтарға ие. Бояудың бекіту дәрежесіне
булау уақытының әсерін, сонымен қатар материал
беріктігінің өзгеруіне әсерін өңдейтін
талшыққа бояғыштарды бекітудің оңтайлы шарттарын
жасау мақсатында зерделеу қажет.
Ақ өң бойынша белсенді
және кубты бояғыштармен басылған мата үлгілерін булау
үшін МЗУ-1 қондырғыны пайдалану, белсенді бояғыштар
үшін 8-10 минутта ал кубты бояғыштар үшін 7-12 минут булау,
өңнің ақтығын нашарлатпай
тұрақтылығы жоғары бояуды алуға мүмкіндік
береді. МЗУ-1 қондырғысы қаныққан су буының
факторларының әртүрлі кластағы бояғыштардың
бекітуіне және диффузия дәрежесіне әсерін зерделеу бойынша
ғылыми-зерттеулерді жүргізуге мүмкіндік береді. Қондырғының
конструкциясы жылу тасушы түрін өзгертіп, бекіту шарттарын
өзгертуге мүмкіндік береді. Осындай конструкциядағы
апараттарды текстильді материалдарды колорирлеумен айналысатын шағын
кәсіпорындарға ұсынуға болады. Қондырғы бу
көзін талап етпейді, конструкциясы қарапайым және оны
механикалық-жөндеу цехтарында жасауға болады.
Әдебиеттер
1. Мельников Б.Н., Морыганов А.П., Калинников Ю.А. Теория и практика высокоскоростной фиксации красителей на текстильных материалах. - М.: Легпромбытиздат, 1987, - 208с.
2. Сафонов В.В.
Интенсификация химико-текстильных процессов отделочного производства. Уч.
пособие. –М.,МГТУ им.А.Н.Косыгина, 2006. -405с.
3. Баданов К.И. Текстиль материалдарын өңдеу. Электронное учебное пособие, ТарГУ, Тараз 2013.
4. Садова С.Ф. и др.
Экологические проблемы отделочного производства. Учеб. для вузов. Под ред. С.Ф.
Садовой. – М.: РИО МГТУ, 2002. – 284 с.