А/ш.ғ. магистрі, 1 санатты оқытушы  А.М.Джусупова

Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжі

Оқу үрдісінде оқушы мен оқытушының өзара бірлескен жұмысын ұйымдастыруға жаңа көзқарас

Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге

 деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат.

К.Д.Ушинский

Оқытушының басты міндеті инновациялық технологияларды еңгізе отырып, заман талабына сай оқушыны дайындап шығару.

Егер оқытушы әрбір оқушыға сабақта дербес назар аударып, дер кезінде көмектессе, зер салса, онда әрбір оқушы өзін оқытушымен теңмін деп сезініп, оның адамгершілік көмегін шын ниетпен қабылдайды.

Осындай ынтымақтастық педагогикасы жағдайында барлық жұмыс істей білуді, ойлайды, сүйеді, қуаныш етеді.

Өзімізге мәлім қазіргі таңдағы  сабақ әдістерінің түрлері:

Оқытудың интерактивті әдістерінің артықшылығы

ü                оқушының қызығушылығын туғызады;

ü                әрқайсысының оқу процесіне қатысу белсенділігін кеңейтеді;

ü                әрбір оқушының сезіміне назар аударады;

ü                оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді;

ü                оқушыға көпжоспарлы әрекет етуге әсер етеді;

ü                оқушының пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады;

ü                мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі.

Ең бастысы оқытушы оқушының өзін тұлға ретінде сезінуіне көмектесуі керек, оның бойында өзін, өмірді, әлемді тануға деген қажеттілікті оята білуі керек, әрбір іс-әрекеті үшін өзінің, жолдастарының, колледждің, қоғамның алдындағы жауапкершілікті - адамгершілік қадір-қассиетті сезінуге тәрбиелеуі керек. Адамдық кадір-қасиет - адам бойындағы ең қымбат байлық. Тәлім-тәрбиелік, оқу-танымдык жолында оқытушының кәсіби жетістігі әрбір оқушысының мүмкіндігіне сенім артуына, оның табандылығы мен шыдамдылығына, шәкіртіне дер кезінде көмекке келе білуіне тікелей байланысты.

Интербелсенді әдіс әр адамды білім алудың барлық кезеңдерінде белсенді жағдайға қояды,     білім алу үрдісін мәнді етеді. Осыған орай, әр технологияны қолдану арқылы белгілі бір     жетістіктерге қол жеткізе аламыз. Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру, инновациялық үрдісте тиімді қолдану қазіргі заман талабы.

Сабақты қызықты, тартымды етіп өткізу — оқытушының білімділігі, шеберлігі, таланты болуы қажет. Егер, оқытушы сабақта бір тақырыпты оқытуда оқушыларды ойландыруға, ізденуге, тәжірибе жасап, істеген жұмысын қорытындылай білуге, ғылыми тілде сөйлей білуге назар аударса, сөйлеу мәдениетін дамытуға,  келесі бір сабақтың тұрмыс, салт- сана көрінісіне, кәзіргі жеткіншек жете білмейтін ұғым- түсінігін бүгінгі өмір салтына жинастыра көңіл аударса, сол арқылы танымдық мақсат қояды. Сөйте отырып, ұлттық дәстүрді қадірлей білуге, ізгіліктілікке, адамгершілікке, ұлттық тәлім- тәбие беруге назар аударылып отыр. Сабақ үрдісінде оқушылар өзіне- өзі баға беруге, әлсіз жақтарын сын көзбен қарауға өзінің жетістігін жете білуге, өзбетімен іздене білуге дағдылары қалыптасады. Оқушылар арасында ынтымақтастық, сенім ахуалы қалыптасып, өзара сыйластық орнайды.

Осы баяндаманың басты мақсаты оқытушы мен оқушы болып бірлесе жаңалықтар ашуға ықпалын тигізу.

- оқытушы оқушыларды фундаментталды, қолданбалы бағыттар бойынша  және инновациялық ғылыми-зерттеу жұмыстарға тарту;

- жаңа ақпараттық технологияларды оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолдану т.б. сияқты көптеген сұрақтарға жауаптар айтылып, ой бөлісіп пікірлер аламаса білеміз;

- жастардың ғылыми-техникалық шығармашылғын қолдау, оқушылардың  қабілетін іске асыру және ашуға барлық жағдайлар жасау;

- оқытушы мен оқушылар  арасында ғылыми білімнің, ғылыми және техникалық жетістіктерін дәріптеу.

Қорытынды

Шебер ұстаз дегенді шығармашыл ұстаз дейміз. Шығармашыл ұстаз күнделікті әрбір сабағын түрлендіріп өткізуге тырысады. Оқушының білімін көтерудің ең басты шарты-оның пәнге деген қызығушылығын арттыру. Пәнге қызыққан оқушының білім сапасының жоғары болатыны белгілі. Пәнге деген қызығушылығы болса ғана, бала оған көңіл қойып тыңдап, тереңдете оқып үйрене бастайды. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білімнің, іскерліктің болуын қамтиды. Шебер оқытушы үнемі оқушының ойлау белсенділігін арттырып, білімге қызығушылығын тудырғанда ғана ұстаз мақсатына жетеді.

 

Қолданылған әдебиеттер:

1. Әбиев Ж. Ә., Бабаев С. Б., Құдиярова А. М. Педагогика: Оқу құралы. Жалпы редакциясын басқарған Құдиярова А. М. – Алматы: Дарын,-2004.
2. Ұстаздың шеберлікке жету жолдары. /Құрастырған Ж. Нүржанова.-Алматы, 1991.
3.Швайдюк А.Н. «Коллективный способ обучения » Астана, 2002 ж

4.Cманов Б. « Сабақ беру тиімділігін арттыру жолдары» (2-3 бет)

5. Сынып жетекшісінің журналы Алматы қаласы, Исламқұлова С.К

6. Тәрбие жұмысының жоспары Алматы, «Дәуір» баспаханасы