Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, з.ғ.к. Мұқалдиева Г.Б.,

1 курс магистранты Нұрлыбек Шолпан

 

Банктік құпияның түсінігін анықтауға қатысты туындайтын құқықтық мәселелер

 

 Банктік құпия, бұл «Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР Заңының 11 тармағына сәйкес, коммерциялық құпияны қорғау коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты заңсыз алуға, таратуға не пайдалануға тыйым салудан тұрады. Жеке кәсiпкерлiк субъектiсi коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратқа еркiн қол жеткiзу құқығы бар адамдар тобын айқындайды және оның құпиялылығын қорғауға шаралар қолданады. Ақпаратты қолжетiмдiлiк санатына жатқызу тәртiбiн, коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты сақтау және пайдалану шарттарын жеке кәсiпкерлiк субъектiсi айқындайды [1].

Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпияны мынадай:

1) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесіндегі және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі жеке шоттардағы акция қалдықтарын қоспағанда, акционерлік қоғамның эмиссиялық бағалы қағаздарының қалдықтары мен қозғалысы туралы;

2) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесіндегі  және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі жеке шоттардағы, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілгендерден басқа, эмиссиялық бағалы қағаздардың болу-болмауы және олардың иелері туралы ақпарат құрайды [2].

Осылайша, азаматтық заңнама коммерциялық құпияға толық түсік бермегенін көреміз, ол біз үшін кемшілік болып табылады.

Азаматтық құқықтың объектілерін зеттей келе В.А. Лапач былай деп көрсетеді, комерциялық құпияны құрайтын ақпарат, оңың шынайы немесе коммерциялық потенциялық құндылығын үшінші тұлғаға белгісіз күшімен, заң негізінде оған қол жетімділіктің болмауы мен оның құпиялылығын қорғауда шаралар қолдану тараптардың ақпаратқа ие болуы.  Дәл осы «жанасу» оған ие тұлғаға ға мәмім болып қалғандарынан алшақтату осы объекттің құқықтық ядросы болып табылады [3, 113 б.].

Ғалым А.Б. Омарованың коммерциялық құпия түсінігіне берген анықтамасы елеулі болып келеді, коммерциялық құпиия түсінін ашылмаған коммерциялық ақпаратты иеленушіге, осы ақпараттың құпия түрде қаруына бағытталған заң жүйелерімен қолданатын мәжбүрлеу шараларын түсіну керек, сонымен бірге, кәсіпкерлік ақпараттың кәсіпкердің құқығының қол сұғылмауыншығығын қамтамасыз ету [3, 13 б.]. Осылайша, ғалым «коммерциялық құпия» мен «коммерциялық ақпат» түсініктерін ұқсас еместіктерін айтады. «Коммерциялық құпия» термині көбірек, коммерциялық ақпараттарды қорғаудың тәсілін сипаттайды. «Коммерциялық ақпарат» - азаматтық құқықтың объектісі.

Ғалым Махмадхонов Т. басқа көзқарасты ұстанады. Автордың ойы бойынша, коммерциялық құпия – ол, кәсіпкерлік қызметке байланысты, экономикалық маңыздылыққа ие және оны иеленушілердің мүліктік мүдделерін қоғауды қажет ететін, белгілі бір топтағы адамдарға белгілі  ақпарат [5, 7 б.].  Ары қарай автор, коммерциялық құпия кәсіби шарттың түрі болғандықтан, өзінің мынадай ерекшеліктері бар деп көрсетеді: кәсіпкерлік қызметке байланысты коммерциялық құпия; оның көптеген объектілері өндірісте пайда табу мақсатындақолдануға арналған; коммерциялық құпия ол көп жағдайда құпияның басқа түріне ауысады; ол бір уақытта бірнеше субъектілермен қолданылуы мүмкін және т.б. тек коммерциялық құпия ғана құпия ақпараттардың ішінде материалдық емес актив күйінде болады.

Мысалы, егер Ресейдің заңнамасына көз жүгіртсек, коммерциялық құпия –бұл жасырын ақпараттар, оны иеленушіге пайдалану кезінде немесе кірісті ұлғайтуға мүмкіндік беретін жағдайларда пайдалану, ақталмаған шығындардан қаш, тауар нарығында жағдайын сақтау, жұмыс, қызмет немесе өзге де коммерциялық пайда табу. Осыған қоса, ресейлік азаматтық заңнамада комммерциялық құпияны құрайтын ақпарат – ғылыми – техникалық, технологиялық, өндірістік, қаржылық- экономикалық және өзге де шынайы немесе потенциалдық үшінші тұлғаға белгісіз күшке ие коммерциялық құндылық,  оған еркін қол жеткізу мүмкіндігі жоқ, оны иеленетін тұлғаға заңмен қарастырылған коммерциялық режим енгізілген. Сондықтан да әдебиеттерде ғалымдар мынадай үш талаптың сақталуын көрсетеді:

1.                      ақпарат үшінші тұлғаға белгізі шынай және потенциалды комерциялық құндылық күшіне ие болуы керек;

2.                      коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат заң негізщінде еркін қол жетімді болмауы керек;

3.                      ақпарат коммерциялық құпия болып саналуы үшін ол оны қоғауда белгілі бір шаралар қолданытатын болы керек [6, 234 б.].

Біздің ойымызша, ең алдымен, коммерциялық құпия, жасырып сипатқа ие, ал коммерциялық ақпарат оның мазмұнын құрайды.

