демеубаева
Акмарал Оспановна, Тойымбетова Меруерт Бейсенбаевна
Қазақстан
әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне
көлеңкелі экономиканың әсер ету дәрежесін
анықтау
Көлеңкелі экономика саласындағы
арнайы әдебиетті талдай отырып, «көлеңкелі экономиканың
болуы – мемлекеттің экономикалық-саяси сәтсіздігінің
индикаторы» деген қалыптасқан сөзді жиі кездестіруге болады.
Мемлекет тұрғысынан алғанда,
макродеңгейде Қазақстанға қатысты ретте
көлеңкелі үдерістердің ұйымдасқан
формасынан болатын әлеуметтік-экономикалық салдарларды келесі түрде
сипаттауға болады.
Біріншіден, әлеуметтік жағы екі
жүзді мораль және экономикалық, демек, көп
жағдайжа әрі әлеуметтік әрекет нормаларының
белгісіздігі. Бұл өте жағымсыз ретте қоғамдық
моральға әсер етеді, «өркениетті әрекет ережелері» деп
аталатын қағидалардан алшақтай түседі.
Көлеңкелі экономика халықтың басым көпшілігі
үшін үйреншікті жағдайға айналды, адамдар
көлеңкелі экономикамен күнделікті өмірде кездесіп
отырады, ол қоғамда ешбір жиіркеніш тудырмайды.
Қазақстан қоғамында көлеңкелі экономика
институттарына, әсіресе сыбайлас жемқорлыққа деген
жоғары төзімділік қалыптасқан. Мұның
өзі қиыншылықтарға әкеліп соғады - көлеңкелі экономика
әлдебір шамада «көлеңкелі» болуын, яғни
қоғамның жасырын әрі белгісіз болуын қойды.
Екіншіден, экономикалық
құқықтық аспект ашық мемлекеттік
құрылым қызметіндегі айқын мақсатты
қондырғыларды априорлық тұрғыдан берудың
мүмкін еместігі және экономика туралы сенімді деректердің
болмауы нәтижесінде макро экономикалық реттеу
қателіктерінің ұлғая түсуі.
Сайып келгенде, көлеңкелі
экономиканың салдарларын цифрлар түрінде екі негізгі
көрсеткіштер бойынша анықтауға болады:
а) ұлттық экономиканың өсу
қарқыны
ә) мемлекет бюджеті (оның кіріс
бөлігін қалыптастыру, бюджет қаражатын жұмсау, мемлекет
қарызы).
Алайда, есептеулер көрсеткендей,
Қазақстанда ашық экономикаға қарағанда
көлеңкелі экономиканың өсуі жылына орташа есеппен
небары 3,4%-ға ғана кейін қалып отыр.
Осы көрсеткіште де жағымсыз динамика
көрініс алады: бақыланбайтын экономика дамуының артта
қалуы жыл сайын қысқарып келеді. Егер 2010 жылы
көлеңкелі экономиканың өсімінің ресми экономика
өсімінен артта қалуы 5,6% құраса, ал 2013 жылы
бұл айырмашылық 2%-ға дейін қысқарды.
Жан басына шаққанда
ЖІӨ-нің бақыланбайтын экономикадан көрген шығыны
орташа есеппен 2012-2013 жылдары жалпы жылдық көрсеткіштің
20,7%-ын құрады. Яғни, осы жылдары көлеңкелі
экономиканың көріністері салдарынан әрбір
Қазақстан азаматы орташа есеппен 597,4 мың тенге кем алды.
Яғни,
ресми экономиканың қолайлы қызмет атқаруы
жағдайында, оның көлеңкелі бөлігі зиян келтіре
отырып, жалпы дамуын тежейді. Алайда, сыртқы факторлардың
әсерінен негізгі көрсеткіштер мен жалпы ахуалдың
нашарлануынан (оған 2007 жылғы қаржы дағдарысы мысал
бола алады) көлеңкелі экономика аз көлемде «зардап» шегеді.
Ел
экономикасының қызмет атқаруы өзгермеген жағдайда және Қазақстан
Республикасының 2008-2010 жылдарға арналған алдағы 3
жылдық орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспарында
негізгі қаланған экономиканың нақтыланған даму
қарқынында бақыланбайтын экономиканың болжамдық
дамуы төмен болады.
Халықтың
жұмыспен қамтылуы және жұмыссыздық
көлеңкелі экономиканың теріс әсерін өз бойынан
сезіне қоймайды, өйткені мұнда жасырын және
заңсыз жұмыспен қамтылу орын алады. Ал көлеңкелі
экономикадағы заңсыз жұмыспен қамтылу және
заңсыз экономикадағы жасырын жұмыспен қамтылудан
қоғамның теріс әсер алуы мен залал көруі
кәсіпкерлердің әлеуметтік және
құқықтық жауапкершілігін әлсіретіп,
соның салдарынан халықтың әлеуметтік
қорғалмаған бөлігінің күтімі адал
салық төлеушілердің мойнына жүктеледі. Сондай-ақ
көлеңкелі экономиканың осы көрінісі жалдамалы
жұмыскерлердің құқықтары
қорғалу, еңбек жағдайымен қамтылу ахуалын
нашарлата түседі. Мұның өзі өндірістік жарақат алу көрсеткіштері мен
өндірісте өлім жағдайларының көбеюіне
әкеледі. Сондай-ақ сертификатталмаған (заңсыз
импортталған немесе ел ішінде өндірілген) өнім
тұтынушылардың денсаулығына шынайы қауіп тудырады.
