Мергенова Г.Н.
Қазақ
Гуманитарлық заң және техникалық колледжі,
Қазақстан
Тау
жыныстарын бұзушы аспаптар және колонкалық қашаулар
Тау жыныстарын бұзушы аспаптар негізгі
атқаратын міндеттеріне қарай үш топқа бөлінеді:
·
Скважина түбін
тұтастай бұрғылауға арналған қашаулар;
·
Скважина түбін
айналдыра бұрғылап, тау жыныстары үлгісін керн алу үшін
қолданылатын бұрғы ұштары, коронкалар;
·
Қосалқы аспаптар, найза
тәрізді қашаулар, фрезерлер, калибраторлар, кеңейткіштер.
Бірінші және екінші
топ аспаптары жасақтарының ауа жыныстарына әсер ету
өзгешеліктеріне қарай төрт шағын топқа
бөледі: кесіп – уатушы (РС), қажап – кесуші (ИР), үгіп –
уатушы және үгу арқылы әсер етуші.
Бұл аталған
аспаптар түрлерінің мүмкіндіктері тау жыныстарының
механикалық қасиеттеріне, ең алдымен қаттылығына
байланысты. Әр топ аспаптары тау
жыныстарының қаттылық көрсеткішіне байланысты болады.
Штампылық қаттылығы
бойынша категориясы
Тау жыныстарының 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12
Аспап тобы 1,
2, 32, 32,
33 3
Аспап түрі М С
Т К ОК
Скважина түбін
айналдыра бұрғылау тау жыныстары үлгісін (керн) алу
мақсатымен жүргізіледі. Алынған
керн кен орнын құраушы тау
жыныстарының құрамы, құрылымын және
механикалық қасиеттерін зерттеу, геологиялық
құрылымын, мұнай және газ қорын анықтау,
игеру жобаларын жасау үшін қолданылады.Сондықтан да
алынған керн сапасын көтеру барлама скважиналардағы басты
міндет.
Керн құрылу
схемасы және колонкалы қашаулардың негізгі схемалары 1 – суретте көрсетілген. Барлық колонкалы қашаулар тау жыныстарын
бұзуға, керн құруға арналған
бұрғы ұшынан және кернді қабылдау, сақтау,
жұлу көтеру қызметін атқаратын колонкалық
снарядтан (керн қабылдауыш құрылғы) тұрады.
Кернді сағаға шығару үшін
колонкалы қашаулар қолданады. Қарапайым колонкалы
қашау (1 – сурет)
бұрғы ұшынан және бұрғы ұшына (1), колонкалы жасақтардан (4).
Жыныстың қасиетіне
байланысты, керн алу үшін бұрғылайтын ұшы
ретінде алмас және қатты қорытпалардан жасалады.
Шарошканың
бұрғы ұшы скважина түбінің ортасында жыныстар
бұзылмайтындай қылып, тұтас керн (2) жиналуын
қамтамасыз етеді.
Әр түрлі
жыныстардан керн алу үшін қолданатын бұрғы ұшы
төрт – алты және керек болса, сегіз шарошкалы болып жасалады.
Бұрғы
ұшындағы алмас және қатты қорытпа элементтері тау
жынысының ортасын бұзып қомайды, сонымен қатар
шарошканың жан – жағындағы жыныстарды да бұзып отырады.
Бұзудың
әсерінен жиналған жыныстың коронкасы скважинаны
тереңдеткенде колонкалы жасаққа келіп түседі.Ол корпус
(4) және колонкалы құбырдан (3), (жыныс алып жүруші)
тұрады.

Колонкалық
жасақтың корпусы бұрғы ұшын бұрғылау
тізбегімен жалғастыру үшін және колонкалы құбырды
механикалық зақымдалудан сақтау мен жуу сұйығы керн
мен колонкалық құбыр арасындағы кеңістікке
көтерілу үшін қолданады.
Керн скважина
түбінен бұрғылау аспабын көтеру кезінде жұлынады
да, колонкалық құбыр ішінде коронка конусымен
ұстатылады.
Әдебиеттер:
1.
Нығымет Тұяқпаев //Барлама бұрғылау – Алматы
2007-200с
2.
Хакім Суербаев // Мұнай-газ ісінің негіздері – Астана 2008
3.
Т. Омарәлиев // Мұнай мен газды өңдеудің
химиясы және технологиясы
– Астана 2011