Магистрант Еркебекова Г.Ж.,

Т.ғ.к., доцент Уалиев Б.М.

М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті, Тараз қаласы

 

АР ДЕКО СТИЛІНДЕГІ ИНТЕРЬЕР ТҮРЛЕРІНІҢ ЕРЕКШЕ СӘНДІГІН ТАЛДАУ

Ар Деко термині француз тіліндегі «art déco» - «сәндік өнер» деген мағынаны білдіреді. Бұл стиль атауын 1925 жылы Парижде өткен  «Халықаралық заманауи сәндік және индустриялық өнер»  көрмесінде алған.       

Ар Деко стилі Париждегі дүниежүзілік екі соғыстың арасында туындады.  Түрлі стильдердің қосылысынан шыққан Ар Деко стилінің бірегейлігі  интерьерді ерекшелендіріп және де қабылдауға оңай жасайды. Бұл стиль жеңілділік және көркемдік сипаттарға тән.

 Ар Деко стиліндегі интерьердің абстракты пішіндері  конструктивист, кубист, фовисттер мен футуристтердің авангардтық өнерінен алынған.

         Кейбір зерттеушілер Ар Деконы модернизмнің түрі не алғашқы нұсқасы деп санайды. Бұқаралық өндірістің өрлеуінен кейін Ар Деко стилін талғамсыз және жалған сәнділік  деп атай бастағаннан кейін бұл стиль халық тұрмысынан байқаусыз жоғала бастады. Стилдің ақырғы соңын  Екінші Дүниежүзілік соғыс басталуымен байланыстырады. Алайда сол кезеңде кейбір елдерде, мысалға Үндістанда Ар Деко стилі модернизмге ұласып  1960 жылдарға дейін кетпеді. 1980-ші жылдары стилдің қайта өрлеуіне графикалық дизайндағы «фильм нуар» (film noir) стиліндегі лентаның арқасында Ар Деко стилін зергерлік және сән өнерінде қайта қолдана бастады.

         Ар Деко стиліндегі интерьерді безендіру мәселелеріне келетін болсақ, біршама атағы шыққан сәулеттер мен ғимараттардың, өндіріс нысандары мен ғарыштық кемелерінің интерінің безендіруінде байқауға болады. Круиз лайнерлердің әдемілігі (мәселен, "Титаник") мен миллионерлердің ғажайып өмірлері туралы голливуд фильмдері тап осы Ар Деко стилінен алынған.  Көбіне Ар Деко стилі сәулетті қонақ үйлерде, клубтарда, салондар мен түрлі мүсіндік және сыршырай туындылары бар мекмелерде қолданылады. Сонымен қатар, атақты және танымал адамдардың интерьерін рәсімдеуде жиі кездеседі.

          Ар Деко стиліндегі интерьер ерекше сәнді болады. Бұл стилдің интерьердегі басты айырмашылық сипаты ол – алғаш пайда болған кезеңінен бастап техникалық инновацияның жоғарғы дәрежедегі жайлылығы: бөлмелердің барлығы қажетті жабдықтармен жабдықталғандығы. Ғалымдардың айтуынша Ар Деко стилінің құрамы 1922 жылы  Тутанхомон күмбезінің ашылымынан кейін сәнге кірген мысырлық үлгілер мен  Африка және Орталық Америка үндістерінің, грек архаикасы мен ежелгі Междуречья қарабайыр өнерлерінен алынған [1].                                                                       Интерьерді безендіру кезінде алюминий, тот баспайтын құрыш, күміс, ағаштардың сирек түрлерімен, эмаль, піл сүйегі, қолтырауын, акула және жолақ алайдың терілерімен безендіріледі. Бөлмені өңдеуде еденді сирек және жарқын түсті ағаш сүректерін, қыш тақталарын, мозаика мен зерәйнектерді қолданысқа салады. Бұл стиль бояуының түрлілігі жарқын, өткір тазалылығы мен айқын қанық түстерімен ерекшеленеді. Қанық қоңыр сарындар, піл сүйегінің және  алтынның барлық түстері –бояудың қисынсыз түстер ойыны кездеседі. Бұл бағытқа түзу немесе «сынған» қисық сызықтар, пішіннің анық және графикалық түрлері тән. Басқа стильдерден айырмашылығы қым-қиғаш, дөңгелек, үшбұрышты, және де доғал бұрышты сәндік элементтерді қолданатындығы.          Интерьерді Ар Деко стилінде безендіру, ол ең алдымен ерекше салтанатты көрініп, сонымен қатар техникалық  инновацияларды пайдалану арқылы тұрғын жайдың жоғарғы ыңғайлылыққа ие болуында. Бұл стиль минимализм мен тым ұстамдылықты, көне классиканы таңдамайтын тұлғаларға арналған. Интерьердегі винтажды заттар, жиһаздар мен сәндердің біркелкі элементтерінің көмегімен пәтер немесе мекеме иесінің мәртебиесі мен қаржылық игілігін ұтымды көрсетеді. Әр түрлі заттардың теңгерімді және үйлесімді ету үшін ерекшеліктерін епті қою арқылы жасайды. Соның арқасында интерьерде салиқалылықтың және сенімділіктің рухы бекітіледі.
        
