Сатанбаева Алматай Утековна
г. Актау
КГУТиИ им. Ш.Есенова, Институт экономики и право
Қазақстандағы электрондық банк қызметтері
нарығының жағдайы
Электронды банктік
жүйе қазіргі банк жүйесінің дүниежүзілік
практикада стратегиялық даму бағытының бірі болып
есептелінеді. Электрондық банк қызметін кең және тар
анықтамада қарастыруға болады. Кең анықтамада
(ЭБҚ) банк қызметінің бөлігі болып табылады және
электрондық банк бизнесінің жиынтығын ұсынады,
банктіқ ақпараттық технологиясы, сонымен қатар,
ғылыми және аналитикалық білім болып табылады. Қазіргі
қызығушылық зерттеу алаңында электрондық банк
қызметі тар мағынада жатыр, ол өзімен кредиттік қызмет
ұйымын ұсынады, клиенттерге банк қызмет ұсыныстары
ара-қашықтықта бағытталған.
Кейбір дамыған
елдерде (Норвегия, Финляндия) электрондық банк қызметі банк
бөлімінің негізгі сапалық моделі ретінде қарастырылады.
Дамушы елдерде де (Бразилия, Индия, Қытай, Филиппин, Оңтүстік
Африка Республикасы, Малайзия) осындай стратегиялар сәтті іске асырылып
жатыр немесе қорытынды кезеңде енгізіліп жатыр.
Электрондық банк қызметтері – бұл
Интернет-дүңгіршектерді қоса алғанда, Интернетке
шыға алатын компьютер, телефондар, электрондық терминалдар
сияқты байланыс арналары бойынша банк операцияларын қашықтан
жүргізуден тұратын банк қызметін жүзеге асырудың
жаңа тәсілі, сапалық тұрғыдан жаңа
деңгейі. Ол үшін пайдаланылатын тәсілдерден
электрондық банк қызметтерін дамытудың бірнеше негізгі
бағыттарын атап көрсетуге болады.
Көптеген қазақстандықтар олардың
ыңғайлы екендігін бағалап үлгерді, себебі әрбір
клиент үшін банк қызметтерін қашықтан көрсету –
ең алдымен, уақытын және банк операцияларын кезексіз
жұмсауға кететін өзінің ұйымдастыру
шығындарын айтарлықтай үнемдеу, пайдалануда
ыңғайлы және банк қызметтерінің аптаның 7
күнінде 24 сағат бойы жылдың 365 күнінде
қолжетімділігі. Географиялық орналасқан жеріне
қарамастан. Мұндай қызметтерді дамыту банктер мен
олардың клиенттеріне ғана емес, тауарлар мен қызметтерді
ұсынушыларға да пайдалы. Анық басымдығының
арқасында қашықтан қол жеткізу жүйелері банктер
мен олардың клиенттерінің арасында кеңінен
қолданылуда.
Электрондық есептер
интернет желісінде қолдануымен (интернет-Банк) және жаңа
Қазақстандық банк түрлеріне қатысты өзге
электрондық банк қызметін ұсынады. Сонымен қатар,
инновациялық қызметті іске асыру соммасы біздің мемлекетте
тек қалыптастыру сатысында ғана, ал қазіргі кезде электрондық
есеп жүйесі басқару банк шотында банктік карталар
дүниежүзілік елдерде өшірілген
құрал-жабдықтар ретінде қарастырылады, ал
есептердің өзі халықаралық мінездемеге ие болды.
Қазақстан банкінің халықаралық карталық
жүйесіне қызығушылығы кездейсоқ емес.
Мұндай банктік карталарды шығару дүниежүзілік банк
қызмет жүйесін интегралдайды, банктің іскерлік имиджін
көтереді және нарықты басып алу мен клиентураны іске тартуды
қарастырады. Мамандардың айтуы бойынша халықаралық
карталық жүйесіне қатысу кредиттік ұйымдарға
жаңа батыс банктік технологияларымен басқаруға
мүмкіндік береді, сонымен қатар үлкен масштабты
инфрақұрылымды есептеуді қолдануға мүмкіндік
береді.
01.01.2014 жылғы жағдай бойынша
электрондық терминалдар мен қашықтан қол жеткізу
жүйелері арқылы қашықтан көрсетілетін банк
қызметтерін 27 екінші деңгейдегі банк және «Қазпочта»
АҚ көрсетті. Көрсетілген ұйымдардың ішінде 24
банк және «Қазпочта» АҚ төлем карточкалары
пайдаланылатын қызметтерді және 13 банк олар пайдаланылмайтын
қызметтерді көрсетеді.
