Мусаева А.Я., Омарова Ә.Д.
М.Х.Дулати атындағы
Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан
ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА
КӘСІПОРЫНДАРДЫ МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ
ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Экономиканың
орнықты және теңгерімді өсімін қамтамасыз етуге
бағытталған мемлекеттік саясат 2010–2014 жылдарға
арналған Қазақстан Республикасын үдемелі
индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік
бағдарламасын іске асыру арқылы жүзеге асыруда. Орта
мерзімді перспективада экономиканы әртараптандыруға, үдемелі
индустрияландыру жолымен қол жеткізілетін болады.
Индустрияландырудың негізіне дәстүрлі экспортқа
бағдарланған салаларды дамыту арқылы мемлекеттік және
жеке секторлардың өзара іс-қимылының тиімділігі,
отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін және
Қазақстанды қамтуды ұлғайтуды арттырудың,
шикізат емес басым секторларды дамыту қағидаттары алынды.
Барлық секторлар экономиканың өнімділігін арттыруды
индустрияландырудың нәтижесіне айналады.
Индустриялдық-инновациялық
дамуға бағытталған мемлекеттік саясат қолайлы макро
ортаны, басым секторлар мен қаржылық және
қаржылық емес қолдаудың кешенді шараларын,
сондай-ақ озық технологиялар мен импорт алмастыру
өндірістерін дамыту бойынша шағын және орта бизнестің
бастамаларын қолдауды қамтиды.
Қазақстанды
индустрияландырудың республикалық және өңірлік
карталарының ірі инвестициялық
жобаларын іске асыру индустриялық-
инновациялық бағдардың негізгі тетігіне айналды. Жобаларды
қолдау қаржылық және қаржылық емес
қолдаудың іріктемелі шараларының
құрастырылған пакетін беру арқылы жүзеге
асырылуда. Қолдаудың инфрақұрылымдық шаралары
өндірістік қуаттарды оңтайлы орналастыру сызбасы арқылы
іске асырылатын болады, жобаларды инфрақұрылымдық және
ресурстық қамтамасыз ету, минералды шикізат және еңбек ресурстарын,
өткізу нарықтарын оңтайлы бөлу мәселелерін
шешудің тұрақты өзектендіріліп отыратын
құралы болып табылады.
Бүгінде
ірі жоғары технологиялық индустриялық жобаларды іске асыру
және жүйе құраушы кәсіпорындарды қолдау
жуырда іске қосылған «Өнімділік-2020» және
«Бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды
сауықтыру»бағдарламалары шеңберінде қамтамасыз етілуде.
«Өнімділік – 2020» бағдарламасы шеңберінде өндірістік
үдерістерді оңтайландыруды және инновациялық гранттар
беруді қамтамасыз ететін конструкторлық бюролардың жаңа
өнімдерді өндіріске енгізу жолы негізінде еңбек
өнімділігі артады.
Инвестицияларды
әлеуметтік маңызы бар секторға ынталандыру мақсатында
бюджет және концессия заңнамасына қажетті өзгерістер
арқылы мемлекеттік – жеке меншік кәсіпкерлік тетіктерін пайдалануды
жетілдіру жолымен жүзеге асырылмақшы. Мемлекет озық
технологиялар трансфертіне, жаңа экспортқа бағдарланған
жоғары технологиялық өндірістерді құруға
инвестицияларды тартуға бағытталған
Қазақстанның шағын және орта бизнесінің
бастамаларына қолдау көрсетуде.
Шағын
және орта бизнестің бастамалары қазірдің өзінде
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасыбойынша, ал микробизнес —
Жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде
қолдауға ие болып отыр. Отандық компанияларды сыртқы
нарықтарға ілгерілеу жөнінде қолдау үшін
«Экспорттаушы 2020» бағдарламасының шеңберінде мемлекеттік
қолдау шаралары көрсетілмекші. Бұл үшін тікелей
инвестицияларды тарту жөніндегі тұтастай жүйе
құрылатын болады, ол ынталандыру шараларының кешенін,
сондай-ақ шетелдік инвесторлармен жұмыстың
институционалдық тетігін қамтитын болады. Жоспарлы кезеңде
тікелей инвестицияларды тарту мақсатында «Инвестор – 2020»
бағдарламасы іске асырылатын болады. Жалпы қолайлы
инвестициялық ахуалдар жасау бойынша шаралармен қатар
трансұлттық компаниялар үшін жобаларды Қазақстан
Республикасының аумағында іске асыру жөнінде жағдай
жасалмақшы.
