э.ғ.д., Қурманбаев С.Қ., магистр Ожарбаева М.К., студент Тауасар Ш.Б.

 

ҚАЗАҚСТАН ТУРИЗМІ: КЕМШІЛІКТЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ

 

 

        Туризм Қазақстан экономикасындағы қарқынды салалардың бірі, халықаралық сарапшылардың пікірінше қазіргі кезде туризм әлемдік экономикадағы қарқыны төмендемейтін саланың біріне жатады. Туризм көп елдерде жалпы ішкі өнімнің қалыптасуына, қосымша жұмыс орнын құруға және сыртқы сауда балансының белсенділігіне ықпал етеді. Соңғы жылдары туризм әлемдегі ең табысты бизнестің бірі. Туризмнің маңызы жылдан-жылға өсуде, оның халықаралық байланыста және валюталық түсім көзі ретінде маңызы артылды. Туризмнің басқа да салаларға тигізетін әсері мол, оның 32 салаға жанама ықпалы бар. Бұл дегеніміз әлемдік өндірісте әр 9- адамның жұмыс орны деуге болады.

         Туризм дамуының бағалы индустриясы ең алдымен шет елдік туристерді тартумен байланысты. Бірақ неліктен бізге шет елден келіп демалушылар саны аз? Себептер жалпыға мәлім. Себебі шет елдіктер Қазақстан жайлы аз біледі (Әрине тек Медеу, биік таулы сырғанағыш және соңғы кезде-мұнай туралы) Қазақстанда 600-ден астам туристік фирмалар жұмыс істейді, оның ішінде 14,5 % ғана ішкі туризммен, ал қалғандары шет елге шығару туризмімен айналысады.

Туристік саланың даму серпіні туризм индустриясы көрсеткіштерінің орнықсыз өсуімен сипатталады. Айталық, 2013 жылдың қорытындылары бойынша келушілер саны 2012 жылмен салыстырғанда   4,1 %-ға өсті, сыртқа шығушылар туризмі 22,3 %-ға өсті, алайда ішкі туризм көлемі 4,7 %-ға азайды және 4 055,7 мың адамды құрады.

Көрсетілген туристік қызметтердің жалпы көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 0,3 %-ға кеміді және 65,8 млрд. теңгені құрады. Салыстыра қарасақ, 2012 жылғы тиісті көрсеткіштің өсуі 2011 жылға қарағанда 22,6 %-ды құраған (53,8 млрд. теңгеден 66,0 млрд. теңгеге дейін).

Негізгі көрсеткіштердің төмендеуі әлемдік экономикадағы жағдаймен түсіндіріледі.

Экономикалық және қаржылық дағдарыс сырттан келушілер туризміне де теріс әсер етті, оның көлемі соңғы екі жылда 5,3 млн. туристен 4,3 млн. туристке дейін немесе 18,9 %-ға төмендеді.

2007 – 2010 жылдар ішінде саланың дамуы Мемлекет басшысының            2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 231 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007 – 2011 және 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға негізделді.

Бұл кезеңде нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде жұмыс жүргізілді. 2008 жылы туристік қызмет мәселелері жөніндегі бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер енгізілді және Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің туризм мәселелері жөніндегі бұйрықтары бекітілді.

         Саланы дамытудың негізі ретінде туризм индустриясының инфрақұрылымы бүгінгі күні 2014 жылдың қорытындылары бойынша – 1235 бірлік орналастыру орнын құрап отыр. 

Оның орнықты өсу үрдісі байқалып отырғанына қарамастан, негізінен, орналастыру орындары қалаларда және ірі елді мекендерде орналасқан. Тек шетелдік туристерге ғана емес, сондай-ақ отандық туристерге қолайлы жағдайлар туғызу үшін, елді мекендер арасындағы ұзақ қашықтықтарды есепке алсақ, олардың автомобиль жолдарының бойында белгілі бір учаскелерде орналасқаны маңызды.

Сонымен қатар, туристік объектілердің оқшауланған жерлерінде немесе туристік бағдарлардың торапты нүктелерінде орналастыру жағдайларының болмауы бұқаралық сырттан келушілер туризмін және ішкі туризмді дамытуға  кедергі келтіреді. Нәтижесінде ішкі туризмде ұзындығы 400 – 500 км болатын бір күндік турлар басым болып келеді, ал бұл – жолға көп уақыт шығындалатынын куәландырады. Мұндай сапарлар жалықтырады, туристердің көпшілігінде жағымсыз естеліктер қалдырады.

Тағы бір шешімін талап ететін проблеманың бірі әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында отандық инвесторлар тәуекелге бармайды және туристік объектілердің құрылысына одан әрі қаражат салмайтын болады. Туризм инфрақұрылымын дамыту үшін туристік ұйымдарға жеңілдіктер беру және ұзақ мерзімді несиелеу механизмін жасау бәсекеге қабілетті туризм индустриясын дамытуға инвестициялар көлемінің өсуіне ықпал жасайды.  

