Әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ 1 курс магистранты Серікқызы Нұржамал
Селекциялық жетістік субъектілеріне
қатысты мәселелер өзекті болып танылады. Селекциялық
жетістіктердің құқығын қорғау
әлемде қарқынды дамыды. Селекциялық жетістіктерді
қорғау алғаш, АҚШ жүзеге асты. Өткен
ғасырдың 30 жылдарында жыныссыз жолмен шыққан
өсімдіктерге патент берудің арнайы жүйесі еңгізілді.
Сондай-ақ, 1980 жылы АҚШ-тың Жоғарғы соты
генетикалық өзгерген бактерияларға байланысты бірінші істі
қарап, тірі әлемнің объектілеріне патент алуға
болатынын дәлелдеді. Әрі қарай өсімдік сорттарына
уақытылы патенттер берілетін болды. АҚШ-тың
Жоғарғы сотының «Күн астындағы және
адамның қолымен жасалғанның бәрі
қорғалу керек» деген қанатты сөзі бар. Осы принциптен
шыққанда АҚШ-тың патенттік мекемесі адамнан
басқасының бәрі, табиғатта жоқ жануарларды
қосқанда көп клеткалы организмдер патентке қабілетті
деп санайды (1, 20 б.). Қазіргі уақытта трансгендік жануарларды
өндіру индустрияға айналды. Мысалы, трансгендік сиырдың
немесе ешкінің сүтімен бірге фармацевтикаға пайдалы заттар
алынады. Қазақстанда патент жаңалығы, ерекшелiгi,
бiртектiлiгi және тұрақтылығы бар селекциялық
жетiстiкке берiледi.
Қазақстан Республикасында селекциялық жетістіктерге
құқық ҚР Азаматтық кодексінің
53-тарауында көрсетілген, сонымен қатар, 1999 жылдың 13
шілдесінде Қазақстан Республикасының «Селекциялық
жетістіктерді қорғау туралы» Заңы қабылданған.
Осы объектілердің атауы «селектио» латын сөзінен шыққан
«сұрыптау» деген мағынаны білдіреді.
Патент беру сұралып отырған
бiрнеше адам болған жағдайда, оларға бiр патент берiледi. Мұндай ортақ пайдалану
басқа патент иеленушiлердiң құқықтарын
бұзбайтын болса, патент иеленушiнiң селекциялық жетiстiктi
пайдалануға айрықша құқығы болады. Сонымен қатар, патент авторға, оның
мұрагеріне, өтініште көрсетілгендей селекциялық жетістіктерді
жүзеге асырған авторына немесе мұрагеріне, жеке және
заңды тұлғаларына, қызмет жағдайларында
селекциондық жетістіктерді жүзеге асырған
қызметкерлерге, егер олардың автормен қызметкер
арасындағы шарты қарастырылмаса, бірнеше тұлғалар болып
патент сұралса, оларға 1 патент беріледі.
Патент иеленушiнiң
құқығы азаматтық айналымға патент
иеленушiнiң рұқсатынсыз енгiзiлген ұрықтар мен
асыл тұқымды жануарлардан өндiрiлген өсiмдiк материалы
мен тауарлы малға да қолданылады.
Сондай-ақ айрықша
немесе айрықша емес лицензияның иесi патент иеленушiнiң
жазбаша рұқсаты бойынша немесе оның сенiмхаты бойынша
патенттi бұзушыға талап қоя алады. Шығындардың
орнын толтыру туралы талап шығын келтiрiлген күннен басталып,
патенттiң бұзылу кезеңiне белгiленедi.
Тағы бір маңызды
мәселе, патенттiк сенiм білдірілген өкiл сенiм бiлдiрушiден
оның тапсырмасын орындауға байланысты алатын ақпарат
Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде
қызметтік және коммерциялық құпияға
қойылатын талаптарды сақтаған кезде құпиялы болып
танылады.