Шаруашылық
жүргізудің жаңа формаларын қолданбай еліміздің
экономикасын жандандыру, халқымыздың әлеуметтік хал-ахуалын
көтеру мүмкін емес. Сондықтан, шағын және орта кәсіпорындардың
дамуын мемлекет тарапынан басқару жүйесін жетілдіру қажет.
Шағын және орта кәсіпорындар ел экономикасын дамытуда,
нарықты қалыптастыруда, ірі өндірушілер монополиясын шектеуде
және бәсекелестікті дамытуда, тауар мен қызмет
сұраныстарын қанағаттандыруда,
жалақы мен зейнетақыны уақытылы
төлеуде, жұмыссыздық мәселесін шешуде
және орта бизнес шешуші фактор ретінде маңыздылығы жоғары.
Қазақстан
Республикасында шағын және орта кәсіпорындардың
қалыптаса бастауы мен дамуы нарық реформаларының
басталуына тұспа-тұс келуімен және тауарлы
нарықтың, кәсіпкерлік іс-әрекеттің
кең ауқымға құлаш жаюымен байланысты.
Мемлекетіміздің тәуелсіздікке қол жеткізуі, нарық
экономикасына бет бұруының өзі елде кәсіпкерлік пен
шағын және орта бизнеспен айналысуға қойған
міндет болып табылады.
Еліміздің
экономикасын жандандыру, халқымыздың әлеуметтік хал-ахуалын
көтеруде шаруашылықты жүргізудің жаңа формаларын
қолданбау мүмкін емес. Ол үшін мемлекет тарапынан шағын
және орта бизнесті дамыту бағыты алға тартылады. Нақты
айтқанда, жұмыссыздықты жоюда, жалақы мен
зейнетақыны уақытылы төлеуде, нарықты
халыққа қажетті тауарлармен толтыруда, жеке
өндірушілердің монополиясын шектеуде, депрессияны бастан кешіріп
отырған жекелеген аудандарды қалпына келтіруде осы шағын
және орта бизнес шешуші фактор болуы тиіс [1].
Шағын
және орта кәсіпорындарды мемлекетпен қолдаудың негізгі
мақсаты – олардың әлеуметтік-экономикалық
қызметін тиімді атқаруына мүмкіндіктер жасап, өмір
сүру мерзімінің неғұрлым ұзаруына
ықпал жасау. Ол үшін мемлекеттік қолдаудың мынадай
шараларын нақты жүзеге асырған дұрыс.
1.
Шағын және орта кәсіпорындардың мүдделерін
қорғайтын салық реформасын жасау керек, атап айтатын
болсақ, экономиканың бұл секторына мемлекет тарапынан таза
фискалды көзқарасты өзгерту және тиімді инвестициялар
тарту үшін салық жеңілдіктерін ұсыну. Мемлекет
кәсіпкерлерді қылмыстық құрылымдардан
қорғауы тиіс, мұнда кәсіпкерлер өздерін
кәсіби жүйе арқылы қорғай алса, өте
жақсы болар еді. Құқық қорғау
органдары мен кәсіпкерлердің арасындағы қатынасты
жан-жақты қолдап, қорғаған дұрыс.
2.
Шағын кәсіпкерлікке қаржылық жәрдем беретін
арнайы қаржылық қорларды құру қажеттілігі.
3.
Монополияға қарсы күрес, әділетті бәсекені
орнату, тұтынушылар құқығын
қорғауға, яғни бір жүйе құру
керек.
Шағын
және орта кәсіпорындарды дамытпай, нарықтық экономиканы
қалыптастыру мүмкін емес. Өйткені, бұл –
нарықтық қатынастарды алға жетелеуші буын.
Нарықтық экономика элементтерін енгізудің әрекеттері
монополияландырылған ортаның қарсылығына тап болуда. Ал
монополизмге қарсы күресудің тиімді жолдардың бірі
шағын және орта кәсіпорындарды дамыту.
Қазақстанда
шағын және орта кәсіпорындарды дамытуға байланысты
шаралар Елбасы Н.Назарбаевтың 1997 жылы 6-наурызда қабылдаған
«Шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан қолдау
көрсетуді жеделдету шаралары» деген қаулысынан басталды.