Туризмді дамытуды басты жолға қоятын елдерде әдетте, туристік инфрақұрылымды, оның ішінде қонақ үйлерді дамытуды ынталандыратын заңнамалық сипаттағы шаралар қабылданады. Бұл ретте, мемлекеттік органдар және қаржы мекемелері туризмге салынған инвестициялар жаңа жұмыс орындарын ашады, белгілі бір кіріс әкеледі дегенге сүйенеді. Сондықтан да көптеген елдерде шетелдік және ішкі инвестицияларды тартуға ықпал жасайтын, айталық оларға салық жеңілдіктерін белгілеу сияқты заңнамалық шешімдер қабылданады. 

         Қолдаудың негізгі шараларына, мысалы қонақ үй саласында мыналар жатады:

- құрылыс үшін жер учаскесін бөлуге көмек;

- маркетингтік зерттеулер жүргізуге көмек;

- жоғары кредиттік ставкалар бойынша күрделі салымдарды қайтару;

- жобаның бастапқы кезеңіндегі шығындарды жобадан табыс алу кезеңіне жатқызу (төлемдердің мерзімін ұзарту);

- жобалар инфрақұрылымын мемлекеттің дамытуы;

- елде өндірілмейтін жобалау жабдықтарын жеткізу кезіндегі салықтық және кедендік жеңілдіктер.

Американдық сарапшылар компаниясы Austin Associates және Гарворд университетінің сарапшылары Қазақстан туризмінің дамуының 5 кедергісін атап өтті:

·        Квалификациялы кадрлардың жетіспеушілігі;

·        Әлсіз инфрақұрылым;

·        Әкімшілік тосқауылдар;

·        Маркетингтің жоқтығы;

·        Қаржы ресурсының проблемасы.

 Осы айтылған мәселелерге қарамастан елдің туристік сала үшін кадрлар даярлайтын жоғары оқу орындарында Дүниежүзілік туристік ұйым ұсынған «WTO-TedQual» туристік білім беру сапасы  жүйесін енгізу проблемалық мәселе күйінде қалып отыр. 

Өңірдің туризм орталығы болуды жоспарлап отырған Қазақстанға, қызмет көрсету секторында талап етілетін орта және жоғары буындағы білікті кәсіби мамандардың жетіспеушілігі ерекше өткір байқалатын туризм индустриясы саласында кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру жөнінде шаралар кешенін қабылдау қажет.

Қазақстанда экологиялық туризм жақсы әлеуетке ие, бірақ жеткілікті дамымаған. Қазақстанның аумағында 118 ерекше қорғалатын табиғи аумақ бар, оның ішінде 11-і мемлекеттік ұлттық парк, оларда экотуризмді дамытуға бағы Ұлы Жібек жолының қазақстандық учаскесі тарихи ескерткіштердің, археология, сәулет, қала құрылысы және монумент өнері ескерткіштерінің бірегей кешенін білдіреді. Олар тек сауда орталықтары ғана емес, сондай-ақ ғылым мен мәдениеттің орталығы болған Отырар, Тараз, Сайрам, (Испиджаб), Түркістан (Яссы),  Баласағұн және басқа да көне қалалар болып табылады. 

Қазақстан бірегей табиғи-минералдық және климаттық ресурстарға ие бола отырып, емдеу-сауықтыру және тау шаңғысы туризмін де дамыта алады

Әлемдік деңгейдегі туризмнің  жан-жақты дамуына бағытаушы туризм емес, туризмнің дамуына мемлекеттің қоғамдық деңгейі әсер етеді. Профессор Ж.Казаның айтуынша: «бұл салада байлық байлыққа қарай жүреді, ал теңсіздік тек жоғалтуы мүмкін.» Әлемдік деңгейде туризм өркендеген елдерде туризмнен түскен табыс мемлекеттің және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға кетеді екен. Мысалы:

-         қонақ үй, автокөлік, құрылысқа қажетті құрал-жабдықтар сатып алуға;

-         шетел мамандарына ақы төлеуге;

-         өнімдерді импорттауға;

-         тұрмыстық қажеттіліктер үшін құрал-жабдықтар сатып алуға.

Осындай қосымша пайда табу мемлекеттің экономикалық тұрғыдан дамуына, ұлттық табыстың артуына, жергілікті туристік өнімдердің шетелге тартылуына мүмкіндік береді. Сондықтан Қазақстанда туризм индустрясын дамыту жұмыстарын жандандырылуда.                               

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1.  Туризмдегі стратегиялык менеджмент , В.А.Квартальнов  1999

2.  Туризм тарихы, С.Н.Макаренко , А.Э.Саак  1998

3.  Туризмдегә интернет-технологиялары , Н.Н.Шаховалов, Барнаул 2007

5.  Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы 2008 жылғы 05 шілдегі  N 59-IVҚазақстан Республикасының Заңы.