Музыка и жизнь/1.Музыка: изучение и преподавание

 

Мукушева Мейрамгүл  Сембекқызы

Қарағанды қаласы №2 өнер мектебінің ұстазы

 

Музыка мектебіндегі денсаулық сақтау технологиясы.

Денсаулық сақтау технологиясы-баланың жас ерекшелігі мен денеге түсетін салмақтың сәйкестігі және оқу процесінде жан- жақты ұйымдастыру мүмкіндігі болып табылады. Қазіргі уақытта әлеуметтік экономикалық даму кезеңінде денсаулық сақтаудағы жеке тұлғаның рөлі көтерілуде.Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда денсаулықты сақтаудың маңызы туралы және салауатты өмір сүру салтын дамытудың қоғам үшін аса қажеттігі туралы айтып өткен болатын [1].

Қазақстан Республикасының бүгінгі күнгі білім беру тұжырымдамасы мен білім беру жүйесін реформалаудың негізгі бағыттарындағы оқыту үрдісінің педагогикалық технологиялары ретінде және денсаулықты сақтауды ұйымдастырудағы жаңалық ретінде оқу – тәрбие үрдісіне денсаулық сақтау технологиялпры енгізілуде. Оқыту мазмұнына жаңалық ендіру оқу үрдісіне қатысушылардан үлкен күш пен еңбекті талап ететін үрдіс. Ол өз кезегінде физиологиялық шаршау мен психоэмоциялық артық жүктеме түріндегі ағзаның функционалдық ахуалының әр түрлі ауытқуларын тудырады. Сол себепті де оқушыларда созылмалы аурулар, психиканың бұзылуы және стресстік жағдайлар көп болады. Сондықтан болар арнайы мамандандырылған мектептерде жалпы біліп беретін мектептерге қарағанда оқушылар көп ауырады[2,12].

Денсаулық сақтау технологиялары көптеген педагогтарға белгілі психологиялық-педагогикалық әдіс- тәсілдер,технологияларды, мәселені шешу жолдарын жинақтайды және соған қоса мұғалімнің өзін-өзі үнемі жетілдіруге ұмтылысы қажет.

Саулықтыру педагогикасының негізгі артықшылықтарымынада:

-дені сау бала – практика жүзінде жетуге болатын бала дамыу;

-сауықтыру дегеніміз емдеу - профилактикалық шаралардың жиынтығы емес, баланың психофизиологиялық мүмкіндігін дамыту формасы;

-жеке-дара саралап оқыту дегеніміз - оқушыны сауықтыра дамыту жұмыстарының негізгі құралы [3,23].

Денсаулық сақтау технологияларының мақсаты – оқушының мектепке жүрген кезінде денсаулығын сақтау, оның денсаулығын сақтау туралы білігі, білігі мен дағдыларын қалыптастыру, алған білімдерін қолдана білуге үйрету. Барлық денсаулық сақтау технологияларының негізгі ерекшеліктері – оқушылар денсаулығын үнемі экспресс-диагностикадан өткізіп, бақылапотыру және ағзаның қалыпты дамуын бақылап, оқушы денсаулығы туралы қажетті қорытындылар (оқу жылының басы мен аяғында) жасап отырады. Кез-келген білім мекемелерінің негізгі қызметі денсаулық сақтау технологиялары негізінде оқушыны салаутты өмір сүруге дайындау.

Денсаулық сақтау технологияларын құрайтын әртүрлі сауықтыру іс-шараларының оқушы денсаулығына позитивті әсерінің тиімділігі әдіс-тәсілдердің сапасымен емес, оның қаншалықты сауатты жалпы жүйеге кіріктірілгені, бала мен педагог дансаулығына бағытталғандығы, тиімділігімен анықталады.

Мектеп пен мұғалімді денсаулық сақтау технологияларына жүйелі кезегімен қатыстыру төмендегідей жүргізіледі:

-музыка сабағында мектептің бала денсаулығына кері әсер ететін мәселелерін анықтап, оларды жылдам шешу керектігін түсінуі;

-музыкалық білім беруде оқушының денсаулық жағдайының сәтсіз болуына бүкіл педагог қауымы жауапты екендіктерін мойындауы;

-музыка сабағында қажетті денсаулық сақтау технологияларын игерулері;

-игерілген дайындықты практика жүзінде бір-бірімен, медицина қызметкерлерімен, оқушылармен олардың ата-аналарымен бірлесе отырып іске асыру.

Бұған дейін белгілі бодғандай, оқу үрдісін жүргізудің ұйымдастыру-музыкалық-педагогикалық жағдайы технологиядағы сияқты, денсаулық сақтау технологияларында да мұғалім сабағы- оның негізін құрайды.

Мамандар жасап шығарған әр түрлі сауықтыру жүйелерін де музыка сабағында пайдаланған дұрыс. Ең бастысы, адам өз денін сауықтырып, денсаулығын қалпына келтіре алады деген қағидаға сену керек. Осыны жүзеге асыра отырып, әр оқушының денсаулығын қалпына келтіріп, оны жақсарта түсуге арналған бағдарлама жасауға болады. Оны ненің негізінде жүзеге асыру керек?

Музыка сабағы барысында отыру қалпын динамикалық алмастыру арқылы өткізіледі. Яғни,бала өзінің дұрыс отырған, отырмағанын, отырысын алмастырып отырады. Оны бір рет үйренген бала өзінің отырысын қадағалай алады. Ол омыртқа жотасының түзулігін сақтауға мүмкіндік береді, өйткені омыртқа адамның өмірінде өте үлкен қызмет атқарады, біздің көптеген ауруларымыз да оның дұрыс қалпының бұзылуынан туындайды. Бұл адам ағзасының энергетикасының негізі. Сондықтан да сабақ барысында баланың дұрыс отыруын қадағалау- ең басты міндет.

Хор арқылы айтылатын әннің әсері өте жоғары. Түрлі әндерді сүйемелдеу арқылы орындай отырып музыканың бала психикасына әсерін эмоцианалды әсерленуді пайдаануға болады. Сонымен, бірге музыкалық гимнастиканы, яғни саз ырғағымен дене қимылдарын орындауды бейімді де қолдану керек.

Сабақтағы физкультминутк, яғни жалпы шаршауды сейілтетін қолдарын, саусақтарын де алдыратын көру және есту қабілеттерінің дамына әсер ете алатын, қысқа ғана жаттығулар жиынтығы.

Бала денсаулығы- ең жоғары әлеуметтік құндылық. Бүгін мектеп партасында отырған балалар, он жылдан соңғы елдің әл-ауқат деңгейі мен экономикалық потенциалын, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Басқарудың жобалау технологиясы жалпыға білім беретін мекемелерде оқушы денсаулығын сақтайтын педагогикалық орта моделін жасауға мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау технологияларының баланың мектептегі оқу кезеңінде денсаулығын сақтайтынын, оның салауатты өмір салтының қажетті білім, білік, дағдыларын қалыптастыратындығын,алған білімін өмірде  пайдаланатынын ескере отырып, барлық оқу  мекемелерінің бастауыш мектептерінде кеңінен қолдану ұсынылады.

 

Әдебиет

 

1. Аканов А.А. Формирование здорового образа жизни в РК// Валеология. Физвоспитание. Спорт.-№1.-2004

2. Смирнов Н.К. Забота о здоровье учащихся как критерий оценки работы школы// Методист.-№4.-2005

3. Безруких М.М. Здоровьесберегающая школа.-М.:МПСИ,2004