Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1 курс магистранты Өмірәлі Айғаным

 

Тасымалдау шартының мазмұны және одан туындайтын азаматтық құқықтық жауапкершіліктің өзекті мәселелері

 

Тасымалдау міндеттемеден туындайтындықтан азаматтық құқықтық қатынастардың негiзгi бөлiгiн мiндеттеме кұрайтын болғандықтан жауапкершiлiк жөнiндегi мәселе мiндеттемелiк құқықтың жалпы ережелерiнде қаралады және маңызды мәселе болып табылады.

Заң әдебиеттерінде және заңдарда қарастырылғандай, көлiк шарттарының төмендегiдей түрлерi белгiленген: а) жүктi тасымалдау шарты; б) жолаушыны (және қол жүгiн) тасымалдау шарты; в) кеме жалдау (чартер) шарты; г) тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарттар; д) көлiк ұйымдары арасындағы шарттар; е) жалпы пайдаланыстағы көлiкпен тасымалдау шарты; ж) көлiк экспедициясы шарты (1). Сонымен қатар, аталған шарттардың кейбiреулерi тасымалдау қандай көлiкпен жүзеге асырылатынына қарай түрленетiнiн ескерсек, онда көлiк шарттарының құрылымы өте үлкен болып көрiнедi.

Тасымалдау жөніндегі міндеттемелерді орындағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тасымалдаушылардын, өзара жауапкершілігі болады.

Жолаушыны тасымалдау шарт негізінде жүзеге асырылады. Жолаушыны тасымалдау шарты - ол бір тарап тасымалдаушы жолаушыны мекенге жеткізуге міндеттенеді, ал екінші тарап жолаушының белгіленген жолақысын төлеуге міндеттенуі. Жолаушыны тасымалдау шарттың тараптары болып тұлға (жолаушы) және тасымалдаушы танылады. Жолаушыны тасымалдау шарты ауызша және жазбаша түрде жүзеге асырылады. Жолаушыны автобустарда тасымалдау жол жүру билетімен рәсімделеді. Тасушы жолаушыларды тасу кезiнде көлiкте жүру билетiн беруге мiндеттi, онда мынадай нұсқаулар: а) берiлу жерi мен күнi; б) жөнелтiм және тағайындалым жерлерi; в) тасушының аялдамаларды қажет болған жағдайда немесе онсыз да өзгертуге өз құқығын көздеуiне мүмкiндiктi сақтай отырып, осы өзгерту тасымалды халықаралық сипатынан айыру алуы үшiн көзделген аялдамалар;  г) тасушының немесе тасушылардың атауы мен мекен-жайы; д) жауапкершiлiк туралы ережелер тасымалға қолданылады дейтiн нұсқау жазылуға тиiс (2).

Жолаушы өзiнiң қасына қойып қоятын өзiндiк ұсақ заттарды қоспағанда, теңдеме жүктi тасу кезiнде, тасушы теңдеме жүк түбiртегiн беруге мiндеттi. Теңдеме жүк түбiртегi екi дана етiп: бiреуi жолаушылар үшiн, екiншiсi тасушы үшiн жасалуға тиiс.

        Билеттiң болмауы, дұрыс болмауы немесе оны жоғалтып алу тасымал туралы шарттың қолданылуына да, жарамды болуына ықпалын тигiзбейдi, аталған шартқа дегенмен де «Халықаралық әуе тасымалдарына қатысты кейбiр ережелердi-сәйкестендiруге арналған конвенция» ережелерiнiң күшi қолданылады. Алайда, тасушы жолаушыға көлiкте жүру билетiн бермей, оны қабылдап алса, тасушының осы Конвенцияның оны жауапкершiлiктен босататын немесе мұны шектейтiн қаулыларына сiлтеме жасауға құқығы болмайды.

 Ағылшын құқығы бойынша осы рейске берілген билет, егер онда шарттар көрсетілген болса, шарт құжат болып табылады. Бірақ та, қала ішіндегі билет бұл жолаушының билет ақысын төлеп, шарт талаптарын орындады дегенді білдіреді.

 Жолаушыны халықаралық тасымалдауда да тасымалдау шартын жасау билетпен бекітіледі. Халықаралық келісімдер билеттің мазмұнына кейбір ерекше талаптарды кояды. Жолаушы құқықтары: 1)  өзімен бірге балаларды тегін немесе өзге де жеңілдікті жағдайларда алып жүруге құқылы; 2) белгіленген нормалардың шегінде өзімен бірге кол жүгін акысыз алып жүруге құқылы; 3) тендеме жүкті тариф бойынша ақы төлеп, тасымалдауға тапсыруға құқығы бар (3).

      Құқықтарымен қатар, жолаушы міндеттерге де ие. Оның негізгі міндеті болып, жол акысын төлеу міндеті табылады. Жолаушылардың жол ақысын төлеуі сәйкесінше, тариф негізінде жүзеге асырылады.

     Жолаушыны тасымалдау шарты бойынша екі тарап та нормативтік тәртіпте белгіленген ретте мүліктік жауапкершілікте болады. Жалпы жауапкершiлiктiң бiрнеше тұжырымдамалары бар, соның iшiнде төрт негiзгiлерiн бөлiп       көрсетуге болады:

·       Жауапкершiлiк - бұл мiндеттi орындау болып табылады.

·       Жауапкершiлiк - бұл мемлекеттiк мәжбүрлеудi қолданумен байланысты құқық бұзушының жағымсыз жеке және мүлiктiк шектеулердi жеке басымен көтеру мiндетiнiң ерекше түpi.

·       Жауапкершiлiк - ол құқықтық нормалардың санкцияларын қолдану.

·       Жауапкершiлiктi қарастырамыз.

