Латын графикасы қазақ елі үшін  бүгінгі күнгі өзекті мәселе

Нұрболатқызы Жанат

Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 2- курс студенті

Исхан Бейбіт Жәлелұлы

филология ғылымының кандидаты

 

      Қоғам дамыған сайын ,ғылым мен техника жандана түсуде. Күн санап білімді игерудің көшіне ілесе бастадық. Ол біздің ақпарат көздернің артыуы болып табылады. Әрине ол біздің қазақ тіліміздің өрісінің кеңіп отырғандығы және де саяси- әлеуметтік жетістіктерге жеткені.

     Тіл- ұлттың жүрегі, ал қан айналымды жүзеге       асырушы -халық. Қоғам сан түрге еніп өзгерістер болып жатса да, мызғымастай етіп, беделін биік көтеретінде-халық. Халық коммуникациясында тілдің алатын орны қаншалық зор болса, ол тіл ешқандай да қор болмайды. Яғни, халық оны жандандырған сайын, ол ұмыт болмай керісінше  дамып, жаңарып отырады. Сол сияқты біздің байлығымыз, таусылмас қазынамыз болып саналатын қазақ жазба әліпбиіміздің  бұрынғысы мен бүгіні және болашағы жайлы тереңге үңілсек.

Қазақ тілі – біздің айбынымыз, біздің төл белгіміз, елдігіміздің нышандарының бірі. Біздің жазуымыз, яғни емлеміз де осы қазақ тілінен тікелей бастау алған. Тіліміздің біздің әліпбидегі орны ерекше. Себебі, сонау замандағы әліпбиіміз әлі күнге қолданыста. Әрине оған себепші болып отырған халық.  Біздің тарихымызда оймақтай орын алған әліпбиіміз ауысып, айналымдағы криллицаға тоқтады. Біздің  тіліміздің шұбарлануына сонау жылдардағы қазақ жерінде болған түрлі  тарихи оқиғалар себеп болды.

Соның ішінде ең ірісі Орыс Патшалығының отарлауында болған кезеңіміз. Ол кез тек отарлаумен шектелген жоқ, сонымен қатар біздің жерімізге өзге ұлт өкілдерін қоныстандырды. Жетпіс жыл отарлықта өмірін өткізген қазақ жұрты еш тайсалмастан өз ұлтын, өз дінін, салт-дәстүрін жоғалтпады. Алайда осы зұлмат жылдарда тілімізге үлкен қауіп төнді. Бодандықтан босатылған соң тіліміз өз еркіндігін алды, бірақ бұрынғы қазақ тілі емес бұрмаланған қазақ тілі дүниеге келді.  Сонау жылдардағы қоныстандыру кезеңінде ұлттар арасындағы тілдік қарым- қатынас арқасында осы бұрмаланған қазақ тіл пайда болды. Әрине бұл тіліміз өз тіліміз, ана тіліміз, тек шұбарланған тіл. Алайда қанша бұрмаланса да, шұбарланса да қазақ тіліміз сөздік қоры байып, жаңа деңгейлерге жетіп келеді. Қазіргі кезде тілімізде көмескіленген сөздер,  қолданыстан шыққан сөздер, кірме сөздер, жаңа сөздер, термин сөздер, кәсіби сздер, диалект сөздер, т.б сөздермен тіліміз толықты. Бүгінгі күні тіліміз сөздік қорға өте бай. Ал жазу мәселесі үлкен пікірталас тудыратын міселелердің бірі болып отыр. Осы жазу мәселесі, яғни кириллицаны латын графикасына ауыстыру болып отыр.

