УДК:373.24
ҰЛТТЫҚ
ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫ ПАТРИОТТЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ
Шалтаева
Р.Ж.,Бекбосын Ж.А.
Қарағанды
«Болашақ» университеті
Қазақ
халқының өмірде болып жатқан сан қилы
оқиғаларды бастан аяқ баяндап беретін ғасырлар бойы
бірге жасасып келген әдет-ғұрып ойындары бар.
Қазақ халқының ұлттық ойындары
көпшілік жағдайда үлкен тойларда, мерекелерде, думандарда
ойналатын болған.
Бүгінгі таңда елімізде үздіксіз білім беру жүйесі
айтарлықтай дәрежеде қайта қаралып, оны жетілдіру
жолдары іздестірілуде. Мұндағы алға қойылып
отырған негізгі талаптар - Қазақстан білім беру
жүйесінің бүкіл әлемдік білім беру кеңістігіне
толық енуі, алғашқы ұлттық білім
тұжырымдамасының даму стратегиясын жасап, моделін құру
және оны іске асыру. Осының негізінде білім берудің негізгі
мақсаты балаға білім беріп, білік пен дағдыны
қалыптастыруға қол жеткізу ғана емес, солардың
негізінде өз алдына жауапты шешімдер қабылдай алатын, әр істе
белсенді шығармашылық әрекет жасайтын, жылдам өзгеріп
жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүріп,
еркін жұмыс істей алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу болып
табылады[1].
Бүгінгі
тарихты оқытудағы басты мақсат - дүниежүзілік
дамудағы адамзаттың орны ерекше екендігін, ол жасаған
бүкіләлемдік құндылықтарды білетін, оларды
Қазақстанның дамуы үшін пайдалануға ынталы, жан -
жақты жетілген, өзінің тарихи тамырларын,
қоғамдағы орнын түсінетін белсенді азаматтарды
қалыптастыру. Осындай міндеттерді жүзеге асыруда
педагогтардың атқаратын орны ерекше.
Ұрпақтар
бойына дарыту көп ізденістерді, сан түрлі әдістемелік
тәсілдерді қажет етеді. Ізденетін тәрбиеші болса ғасырлар қойнауында
тұнып жатқан бай шежірелер баршылық. Оны талмай ізденудің,
жан - жақты талдаудың нәтижесінде күнделікті
баспасөз құралдарынан табуға болады. Қазақ
атамыз «Мың естігеннен бір көрген артық»дейді, бұл оқушы есінде ұзақ сақталар еді.
Жиырма бірінші ғасыр тәрбиеші оның ішіндегі Тәуелсіз,
зайырлы Қазақстанның тарих пәні тәрбиеші жан
жақты, білімді, өз ісін өте жақсы білетін
ұлттық идеологиямен сусындаған азаматтар болуға тиісті.
Ендеше бұл көп ізденісті, талмай еңбектенуді қажет
етеді.Педагогтарымның танымдық қызығушылығын,
белсенділігін арттыру үшін жиірек қолданып жүрген
сабақтарымның бірі ойын сабақ. Қазақтың
ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты, шапшаңдылықты
үйрету мен қатар, мәдениетті сөйлесуге, ептілікке,
тапқырлыққа баулиды және бұл сабақта
балалардың белсенділігі артады, бір - бірімен бәсекеге түсу
арқылы оқуға, көп білуге ынтасы өседі[2]. Ол
тәрбиеге де, оқу ісіне де зор ықпалын тигізері сөзсіз
Бұл мақсаттың нәтижелі шешімін табу үшін
жұмысты үздіксіз білім берудің ең алғашқы
сатысы-мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру
жүйесінен бастағанның маңызы зор. Өйткені
білімнің көзі, тәрбиенің негізі балабақшада
қаланады. Бүгінгі күні балабақшаларда оқу
пәндерінің мазмұны мен мақсаты оқыту мен
тәрбиелеудің жұмыс түрлерін ұштастыра отырып, оны
одан әрі жетілдіруді өмірмен байланыстыруды міндеттеп отыр. Бұл
міндет тиімді оқыту құралдарын жетілдіріп, оларды
қазіргі уақыт талабына сай жасау қажеттілігін көздейді.
