Қазақстан Республикасындағы
бюджетаралық қатынастардың теориялық негіздері
Жусупов С.А.
Астана
қ. С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ
Жаңа
экономикалық бағыт, елдің орнықты дамуына төнетін
қатерлер мен сын-тегеуріндер мемлекеттік экономикалық
саясаттың аса маңызды құрамдас бөлігі, әрі
әлеуметтік-экономикалық дамудың алға
қойылған міндеттерін іске асыру құралы болып табылатын
бюджет саясатын қалыптастыру мен іске асыру тәсілдерін
өзгертуді, Республикалық және жергілікті бюджеттер арасында
қаржыны тиімді бөлуді талап етеді[1].
Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне сәйкес:
Бюджет процесiнде республикалық, облыстық бюджеттер,
республикалық маңызы бар қаланың, астананың,
аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың)
бюджеттерi арасындағы қатынастар бюджетаралық
қатынастар болып табылады[2].
Бюджетаралық
қатынастар мыналарға негізделеді:
-
басқару деңгейлері арасындағы
қызметтер мен өкілеттіліктерді нақты бөлу;
-
бюджет деңгейлері арасындағы кірістер мен
шығындарды бірыңғай бөлу;
-
бюджетаралық
қатынастарды бірыңғай және ашық (прозрачность)
әдісі негізінде анықтау.
Қазақстандық
практикада Бұл қатынастар шеңберінде бюджеттік федарализмге ұксастығы
жағынан бюджет жүйесінің деңгейі бойынша бюджеттік
бөлініс іске асырылатын қатынастар болып келеді.
Бюджетаралық
қатынастар:
1.
республикалық және облыстық
бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің арасында:
- трансферттермен;
-бюджеттік кредиттермен;
2.
облыстық және аудандық (облыстық
маңызы бар қалалар) бюджеттер арасында:
- трансферттермен;
-
бюджеттік
кредиттермен;
- кірістерді бөлу
нормативтерімен реттеледі.
Трансферттер (нормативтік үлестік
жәрдемқаржы) - бұл қайтарусыз
және өтеусіз негізде нақтылы мақсаты көрсетілмей
бюджеттік реттеу ретінде бір деңгейдің бюджеттерінен
(жоғарғы) басқа деңгейдің бюджеттеріне
(төменгі) бөлінетін қаражаттар. Бюджеттер деңгейлері
арасындағы трансферттер жалпы сипаттағы трансферттерге,
ағымдағы нысаналы трансферттерге, дамудың нысаналы
трансферттеріне бөлінеді. Бюджеттік реттеудің отандық
практикасында реттеу механизміне бюджеттік
субвенциялар мен бюджеттік
алынымдар жатады және олар жалпы
сипаттағы трансферттер болып табылады. Бюджеттік субвенциялар - жоғарғы бюджеттерден
төменгі бюджеттерге республикалық немесе облыстық бюджетте
бекітілген сомалар шегінде берілетін трансферттер. Бюджеттік алынымдар
республикалық немесе облыстық бюджетте бекітілген сомалар шегінде
төменгі бюджеттерден жоғарғы бюджеттерге берілетін
трансферттері болып табылады.
Жалпы
сипаттағы трансферттердің көлемі абсолюттік мәнімен жылдар бойынша бөліне отырып, үш жылдық
кезеңге: республикалық бюджет пен облыстық,
республикалық маңызы бар кала, астана бюджеттерінің арасында Қазақстан
Республикасы заңымен; облыстық бюджетпен аудандар (облыстық маңызы
бар калалар) бюджеттерінің арасында облыстық мәслихаттың шешімімен белгіленеді. Жалпы сипаттағы трансферттердің
көлемдері әрбір үш жыл сайын өзгертілуге жатады.
