УДК: 687

ТЕРЕЗЕНІ БЕЗЕНДІРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

Мукаева А.М.-аға оқытушы, магистр, М.Х. Дулати атындағы ТарМУ

Жаппарова А.К.  аға оқытушы, магистр, М.Х. Дулати атындағы   ТарМУ

Қазақстан, Тараз қаласы, mukaeva_1970@mail.ru

  Дизайн - әлемдегі индустрияның бір негізгі саласы болып табылады. «Дизайн» термині біздің елімізде 20 ғасырда пайда болды.  Алғашқы проекциялау әдісі «көркемдік конструкция» деп, ал заттың пайда болу теориясы «техникалық эстетика» деп аталады. Ағылшын тілінен аударғанда «дизайн» сөзінің мағынасы «жобалау», «сызба», «ойлау» және «жоспар», «сурет» дегенді білдіреді.

Тұрмыстық заттар, киім бұйымдары, жиһаз, интерьер заттары адам айналасындағы заттық әлемінің нысандары болып табылады. Сондықтан олар кеңістік айналаны құрастыратын субъектері және объектерімен тығыз байланыста қарастырылу қажет. Дизайнердің жобалау іс жүргізу үрдісінің ерекшелігі келесіде-дизайн нысандары адам үшін шығарылып, оның сұранысы мен қажеттілігін қамтамасыз етуіне бағытталады.

Интерьер   - қабырға мен шатырлардан шектеледі және ол кеңістіктің немен толтырылатынына, онда адамның  қалай сезінуі адамның өзіне  байланысты. Кеңістікті қоршағаның емес, адамның онда тұратыныңызда сезінуіңіз кажет.

Үй жабдықтары жиһаздар сізге кедергі келтірмеуге, ыңғайлы болу керек. Үйдің ыңғайлы немесе ыңғайсыз болуы өте маңызды болып табылады. Бұл сіздің талғамыңызға байланысты болады. Егер үйде тұруға ыңғайсыз болса, онда «сәнді әрі әдемі» болудың қажеті жоқ.

Терезені безендіру   - бұл дизайнерлердің жұмысы /1/.

Адамдар пердені өздері тұру үшін ғана немесе сырт көзден корғау үшін ғана емес, сондай - ақ тұратын үйлерін сәндеп, ыңғайлы да әдемі болу үшін ілген. Ең бастысы есік пен терезге көп көңіл бөлінген. Қарап отырсақ, шынында да үйді пердесіз елестету мүмкін емес. Перденің мақсаты - бұл  пәтердегі немесе тұрғын үйдегі өте кең тараған декордың маңызды бір элементі.Перделер барлық үйлерде әдемілік пен ыңғайлылықты беру үшін қолданылады. Бірақ перде сонда да бұдан басқа да  маңыздырақ қызмет атқарады. Өйткені дәл осы перделер терезенің көптеген кемшіліктерін көрсетпей немесе жарықтың тікелей түсуінен қорғап, жауып, сондай - ақ даладағы сырт көзден таса қылу үшін колданады. Негізінен перделер осы үшін ілінеді. Ал оның қандай стильде екендігі немесе қандай түс пен матадан жасалғаны екінші орында. Олар сіздің өзіңіздің талғамыңызға, үйіңіздің қалай сәнделгенін қалайтындығыңызға сай.

Бүгінгі таңда ашық немесе классикалық түсті перделер маңызды. Ондай түстер интерьерді қатал қылып көрсетеді. Табиғи немесе ашық емес түсті маталар авангардты және табиғи ағаш немесе металлдан жасалған жиһаздармен жарасымды келеді. Қазіргі кезде де бұрыңғы тюльдер қолданылады. Бірақ олар өзгерген. Тюльдер бүгінгі күнде әр түсті бола береді. Шұбар, ала түсті, бір түсті немесе екі кабатты, аппликациялармен кестеленген бола береді. Қазір  грек  стилі  өте танымал, сұранысқа ие.

Әдемі перделер кімнің болса да көңілін өзіне аударатынында күмән жоқ. Бірақ бірнеше штрихтар пердені мүлдем басқаша етіп өзгертіп жібере алады. Негізінен айтып отырғанымыз пердеге арналған аксесуарлар туралы.