Ұлттық ойындар әрбір халықтың
педагогикалық дәстүрлі құралдарының бірі
болып саналады. Ол бала өмірінің табиғи серігі,
көңіл – күйінің бұлағы. Онда ежелден адам
өмірінің бейнесі, тұрмысы, салт – дәстүрі,
еңбегі; халықтық намыс, ерлік, батылдық туралы
көзқарастары; жылдамдық, тездік, шеберлік пен әдемі де
әсем қимылдарды меңгеру тілектері; шығармашылық
тұрғыда ойлау қабілеті, ұстамдылыққа,
ептілікке, тапқырлыққа, жеңіске жету талпынысы
айқын қамтылған. Ұлттық ойындар баланың
ақыл – ой, көркемдік – эстетикалық, дене
тәрбиесінің бөлінбейтін бір бөлігі болып табылады. Ойын
кезіндегі қуанышты көңіл – күй мен әсем
қимылдар баланың рухани байлығымен үйлеседі.
Сөйтіп, оларда туған
елдің мәдениетіне деген қызығушылық,
сүйіспеншілік, сыйластық сезімі
қалыптасады.Ұлттық ойындардың қайсыбірі болмасын
мазмұны жағынан балаға түсінікті, әсерлі
және ықшамды[3]. Оларды ойлау қабілетінің белсенді
дамуына, ой - өрісінің кеңейуіне, қоршаған ортаны
дұрыс түсініп меңгеруге, психикалық процестерді
жетілдіруге ықпал етеді.
Ұлттық
ойындар атадан балаға, үлкеннен
кішіге мұра болып жалғасып отырған көне
халықтың дәстүрлері, шаруашылық – мәдени,
өмір тіршілігінің жиынтық белгісі де болған.
Әрине, ойын өнер ретінде әдебиетпен мәдениеттің
сан алуан түрлерімен қабысып, атасып келіп, бірін – бірі
толықтырып байыта түседі. Сөйтіп, бүгінгі және
болашақ ұрпақтың ұлт ойындары адам
еңбегінің жемісі, халықтың фантастикалық ой құбылысының
көрінісі, дүниені танып білу талпынысына жанама ретінде
өмірге келген халықтың әлеуметтік – экономикалық
өмірінің айнасы екенін білеміз.
Қазақтың
ұлттық ойындарының көбі дер кезінде қағаз
бетіне түсіп
үлгермегендіктен, бүгін ұмыт болған. Сәбит
Мұқанов өзінің «Өмір мектебі» атты мемуарлық еңбегінде ертеректе «Орда» атты асық ойыны
болғанын атап өтеді. Б.Төтенаев
«Қазақтың
ұлттық ойындары» деген кітапшасында аты ғана
сақталып қалған маңызды ойынның бірі деп «Абайдың алты алашы» атты ойынды атап көрсеткен. Аты
ғана қалған ойындар әлі де көптен кездеседі. Атап айтсақ: «Сары құлан»,
«Сарыала қыз», «Ақ аю», «Ағызбақ», «Бақай пісті», «Жиылмақ», «Топай» т.б.
ойындар[4].
Дегенмен,
халық ойынның неше алуан түрлерін туғызып қана
қоймай, соны іс жүзінде
қолданып, оның тәрбиелік, білімдік жақтарын да
көрсете білді. Ересек топтпрдағы балалардың оқу-тәрбие
беру барысында, халық ойындары көмекші роль атқарады.
Халық ойындары әңгімелесумен,санамақ,
қаламақпен, мақал-мәтелдермен байы түседі.
Қазақтың халықтық ойындары тақырыпқа
өте бай және әр алуан болып
келеді[5]. Ұлт ойындары тақырыбына, мазмұнына,
көздеген мақсатына байланысты, негізінен, үш салаға
бөлінеді.
Атап айтқанда:
1.
Ойын-сауық
2. Тұрмыс-салт.
3. Оймен
келетін ойындар.
Шыңдап
келгенде ойындары – ауыз әдебиетінің бір саласы. Олай болса,
ұлан Байтақ қазақ даласына ауыз екі тарай келіп,
түрленіп, өзгеріп отырған. Мейрам күндері
көбінесе халық ойындары ойналатын. Ойын тегінде адам
баласының жолдастық,
достық, ұжымдық шығармашылығының дамуына
тигізер мүмкіндіктері мол. Халық ойындары - тіл дамытуда да ролі
ерекше. Сонымен, нақтылай айтсақ,халық ойындары, тіпті жалпы
ойын таулы,біздің пікірімізше, тіл меңгертудің құралдарының бірі болып
табылады.