Жалпы
сипаттағы трансферттер бюджеттің
әрбір деңгейі үшін Салықтық кодексте бекітілген
шығыстардың бағыттарына сәйкес мемлекет кепілдендірген қызметтерді ұсыну үшін
өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейін
теңестіруге және тең фискалдық мүмкіндіктерді
қамтамасыз етуге бағытталған. Жалпы сипаттағы
трансферттерді айқындау кезінде өңірдің
салықтық әулеті,
өңірдегі мемлекеттік қызметтерді тұтынушылар саны,
мемлекеттік қызметтердің бекітілген стандарттары және сол
немесе өзге өңірдің өзіндік ерекшелігіне
қарай мемлекеттік қызметтерді ұсыну бойынша
шығыстарға әсер ететін факторлар ескеріледі. Жалпы
сипаттағы трансферттердің көлемі тиісті жергілікті
бюджеттің кірістері (трансферттерді шегергенде) мен
шығындарының болжамды көлемдері арасындағы айырма
ретінде айқындалады. Жалпы сипаттағы трансферттерді аудару
тәртібі мен кезеңділігін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде
ескерілмейтін ағымдағы жекелеген бюджеттік бағдарламаларды
немесе бюджеттік даму бағдарламаларын жүзеге асыру үшін
республикалық немесе облыстық бюджетте бекітілген сомалар шегінде
жоғарғы бюджеттердің төменгі бюджеттерге берілетін
трансферттері, сонымен бірге жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемінің қолданылуы
кезеңінде мемлекеттік орғандар функцияларының мемлекеттік
басқарудың төменгі деңгейінен жоғарғы
деңгейіне берілуіне байланысты шығыстардың
ұлғаюына ұрындыратын заңнамалық актілерді қабылдаудан
туындайтын, жоғарғы бюджеттердің шығындарын
өтеуге бөлінетін трансферттер нысаналы трансферттер болып
табылады.
Ағымдағы нысаналы трансферттер - жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисабы
кезінде ескерілмейтін, ағымдағы жекелеген бюджеттік
бағдарламаларды іске асыру үшін республикалық немесе
жергілікті бюджеттерде бекітілген сомалар шегінде жоғарғы
бюджеттердің төменгі бюджеттерге берілетін трансферттері.
Дамуға
арналған нысаналы трансферттер жоғарғы
бюджеттерден Қазақстан Республикасының стратегиялық
және бағдарламалық құжаттары негізінде жергілікті атқарушы орғандар ұсынатын
жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға
және стратегиялық және бағдарламалық
құжаттардың жоғарғы мемлекеттік басқару
орғандарының құзырына жататын, экономикалық пайда
алуға немесе әлеуметтік-экономикалық тиімділікке кол
жеткізуге бағытталған іс шараларын төменгі мемлекеттік
басқару орғандарының орындауына арналған республикалық
немесе жергілікті бюджеттерде бекітілген сомалар шегінде төменгі
бюджеттерге берілетінтрансферттер болып
табылады.
Республикалық
бюджеттен және облыстық бюджеттерден бюджеттік кредиттер тиісінше
облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар кала, астана
бюджеттеріне және аудандар (облыстық маңызы бар
қалалар) бюджеттеріне каржы жылы ішінде бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға және қолма-қол
ақшаның болжамды тапшылығы жағдайында берілуі
мүмкін[3].
Бюджетаралық
қатынастарда түрлі деңгейлер бюджеттерінің қаржы
өкілеттіктерінін келісілмегендік және олардың
өкілеттіктері мен кірістерін қамтамасыз ету проблемалары бар: аумақтық
бюджеттердің нашар салық базасы; қайта бөлу
саясатындағы тұрлаусыздық. Осыған орай салықтар
көмегімен бюджетаралық қатынастарды реттеген орынды.
Қолданған әдебиеттер тізімі
1.Қазақстан Республикасының жаңа
бюджет саясатының тұжырымдамасы
2.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (11.07.2014ж)
3.С.Құлпыбаев, С.Ж.Ынтықбаева,
В.Д.Мельников Қаржы, Алматы,2011