 Есіңізде болсын, дизайн аксесуарлар мен ұсақ - түйектерден жасалады. Сол себепті де аксесуарларды таңдар кезде тіпті артық кетудің қажеті жоқ.

Мамандардың айтуы бойынша қазір перденің драпталынуының екі нұсқасы бар. Бірінші нұсқасы – дәстурлі сәндеу, қолдағы бар бұйымдармен әшекейлердің көмегі арқылы өзгертіп, сәндеу. Екінші нұсқасы - перденің бөлек болып, интерьердегі жиһаздармен ерекшеленуі.

Перде дизайнның басты мәселесі - дизайнердің шамадан артық жігерленуі. Есіңізде болсын, тіпті қарапайым түрі де тек терезені ғана емес сондай - ақ интерьерді өзгертіп жібере алады /2/.

Қонақ бөлме - бұл   салтанатты бөлме болып саналады. Сол үшін терезесін безендіру де ерекше талап етіледі. Қонақ бөлмеге арналған перделер салтанатты мейрам және мерекелікті біріктіру керек.    Қонақ бөлмені безендіргенде негізгі мақсат- бұл  әсер ету, тұрғындардың өмірің  және дербестігін  көрсету .  Бұл бөлмелер демалу мен қонақтармен жиналып отыруға арналғандықтан күн сәулесінен қорғайтындай етіп міндетті түрде терезесін безендіру керек. Бұл мақсатта көлденен жалюздер сай келеді. Сіз ол жалюздерді оп оңай күн тиетін жағынан орната аласыз. Анық және тездеу сызықтарды жеңілдету, жұмсарту  үшін еденге дейінгі перде жараса кетеді.  

  Перделерге қойылатын келесі талаптар.

         Эстетикалық талаптар: перденің    бір стильге байлануы   міндетті емес, перденің  композициялық  шешімінің сәнге   сәйкес болукерек, перденің   интерьерге сәйкестігі,  қазіргі кезде   перденің  декоры  бөлменің   қалай           көрінетіндігіне  әсер етуі   перденің  көніліңіз қалмау үшін тұрақты дизайнерлік   нұсқауларды  ұстану         қажеттілігі.                                                        

         Гигиеналық  талаптар:  перденің  сырт  келбетіне   ғана   емес,   құрамына да байланысты болады; матаның құрамы      күннің     көзіне            төзімді әрі жуған      кезде  түсі  кетпейтіне   сенімді     болу керек;  мата  тек  қана   әдемі    болмай     сонымен    қоса дұрыс;  мата  құрамындағы талшықтар        қатты  болса     перденің әдемі әрі жұмсақ көрінуіне    кедергі етеді; терезенің   көлеміне  қарамастан  әр терезе өзінше шаң өткізеді, осы      жағдайда да мата       шаңды  жұқтырып,    немесе кірдің жабысуына бой бермегені жөн.

Эргономикалық талаптар: перде жоғарыда ілінетін болғандықтан  оны шешіп  ілгені  ыңғайлы  болу керек; терезеге  күн  сәулесі  қатты  түсетін

жағдайда перденің  үстінгі  қабаты ары -бері жылжытқанға оңай болғаны жөн;  перденің ұзындығы ұзын болғанда  оның жеңіл жирылғанына көңіл бөлу керек өйткені еден   жуған кезде оны бұлғап алуымыз мүмкін; перденің түр-түсі бөлмедегі жиһаздарға сәйкестігі үлкен ыңғайлылықты береді; перде қысқа  болғанда жылтқыш батареядан 5-см арақашықтықта болу керек.    

           Пайдалану талаптары: перденің күтімі ең маңызды ереже, пердені тек қана іліп қоймай сонымен қоса оны жиі жуу немесе тазалауқает;  перденің матасына биссер, гүлдер, паетка  тігілсе оның ыңғайлы шешілуі немесе ақырындап жуу керек; перденің үтіктеген кезде ол нәзік болған жағдайда жылы немесе қорғанышы бар үтікпен   үтіктеу қажет; перде карнизінің шаңдап қалуы әлдеқайда мүмкін сондықтан шаңын жиі сүрту керек.

 

 

Әдебиеттер:

1.     Аронов В.Р. Дизайн и искусство: актуальные проблемы технической эстетики.-М.: Знание,1984.-64 с.

2.     Борисовский Г.Г. Красота и стандарт.- М.: Легпромбытиздат,  1991.- 205 с.