Одан кейін «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік
қолдау туралы», «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңдар
қабылданды. Шағын және орта кәсіпкерлікке қолайлы
жағдайлар жасау үшін, қаржылай және ақпараттық
қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында Елбасы «Қазақстан
Республикасында шағын кәсіпкерлікті қолдау мен
дамытудың басымдықтары мен аймақтық
бағдарламалары туралы» жарлық шығарған болатын. 1997
жылы 14-қыркүйекте Алматы қаласы әкімінің
шешімімен шағын және орта бизнесті қолдау департаменті
құрылды. Оның мақсаты — кәсіпкерлікпен
айналысушыларға, жеке субъектілерге қолдау көрсету,
жаңа кәсіпорындар ашу .
Орта
және шағын кәсіпкерлік – экономиканың ұтқыр
әрі нәтижелі секторының бірі, себебі ішкі жалпы
өнімнің елеулі бөлігін өндіру солардың
үлесінде болғандықтан. Жалпы ұстанып отырған
стратегиялық бағытта қоғамды жаңартуға
қабілетті, экономиканың жағдайын ойлайтын кәсіпкерлерге
ерекше көңіл бөлінуде. Мұндағы шағын
және орта кәсіпорындардың тиімділігі және артықшылығы
– олар аса үлкен қаржыны керек етпейді. Шағын және орта
бизнес халықтың әл-ауқатын арттырып, қосымша
жұмыс орындарының ашылуына, жалақының уақытында
төленіп отыруына есебін тигізетіні сөзсіз. Бүгінгі
Қазақстан жағдайында кәсіпкерліктің осы
түрін дамытуға кеңінен жол ашылды. Соның бірі –
шағын несиелендіру.
Экономикалық
дағдарыста ірі кәсіпорындар едәуір шығынға
ұшырап, иілмелі нарық жүйесі алдында дәрменсіздік
танытса, шағын және орта бизнес айтарлықтай зардап шекпей,
озық технологияларды меңгере отырып, өзінің
өміршеңдігін дәлелдеп, тұрақтылық
байқатты. Соның нәтижесінде мыңдаған
жұмыссыздар жұмысқа тартылды, яғни шағын
және орта кәсіпкерлік дағдарыстағы экономикамызға
тіреу бола алады деп айта аламыз.
Қазақстандағы
шағын және орта кәсіпорындардың бүгінде
айтарлықтай жеткілікті тауашасы бар және өз мүддесін
қорғауға құқылы. Бірақ бүгінде
отандық кәсіпкерлер — бірінші кезекте шағын және орта
кәсіпорындар – бірлесуді әрі меншікті ұйымдар мен өз
мүдделерін қорғау үшін күресуге қабілетті
бизнес-қоғамдастықтар құру жолының ең
төменгі сатысында тұр. Сондықтан саяси партиялар шағын
және орта бизнестің мүдделерін көрсетудің негізгі
арналары мен құралдарының бірі ретінде саналады. Бұл
тұрғыдан алғанда «Нұр Отан»
Халықтық-Демократиялық партиясының үлесі
жоғары болуы керек. Ол осыдан екі жыл бұрын бірнеше партияларды,
оның ішінде ауыл және индустриялық кәсіпкерлердің
мүдделерін білдіретін Аграрлық және Азаматтық
партиялардың бірлестігі ретінде құрылды. Сондықтан,
«Нұр Отанның» өз мүдделерін білдірудің және
кәсіпкерлердің бірлестіктерімен нақты қатынас бойынша
тәжірибесі болды. Жалпы алғанда «Нұр Отанның»
түсінігінде мемлекеттік саясат шағын бизнеске қатысы
бойыншамынадай үш негізгі міндетті шешуі тиіс:
Біріншіден, тұтастай
экономикалық қызметтің, оның ішінде шағын бизнестің
жұмыс істеуі үшін қолайлы және тұрақты
жағдайлармен қамтамасыз ету, яғни «оның дамуына»
кедергі жасамау.
Екіншіден, кәсіпкерлік
қызметті бастауға және өз ісін дамытуға ниет
білдіргендерге қолдау көрсету.
Үшіншіден, кәсіпкердің
құқықтарын және оның жеке
тұлғасы мен жеке меншігінің қауіпсіздігін
қорғауды қамтамасыз ету.