Патенттік
сенiм білдірілген өкілдің құқықтары мен міндеттеріне келер болсақ. Патенттік сенiм білдірілген
өкіл өтініш берушінің (жеке немесе заңды
тұлғаның), өзімен еңбек шартын жасасқан
жұмыс берушінің немесе өзімен немесе өзінің
жұмыс берушісімен азаматтық-құқықтық
шарт жасасқан тұлғаның мүддесінде мынадай
қызмет түрлерін:
1)зияткерлік меншік
құқықтарын қорғау, зияткерлік меншік
құқықтарын иелену немесе беру мәселелері бойынша
консультация беру;
2)тапсырыс берушінің,
сенім білдірушінің, жұмыс берушінің атынан және
тапсырмасы бойынша селекциялық жетістіктерге өтінімдерді ресімдеу
және жасау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру;
3)селекциялық
жетістіктерге құқықтарды қорғау
мәселелері бойынша уәкілетті органмен және (немесе) сараптама
жасау ұйымымен өзара іс-қимыл жасау, оның ішінде
хат-хабар алмасуды жүргізу, сараптама шешімдеріне
қарсылықтарды дайындау және жолдау, сараптама жасау
ұйымы жанындағы сараптама кеңесінің отырыстарына
қатысу;
4)лицензиялық
(қосалқы лицензиялық) шарттарды және (немесе)
өзгеге беру шарттарын жасасуға, қарауға және
кейіннен оларды сараптамаға жіберуге жәрдемдесу қызметін
жүзеге асыруға құқылы. Патенттiк сенiм білдірілген
өкiлдiң өкiлеттiгi сенiмхатпен куәландырылады.
Сонымен қатар патенттiк
сенiм білдірілген өкiл осы iс бойынша мүдделерi іс жүргізу
туралы өтiнiш жасаған тұлғаның мүдделерiне
қайшы келетiн тұлғалардың атынан өкiлдiк етсе
немесе оларға консультация берсе немесе оны қарауға
өзгеше қатысса, сондай-ақ, егер iстi қарауға
патенттiк сенiм білдірілген өкiлдің жақын туысы, жұбайы
(зайыбы) және оның жақын туысы болып табылатын лауазымды адам
қатысса, ол тапсырманы қабылдамауға міндетті.
ҚР
заңнамасына сәйкес, өсімдік шаруашылығында жасанды
жолмен немесе сұрыптау жолымен алынған және оны қолда
бар өсiмдiктер сорттарынан ерекшелендiретiн бiр немесе бiрнеше
шаруашылық белгiлерi бар өсiмдiк сорты, мал шаруашылығында
адам жасап шығарған және оны осы түрдегi
жануарлардың өзге тұқымдарынан айыруға
мүмкiндiк беретiн генеологиялық құрылымы мен
қасиетi бар және бiр тұқым ретiнде көбейту
үшiн сан жағынан жеткiлiктi тұқым, яғни
шығу тегi ортақ жануарлардың саны көп тұтас тобы
селекциялық жетiстiк деп танылады. Селекциялық жетістік патент
берілген жағдайда қорғалып, патент иесiнiң
селекциялық жетiстiктердi, оның басымдығын пайдалануына
және селекционердiң авторлығына айрықша
құқықты куәландырады.
Сұрып пен тұқым, егер өтініш берген күні
тұқым мен басқа оны құрайтын материал, тектес
материалдар селекциялық сатылмаса, басқа автормен немесе оның
құқылы тұлғасымен территориясында сұрыпты,
тұқымды пайдалануға берілмесе жаңа болып табылады.
Өсімдіктің сұрыпына берілетін патенттің мерзімі 25
жыл, жануарлардың сұрыпына 30 жыл, жүзімнің,
ағаштың декоративті жүзімдік және жемісті
сұрыптарына – 35 жыл сараптама ұйымдарына өтініш берген
уақыттан бастап есептеледі, патенттің уақыты өкілетті
ұйымдармен 10 жыл ішінде ұзартылады.
Селекциондық жетістіктерге патент беруге өтініш
өсімдіктің әр сұрыпына, жануарлардың
тұқымына қарап толтырылады және мыналар қажет:
патент беру туралы өтініш, селекциялық жетістіктер сауалнамасы;
өкілдер арқылы іс қағаздарын жүргізген
жағдайда, сенімхат.Осы құжаттардың негізінде патент
рәсімдеп, айырықша құқықтарды иеленіп, оны
қорғауға мүмкіндіктер алады.
|
Пайдалынылған
әдебиеттер: 1.Третьякова, В.Г. Правовое регулирование селекционной
деятельности в капиталистических странах / В.Г. Третьякова // Вопросы
изобретательства. -1988. -№ 10.-С. 20-24.
|