МҰҒАЛІМНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІНІҢ КӨРІНІСІ

Айтжанова Р.М., Майданова Т.К.

Карагандинский государственный университет им. Е.А.Букетова

 

Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман – уақыт талабы. Кеше ғана көк туын желбіретіп шаңырақ көтерген егемен елімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасцын қалаушы – ұстаз тұрады.

«Мұғалімдер – қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе , «ең сынампаз» бөлігі болып табылады»,-деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет. Ал, педагогикалық шеберліктің негізі шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің рөлін анықтау, студенттер мен мұғалімдер ұжымын қалыптастыру – педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді деп есептейміз [1].

«Тәуелсіз елге-білікті маман» демекші, педагогикалық шеберліктің негізі, өткен пікірімізде айтып кеткеніміздей, білім мен тәрбиені ұштастырумен қатар-педагогтардың жаңа технологияны меңгере білуінде және оны өз тәжірибесінде қолдана алуында. Педагогикалық көзқарас бойынша, «технология» ұғымы – дәстүрлі оқыту әдістерінен басқа, ерекше үлгідеұйымдастырылған «педагогикалық өндіріс» деген пікір өз уақытында педагог-ғалымдар тарапынан сынға алынғаны белгілі. Осы сыннан соң бірте-бірте «педагогикалық технологияны» оқыту үрдісінің құрамдас бөлігі ретінде сипаттап, оны дидактикалық үрдістер мен оқыту құралдарымен жабдықтауда жаңа ақпараттық технологияға негіздеу туралы мәселе қозғалады.

Педагогикалық шеберліктің тағы бір көрінісі – мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті, яғни оның тұлға ретінде жеке-даралығы және адамның индивид ретіндегі кейбір ерекшеліктерінің өзгеріске ұшырауы [2].

Біздің ойымызша, инновациялық технологиялар оқытуды ізгілендіру, яғни оқу құралдарын оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетінде пайдалануға көмектеседі. Оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың шарттарының өзі мұғалімнің әрдайым ізденісте, өздігінен білім алудың жағдайын туғызады. Ол педагогикалық шарттарға: инновациялық ізденіс қажеттілігі;инновациялық әдіс-тәсілдер жайлы білім; инновациялық әдіс-тәсілдерінің тиімді жолдарын қарастыру, инновациялық әдістерді меңгеру; инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану және білім беруді ұйымдастыру формалары; инновациялық әдіс-тәсілдердің озық тәжірибелерін бекіту жатады.

Адам қажырлы еңбегімен табиғатты өзгертсе мұғалім жалпы жасампаз еңбегімен жаңа адамды қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп өмірге дайындайды. Оқушыларын тек біліммен қаруландырып қана қоймай, назарын, білгендерін жадында сақтауға, қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін ұштауға, дүниеге деген құштарлығын , өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастырып, ықыласын, сенімін, төзімділігін, іскерлігін, іздемпаздығын тағы басқадай қасиеттерін жетілдіріп, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуді өзінің өмірлік мақсаты, ізгілік мұраты деп санайды.

«Талант» деген сөзді әркім әр түрлі ұғынуы мүмкін. Талант көбіне, ақын-жазушыларда, әртістерде, өнер адамдарында кездеседі. Ұстаздың барлығы талантты болып тумайды [3]. Егер кез келген мұғалім ынта-ықылас қойып, табандылық танытатын болса, өз бетімен көп еңбектенсе, идеялық жағынан сенімді, саяси жағынан есейген азамат болса, өз бетімен көп еңбектенсе, идеялық жағынан сенімді, саяси жағынан есейген азамат болса, өз пәнін жақсы білсе, оқытудың әдістемесін меңгеріп, бала психологиясын жете білсе, педагогикалық техниканы қалыптастыра алса, педагогикалық шеберлікке жету қасиеттеріне ие бола отырып, педагогикалық кәсіпті меңгерсе, педагогикалық әдепті бойына сіңірсе, онда талантты, шебер ұстаз бола алады.

Педагогикалық шеберлік – ұстаздық талантпен тығыз байланысты. К.Д.Ушинский: «Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр-сырын меңгермейінше, бұған оның қолы жетпейтіндігін»,-айтады.

Педагогикалық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы, жан-жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөзді оқушыларға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы. Ұстаздық шеберлік:

1)  Мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі;

2)  Пәнді жетік білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың бойында әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі;

3)  Оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін меңгерген, білгенін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогикалық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады.