Ойын
үстінде бала ешнәрсеге тәуелсіз, өзін еркін
ұстайды, ал еркіндік дегеніміз -
барлық дамудың баспалдағы. Қазақтың
ұлттық ойындарының тағы бір ерекшелігі – оған
өлең сөздің араласып келіп отырғандығы.
Ойын - бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы
адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені
меңгереді, өзінің
психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Мектепке
түскеннен кейін бала ойынның мазмұны кеңейе бастайды.
Мәселен, мектепке дейін
тұрмыстық ойындарды
(семья, магазинге бару т.б.) көбірек ойнайтын болса, енді
қоғамдық саяси мәні бар, еңбек процесінің
сан алуан жақтарын
көрсететін сюжеттік ойындарды ойнауға ауысады[6].
Мәселен, сыныптағылар
қуыршақтарына, үйдегі кішкентай балаларға сабақ
үйрете бастайды, олардың
бірі тәрбиешімен, қалғандары оқушының ролін
атқарады. Ойында балабақша өмірінің бейнелеу ересек
тобының балаларына біртіндеп кеми
бастайды, оның орнын творчестволық ойындар басады.
Адамдардың жай
қимыл-қозғалысын көрсетуден гөрі бала
олардың бір-бірімен қатынасып, сезімдері мен
көңіл-күйлерін көрсетуге талаптанады. Енді
оқыған кітаптары, көрген кинолары, үлкендерден естіген
әңгімелері баланың ойын мазмұнына кіреді.
Ересек топ
балалары ойындарының басты ерекшелігі - оның ұжымдық
сипатта болатындығы. Ол жұмыстың нәтижелі болуына
себебін тигізуде.Ұжымдық ойындарды бала жолдастықтың
мәні неде екенін түсіне бастайды.м Өзінің
басындағы мінез-құлықтың кейбір теріс бітістерінен
ұялып, одан арылғысы
келеді. Бірақ бұған шамасы жете қоймайды. Осындай
ойындарды баланың қабілеттері жақсы жетіле бастайды.
Ұжымдық ойындар баланың
моральдық, эстетикалық сезімдерінің қалыптасуына
да әсер етеді.Мәселен, орман ішінде ойналған ойын туған
өлкесінің табитғатын сүйе білуге, ондағы
өзен, көлдер мен өсімдіктердің жан-жануарлардың
өміріне қызығушылықты қалыптастырады.
Тиімді пайдаланған ұлттық ойындар тәрбиешінің
түсініп отырған материалын балалардың зор ынтамен тындап, оны
берік меңгеруіне көмектеседі .Өйткені ойын мектепке дейінгі
балалардың әрекетін белсендіріп, оларды тәрбиелеп, дамытудын
аса маңызды құралы болады. Мұнда ойының
өзіне тән сапасы бар, ол – тәрбиелік – танымдық
іс-әрекетін белсенді бір формасы болып табылады. Ойынды ұйымдастырып,
оны басқара жүріп, ұстаз балалар ұжымына және
ұжым арқылы әр балаға ықпал жасайды, ойынға
қатысушы бала өзінің ниетімен әрекетін
басқалармен үйлестіруге, ойында қалыптасқан ережелерге
бағынуға тиісті болады. Педагогикалық басшылық
болмаған жағдайда балалардың ойындары кейде кері ықпал
жасалуыда мүмкін[7].
Ұлттық
ойындарды дидактикалық мақсатта пайдаланудың өзіне
тән ерекшеліктері бар. Бір жағынан ойын ойындық әрекет
негізіне алынған, оның көмегімен жеке тұлғаның
белгілі бір салалары: зейін, байқағыштық , ес, ойлау,
ізденпаздық, белсенділігі, қалыптасады. Екінші жағынан – ойын
сабақта белгілі бір дидактикалық міндеттерді – жаңа
материалдарды оқып-үйрену - өткенді қайталау,
біліктілікпен дағдыны қалыптастыру, білімді іс жүзінде
пайдалану міндеттерін шешуді көздейді.
Ересек
топ оқыту процесінде аса
дайындықты қажетсінбейтін ұлттық ойындарды пайдалану
керек және олар оқытатын, үйрететін сипатқа болуы тиіс.
