Жоғарғы санатты оқытушы Есмаханов Рамазан

Қызылорда көпсалалы гуманитарлық техникалық колледжі, Қазақстан

Компрессор аппараты көмегімен ауа қысымын ыдысқа жинау кезінде ылғалды ауадан сүзгі арқылы сүзіп тазалау

 

Компрессор аппараты ауа қысымын жинақтауға және  жинақталған ауаны  жіберіп таратуға арналған.Қазіргі таңда көптеген  шаруашылықтарда ауа қысымын жұмысқа кеңінен пайдаланады.Айтар болсақ жөндеу шеберханаларында ,темір ұстаханасында ,кәмір жамайтын вулканизацияда , сүт фермасында қолданылады.Компрессордың қолдану аймағы автомобильдерде, ЗИЛ-130, КАМАЗ, МАЗ автокөліктерінде  пайдаланады.file1_html_m6148db28.gif

Негізі компрессордің келесі түрлері болады: Ауа, гели  және азот түрінде болады.Негізгі компрессордың мінездемесі оның өндіруіне байланысты. Ол екі көрсеткішке бөлінеді: Шығу және кіру.Кіру кезеніңде қысым әр-түрлі болады.Бірақ қысымның айырмашылығы аз ғана. Мысалға: поршенді компрессірлерде шығу қысымы көптеу.Винттік компрессорлердің өндірісі жұмыс істеуіне байланысты көп болады.Ауа компрессоры жұмыс істеу барысында электро двигатель арқылы компрессорді айналдырады. Коспрессор айналу барысында труба арқылы ыдысқа ауаны үлкен қысым мен жинайды.Алайда жұмыс істеу барысында ауа-райының өзгеруіне байланысты салқын қыс айларында ыдыстың ішіне су жиналады.

Соның салдарынан ауа қысымының шығу кезеніңде шлангілерден су тамшылайды. Бұл жағдай автомобильдерде жие – жие кездеседі.Шлангілерде су пайда болғанда ауа қысымы дұрыс жүрмейді,себебі судың жиналып қалуына байланысты. Ұсынылып отырған жобада ауа қысымын жинақтайтын ыдысқа кассета орнатып, кассета ішіне сүзгі орналастыру керек.  Орнатылған сүзгі 70% ауадағы ылғалдылықты сүзгіш арқылы жібермей тұрады.

 

 

 

 


                                                                            Кассета сүзгі

                                                                                    

 

 

 


Бұндай тәсіл практикада  сүт фермасында кеңінен қолдануда.Компрессордың жұмыс істеу барысында әр он күн сайын сүзекіні ауыстырып тұру керек.Тиімді жағы, ыдыста судың жиналмауы  және шлангілерде бу мен судың болмауы.Техникалық талап бойынша бұл кассеталық  сүзгіні қолдану әдісі өңдіріс пен мекемелерде ,орталықтандырылған шеберханаларда , бекеттерде және вулканизацияларда пайдаланады. Экономикалық тиімділігі де жоғары. Себебі, ыдыстағы судың және будың болмауы сальниктердің  ұзақ мерзімде жұмыс істеуі.Автомобильдерде компрессорді қолдану кезеңінде осы аталған сүзгі кассетаны қолдануға болады. Ауаны шаңнан тазалауға болады,немесе ауаны жылытуға болады,бірақ осы аталып отырған жоба ауадағы ылғалды ауаны сүзіп  алуға болады.Компрессорды қолдану барысында  -45  градуста жұмыс істей алады. Жұмыс істеу барысында компрессорге шаң тозаң қатты әсерін тигізеді. Зил-130 автомобилінің компрессоры жұмыс істеу барысында ауаны балонға жинап қысым пайда болады. Осындай жағдай камаз автокөліктеріндегі  компрессорінде кездеседі. Компрессордегі сүзгі негізінде суға төзімді қағаз картон материалдарынан жасалады. Кассета жұқа болаттан жасалған материлдарынан жасауға болады. Жалпы компрессорлерді қолдан жасауғауға болады және өндірісте жеке шаруашылықтарда да пайдалануға толық  мүмкіндік бар. Қарапайым компрессордың сұлбасы төмендегісуретте көрсетілген.

 

C:\Documents and Settings\777\Рабочий стол\21 (1).jpg

                              Пайдаланған әдебиеттер:

 

·                    Абдурашитов С. А. Насосы и компрессоры. — М.: Недра, 1974.

·                    Михайлов А. К., Ворошилов В. П. Компрессорные машины. — М.: Энергоатомиздат, 1989. — 288 с. 

·                    Воронецкий А. В. Современные центробежные компрессоры. — М.: Премиум Инжиниринг, 2007. — 140 с.

·                    Шерстюк А. Н., Компрессоры, М.—Л., 1959