Өткен жылы
төлем карточкаларын пайдаланбай электрондық банк қызметтерін
көрсететін банктер санының 3-ке ұлғайғанын атап
өткен жөн, ал төлем карточкалары пайдаланылатын
электрондық банк қызметтерін көрсететін банктердің саны
өзгеріссіз қалды. Бұл ірі емес банктердің жылдам
ақы төлеу терминалдарын орнату жөніндегі іс-қимылдарымен
түсіндіріледі. Осындай динамикаға қарамастан, жақын
болашақта (заңнамалық базаны ешбір түбегейлі
өзгертпестен) жылдам ақы төлеу терминалдары бар банктер саны
айтарлықтай өседі екен деуге болмайды, себебі нарықтың
көрсетілген сегменті бәсекелестікті ескере отырып,
бұрынғысынша банктер үшін тартымсыз болып қала береді.
Банктердің
электрондық терминалдар және инновациялық әдіспен
қашықтықтан қол жеткізу жүйелері арқылы
төлем және өзге қызметтерді көрсетуі біртіндеп
қаржылық қызметтер нарығындағы әсер
етудің негізгі факторларының бірі бола түсуде. Мәселен,
банктің тармақталған есеп айырысу-кассалық
бөлімшелер желісі болмаса да, интернет, мобильді банкинг және
электрондық терминалдар арқылы қызметтер көрсете
отырып, клиенттерді көптеп тарта алады. Осылайша, төлем
жүйелерін қоса алғанда, елдің қаржы
секторының ағымдағы жай-күйін және даму
перспективаларын бағалау интернет, мобильді байланыс операторлары
инфрақұрылымының дамығандығын, сондай-ақ
электрондық терминалдардың болуын және олардың
халықтың басым бөлігіне қолжетімділігін міндетті
түрде ескерілуде.
Сонымен қатар
өткен жылы саны 4%-дан аз ұлғайған банкоматтар
желісінің ұлғаюына деген
қызығушылықтың төмендеуі байқалады.
Соңғы 3 жылда банкоматтар санының өсу
қарқынының төмендегенімен, 2013 жылы олардың
өсуі төмен болды. Мұндай жағдайда оған себеп
отырған нарықтың банкоматтармен толып кетуі екені
сөзсіз, сондай-ақ эквайрингтік қызметті болжамды
монополияландыру жөнінде айтылған ұсыныс та әсер етті.
Алайда, банк дүңгіршектерімен қалыптасқан ахуал
қарама-қайшы, олардың саны 2 есе ұлғайды
(1 678-ден 3 982-ге дейін), бұл банктердің бірінің
клиент тарту жөнінде жүргізген саясатының салдары болды.
Бұл ретте банк дүңгіршектері бір рет қана орнатылмай,
2013 жыл бойы орнатылды.
Банкоматтарға
түскен салмақ 2013 жылы салыстырмалы түрде жоғары
болған жоқ, орташа алғанда күніне бір банкоматта 53
транзакция жүргізілді, 2012 жылмен салыстырғанда 2
транзакцияға көп. Мұндай өзгеріс орнатылатын банкоматтардың
өсу қарқынының баяулауы тұрғысынан
түсінікті. Бұл ретте банк дүңгіршектері бойынша
мұндай көрсеткіштер айтарлықтай өзгерді, бір банк
дүңгіршегіне 2012 жылы 97 транзакциядан келсе, 2013 жылы 178
транзакцияға дейін жасалған. Банк дүңгіршектеріне
түскен салмақтың өсуі салдарынан олардың
функционалдық мүмкіндіктері де кеңейді, атап айтқанда,
қолма-қол ақы төлеу терминалы ретінде пайдалану
мүмкіндігін енгізу.
Соған
қарамастан кезекті кезеңнің қорытындылары бойынша
Қазақстандағы барлық қолма-қол
ақшасыз төлемдер мен қолма-қол ақшаны пайдалана
отырып жүргізілген транзакциялардың негізгі үлесі
дәстүрлі қондырғылар – банкоматтар мен
POS-терминалдарға тиесілі болды.