Тіпті ол өнімдерді тұтыну салдарлары бірден немесе біршама
уақыттан соң туындауы да мүмкін. Мұнда
көлеңкелі экономиканың халықтың денсаулық
көрсеткіштеріне әсері кеден және санитарлық
эпидемиологиялық қадағалау органдары жұмысының
сапасына, олардың қызметкерлерінің жауапкершілік сезімдеріне
тікелей байланысты болады.
Жалпы алғанда,
көлеңкелі экономиканың салықтың жиналуына
әсер ету дәрежесі мен бюджет қаражатының тиімді
жұмсалуы мемлекеттің сыбайлас жемқорлық
дәрежесімен анықталады.
Қазақстан елдер жүйелі сыбайлас
жемқорлықтың бар екендігін білдіретін СЖҚИ 3-тен кем
емес елдер тобынан шықпаған. Бұл өз кезегінде
бақыланбайтын экономиканың жыл сайын өзіндік өсу
қарқынын ұлғайтуда мүмкіндік береді, содан келіп
шенеуніктердің жемқорлық деңгейі бұрынғы
қалпында сақталып қалуына алғы шарттар жасалады.
Қазақстанда
сыбайлас жемқорлық мәселелерін қозғайтын
көптеген зерттеулер жүргізілді. Мәселен,
Халықаралық валюта қоры сыбайлас жемқорлық жемқорлық шетелдік
инвестицияларға арналған мүмкіндіктер аясын кенеттен
тарылтып, экономикалық өсуді тежейді әрі тұрақты
дамуға кедергі жасайды деп есептейді. Бүкіл
дүниежүзілік банктің сарапшылары да осындай
қорытындыға келіп отыр. БҰҰ даму
бағдарламасының мамандары залалдың нақты мөлшерін
анықтауға бел буды. Олар сыбайлас жемқорлық
нәтижесінде дамушы елдердегі ресурстардың сыртқа кетуі
ЖІӨ-нің 10 % -ынан 30 % -на дейін ауытқиды деп санайды,
яғни көлеңкелі экономиканың жалпы деңгейімен
салыстыруға лайық.
Көлеңкелі
экономика едәуір дәрежеде экономика өсімінің
резервтерін көрсетіп, сондай-ақ осы резервтердің
пайдаланылуын шектейді деген пікір бар. Яғни егер мемлекеттік
органдардың жемқорлығын ғана жоятын болсақ, онда
Қазақстан 2011 жылдың өзінде-ақ ЖІӨ-ні екі
есе ұлғайту бойынша стратегиялақ мақсатқа
қол жеткізген болар еді.
Осы зерттеудің
әзірленген әдістеме бойынша көлеңкелі
экономиканың көріністері салдарынан республикалық
бюджеттің жіберіп алған мүмкіндіктері мен монетарлық
әдістің екі түрімен есептелінген көлеңкелі
экономиканың ауқымдары ресми статистикалық деректермен
салыстырылады.
Мәселен,
бюджеттің залалы көлеңкелі экономиканың залалдарына
тең, 2013 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ-нің
3%-нан 14%-на дейін немесе республикалық бюджеттің 18%-нан 79%-на
дейін ауытқуы мүмкін. Басқаша айтқанда егер көлеңкелі
экономиканың ауқымдары ЖІӨ-нің 50%-ға
жуығын құрайтын болса, бюджеттің жыл сайынғы
жіберіп алған мүмкіндіктері оның кіріс бөлігінің
70-80%-ын құрайды.
Бюджеттің кіріс
бөлігін құрауға әсер ететін көлеңкелі
операциялардың негізгі формасы салықтан жалтару болып саналады.
Салықтан жалтару мен төлемеу нәтижесінде бюджетке салық
кем төленеді.
Пайдалынған әдебиеттер тізімі.
1. Экономика и право. Теневая эконмика: учеб. Пособие для студентов вузов / (Н.Д. Эриашвили и др.); под ред. Н.Д. Эриашвили, Н.В. Артемьева. – 3-е изд., перераб. и доп. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2007. – 448 с.
2. Экономическая теория / Под ред. А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича: Учебник для вузов. – СПб: Изд. СПбГУЭФ, Изд. «Питер Паблишинг», 1997. – 480 с.
3. Всемирная прачечная: Террор, преступления и грязные деньги в оффшорном мире / Джеффри Робинсон; Пер. с англ. – М.: АльпинаБизнес Букс, 2004. – 540 с.
4. Саханова А.Н., Сейтмагамбетова М.С., Есенжигитова Р.Г. Сборник кейсов по курсу «Государственное регулирование экономики»: учебное пособие. – Алматы: Экономика, 2003. – 276 с.
5. С.А. Туржанов. Малый и средний бизнес: проблемы развития, поиск решений. – Алматы, 2004. – 244с.;