э.ғ.к. Абілқасым А.Б., магистр Сейтова В.Н., студент Қуттыбай Ұ.Т.

 

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДА  БЮДЖЕТТІК  САЯСАТТЫ

 ЖЕТІЛДІРУДІҢ  НЕГІЗГІ  ЖОЛДАРЫ

 

Нарықтық қатынастар туындатқан экономиканы басқарудың жаңа механизмдері бюджетті басқару жөніндегі мәселелерге де жаңаша көзқарастың қажет екендігін айқындап отыр. Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де бюджет зор рөл атқарады. Ол нарықтық қатынастардың  құрамдас бөлігі және сонымен қатар мемлекеттік саясатты іске асырудың құралы болып табылады. Бюджетті жоспарлау, басқару теорияларын қарастырмас бұрын, осы ұғымға, оның мәнін ашатын түсініктерге тоқтала кетуді жөн санаймыз.

Бүгінгі таңдағы мемлекеттің тұрақты экономикалық дамуы тұрғысынан негізгі мәселе бюджет жүйесін басқару процесі деп санауға болады. Бюджеттің қызметі бюджеттің кірісі мен шығысы сияқты ерекше экономикалық формалар арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қорларын қалыптастыру мен пайдаланумен байланысты. Бұл жекелеген құндық бөлу этаптарын көрсететін мемлекеттік бюджеттің қызмет етуінің ерекшеленген формасы.

Мемлекеттік бюджеттің табысы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер базасында елдің экономикасын ары қарай дамыту мен инвестиция тартуға бағытталған белгіленген халықты ынталандырушы шаралары мен орта мерзімге елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспарымен анықталады.     Бюджет кірістерін басқарудың барлық процесі табысты реттеудің негізгі принціптері бекітілген «Бюджет туралы», «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» туралы Қазақстан Республикасы заңдарымен реттеледі, сондай-ақ республикалық бюджетте ағымдағы жылға сәйкестендірілген табыстардан нақты аударымдар бекітіледі.

Жалпы бюджеттік саясаттың негізгі мақсаты болып бюджеттік құралдарды қолдану арқылы экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және әлеуметтік-экономикалық дамудың басымды міндеттерін шешу табылады. Сонымен қатар мемлекеттік шығындардың тиімділігін арттыру, бюджет қаражаттарын тиімді пайдалану, барлық деңгейдегі бюджеттердің ашықтылығын қамтамасыз ету.

Есепті кезеңде бюджет қаражаттарын шығындаудың негізгі басымдықтары болып денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік реформалардың іске асырылуын тереңдету, тұрғын-үй құрылысы саясатын іске асыру, аграрлық кешенді дамыту, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатындағы саясатты іске асыру табылады.

Бюджет қаражаттарын «мақсатсыз пайдалану», «негізсіз пайдалану», «бюджет қаражаттарын тиімсіз пайдалану» ұғымдары шектеліп, орнына бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу нәтижелілігін анықтайтын «индикаторлар» ұғымы енгізілген.

Бюджеттік процеске нормативті әдісті енгізу шеңберінде орталық мемлекеттік органдармен қызмет ететін нормативті құқықтық актілерді қайта қарау Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен бекітілген нормаларды қайта бекіту жұмыстары жүргізілуде.

Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің жауапкершілігін және бюджет қаражаттарының мақсатты пайдаланылуына бақылауды нығайту мақсатында «Әкімшілік құқық бұзушылық» туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің бюджет заңдылығын сақтау бөлімі бойынша бөлігіне мемлекеттік мекемелер және оның басшыларының жауапкершілігін нығайту мақсатында салынатын айыппұлдар мөлшері жоғарылатылған.

Стратегиялық, аймақтық, салалық бюджеттік бағдарламалардың санын жоғарылату және оның іске асырылу тиімділігін арттыру мақсатында бағдарламаларды өңдеу және оның тиімділігін бағалаудың жаңа жолдары қарастырылған.

Бюджеттік бағдарламаларды стратегиялық құжаттармен байланыстырып, бюджеттік бағғдарламалардың сапасын жоғарылату арқылы бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру керек.

Республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлау процесін жетілдіру үшін соңғы нәтижеге жету жауапкершілігін нығайту мақсатында бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне бюджеттік бағдарлама, ішкі бағдарлама құнын айқындау бойынша норма мен нормативтерді енгізуге еркіндік беру жоспарланған.

Елімізде экономикалық және бюджеттік саясатты енгізу және құру тәжірибесіне сәйкес алдыңғы үш жылдық мерзімге арналған фискальды саясат мемлекеттің ұзақмерзімді, ортамерзімді бағдарламаларына сәйкес құрылуы тиіс.

Қазақстандық бюджетті басқару процесінің негізгі мәселесі болып бюджеттік процестің жоспарлау, қаржыландыру және бюджет қаражаттарын пайдалану стадияларында қайталанып  отыратын қателіктердің болуы. Бюджеттік процестің барлық стадияларында, қаржылық бақылауды қоса алғанда жүйелі байланыс болуы тиіс.

Бюджетті басқару процесі жергілікті бюджеттің кіріс базасын арттыруға аймақтардың әкімдерін ынталандыруы тиіс. Бірақ қалыптасып отырған бюджеттік алулар жүйесі жергілікті басшылық жағынан мұндай ынтаны туғызбайды. Бұл мәселе барлығына яғни ресми трансферттер алатын облыстар мен қалаларға да тән. Аймақтар өздерінің кіріс базасын арттыруға ынталы емес, өйткені үш жылдық мерзімге белгіленген ресми трансферттер сомасы міндетті түрде жергілікті бюджетке түседі. Осындай жағдайда болдырмау үшін нақты бюджеттік және экономикалық реформаны іске асыру қажет және бюджетаралық қатынастардың дұрыс құрылуына көңіл бөлінуі тиіс.

Ашықтылық мемлекеттік қаржыларды басқару тиімділігін  қоғам тарапынан бақылаудың негізгі құралы болып табылады, шешім қабылдауда жергілікті үкімет органдарыныің жауапкершілігін арттырады және мемлекеттік мекемелерде ішкі тәртіпті сақтау жауапкершілігін арттырады. Бюджет туралы ақпараттардың сапалылығына тек мемлекеттік қаржыларды басқару органдары ғана емес, сонымен қатар азаматтар, инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілер қызығушылық танытады.

Қазіргі уақытта жергілікті қаржылардың жағдайы, жергілікті бюджеттердің орындалуы жөнінде есеп берушілік туралы ашық түрде статистикалық ақпараттар алуға болады. Сонымен қатар жергілікті деңгейде мемлекеттік қаржылар секторының қызмет етуі жайлы толық ақпарат алу қиынға соғады.

Сондай-ақ аймақтық көрсеткіштерді республикалық көрсеткіштермен сәйкестендіру мақсатында мемлекеттік үкімет органдарының барлық деңгейлері негізінде статистикалық ақпараттарды құрастырудың бірыңғай принціпін өңдеу қажет.

Сонымен қатар өзіне өткен кезеңдегі мемлекеттік басқару субъектілерінің қызмет нәтижелерін  және болашақ кезеңдегі мемлекеттік қаржыларды басқарудың тиімділігін арттыру жоспарларын қосатын жыл сайынғы жергілікті басқару органдарының есеп берушіліктерін жария етуді тәжірибеге енгізу дұрыс болар еді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:  

1  Тоққожа Қ. Бюджет қаражаттарын басқарудың ерекшеліктері. // Экономика негіздері, 2008, № 6, Б. 3-6.

2  Ахметова С.С. Мемлекеттік бюджет – мемлекеттік секторды басқару құралы ретінде // Аль-Пари, 2007 № 1, Б. 103-105.

3  Кубаев К, Абдрахманова С. Бюджетті басқарудың тиімділігін арттырудағы жоспарлаудың ролі // Ізденіс, 2007 № 4, Б. 14-20.

4  Исахова П.Б. Региональное бюджетное выравнивание: проблемы и пути совершенствования // Финансы и кредит. 2005, № 8,С. 14-17.

5  Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгзу жөніндегі концепция. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26-желтоқсандағы қаулысы.