Бұл мәселе бүгінге дейін қаралып келе жатыр және әлі толықтай шешімге ие бола қойған жоқ. Оған себеп кей қоғам қайраткері қазақ төл әліпбиінің жанашырларының пікірінше біз қазақилығымызды жоғалтудың басты жолы десе, енді бірі   материалдық шығынды орта жолға қойып отыр. Бұл мәселенің шешімі қоғамда алар орны ерекше. Әрине жоғарыда айтылғандардың да ойына қарсы емеспін. Алайда біз бәсекеге қабілетті, білімі жетілген,қоғамда өзіндік орнымыз табуда латын графикасына ауысуда әлдеқайда маңыздылығын байқаймыз. Тілтанушылардың   көбісіне бұл таныс жағдай. Себебі, түркі тілдер тобындағы Түрікменстан, Әзербайжан, Өзбекстан елдері әу бастан жазу емлесін латын графикасына ауыстырған елдер болып табылады. Бұл жайындағы көптеген тіл жанашырлары мен ғалымдардың пікіріне келер болсақ ондағы сәйкестіктің, үндестіктің болмауы. Бұл тақырып  көптеген түрколгтардың бас қосуында ең бірінші кезектегі қозғалатын тақырып болып отыр. Яғни күллі түркі тілдеріндегі ұлттарға бірізді, бір-біріне түсінікті болу үшін графика шығару туралы талқылауларда болған. Ал бұл жағынан қарайтын болсақ біздің елңміз әлі күнге шейін кириллица қолданып келетіндігі.

 Сонымен қатар латын графикасына жол бастауымыздың тағы бір жолы ол біздің көптеген байланыс, компьютерлік ақпарат  алмасу барысында я болмаса әлеметтік аөпараттық желілерде орыс тілін пайдалану үлесі зор болып отыр. Қазақ тіліміз осы кезде орыс тілінің аясында қалып қойып отыр. Бұл көпшілікке мәлім. Ғалымдардың болжауынша тіпті аты әлемге әйгілі дамыған озық елдердің бірінші сатысында тұрған Жапония, Корея елдері болашақта осы латын графикасына ауысуы мүмкін деген тұжырымдамалар да бар.  Сонымен қатар даму деңгейі жоғары болып саналатын көршілес  ел Ресейде латын графикасына ауысуы мүмкін деген деректер де бар. Себебі кемелденген келешек пен айқын болашаққа жол бастауда латын графикасынның маңызы зор болып отыр. Сондықтанда латын графикасының болашағы бар екеніне үлкен үмітпен қарауымызға әбден болады. Бұл туралы  БАҚ (Бұқаралық ақпарат құралдары) өкілдерініңде түрліше тұжырымдары бар. Негізгі бастауы  ол саяси-әлеуметтік тұрғыдан. Сонымен қатар жаһандану жолындағы атқаратын маңыздылығы зор. Әлемдік жаһандық білім-ғылым нарығындағы алар үлесі зор екендігіне тағы бір мәрте көз жеткізіп отырмыз. Мысалы, әлем халықтарының пайдаланудағы және негізгі көзі болып саналатын техникалық жағынан да бірінші орында. Сонымен қатар айналымда осы күнге дейін өз деңгейі арттыра түспесе кем түспеген латын графикасы болып саналады. Латын графикасы әлемдік стандартқа сай, әлемдік тәжірибиеден өткен озық технологияны  дамытуда және басқаруда бірінші кезекте тұр. Сонымен қатар нарықтада, қолданысы зор екендігімен әлемді мойдатып отыр. Бүгінде латын графикасына ауысқанда оңды жақтары өте көп. Ол туралы лингвист ғалымдар оңтайлы болып саналатын жақтарын қарастырған. Соның ішінде негізгілері:

1. Компьютерлік құрылғыларға криллица негізіндегі қазақ әліпбиінің драйверін орнату үшін миллиарттаған теңге жұмсалады, бұған тосқауыл болар еді.

2. Компьютерде қазақ әліпбиінде бір беттік мәтін теру үшін ұзақ уақыт жұмсалса, латын әріпінде әлдеқайда уақыт аз жұмсалады. Бұл орайда уақытқа тиімді әрі ұтымды пайдалануға үлкен үлес қосады.

 3. Баспасөз беттері мен жаһандық жаңалықтарды жариялауда әлемдік стандартқа сай болар еді.

  4. Латын тіліне көшу мемлекеттің ғана емес , бүкіл елдер арасында дәрежелес болады және халықтың бәсекелестік қабілетін жоғары арттырады.

Осы жоғарыда айтылғандар секілді тағы-тағы мысалда келтіруге болады. Тілтанушылар осы күнге дейін пайдаланыып келген төл әліпбиіміздің болашағына балта шабылады деген пікірде. Алайда біз егер латын графикасына көшсек біздегі  төл әліпбиімізді бірден алфавит құрастырған кезеңде ескеріп, еш қиындық тудырмайтын жағдай жасауға болады. Сонымен қатар біздегі баспасөз, газет-журнал, т.б, оқырманы қазақ елі ғана болатын болса, бұдан былай олар күллі әлемге танымал болады. Яғни өзінің оқырманын екі есе, тіпті одан да кең көлемде көбійеді деген ойдамыз.