Ұлттық ойындарды ұйымдастырғанда оның
сабақтың мақсатына жетуге көмектесетін жағын
ескеру маңызды. Оларды сабақтың әрбір кезеңіне
сәйкес дұрыс пайдалану өте тиімді. Сабақтын басында
ойын баланы қызығушылығын оятады, оны ұйымдастырады,
сабақтын аяғында ойын ізденіс сипатына ие болады. Бірақ ойын
сабақтың қандай кезеніде
ұйымдастырылса да қызықты, түсінікті болуы,
оқушыларды іс-әректеінің әртүрлі баули алуы тиіс.
Ойынның
мазмұны тек пәндік мақсаттар ғана емес ,оқу
әрекетінің
біліктерінқалыптастыру, беейнелік және логикалық
ойлауды дамыту мақсаттарын да
жүзеге асыруды қамтамасыз ету қажет. Ойынның
мазмұнына қойылатын негізгі талаптардың бірі ойынды
және ойнның түрлерін ұйымдастырудың мүмкін
формаларын есепке алу болып табылады
Осы қорытындылардан мынадай ұсыныстар
туындайды:
1.Халық
ойындары - қазақ халқының педагогикалық
мәдениетінің бір компоненті.
2.Педагогикалық
және әдістемелік әдебиеттерді оқып-талдау
барысында бастауыш мектептің
оқу процесінде халық ойындарының - санамақтар, мақал-мәтелдер,
жұмбақ есептер, қаламақтар ұлттық ойындар
сияқты түрлерін қолдануға болатынын байқадық.
3.
Халық ойындары тек тәрбие ғана емес, оқу
құралы да.
4.
Халық ойындары сабақтың кез-келген кезеңінде,
яғни сабақтың басында, ортасында, аяғында және
кез-келген дидактикалық мақсатқа қолдануға болатынына талдау жасауға
тырыстық.
5.Халық
ойындарының бір түрі – ұлттық ойындарды
бүгінгі педагогикалық ілім
талаптарына сай іріктеп, ұлттық-дидактикалық ойын түрінде қолданудың ролі зор екенін байқадық.
Қазіргі
жаңа заман кезеңіндегі қоғамның негізгі
мәселелерінің бірі прогресшіл дәстүр болып саналса, ол
әр халықтың алдыңғы қатарлы салт – санасы,
ғылыми көзқарасы, демократиялық ой-пікірлері,
әдет-ғұрпы, мәдени байлықтары болып табылады.
Халықтың әдет-ғұрпы, дәстүрі
қоғамдық өмірдің материалдық
жағдайының өзгеруімен сипатталады. Осы орайда қазіргі
кезеңде рухани байлықты дамытуда және көркемдік білім
берудің құнарлығын арттыруда ұлттық өнер салаларын пайдаланудың
теориялық және практикалық қажеттілігін туындаған.
Балабақша
балалардың тұлғалық ерекшеліктерін (адамгершілік
дүниетанымының қалыптасуы, өзін-өзі тануға
ұмтылуы, өз елінің азаматтығынамақтаныш сезімі
мен үлттық патриотизмнің өмірлік ұстанымдарын
таңдау,өзінің идеялық-адамгершілік идеалын іздеу,
өз халқының тарихынақызығушылық
туғызу т.б.) қалыптастыру ісі - жүйелі кешенді
педагогикалық басшылық жасауды қажет етеді. Балабақшалар
мен өзге де оқу орындарының басты міндеті -
ұлттық және жалпы адамзаттық
құндылықтарды игеруге қабілетті, ғылым мен
тәжірибе жүзінде терең білім ала отырып, жеке
тұлға болып қапыптасуға дайын ұрпақ
тәрбиелеу.
Пайдалаланылған әдебиеттер тізімі
1 Қазақстан
Республикасының «Білім беру туралы заңы» - А, 2007 ж
2 ҚР 2015 жылғы дейінгі білім беруді
дамыту тұжырымдамасы. Астана, 26 желтоқсан, 2003
3 ҚР МЖЖБС 1.001-2009. Қазақстан Республикасының
мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие
мен оқыту. Негізгі ережелер.
4 Ерте жастағы (1 жастан 3 жасқа дейінгі) балаларды
тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы
қадам» бағдарламасы: -
Астана, 2009. - 26 б.
5 Мектепке дейінгі кіші жастағы (3 жастан 5
жасқа дейін) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға
арналған «Зерек бала» бағдарламасы: .- Астана, 2009. - 106 б.
6 «Біз мектепке барамыз» мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды
тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасы.- Астана, 2009. - 106 б.
7 Айтпаева А.К. Программа использования казахских народых детских игр в начальной
школе – Алматы, 1996- 26с