Педагогикалық шеберлікте педагогикалық техника деп аталатын мәселеге мән беріледі. Ұстаз әр сөзін дұрыс сөйлеп, нық айтуы тиіс, оның жүріс-тұрысы, қозғалысы, отырып-тұруы оқушыларға ерсі болмайтындай дәрежеде болуы керек.

Ұстаздық шеберлік үш қырынан көрінеді.

·     Ұйымдастыра білу шеберлігі;

·     Қарым-қатынас жасай білу шеберлігі;

·     Ықпал ету , баланың іс-әрекетіне керегінше қуат беру немесе тежеу.

Ø  Ұйымдастыру білу шеберлігі – әр ұстаздың өзінің атқаратын іс-шарасының мақсаты болады. Сол мақсатты орындау үшін ұстаз іс-шараның сценариін жазып, әр қатысушыға рөлдерін бөліп, ойнап шығуы керек. Ұстаздың шеберлігі әр оқушыға өзіне лайықты рөл беріп, өзі де солардың ортан\сынан орын алып, қызмет ету.

Ø  Қарым-қатынас жасай білу шеберлігі балалардың іс-әрекеті, қатынасы – тәрбиенің негізгі типі. Балалар өара немесе ересектермен қатынас арқылы білім, тәрбие, үлгі-өнеге алады. Сондықтан да қатынас сауатты, маңызды, мазмұнды, өнегелі, үлгілі болғаны оған қарым-қатынастағы ең бастысы – оның мазмұндылығында.

Ø  Қарым-қатынас жасай отырып ықпал ету шеберлігі. Ұстаз өмір бойы бала тәрбиесіне ықпал етумен шұғылданады. Сонымен қатар, ұзтаз баланың іс-әрекетіне санлы түрде ұстаздық әдіс-тәсілдерді, тәрбиенің түрлерін қолдана отырып, бағытты ықпал етіп, жақсы ісін қуаттап, көңілден шықпайтын әрекеттерін тежейтін кезеңдері болады [3].

Ұстаздың шәкіртке ықпал етуінің үш жолы бар: дәлелдеп сендіру, шәкірттің қызығушылығын дамыту, талап ете білу.

Шебер ұстаз – әдіс-тәсілдердің көптеген түрін пайдалана отырып, балаға ықпал жасауға тырысуы керек [4].

Педагогикалық шеберліктің негізі – балалардың өз еркімен дамуына жол ашу, оқу-тәрбие процесінде оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықтармен, жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту, шәкіртке деген қамқорлық пен сүйіспеншілікті арттыру педагогикалық шеберліктерінің басты сипат болып табылады.

Осыдан шығарар қорытындымыз: әрбір педагог мұғалім мамандығын таңдап алған соң, ол жауапкершілігін бірге ала жүруі керек. Ұстаз өз пәнін ғана емес, дүние сырын, қоғамдағы өзгерістерді, адам мінездерін, өнердің қуат әсерін білетін жан болуы қажет.

Сонымен, педагогикалық шеберлік дегеніміз өзінің мамандығына сай игеруі тиіс барлық ерекшеліктердің жоғары деңгейін, тұлғаның кәсіби қызметті өзінше ұйымдастырудың жоғары деңгейін қамтамасыз ететін ерекшеліктерінің жинағын, сондай-ақ кейбір педагогикалық ерекшеліктердің дамуының жоғары деңгейінің салдарын білдіреді, ал педагогтың жалпы мәдениеті, оның теориялық білімі және педагогикалық техниканы меңгеруі осы шеберліктің іргетасы болып табылады.

Қорыта келгенде, бүгінгі талапқа сай мектепте білім берудің жаңа саласына жету – мұғалімнің мейірімділігімен, білімімен, шеберлігімен тығыз байланысты. Өз мамандығына жан жүрегімен берілген ұстаз ғана ұстаздық этиканы, ұстаздық техниканы да шеберлікті де жақсы меңгереді.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.   Құрманалина Ш.Х., Б.Ж.Мұқанова. Педагогика. - Астана,2007. – Б. 46-48б.

2.   Берікұлы Н. Педагогика. Оқу құралы. – Алматы, 2004. – Б. 112-115.

3.   Кондратеньков А.В.Труд и талант учителя: факты, мысль. - М.,1989. – С. 29.

4.   Жүсіпова Ж.А. Педагогикалық шеберлік. - Алматы, 2011. – Б. 13-22.