Сонымен қатар егер латын графикасына ауыссақ, еш қиындыққа тап болмаймыз, себебі бүгіннің өзінде жастар әлеуметтік желіде латын графикасын жоғары деңгейде пайдаланып отыр. Неғұрлым келешегімізге көз жүгіртсек, латын графикасының болашағы бар,  сондықтан ең дамыған озық елдер мойындап, латын графикасына бет бұрып отыр. Біздің елімізде осы мәселе қлзғалғалы бері түрлі шиеленістер пайда болып отыр. Тіпті жоғарғы жақтан осы орайда тапсырма келген болатын лингвисттерге, латын графикасының озық үлгісін дайындауға. Сол кезде біразы қарап жатпай дайындап, транскрипциясыменде ұсынған болатын. Бұл әрине ғылым мен білім даму жолындағы күрескер тіл жанашырларының барынша демеу болғанын байқаймыз. Бірақ бұл тараптан қарсы шыққандар да бар.

 Оған жоғарыда мысал келтіріп кеткен болатынмын. Атақты аты әлемге мәшһүр болған ғалымдардың пікірлері мен тұжырымдамасы болашаққа бірден-бір жол бастайтын латын графикасы екендігі дәлелденді. Яғни оған қанша қаражат шығындалсақ, біз одан соншалық пайдасын көреміз. Түрколгтар көтерген мәселесі түркі елдеріне ортақ біріздікті қалыптастыру да жақсы бастама. Мұндада ұтымды жақтары өте көп, егер түркі елдеріне ортақ латын графикасы пайдалануға ұсынылатын болса. Бұл мәселеде өз шешімін таппаған, ол сонау жылдардан бері бірізділік тақырыбымен талқыға түсіп келе жатыр. Ондағы негізгі идея ол- күллі түркі әлеміне түсінікті алфавит құрастырып және оны жоғарғы деңгейде ғалымдар, лингвисттер арқылы сауатты, болашақ ұлтты тәрбиелеудегі мағыздылығы қарастырылған. Түбі бір түркі елдер арасында да бұл мәселе озбырлыққа ұшырап, әлі күнге шейін әлі толықтай шешім таппады.

         Осы тақырыпқа бастау болып, ең негізгі ойымызға арқау болған «Ел Президенті Қазақстан - стратегиясында саяси шешім қабылдады. Ендігі алдымызға қойған міндет ғылыми, әдістемелік, техникалық тұрғыда сала мамандары біргуі крек» деген ол латын графикасына көшуде кешенді жолдарын айтты. Елбасымыздың осы бір бастамасы арқылы біз келешегіміз  зор, ертеңіміз айқын және  кемелденген кезеңдерді елестетеміз. Бұл бастау қазақ елінің саяси және әлемеуттік даму жолында үлкен септігін тигізетініне кәміл сенем. Бүгінде бізді әлем елдері танып, ұазаұ елінің бар екенін мойындаттық. Бұл орайда жеткен жетістігіміз бен, еткен еңбегіміз көп. Осы ізді жалғастырып әрмен қарай елімізді дамыған озық елдердің қатарына кіру үшін латын графикасына ауысудың өзіндік тигізер үлесі зор болып табылады. Сонымен қатар бәсекеге қабілетті, білім мен ғылымға жаны құштар ұрпақтың сауатты болуына тигізер әсері көп. Бүгінде елімізде келелі қозғалған мәселелердің бірі осы латын графикасы болса. Күн тәртібінде тұрған бірінші санаттағы мәселеде латын графикасына көшу болып отыр. Неғұрлым шешімін тауып көшсек, соғырлым жаһандық, нарықтық дәрежеде қарқынды дамимыз деген ойдамыз. Қоғам өркендеуіне себепші ол -ұлт, ұлтты жандандыратын, дамытатын оның білімі мен сауттылығында. Сондықтан біліміділік пен сауаттылықты көздер болсақ, латын графикасы болашаққа бастар жол деп білемін.