|
Қолма-қол
ақшасыз жасалатын төлемдер жалпы көлемінің үлесі
|
Қолма-қол
ақшаны пайдалана отырып
жүргізілетін транзакциялар жалпы көлемнің үлесі
|
2013 жылдың
басында қабылданған Үкіметтің қаулысы[1] төлем карточкаларын пайдалана
отырып төлемге қабылдау желілерінің дамуына
оң әсер етті,
осыған сәйкес дара
кәсіпкерлер қызметтің
белгілі бір түрлерін жүзеге асырған кезде есеп
айырысу үшін төлем карточкаларын қабылдауға, тиісінше POS-терминалды орнатуға міндеттенеді. Мәселен, кәсіпкерлерде
орнатылған POS-терминалдар санының өсуі 40 117 бірлікке
дейін жетіп, 46,8%-ды құрады. Банктер POS-терминалдарды
орнатуға шарт жасасқан
кәсіпкерлердің саны 2014ж.01.01. жағдай бойынша өткен жылы 61,6%-ға ұлғайып, 22 904
бірлікті құрады.
Сондай-ақ POS-терминалдар орнатылған сауда нүктелерінің
саны елеулі өсіп (58,0%), 33 709
бірлікті құрады.
Төлем
карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдау желісі дамуының көрсетілген
көрсеткіштері 2008 жылдың соңында Қазақстан
экономикасындағы
дағдарыстық көріністің байқалу
сәтінен бастап қана емес, сондай-ақ электрондық
банктік қызметтер
нарығы мониторингін
жүргізудің көз жетерлік кезеңінде рекордтық
болды. Оған қоса, POS-терминалдарды орнату бойынша талаптарды
соңына дейін орындағысы келмейтін кәсіпкерлердің психологиясын
ескере отырып, салық органдары мен қаржы полициясы органдары тарапынан жағдайды тиісті түрде бақылау болғанда төлем
карточкаларына пайдалана отырып
төлемдерді қабылдау желісінің дамуы
көрсеткіштерінің бұдан әрі өсуін күтуге
болады.
Сонымен қатар,
қазір кезде кәсіпкерлерде орнатылған POS-терминалдарға
жүктеменің төмен
болып отырғандығын байқауға болады. Мәселен, 2013
жылы бір POS-терминал бойынша
орташа күніне 2-ден
артық транзакция жасалған
жоқ. Осындай оптимистік емес көрсеткіштерді POS-терминалдардың қолайлы
орналаспауымен түсіндіруге
болады. Бөлшек
төлемдердің негізгі массасы иелері дара кәсіпкерлер болып
табылатын және әдетте, қазіргі кезде POS-терминалдар
жоқ үлкен емес дүкендерде және сервистік пункттерде
жүзеге асырылады. Яғни, жоғарыда көрсетілген
Қаулының талаптарын орындау арқылы төлем карточкаларын
төлемге қабылдау желісі дамып қана қоймай,
сондай-ақ төлем карточкалары
пайдаланыла отырып жүргізілетін төлемдердің көлемі елеулі өсетін
болады.
Өңірлер
бойынша электрондық банктік қызметтерді жүзеге асыру
желілерінің бөлінуі айтарлықтай өзгермеді.
Өңірлердің басым көпшілігінің негізгі
көрсеткіштер бойынша үлесінің азаюы немесе ұлғаюы
1% аспады. Банк дүңгіршектерінің жағдайы керісінше
болды, Оңтүстік Қазақстан облысында олардың
үлесі 6,3%-ға, Қарағанды облысында – 4,4%-ға
және Алматы қаласында 3,7%-ға өскен, бұл
жоғарыда аталған жекелеген банктің іс-қимылдарына
байланысты болды.
Cоңғы
екі жылда төлем карточкаларын шығарудың жыл сайынғы
өсуі 25% асады, бұл ретте
кредиттік төлем карточкаларының үлесі үдемелі
қарқынымен өсіп
келеді, 2013 жылы оның үлесі 21,0% құрады, салыстыру
үшін 2012 жылы үлесі 17,6% болды. Кредиттік төлем
карточкаларының 96,0% Алматы қаласына тиесілі екенін атап өткен өте маңызды,
өйткені бұның ірі мегаполис болуымен қатар, мұнда
негізгі іскерлік белсенділік те шоғырланған.
Қолданылған
әдебиет:
1.«Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі туралы »ҚР Заңы
2.29.06.1998 ж.
шыққан №237 «Төлемдер және ақша аударымдары
туралы» ҚР Заңы
3.Ілияс А.Ә., Сәулембекова
Ә.Қ. Төлем жүйесі:теория және
практикасы.Оқу құралы . Алматы:
Экономика, 2007
4.Рудакова О.С. Банковские электронные услуги: Учебное
пособие . М.: Вузовский учебник: ИНФРА-М, 2010.