МАТЕМАТИКА ПӘНІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

 

Бағдагүл Жакенова Сәдірқызы

№262 гимназияның математика пәнінің мұғалімі, Қазақстан

 

        Өзіндік ерекшелігі бар күрделі пәннің бірі геометрия планиметрия және стереометрия болып екі салаға бөлінеді.

       Оқушыларды белгілі көлемде білім дағдыларын меңгертумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсінік беріп, ұғымын кеңейте отырып оларды шығармашылық бағытта жан-жақты үйретуде үздіксіз іздену – бүгінде мүғалімдерге қойылып отырған басты талаптардың бірі. Математика пәнінің өзіндік артықшылықтарының бірі де барлық пәндермен байланыстыра оқыта алуымызда. Мәселен, мен оқушылардың логикалық шығармашылық ойлау қабілетін жетілдіру, математикаға деген қызығушылығын тудыру, математиканың әдебиетпен де, өмірмен де байланысын сезіндіру мақсатында Сәкен Сейфулиннің «Аққудың айрылуы» атты поэмасының кейбір үзінділерін оқу арқылы геометрия сабағында, сыныптан тыс жұмыс кездерінде төмендегідей кесте бойынша сабақ өттім.

 

«Аққудың айрылуы»

Стереометрия

1. Арқада бір жер бар еді

    Жібек самал саясы.

    Саяда бір көл бар еді

    Сырлы кесе аясы

1. “көл” – жазықтық     бөлігі,  “жер” – жазықтық (негізгі фигура)

2. Айна көлді мекен еткен,

    Бір-екі аққу бар еді.

    Мақсатына бірге жеткен,

    Екі ғашық жар еді.

С – аксиомасы бойынша

2. Қандай жазықтық болса да, ол жазықтыққа тиісті нүктелер және тиісті емес нүктелер бар болады.

В

,,

    А

 В

 

3. Қосылысқан екі ғашық

    Тағы нені сұрайды.

 

 

 

А                                      А € ά, В € ά  не А (х; у) пар        

В             сандар

 4. Көл шетінде қалды бірі

     Тағы кетті айырылып.

     Екі ғашық әрең тірі,

     Тағы кетті сыңары.

 

.

                                    ВІ

.

  А                                

                        А    ά ,   В    ά 

 


                 В

 5. Сол мезгілде аққу ұшты

     Жалғыз қалған жырақта.

     Суды сабап келіп түсті

     Түтін шыққан құраққа

Құстар ұшқан жолы (траек-

ториясы) түзу десек. Түзу

мен жазықтықтың қиылы-

суы нүкте (тек бір нүктеде қиылысады)

 

6. Сұр мергенді шырқ айналды

    Жылап аққу қалмады.

“сұр мерген” - (АВ) кесінді

“шырқ айналу” – периодты 

                                     процесс

 7. Көкке қарай қанат қағып,

     Аққу кетті бұлдырап.

     Бір мезгілде төмен ағып,

     Төңкерілді судырап.

 8. Төмен ағып қадалды да,

     Найзадай боп шаншылып,

     Сұр мергеннің қақ алдына       

     Жығылды аққу жаншылып!

Физикада

        кездесетін    

                шамалар :

v, s, g, t, а,a, a,o

 9. Кең айнадан өзін көріп,

     Құстар билеп ойнайды.

     Су түбінен маржан теріп,

     Сүңгіп терең бойлайды.

Проекция, кескін, бейне “Сырлы

кесе аясы”- шар десек

Bta (шар)  (-маржан), О – аққу (ОВ

       ұзындығы (көлдің тереңдігі)

10. Көктен көлге төңкеріліп,

     Шаңқылдайды шағала,

     Көлді көріп байғүс қызғыш,

     Қаңқылдайды жағалап

Қозғалыс параллель

 көшіру, бұру, бейне

х;у;zосі  (жерде; көкте; теңізде)

 11. Екі кербез қатар түзеп

      Көлдің келді шетіне...

а / / в ά

  А;В € α

 

 

12. Бір шоқ қамыс жиекте өскен.

     Бір мезгілде қалт етті.

Бұру (қамысты) жер (жарты жазықтық)

13.  Дәл көздеді сұрша мерген,

       Шын сұлудың нақ төсін.

 

 

ВС – сұрша мерген; А – аққу; АС – оқ жолы

14. Біресе аққу шырқап биік,

     Көкке жылап зарлады,

     Біресе кеп жерге тиіп,

     Көзден жасын парлады.

Жоғары-төмен тербеліс Маятник тербелестерінен (не пружиналардың бір-бірінен өзгешелігі бір период мезетінде маятник не (шардың) орындары бірдей болады.

               

        Кейбір оқушыларының «Маған математиканың керегі жоқ, өйткені мен тіл мен әдебиет мұғалімі, әртіс немесе суретші, т.б. боламын» дегендерін жиі естиміз. Әрине, олардың бұлай айтуы дұрыс емес. Бала кезінен бастап математикамен шұғылданған адам өзінің ой-өрісі мен зеректігін дамытады, мақсатына жетуі үшін табанды болуға ерік-жігерін тәрбиелей алады. Сондықтан да қандай мамандық иесі болмасын, тіпті, мұғалімге де, дәрігерге де, әртіске де математика қажет.