Шағын
және орта кәсіпорындар қатынасының
маңыздылығын ескере отырып, «Нұр Отан» ХДП-ның
«Қазақстанның гүлденуі және
қазақстандықтардың әл-ауқаты үшін:
біз елдің әрбір азаматының өмірін қалай
жақсартамыз» атты Халықтық сайлау алды
тұғырнамасында «шағын және орта кәсіпкерлікті
қолдау» деген арнайы бөлім бар. Онда шағын және орта
бизнес субъектілерінің Қазақстанның ЖІӨ-дегі
үлесін «кемінде 40%-ға» дейін жеткізу міндеті қойылады. Осы мақсатта
мыналарға қол жеткізетін болады:
-
кәсіпкерлік, әкімшілік кедергілерді жою мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
-
мемлекеттік органдардың әкімшілік рәсімдері мен бақылау
функцияларын қысқарту негізінде;
-
салық салу, шағын және орта бизнес субъектілерін
қаржы-несиелік қолдау жүйесін жетілдіру;
-
шағын бизнестегі технологиялар трансфертін қамтамасыз етуге
арналған заңнама базасын дамыту.
Шағын
және орта кәсіпорындардың саяси
қорғалушылығын арттыруды «Нұр Отан» ХДП
өзінің елді жаңғыртудағы және оның
бәсекеге қабілетін дамытудағы маңызды
міндеттерінің бірі ретінде қарастырады. Мемлекет іскерлік
белсенділіктің осы бөлігін дамытуға және оның гүлденуі
үшін қалыпты жағдайлар құруға тікелей
мүдделі болуы тиіс.
Қазіргі
таңда кәсіпкерлік сектор қоғамда
елеулі орынға ие. Басты стратегиялық мақсатқа
кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіндігі республика
азаматтарының конститутциялық құқықтарының
шынайы және ажырамас бөлігіне айналып отыр. Мемлекет тарапынан
қажетті жағдайларды жасау арқылы шағын және орта
бизнес экономиканың өсу қарқындарын,
ЖҰӨ құрылымы мен сапасын анықтайтын жетекші
секторлардың біріне айналды.
Қазақстан
экономикасында ең басты салалар бойынша тамақ және
жеңіл өнеркәсіптерімен қоса ауыл
шаруашылығының да орны ерекше. Отандық аграрлық
саланың өнімдері өсімдік және мал
шаруашылықтарындағы материалды-техникалық базаның артта
қалғандығы мен тозғандығынан, еңбек
өнімділігі деңгейінің төмендігінен және
өнімділік мөлшерінің салыстырмалы түрде аздығынан
әлемдік нарықта бәсекеге қабілетсіз болу салдарынан
мемлекетпен қолдау шаралары жүргізілді.
Қазіргі
таңда БСҰ-на мүше елдерге қарағанда
Қазақстанда тауар өндірушілеріне бюджеттік субсидиялар
әлі де болса аз бөлінеді. Енді Қазақстан
Республикасындағы ҰИЖ – қалыптасу кезеңіне назар
аударсақ, төмендегіше 3 кезеңде былай
мінездеуге болады, оның 1 кезеңі 2005-2007
жылдарды қамтып, ол мемлекеттің белсенді араласуын қажет
етті. Келесі 2 кезең 2008-2010 жылдарды қамтып, ол кезде
механизмдерді жетілдіруге назар аудару және инновациялық жүйе
элементтерін қызметке енгізуді талап етеді. 3 кезең 2011-2015
жылдармен топтастырыла келе, бұл кезеңде инновациялық
жүйенің тұрақты дамуына көңіл
бөлініп, мемлекеттің шығын үлесін аз жұмсап,
осылайша жеке инвестицияны көбейту көзделді, яғни мемлекет
жанама басқару әдісіне көшу керектігін көрсетті.
Айталық, ауыл шаруашылық өнімінің жалпы
көлеміндегі және табыс мөлшеріндегі қаржылық
қолдаудың үлесі Австралияда – тиісінше 4% және 5%,
Жапонияда – 71% және 57,5%, ЕО елдерінде – 48% және 34,8%, Канадада
– 21% және 19,7%, АҚШ-та – 28% және 19,5%, Ресейде – 6,5%
және 4,7%, Қазақстанда – 1,7% және 1,5%, Жаңа
Зеландияда – 65% және 1,8% құрайды екен .