ТМД елдері арасында тендеме жүкті тасымалдау кезінде шектеулі жауапкершілік кағидасы әрекет етеді. Жолаушыны тасымалдайтын көлік құралын жөнелтуді кідірткені немесе мұндай көлік кұралынын баратын жеріне кешігіп барғаны үшін (қалалық және кала маңы қатынастарындағы тасымалдауды қоспағанда) тасымалдаушы, мысалы, кідірту немесе кешігу дүлей күштің салдарынан орын алғанын дәлелдемесе, жолаушыға көлік туралы тиісті заң актілерінде белгіленген мөлшерде айыппұл төлейді.

Жолаушы көлік құралы жөнелтілуінің кідіруі себебінен тасымалдаудан бас тартқан жағдайда, тасымалдаушы жолаушыға кіре акысынтолықкөлемде қайтаруға, сондай-ақ жолаушыға осындай кідіруге байланысты ол шеккен залалдың орнын толтыруға міндетті.

  Басқа елдерде (Англия, Франция т.б.) бұған жол берілмейді. Осылайша, Францияда тасымалдаушының жолаушыны тасымалдау кезіндегі жауапкершіліктен босату әр жақта қарастырылған. Англияда жауапкершіліктің талаптары шарт негізінде жүзеге асырылады (4).

Тасымалдау шартынан туындайтын азаматтық құқықтық жауапкершiлiк:

  1) борышқордың мiндеттемелердi бұзуынан кредиторға келтiрiлген мүлiктiк залалдың орнын толтырады;

2) борышқорды мiндеттеменi дұрыс орындауға ынталандырады;

3) борышқорды мiндеттеменi орындамаған не тиiсiнше орындамағаны үшiн  жазаға тартады;

4) қарама-қарсы тараптың қабiлетсiздiгiнен туындауы мүмкiн зиян орнының толтырылуын қамтамасыз eтетiн болғандықтан кредитордың мiндеттемеге қатысуына белгiлi бiр шекте итермелейдi;

5) басқа тұлғалардың алдында борышқордың тәрбиесiздiк фактiлерiн айғақтайды;

6) азаматтық- құқықтық  жауапкершiлiк бұл жасаған құқық бұзушылығы үшiн жауап беру қажеттiлiгi,  құқық бұзуға жол бермеу қажеттiлiгi бұл мiндет, бiрақ әлi жауапкершiлiк емес.

Жолаушының денсаулығына келтiрiлген зиянға байланысты арыздануға құқық үш жыл бойы сақталады. Ұзақтық мерзiмi тұлғаның тиген зиянды бiлген күннен бастап немесе бiлуге тиiс күннен бастап есептеледi.

Жүктiң толық немесе жарым-жартылай жоғалуына немесе оның зақымдануына байланысты арыздану құқығы бiр жыл бойы сақталады.

Жолаушы қаза тапқан, жараланған немесе денесiн басқаша зақымдаған кезде орын алған зиянды келтiрген жазатайым уақиға әуе кемесiнiң бортында немесе қону және шығару жөнiндегi кез келген операциялар кезiнде орын алса, тасушы аталған зиян үшiн жауап бередi. 

Жалпы, азаматтық құқықтық жауапкершiлiк айтып кеткенiмiздей, құқық бұзушылық үшiн заңи жауапкершiлiктiң түрi. Әдетте, кiнәсiз жауапкершiлiк жөнiндегi сауалды қарастырған кезде қазақстандық ғалымдар зардап шеккен тараптың мүдделерiн жоғары қояды және кiнәсiз жауапкершiлiктi талап ететiн шаруашылық қызметтегi азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi ынталандыру функциясын басшылыққа алады.

Қазақстанда заң шығарушы да, доктрина да жауапкершiлiк ретiнде кей жағдайларда кiнәсiз болатын құқық бұзушы үшiн туындайтын барлық және кез-келген қолайсыз салдарлар деп түсінеді.

Жолаушыларды халықаралық тасымалдау, көлiк-экспедициялық операцияларды жүзеге асыру шарттары, тараптардың халықаралық тасымалдау және көлiк-экспедициялық операциялар жөнiндегi жауапкершiлiгi нормативтiк құқықтық актiлерiмен, сондай-ақ халықаралық тасымалдау шарттарымен белгiленедi.

Халықаралық тасымалдаушының жолаушылармен жауапкершiлiктi шектеу немесе жою туралы жасасқан келiсiмдерiнiң күшi болмайды, бұған жүк тасымалы кезiнде осындай келiсiмдер мүмкiндiгi заң актiлерiнде көзделген реттер жатпайды.

Мемлекетіміздің тасымалдау саласындағы негізгі мақсаты халықаралық тасымалдаулар қауіпсіздігінің мемлекеттік жүйесін және азаматтардың өмірін, денсаулығын және мүлкін, олардың заңды құқықтарына кепілдігін қорғауға, көліктің барлық түрлерінде жол жүрудің қауіпсіз жағдайларына және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған мемлекеттік саясатты қалыптастыруға негізгі қадамдарды белгілеу болып табылады.

Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қатысы бар мемлекеттік органдармен бірлесіп көлік-коммуникациялық кешенге бірінші кезектегі міндеттерді шешу қажет деп санаймыз.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.     Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі (ерекше бөлім), 1999 ж. № 409//Параграф ақпарат жүйесі

  1. «Автомобиль көлiгi туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі № 476-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы//Параграф ақпарат жүйесі
  2. «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» Қазақстан Республикасының 1994 ж. 21 қыркүйектегі N 156-XIII Заңы//Параграф ақпарат жүйесі
  3. Егиазаров В.А. Транспортное право: Учеб. пособие / Институт законодательства и сравнительного правоведения при Правительстве Российской Федерации. ЗАО«Юридический Дом «Юстицинформ», 2002. 528 с.