Ғалым Э.М. Омирчиеваның ұсынған тұжырымдарының мәні, банктік құпия заңдық тұрғыдан,ерекше ақпараттық режимді құрайды, кредиттік ұйымдар банкті қызметті жүзеге асыруда пайда болатын, сондай –ақ мұндай ақпараттарды кредиттік ұйымдардан алатын үшінші тұлғаларға сонен жұмыс істеу барысында немесе тексеру кезінде беріледі [7, 79 б.].

Заң әдебиеттерінде, коммерциялық  құндылық болып жасырын коммерциялық құпияның нақ сол режимі енгізіледі. Ал бұл қалған ақпараттар қол жетімді және ашық қалды деген сөз емес. Мұндай ақпарат жасырын қала береді, бірақ ол коммерциялық құпияға жатқызылмайды.

Д.А. Исайкин коммерциялық құпияны оффшорлық аяда зерттеп, мынадай қорытындылар шығарады. Ғалымның пікірі бойынша, коммерциялық құпияның құндылық күші оның белгізіз  болуы бірқатар сатыда ақпаратты түсінудің өзіне қайшы келеді, шындыққа айналуы мүмкін құндылықтың. Және автор «құндылықтың» өзін анықтау тіәжірибеде жай  тапсырма болмайтынын атап өтеді [8, 261 б.]. Автордың бекітуінше, оффшорлық фирманың қызметінде коммерциялық құпияны қамтамасыз ету банктік қызмет көрсету болып табылады. Оффшолық шекте банктік құпияның жасырын қалуы заңмен қамтамасыз етілуі мына мемлекеттерде орын алған: Багам аралдары, Барбадос, Британдық Вирджин аралдары, Гернси, Гибралтар, Батыс Самоа, Кайман аралдары, Кипр, Люксембург, Мальта және т.б. [8, 265 б.].

Яғни келтірілген мысалдардын, банктік құпия кез келген банк үшін табыстың кілті болып табылады, клиенттің заңдық мүдделерін қорғау ақша қаражаттарын тарту үшін қажет болып табылады.

Құқықтанушыларға жиі қойылатын сұрақ: банктік құпия инстутуты ережеге сәйкес қорғалады ма, егер заем шартында өзгеше көзделмесе банк өзінің қалауы бойынша өзгертуғе құқығы бар. Осы сұраққа жауап бере отырып, С. Даниленко мынадай тұжырымды ұстанады, бұл ақпарат банктік құпия ретінде қорғалуға жатады, себебі, міндеттеме клиент туралы ақпататты бұзу болып табылады. Автор, бұл жағдайда әрекеттің сипаттамасы маңызды емес  маңыздысы ол ақпараттың өзі деп жазады [9, 133 б.]. Біз С. Даниленкомен толықтай келісеміз, себебі банктік құпияның мамұнын өзінің клиентінің мүдеесі үшін жасайтын кез келген банктік операциялардағы ақпараттар құрайды.

Біздің ойымызша тағы мәселе, ол – банктік құпия мен қызметтік құпия. заңда көрсетілгендей, қызметтік құпия – қызметтік міндеттемелерді жүргізу кезінде қызметкермен алынған мәліметтер.

Яғни мұндағы банктегі қызметкерлер үшін, өзініңқызметтерін жүргізу кезінде алған ақпараттары кей жағдайларда банктік құпия қызметтіктің белгілерін алады. Және осы жерде осы екі институттардың арасында өте қиын градация пайда болады. Бірақ соған қарамастан, банк мұдай ақпарттарды кәсіпкерлік қызмметі жүзеге асыру барысында алатын болса, онда сөз клиет туралы, оның шотының номерін, үшінші тұлғамен жүргізген операцияларының банктік құпиясын ашпауға жол бермеу, бұл жағдайда банктік құпия коммерциялық болып абылады, ал оның құндылығы болып – оның жасырындығы табылады.

Сонымен айта кететін жайт, азаматтық заңнама үшін және ғылым үшін «банктік құпия» түсінігіне толық анықтама беру кере, себебі банк туралы Заңда көрсетілген түрі толығымен бұл құқыққатынастарды реттей алмайды.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.      ҚР-сы «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заң 31.01. 2006 ж. // «Параграф» құқықтық анықтау жүйесі.

2.      2003 жылы 2 шілде қабылданған «Бағалы қағаздар нарығы туралы» ҚР Заңының 41 бабында былай делінеді.

3.      В. А. Лапач Система объектов гражданских прав: теория и судебная практика  – СПб.: Юридический Центр ПРЕСС, , 2002. - 544 c.

4.      Омарова А.Б. Гражданско-правовые проблемы института коммерческой тайны в Республике Казахстан: автореф… канд. юрид. наук:.12.00.03. – Алматы: КазНУ им. Аль-Фараби, 2002. – 29 с.

5.      Махмадхонов Т. Проблемы правового обеспечения коммерческой тайны в законодательстве Республики Таджикистан: автореф… канд. юрид. наук:.12.00.03. – Душанбе: Институт государства и права Академии наук Республики Таджикистан, 2008. – 24 с.

6.      Гражданское право. Т. 3. Учебник. Изд. третье, перераб. и доп. / Под ред. А.П. Сергеева, Ю.К. Толстого. – М.: ПБОЮЛ Л.В. Рожников, 2001.

7.      Омурчиева Э.М., Осипов Е.Б. Банковское право Республики казахстан. – Алматы: Бастау, 2009. – 238 с.

8.      Исайкин Д.А. Правовое регулирование коммерческой тайны как объекта гражданских прав в оффшорных отношениях // Объекты гражданских прав: сб. материалов международной научно-практической конференции. – Алматы: КазГЮУ, 2004. – С. 259-266.

9.      Даниленко С. Некоторые проблемы правового регулирования объекта банковской тайны // Хозяйство и право. - №10. - 2007. - С. 130-136.