Нарықтық
экономикасы бар елдердің басым көпшілігінде аграрлық
өндірісін мемлекеттік қолдаудың дамыған жүйелері
қолданылады. Олардың негізгі міндеттеріне ауыл шаруашылығында
тұрақты экономикалық ахуалды сақтау, саладағы
нарықтық конъюнктура мен табыстылықты
тұрақтандыру, келеңсіз көші-қон
үрдістерінің алдын алу, азық-түлік қауіпсіздігін
қамтамасыз ету, жаңа шарттарға бейімделуге көмектесу,
ішкі нарықты қорғау, тауар өндірушілерінің
бәсекеге қабілеттілігін күшейту, т.б. шаралар жатады.
Мемлекеттік
қаржылық қолдау жөніндегі іс-шаралар кешені, негізінен,
тиісті заңдарда қарастырылып, көбіне ауыл шаруашылығы
мен азық-түлік нарығындағы шынайы жағдайға
тәуелді түрде жүзеге асырылады. Мұндай іс-шаралар
кешенін тауар өндірушілерінің табыстылығын
қолдауға, баға саясаты мен макроэкономикалық саясатты
реттеуге, нарықтың және өндірістік
инфрақұрылымның дамуын қолдауға,
өңірлік бағдарламаларды жүзеге асыруға
бағытталады.
Елімізде
ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік қаржылық
қолдаудың инновациялық үрдістер негізінде өнім
өндірісін қарастыратын негізгі бағыттары қолға
алынған. Оның ішінде индустриаландыру, инфрақұрылымды
дамыту, аграрлық өндірістің бәсекеге
қабілеттелігін арттыру және аграрлық нарықты
мемлекеттік реттеу бағыттарын атап кетуге болады.
Индустриаландыру
барысында ғылыми дәйекті технологияларды сақтау негізінде
ғылыми әзірлемелерді ендіру, инфрақұрылымды дамыту,
ветеринариялық қауіпсіздікті күшейту, ақпараттық
маркетингтік қамтамасыз ету, кластерлерді дамыту мен стандарттарды ендіру
есебінен бәсекеге қабілеттілікті арттыру, нарықтарды
мемлекеттік реттеу және азық-түлік қауіпсіздігін
қамтамасыз ету қарастырылған.
Тұтастай
алғанда, 2009-2011 жылдары мемлекеттік бюджеттен шығатын
инвестициялар 1,5 трлн.теңгеден астамға өстті.
Мұның баста мақсаты экономиканың ғаламдық
құлдырау кезеңіне Қазақстан алтын валюта
резервтерінің және Ұлттық
қордың берік қорымен кіруде. Олардың
жалпы көлемі 47 млрд.АҚШ долларынан астамды құрады.
Мемлекеттік борыштың мөлшері ІЖӨ-нің 1,5 %-ынан
аспайды, бюджет тапшылығы төмен деңгейде тұр және
ІЖӨ-нің 2%-ынан аспайды. Міне, мемлекетпен жасалынған
бағдарлама негізінде мына бағытта жұмыс істеуді
қарастырған болатын:
Қаржы
секторын тұрақтандыру;
Шағын
және орта бизнесті қолдау;
Агроөнеркәсіптік
кешенді дамыту.
Үкімет
«Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп шағын
және орта бизнес үшін сыйақы ставкасын дағдарысқа
дейінгі деңгейге дейін (14%-дан аспайтын) тұрақтандыру
бойынша шара қабылдады, сонымен қатар тиімді ставкасын
тағайындай отырып, шағын және орта бизнесті қолдау
бойынша қабылданған барлық бағдарламалар қайта
қаралып, мына бағытта жұмыс істеуді ұйымдастырады.
Біріншіден, Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры
шағын және орта бизнеске берілетін кредиттерге кепілдік беру
тетігін енгізетін болады.
Екіншіден, «Самұрық-Қазына»
қоры ауылдық жерде шағын кредит берудің,
оның ішінде ауылдық кәсіпкерлерге кредит берудің
бағдарламасын әзірлейді.
Үшіншіден, шағын және орта бизнес субъектілерін
тұрақты тапсырыстармен қамтамасыз ету мақсатында
олардың «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заңның
қолданылуы шеңберінде мемлекеттік органдардың, мемлекеттік
холдингтер мен ұлттық компаниялардың мемлекеттік
тапсырыстарына қол жеткізуіне жағдай жасалады. Жер қойнауын
пайдаланушылармен және сервистік компаниялармен
қазақстандық қатысуды ұлғайту бойынша
жұмыс күшейтілді.