Айта кететін жайт, қазіргі заманауи барлық интерьерде Ар Деко стилін қолдана берген жөнсіз болады. Себебі стилдің композициялық және стилистикалық сипаттары кеңдікті, биік төбелерді, үлкен ашық терезелер мен есіктерді қажет етеді. Тар бөлмедегі орташа биіктікті төбелерге Ар Деко стилін қолданатын болсақ, онда тым көптіктің әсерін беріп, тамашалауға қысым көрсеткендей болады.                                                                                                    Өз кезеңінде өте атақты және кең таралған Ар Деко, қазіргі таңда сәнділікті жасаудың нәтижелі әдісі болып табылады. Бұл стиль бойына бірқатар неоклассицизм мен ағымдылықты, сымбаттық пен үйлесімділікті енгізген. Стильді ұсынушылар өнімнің жалпы өндірістік шығарылуына қарсы тұрып, заттардың эксклюзивті жасалуын қолдады.                       Жиырмасыншы жылдар- сәулет өнері мен тұрмыстық заттар өнеріндегі ізденістер мен тәжірибелер жасау уақыты болды. Сондықтан 20-30-шы жылдары  үй интерьерінің негізі Ар Деко дизайны  болды. Стилдің қарапайымдылығы пен геометриялығы жалпылай жиһаз өндірісінің дәуірін ашып, қол жетімді етті. ХХ ғасыр жиһаздарының нұсқалары дәл осы уақыттарда жасалған. Осы кезеңде стиль қарапайым халыққа қол жетімді болғанымен, бірте-бірте дизайнерлер стильге өзгеріс енгізіп, бұл стиль қымбаттылықтың, байлықтың белгісі болып, сонымен қатар техникалық жетістіктердің әсерінен қымбат стилге айналған [2]. Поп-арт және оның дизайнда пайда болуы, кейінірек постмодернизм деп аталған стиль сияқты, Ар Деко стилі де сәндіктің заманауи үрдісінің бөлігі болып табылды. Постмодернизмнің ұсынушылары өнер мамандары мен білімпаздарының арасындағы келісімнің керектігін толықтай түсініп, бір жағынан кең көрерменге (тұтынушыға) арналған өнер, екінші жағынан хабары бар және хабары жоқтарға арналған шартты белгіленген (өнер тарихында алғаш рет саналы түрде) түрлі қатардағы мағыналы көркемдік жүйелерді жасады. Постмодернизмнің атаулы негіздемелері  мен пішін құрылуының негіздері де Ар Деко стилінде кездеседі.        «Ар Деко» терминінің шығуына сәндік өнер әсер етіп, кейбір жалпы  ішкі түрлерінің стилдік ерекшеліктерін көрсету үшін берілген. Сонымен қатар  дәстүрлік және жаңа өнердің түрлерінде (жарнамада, өнеркәсіп дизайнында, кинематографта), кейінірек сәулет өнерінде сәл ұқсас бағыттарын байқаған кезде, Ар Деконың қиын да көпқырлы жалпы стилдік көрінісіне сәйкес келмейтіні айқын көрінсе де бұл терминді кең қолдана бастады.
          Қазіргі таңдағы сәулет өнері туралы танымал журналдардың бірінде бұл стилді «басқаларға ұқсамайтын және көп таралмаған стиль» ретінде ұсынған. Алайда шын мәнісінде Ар Деко стилі бірінші қайта өрлеуін өткізіп жатқан жоқ. Яғни, «европалық астаналарының соңғы сәнді стилі» қайтадан сәнде. Өз уақытында осы стиль халыққа керемет заттарға толы әдемі және қамсыз өмірдің елесін сыйлаған. Мүмкін сол себептерден де Ар Деко стилі әлі күнге дейін сәннен орыналып жүр.                                                                                                Ар Нуво және Ар Деко стилдерін жиі шатастырады. Себебі Ар Деко стилі әрдайым өз бетімен құрылған стиль болып саналмайтын. Оның бастауы Ар Нуво стилінен табиғи түрде өзгеріліп шықты. Стиль кейбір салтын Ар Нуводан жалғастырып, сонымен қатар кубизм, америкалық халықтың өнері мен сол уақытта жылдам дамып жатқан көлік және ұшақ құрылуларының да әсері тиді. Ар Деконың тұрғын үй кеңістігінің заңдылықтары  модерн стиліндегі үйді орнықтыру ұстанымдарын жалғастырады. Оның ерекшелігі- интерьерде композициялық ортаның болуы. Көбіне бұл рөлді бір қарағанда ерекше ешқандай қызмет атқармайтын көптеген заттар мен бұйымдарды қолдана алатын қонақ бөлме мен жұмыс кабинеті атқарады. Бір жағынан Ар Деко модерндегі «өсімдік» декорларына қарсы шықса, екінші жағынан бүтін бейнелі және қатаң пішінді эстетикасына бәсекелесті.                                                   Бүгінгі күндері стиль өзінің кезекті даңқын өткеріп, дизайнерлер мен сәнгерлердің көңілін өзіне аударуда. Олардың назарын әдемілікке деген авангардты көзқарасы: стильдегі қарапайым сызықтар, материалдардың сапасы, мінсіз үйлесімділік, батыл қарама-қарсылық пен жарқын түстер аударуда. Ар Деко бағытында қонақ үйлер мен мейрамханалардың интерьерлері, пәтерлер жасалынуда. Бұл стиль тек интерьерлерді безендіріп қана қоймай, сонымен қатар зергерлік бұйымдарда, киімдер және жарнамалық графикада  қолданады.

         Пайдалынған әдебиеттер тізімі

·     Боков А. Про Ар Деко Проект «Россия». 2001.

·     Зосимов Г. Современная архитектура и классическая традиция. Судьбы неоклассицизма в XX веке. М.: ГИИ, 1997.