Психология/Психология
развития
Психологии магистрі, аға
оқытушы Садреймова А.Ж.
Абай атындағы
Қазақ ұлттық педагогикалық университеті,
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ.
СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ
ҚАБІЛЕТТЕРІ МЕН БЕЛСЕНДІЛІГН АРТТЫРУДЫҢ
ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазіргі таңда жоғары оқу орындарында білім берудің кредиттік жүйеге көшуімен байланысты студенттердің
шығармашылық
әрекетін, білімді өздігінен ізденіс арқылы табудың
жолын, жалпы педагогикалық принциптерді
басшылыққа алу біліктіліктерін көтеру мәселесі қойылып отырғандықтан,
білім беруді ұйымдастырушы-оқытушы
мен білім алушы-студенттер арасындағы
қарым-қатынас дәрежесі мүлдем басқаша жаңа
деңгейге көтерілді. Осының негізінде оқыту әдістері мен оқу
әрекеттері түрленіп, өзіндік жұмыстың
құрылымы да, мазмұны да, оны ұйымдастыру- дың
педагогикалық-психологиялық мақсаты да кешенді түрде өзгеріске ұшырады.
Сондықтан жоғары оқу орындарының білім
беру процесіндегі студенттердің өзіндік жұмыстарының үлесін көбейту, олардың білімді меңгеру барысында
әр ақпаратқа сыншыл
көзбен қарауларына,
өздерінің ойларын ашық білдіріп, шығармашылық
мүмкіндектерін пайдалана алуларына мол
мүмкіндік беру педагогикалық процестің маңызды міндеті
болмақ. Бұл студенттердің білім алуында шығармашылық белсенділігін арттырып, білім берудің сапасын
жақсартуға да септігін тигізеді. Бұл жүйеде жан-жақты жетілген, көп
тілді меңгерген жеке тұлғаны қалыптастыру және дамытуға, оның
қоғамның экономикалық, саяси және мәдени
өміріне қатыса білуін тәрбиелеуге ерекше назар аударылады.
Әрбір қоғамның
әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, сол
қоғамдағы жеке адамның шығармашылық потенциалына байланысты. Олай болса,
егеменді еліміз Қазақстанда шығармашылық жеке адамды дайындау қажеттігі
туындап отыр. Қазіргі кезде
қоғамдағы қарқынды
өзгерістер
жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері мен әлеуметтік сұранысын қамтамасыз ету мақсатында творчестволық тұрғыда ойлаушы, тәуелсіз жеке адамды, дербес шешім қабылдауға бейім ұрпақты тәрбиелеу - бүгінгі күнде аса маңызды
мәселе болып отыр.
Жоғары оқу
орындарында студенттердің өзіндік жұмыстарын жанжақты, сапалы түрде ұйымдастыру арқылы олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болашақта білікті
маман болуларына, қоғамды алға тартып,
үлкен пайда әкелетіні анық.
«Шығармашылық» ұғымының мазмұны «шығару», «іздену»,
«жаңаны ойлап табу» деген
мағынаны білдіреді. Ол, жаңалық ашатын адамның
әрекетінен, адамның мақсатқа бағытталған қызметіндегі ізденімпаздығы
мен белсенділігінен, табандылығы мен жігерінен құралып, ақыл-ойы мен сезімінің,
креативтілігінің бірегейлігінен туындайды [1].
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде шығармашылық проблемасы шығармашылық қабілет
пен ақыл-ойдың өзара әрекеттестігі
тұрғысынан қарастырылып, дербес фактор немесе дивергенттік ойлаумен тікелей
байланысты іс-әрекет түрінде көрсетіледі. Осыған орай,
«шығармашылық қабілет» туралы айтқан кезде
«шығармашылық іс-әрекет», «шығармашылық орта», «шығармашылық
қызығушылық», «шығармашыл қиял» ұғымдары
қоса айтылады [2].
Шығармашылық іс-әрекет шығармашылық ортада орындалады және оның орындалу нәтижелілігін шығармашылық қабілеттер анықтайды, шығармашылық ортада тұлғаның шығармашылық қызығушылығы, белсенділігі, танымдық ізденімпаздығы артып, шығармашылық қабілеті дамиды [3].