       Адамның бұйымдары қажетті ретпен топтау, санау, өлшемдер түрін табу, олардың өзара орналасу қалпын анықтау секілді жұмыстармен түйіспейтін қызмет саласын атау қиын. Қарапайым есептеу мен өлшеу – бұл әлі математика емес! Математика керексіз қайта-қайта санаудан құтылуға, бұрыннан белгілі жайттар арқылы бізге белгісіз жайтты таба білуге үйретеді. Мұның техника мен ғылым үшін аса зор маңызы осы қасиетінде. Қарапайым мысал келтірсек, бір бумада 20 кітап бар, қоймадағы осындай бумалардың саны 150. Математикалық тұрғыдан барлық бумаларды шешіп, олардағы кітаптарды жеке-жеке санап жатудың керегі жоқ. Көбейту амалы арқылы қоймада барлығы 20х150=3000 кітап бар екенін көрсетеді. Және тағы бір мысал келтірсек, орыс ғалымдары Н.Жуковский мен С.А.Чаплыгин бұдан жарты ғасыр бұрын математиканың көмегімен сомолеттің белгілі бір мөлшердегі жүкті көтеріп ұшуы үшін, оның қанатының формасы мен өлшемдерінің қандай болуы керектігін есептеген. Математика ауа-райын алдын-ала болжауға, көпірлердің және ғимараттар күмбездерінің беріктігін,  спутниктер орбиталарын есептеп табуға көмектеседі.

       Мұғалім қай пәннен бермесін, ол баланың өмірдің әр саласына қатысты кез-келген сұрағына жауап беруге даяр болуы керек. Ол үшін үнемі «Өз біліміңді көтер» деген кәсіптік бағыттағы өз білімін жетілдіру ізденісіндегі шығармашылық дәптері болады. Оқушыларға «Қандай болмасын кез-келген толғандырып жүрген сұрақтарың болса,  қоя беріңдер, жауап беруге тырысамын. «Егер білмей қалса, апайға ыңғайсыз болып қалар» деп ойламаңдар, олай болуы да мүмкін. Бірақ біздің сендерден айырмашылығымыз сұрақ жауабын іздестіріп, зерттеп, кітаптардан, техникалық ақпараттардан т.б. ақтарып, сұрастырып, не бағыт беріп әйтеуір жауабын табуға тырысамыз» дегенімде, бір оқушы «Апай, ешқандай жауабы табылмаса ше?» деп сауал қойды. Сонда мен «Онда сен жаңалық аштым дей бер?» деген болатынмын. Өзімнің практикамда өткен бір жайтқа тоқталып өтейін.

       Бірде бұрын сабақ бермеген сыныпқа кіріп, журнал бойынша бір оқушыны тақтаға  шақырғанмын. Оқушылар ду күлді. Сөйтсем ол нашар оқитын оқушы екен. «Сабақ оқымайды, кептерді ғана біледі...» деген  сияқты әңгімелер күңк етті. Ал есептің шарты: Жазықтықтан тыс нүкте арқылы жазықтыққа түзу салу. Әлгі оқушы да тақтаға шыққысы келген жоқ. «Жоқ, сен шығара аласың. Сенбесең, келе қойшы тақтаға» деп шақырдым. «Үйіңде кептер бар екенін білдік. Менің де інімнің үйінде кептер бар. Саған сұрақ:  Кептерді қондыратын ағашты не дейді?» дегенде, оқушылар шу ете қалды.  «Трайвер» десті. Әлгі оқушыға «Онда кептерді А нүктесі деп алып тақтаға трайвер сыз, кептеріңді соған қондырып трайверді жерге  бекіткен суретті сала ғой» деп тапсырма бердім.   Керемет! Оқушы салды.  Міне, есеп шығарылды.

       Математика айналамызда, математика – ақын-жазушы, өнер адамдарының шығармасында, спортта, мақал-мәтелде, т.б. Ежелден-ақ қазақ халқының математикалық білімінің қолданыс жағы басымдау, тамыры терең. Олар қазіргі тілмен алғанда санаудың әр түрлі жүйесін, мәселен үштік, ондық, тоғыздықты пайдаланған. Қазақтың ауызекі тараған есептерінің астарлары да түрліше болып келген. Олар біресе жұмбақ, біресе өлең, біресе қара сөз, біресе ертегі, біресе тұрмыс заттарын жасау түрінде де кездеседі. Қазақ халқының жасаған ертұрман әбзелдерінде, тартқан домбырасында, баққан малында, еккен егінінде, тоқыған алашасы мен кілемінде де математикалық есептер бар. Мысалы: «Атасы мен немересі», «Қыңырдың жасы», «Сұлу есебі», «Шырылдауық шегіртке», т.б.

       Сонымен математика барлық пәнге қызмет етеді. Математика ғылым ретінде ешқашан бір орнында тапжылмай тұрып қалған емес. Өмір, практика, толассыз дамып келе жатқан техника және басқа да ғылымдар оның алдына әркез жаңа мәселелер қойып отырады. Бұларды шешу үшін белгілі білім атауы жеткіліксіз, сондықтан математик ғалымдарға жаңа әдістер табуға, жаңа теориялар жасауға тура келеді. Қазіргі кезде көптеген күрделі математика есептеулерді адамның орнына машиналар атқарады. Жалпы, шәкірттерімізге ұлттық тәлім-тәрбие мен қазіргі білім беру үдерісіндегі жаңалықтарды меңгерту барысында математика ғылымының берер пайдасы орасан екенін ескере отырып, барлық өтілетін сабақтың пәнаралық байланысында да математика пәнінің қажеттілігін естен шығармаған абзал.