Бисенова Галия Алдабергеновна
Қызылорда
көпсалалы гуманитарлық – техникалық колледжі
САБАҚҚА ОЙЫНДАРДЫ
ҚОЛДАНУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Оқушылардың білімін арттыру олардың
жалпы дүниетанымын кеңейту
мақсатында жүзеге асырылады. Осы мақсатпен анықтама
әдебиеттерді пайдалану, мәтін мазмұнын өз бетімен
түсінуге бейімделу және оның кейбір жерлерін
түсінгендерін қысқаша айтып беру, шағын хабарлар
дайындау және өз пікірін айтып, баға беру сияқты
әрекеттерге дағдыландырудың маңызы зор.Шетел тілі
пәні оқушылардың жан-жақты дамып жетілуіне,
дүниеге көзқарасының, сана-сезімінің, рухани
және эстетикалық көзқарасының қалыптасуына,
өз бетінше білімін көтеруге ұмтылуын дағдыға
айналдыруына игі ісер етеді. Шетел тілін
оқып үйрену барысында оқушылар өз сөзін
жоспарлай білуге икемделеді, сөз әдептерін дұрыс
пайдалануға дағдыланады.Шетел тілін мектепте оқытудың
шараттарын ескере отырып, оқушылардың мектепті бітіргеннен кейін де
шетел тілін оқып, түсіне білу қабілетін
қалыптастыруға мән берілуге тиіс. Осыған орай шетел
тілін мектепте оқытудың практикалық мақсатын
жүзеге асырудың аоғышарты – оқыту
әдіс-тәсіліне, коммуникативтік бағдар беруге назар аударылады.
Мектеп
жасына дейінгі балалардың басты іс-әрекеттерінің бірі –ойын.
Мектепте
оның орнына басты іс-әрекет түрі болып оқу
әрекеті кіреді.
Бірақ
мектепте ойынды сабақтан мүлде бөліп қарауға
болмайды. Жалпы орта білім беретін мектептердегі шетел тілдерін оқыту
тұжырымдамасында төменгі және ортаңғы сатыда,
тіпті жоғары сатыда да сабақта ойындар мен ойын элементтерін
кеңінен қолданған тиімді болатыны көрсетілген.Шетел
тілінде сөйлеуді, қарым-қатынас жасауды, коммуникацияға
үйретуді ниет еткен әрбір мұғалім өз сабақтарында
жаттығулардың бір түрі ретінде ойындарды қолданатыны
сөзсіз. Орындарды жаңа тілдік материалдарды бекітуге, сабақты
қызықты өткізуге, шәкірттердің тілге деген
қызығуын арттыруға, білім деңгейін тексеру
құралы ретінде пайдалануға болады.Ойындар жаңа
тақырыптарды өткенде, сөздерді, грамматикалық
материалды, тұрақты сөз тіркестерін пысықтауға
арналған жаттығулардың бір түрі ретінде пайдаланылады.
Мұғалім ойындардың сабақ кезінде қолдануға
ыңғайлы, ықшам, өткізілуі жағынан қарапайым
түрлерін таңдап алғаны жөн. Таңдап алынған
ойындар шәкірттердің сөз байлығына, тілдік қорына
сай болуы керек.Қандай да болмасын ойынды өткізу үшін
мұғалім алдын ала жоспар құрып алуы қажет. Ол
жоспар,әдістемелік тұрғыдан алып қарағанда,
мынадай шарттарға жауап беруі тиіс:
-ойынның
өтілетін сабақтың тақырыбы мен мазмұнына
сәйкес келуі;
-ойынға
бөлінетін уақыттың нақты белгіленуі;
-ойынның
ойлану түрінің топ болып ойнау, кішірек топ болып ойнау, т.б.
нақтылануы;
-ойынға
қажетті материалдардың түгел дайындалып қойылуы;
-қолданылатын
сөздер, сөз тіркестері, мақал-мәтелдер,
тақпақтар
өлеңдердің таңдалынып алынуы;
-пысықталатын
грамматикалық, фонетикалық, лексикалық материалдардың
анықталуы;
-ойынның
өту барысының жоспары жасалуы.
Сабақта
қолданылатын ойындар алуан түрлі.Олар, негізінен, оқу
ойындары және коммуникативтік ойындар болып екіге бөлінеді.
Оқу ойындарын коммуникативтік ойындардан бөліп қараған
дұрыс, өйткені бұл ойындардың шетел тілі
сабақтарында әрқайсысының пайдалану орны,
мақсаты, атқаратын қызметі жағынан
айырмашылықтары бар.Дегенмен бұл екі ойын түрі тек
теориялық жағынан ғана бір-бірінен ажыратылады. Шетел тілін
оқытудың бастапқы сатысында оқу ойындарын немесе
коммуникативтік ойындарды қолдану оқушылардың білім, білік
дағдыларына байланысты шешіледі. Себебі тілді жаңадан оқып жүрген
оқушылардың білім қоры онша көп
болмағандықтан, еркін қарым-қатынас жасап,
сөйлесе алмайды, сондықтан мұғалім тек коммуникативтік
ойындарды қолдануға мәжбүр болады. Әдетте ойындар
бұрын өтілген материалдарды негізге ала отырып соларды пысықтау,
толықтыру қаншалықты меңгерілгенін байқау
үшін қолданылады. Қазіргі әдістемеде коммуникативтік
ойындарға төмендегі талаптар қойылады:
-коммуникативтік
ойындар оқушылардың білік дағдыларына сай, яғни ойында
кездесетін тілдік материалдар шәкірттерге таныс болуы қажет;
-коммуникативтік
ойындар тілді үйретуді мақсат етеді, әйтсе де оындардың
мақсаты мен міндеттері тек қана тілдік материалдарға
бағынышты болмайды:
-коммуникативтік
ойындар сабақ тақырыптарына, белгілі бір жағдайларға
байланысты болады;
-коммуникативтік
ойындарды пайдаланғанда, тілдік және тілдік емес іс-әрекеттер
нақты міндеттерге қатысты болады:
-коммуникативтік
ойындарды қолданғанда, кейбір іс-әрекеттер алғаш рет
жаттықтырылады да, оқушылардың жіберген қателері
оқу ойындарындағыдай бадырайып көрінбейді;
-коммуникативтік
ойындар кезінде мұғалім үйретуші басты тұлғадан
"үйренуші" қатарына ығыстырылады.