Жоғары
оқу орындарында студенттерді шығармашылыққа баулуда олардың бойында болашақ маманның
шығармашылық қасиеттерінің болуына көп
көңіл бөлеміз.
Шығармашылық
- бұл адамның өмір шындығына өзін-өзі
тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйін, өздігінен саналы, дәлелді шешімдер
қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып,
олардың өшуіне жол бермеу оның
рухани күшін нығайтып,
өмірде өз орнын табуға көмектеседі
Шығармашылық
- бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей
бастаған кезінен бастап, бүгінгі
күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі [4].
Шығармашылық
- төмендегідей ерекшеліктермен сипатталатын адам әрекеті:
– шығармашылықтағы
қарама-қайшылықтардың
болуы;
– әлеуметтік немесе жеке адамға деген
мәнінің болуы;
– шығармашылыққа
арналған шарттардың, жағдайдың болуы;
– шығармашыл тұлғаның
жекелік қасиеттерінің болуы;
– нәтиженің жаңалығы.
Қоғамда
болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жеке тұлғаның
қалыптасып, дамуы үшін жаңа талаптарды қажет етеді.
Уақыт табандылығының қажеттілігі, адамзаттың шығармашылық
қабілеттерінің дамуында, кез келген қызмет саласындағы
мақсаттардың дәстүрден тыс жолдарын іздеу, қоғамның
әрбір мүшесінің зиялылық мүмкіндігін арттырумен
қатар, барынша шығармашылық
белсенділігін оятып, оның дамуына алып келеді.
Шығармашылық
- бүкіл адамзат болмысының маңызды сапаларының бірі. Ол
жаңалыққа жетудің және ізденудің,
іс-әркет әдістерінің қайталанбас нәтижелерімен
сипатталады. Шығармашылық
әрқашан қайталанбайтын болып табылады. Ол -
студенттердің өзін жетілдіруге, өз бетімен білім алуға қабілеттілігі; білімі
мен интуициясына негізделген суырып салмалылық қабілеті.
Зерттеуші Колесникова
М.В. «шығармашыл» түсінігін
«шығармашылық» сөзіне қолданып, шығармашылық процесс,
суретшінің шығармашылық жолы деп есептейді [4]. Мысалы, қабілетті адамның
шығармашылық ойлауымен, шығармашылық жоспарымен,
шығармашылық қабілетімен
бір нәрсені жасап шығаруы деп есептейді. Сонымен
қатар, өз бетінше
жаңа бір нәрсені ерекше жасап
шығару шығармашылық күш, шығармашылық
зиялылық деген ұғымдар туындайды.
Жоғары оқу орындарында студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытудың негізгі факторы болып олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен
бірге, оларға кәсіптік білім беруде болашақ
мамандықтарына байланысты қабілеттерін де дамыту аса маңызды
мәселелердің бірі болып
табылады. Студенттің шығармашылық қабілеті де
оның ойлау мен
практикалық әрекеттері
арқылы ғана дамиды.
Литература:
1. Грановская, Р. М. Творчество и преодоление
стереотипов / Р. М. Грановская, Ю. С. Крижанская. – СПб., 1994.
2. Захарова, Л. Н.
Личностные особенности, стили поведения и типы, профессионально
самоидентификации студентов педагогического вуза / Л. Н. Захарова // Вопросы
психологии. - 1998. - № 2. – С. 24.
3. Мартынова М. Д. Развитие лидерства и социальной активности молодежи
в системе высшего образования как основание для формирования управленческих
качеств будущих специалистов / М. Д. Мартынова // Университетское управление:
практика и анализ. - 2003. - № 5-6 (28). - С. 129-133.
4. Колесникова М.В. Социальная
активность в педагогическом контексте / М. В. Колесникова // Инновационные
процессы в теории и практике современного образования : материалы научно-практ.
конф. – Омск : ОмГПУ, 2005. - С. 37-39.