Төртіншіден, Үкімет кәсіпкерлікті дамыту
үшін әкімшілік кедергілерді төмендету және
рұқсат беру жүйесін одан әрі жетілдіру
бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі
таңда экономиканың даму бағыты мемлекеттік
тұрғыдан басқарылатын экономикалық жүйенің
кәсіпкерлік түріне негізделіп отыр. Шағын кәсіпкерлік
нысандары тұрғындарды жұмыс орындарымен қамтамасыз
етіп, халықтың әл-ауқатын, әлеуметтік
деңгейін жоғарылатумен қатар, нарықтағы
қажеттіліктің қанағаттануына, тауар
түрлерінің көбейіп толуына, жергілікті шикізат
ресурстарының дұрыс пайдаланылуына өз ықпалын тигізуде.
Шағын кәсіпкерліктің экономикалық және
әлеуметтік қызметтерін маңызды мемлекеттік міндеттер
қатарына жатқызуға және экономиканы дамытудың
ажырамас бөлігі болып қала беретініне біз сенеміз. Себебі,
кәсіпкерлік қызметті басқаруда өсу қарқынын
зерттеу және оны болжау қоғамның қалыпты дамуы
үшін өте маңызды болып табылады.
Бүгінде
шағын және орта кәсіпорындардың төңірегінде
көптеген мәселелердің көтерілуі оның
экономикадағы маңыздылығын айғақтайды.
Республиканың біраз аймақтарында ауыл шаруашылық
өнімдерінің өндірісі мен сауда саласындағы
кәсіпкерліктің дамуы байқалғанымен, өндіріс
саласының даму қарқыны төмен екені әлі де болса
көрініп тұр. Сонымен қатар, сыртқы әлемдік ортада
Қазақстан экономикасы үшін даму тұрақтылығын
сақтаудағы іс-шараларды іске асыруды қажет етеді.
Айталық, индустриалды-инновациялық саясаттың аясында
өндірістік шағын және орта кәсіпорындарды басқару
және дамыту аймақтарда өмір сүрудің
және әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды
факторына айналуы керек. Демек, шағын және орта
кәсіпорындарды мемлекеттік қолдаудың негізгі
қағидаларына сүйене отырып, басқару жүйесін
ұйымдастыру қажет:
-
шағын кәсіпкерлікті дамытудың басымдылығын
анықтау;
-
шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кешенділігі;
-
инфрақұрылымды дамытуда және кәсіпкерліктің
ұйымдастырушылық формаларын таңдауға жағдай
туғызу;
-
алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибені қолдану.
Сондықтан,
экономиканы жаһандық қалпына келтіруге дайындау және
оның сыртқы сынақтарға тұрақтылығын
арттыру үшін біртұтас үш міндетті шешу қажет болады:
біріншіден, бизнес-ахуалды елеулі жақсарту; екіншіден, қаржы
жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
үшіншіден, сенімді құқықтық орта
қалыптастыруды жалғастыру қажет. Үкіметке 2011 жылы
бизнесті тіркеуге және бизнесті жүргізуге байланысты
операциялық шығындарды 30%-ға, ал 2015 жылы тағы да
30%-ға қысқартуды тапсырды. Онжылдықтың
соңында шағын және орта бизнестің ІЖӨ-дегі
үлесі 40%-ға дейін көтерілуі тиіс.
«Кәсіпкерліктің
саласын сауықтыру» Бадарламаның екінші бағыты
шеңберінде ҚР Үкіметі жанындағы Жұмыс
тобының қарауына 16 жоба жолданды. Ағымдағы
уақытты қаражаттандыруға жалпы сомасы 7,9 млрд. теңгеге
13 жоба мақұлданып, 7 өтінім бойынша қаражаттандыруға шарт жасалынды.
Облыс бойынша ӨҮК
және Жұмыс тобымен қаражаттандыруға жалпы
құны 47,1 мрд. теңге сомасына 242 өтінім
мақұлданып, және ҚР ЭДСМ-мен келісілген.
Әдебиеттер :
1. Керимбекова Р.Н. Қазақстандағы шағын және орта бизнестің қалыптасу ерекшеліктері //АльПари. – 2009. –№1/2. –Б. 24-26.
2.
Назарбаев
Н. Казахстан-2030.
Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев. Послание
Президента страны народу Казахстана. //Казахстанская правда, 1997.
3.
Қадыр
Д. Шағын және орта
бизнесті қолдауды жалғастырамыз //Президент және Халық.
-2009, 24 сәуір (№16). – 2 б.