Енді
ойынды дайындау барысында мұғалімнің ескеретін жайттарына
тоқталайық.Қажетті ойын таңдалынып, керек болған
кезде кей жерлері өзгертіліп, сабаққа ыңғайлы
етіп қойылады. Бұл орайда оқу мақсатына қарай
сыныптағы әлеуметтік орта, шәкірттердің білім
деңгейі, ойын ойнап алу дағдысы ескерілуі тиіс.Ойынға
қолданылатын материалдар, қажетті-ау деген үлгілер, суреттер,
тірек сөздер жинақталып, сұрыпталады. Егер ойын алғаш
рет өтілетін болса, материалдар (суреттер) қатты
қағазға желімдегені дұрыс.Тілдік материалдар,
сөздер, сөз тіркестері алдын ала қайталанып, жаттығулар
жасатылып, толықтырылулар енгізіледі. Ойынға қажетті
сөз тіркестері, таяныш сөздер тақтаға немесе
плакаттарға жазылып, түрлі нұсқада ілініп
қойылады.Оқушылар топтарға бөлініп, сыныпта
орындықтар мен үстелдер ойын ережесіне ыңғайлы етіп
орналастырылады. Оқушылар отыратын қатарына қарай немесе
өз қалаулары бойынша топтарға бөлінеді. Қажет
болған жағдайда техникалық құралдар дайын
тұрғаны абзал. Материалдарды бөлгенде, егер ойын ережесінде
көрсетілсе, оқушылардың бір-біріне қолдарындағы
материалдарын көрсетпеулері көзделеді.Тақырып пен
жағдайды суреттеу кезінде оқушылардың рөлдері,
қолданатын сөздері түсіндіріледі, ойынның сақсаты
мен міндеті, ережесі айтылады. Ойынды бастар алдындағы хабарлама,
түсініктеме шәкірттердің ана тілінде жүргізілгені
дұрыс. Керек болған жағдайда олар тақтаға
жазылып, оқушылардың не істеп, не қоятыны қысқаша
түсіндіріледі. Тапсырмалар мен ережелерді өзгертіп, басқаша
етіп, түрлендіріп беру мұғалімнің өз еркінде.
«Шеңбер
бойымен әңгімелеу оқыта үйрету ойыны.»
а)
Мақсаты: алдынғы сабақтарда алған теориялық
білімдерін практикада шындау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
ә)
Шарты: Мұғалім мәтінді оқуды тапсырады.
(Гонг).Шеңбер бойымен отырамыз.
1.Ортада
тұрған жүргізуші көзін жұмып, кез келген
ойыншыға нұсқайды.
Мәтінді
ойдан жаңғыртуды сол бастайды.
Бұдан
әрі сағат тілінің бағытымен әрқайсысы
мәтіннің бір сөйлемін айта береді. Соңына дейін солай
жүреді.
2.Тағы
да оқимыз. Жауаптарда жіберілген қателерді дұрыстаймыз,
әңгімені толықтырамыз.Сағат тілінің
бағытымен қайта бастаймыз.
3.Ең
белсенді оқушыны анықтаймыз.Жеңімпазды
құттықтаймыз.
Барлық оқушыларда түрлі-түсті
қарындаштар болуы керек. Мұғалім ойынның шартын
түсіндіреді. "Балалар, сендер жаңбырдан кейін
кемпірқосақ шығатынын білесіңдер. Осындай
кемпірқосақты салып көрейік."Бірақ мынандай шарт
бар: мен ағылшын тілінде түстерді атаймын, сендер сол бойынша сурет
саласыңдар. Мынандай ретте салайық:
red,orange,yellow,green,blue,violet.Оқу процесінде ойын ойнау аса
маңызды.Оқушыларды рөлге бөліп ойнату-олар үшін
пайдалы, себебі өз білімін күнделікті өмірдегі нақты
жағдайда қолдана білуге үйретеді.Оқушы еркін де тез
және ұтымды сөйлеуге үйренеді. Бірте-бірте
ағылшын тілінде ойлау қабілеті арта түседі.Ойын кезінде
бұрынғы өткен сөздер мен сөз тіркестері
және грамматикалық материалдар
қайталанады.Оқушылардың білім, білік шеберліктерінің
жан-жақты дамуына, қалыптасуына, тілдік материалдарды жақсы
біліп, сөз іскерліктерін меңгеруіне ойындар көп көмек
береді. Олар арқылы түрлі дағдыларды меңгеру барысында
оқушылар белсенділікке, өз бетінше жұмыс істеуге,
қорытынды жасауға дағдыланады.Шетел тілі сабақтарына
дұрыс ұйымдастырылып, пайдаланылған ойындар
оқушылардың таным-түйсігіне жағымды әсер етіп,
алған білімдерін жаңа жағдайларда шығармашылықпен
қолдана алуына ықпал етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1.Шет тілін
оқыту әдістемесі оқулығы.
2.Қазақстан
мектептеріндегі шет тілдері (журнал) №4 2004.ж
3.Мектептегі шет
тілі №5 2004.ж (журнал)