*99558*

ҚАЗАҚ ПОВЕСТЕРІНДЕГІ АДАМ МЕН ТАБИҒАТ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Ныязбекова К.С., педагогика ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы ҚазҰПУ, (Қазақстан, Алматы қ.),  Асқарова Б.Қ., Алматы қаласы №15- гимназиясының қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, Махмудұлы Мәди, Мертемирова Әйгерім, Алматы қаласы №15- гимназиясының 11- сынып оқушылары

Адам мен табиғат арасындағы тұтынушылық тепе-теңдіктің бұзылуы және бұл теңсіздіктің қатерлі бағыт алып, жердегі тіршілік атаулыға тікілей қауіп төндіруі – бүкіл адамзаттық ортақ тұжырым   жасауға мәжбүр етті. Аса күрделі әрі қарама-қайшылыққа толы бұл тұжырым тек экономикалық-ғылыми түйткілге емес, сонымен  қатар қазір исі адамзатқа ортақ рухани-мәдени мәселеге айналып  отыр.

Адам мен табиғат арасындағы шиеленіскен тіршілік тауқыметі қазақ елінің де тағдырына айналып, ұлттық сананың, сол арқылы көркем ойдың дамуыңдағы ең көкейкесті түйткілге ұласып отыр. Бұл мәселе – ұлттың тіршілігіне, санасына, саяси өміріне тікелей ықпал етіп, рухани мүдденің  шешуші түйіні ретінде бағалануда. Мысалы: Қазақстандағы ядролық қаруды сынауды тоқтату жолындағы күрес. Аралды құтқару қозғалысының күшеюі соған дәлел. Бұл оқиғалар адамның рухани өміріне ықпал жасап, көркем ой қорытуға жетелейтін өмірлік деректерді алдына тартты. Табиғат, қоршаған орта – өмір сүрудің негізгі күретамырына айналған тұста, оның ішінде әдебиетке әсер етпеуі мүмкін емес.

       ХХ ғасырдың ортасына қарай, табиғатты бағындыру нысанасы зорлап бағындыруға ұласқан сәтте, табиғаттың да жасырын қарсылығы байқала бастады. Бұл туралы белгілі жазушы, табиғат жанашыры С.Залыгин адамдар «қарсы құбылыстарға кездесіп калды» деп жазған болатын. Қазіргі прозадағы өмірдегі табиғи жаратылыстың бастауы туралы ойлар осындай қарама-қайшылықтар байқалған кезде пайда болды да, оны көркем пайымдау арқылы шешуге тырысты. Соның нәтижесінде табиғатты сырттай бақылаудан, қызықтаудан бас тартып оның «ішкі дүниесіне» үңілуге ұмтылды. Сананы саралау барысында этикалық, философиялық, әлеуметтік жаңа көзқарастар қалыптастады. Сөйтіп, жазушылар өз шығармалары арқылы табиғат әлемі қандай жаңа қырларымен көзге түседі деген сауалға жауап іздейді. Бұл мәселе әр жазушының шығармашылығында әртүрлі деңгейде көрсетіледі. Себебі, қазіргі әдебиеттегі рухани ізденістердің тереңдегені соншалықты, табиғаттың құпия тілін, үнін әркім өз дәрежесінде түсініп, өзінше пайым жасап жүр.

         Қазақ жазушыларының да бір бөлігі қоғамдағы экологиялық  өзгерістерді халыққа әдеби тілмен, образдар жүйесімен жеткізуі  үшін қазақ әдебиетіне, қазақ халқына тән ерекшеліктерді пайдалануда. Экология тақырыбына қалам тартып жүрген жазушылар осы мәселенің қыр-сырын, адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасын жан-жақты қарастыру арқылы көрсетуге тырысуда. Ғылыми-техникалық революция дәурінде қоғам мен қоршаған ортаның қарама-қайшылығы шиеленісе түсіп, адам мен табиғат арасындағы байланыстың  адамгершілікке негізделген «шекарасын» анықтауға өнер атаулының бар саласы белсене қатысып, оның әлеуметтік маңызын көркем ойдың әсері арқылы адам жанына ізгіліктің дәнін себуге, табиғаттың жұмбақ құбылысын бейнелей отырып ойлантуға тырысып отыр. Ал қоғамды толғаңдыратын мәселеден сөз өнері де шет қалмақ емес. Түйіңді тұжырымдарды көркем ой сүзгісінен өткізіп, адамның рухына, танымына ықпал етіп отыр. Демек, жоғарыда аталған мәселелердің барлығы да – әдебиеттің де мәселесі болып табылады. 70-ші жылдардан бастап адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас тақырыбы дәстүрлі әдеби ағым ретінде қалыптасты. Ол тек адам мен табиғаттың арасындағы қарама-қайшылықты көрсетіп қана қоймай, адамгершілік сана, ұрпақтар байланысы, ауыл өмірі,  тарих пен тағдыр сияқты және т.б. көптеген мәселелерді қозғай бастады. Шындығында адамзат Ф.Беконның атақты «Табиғатты табындыр» деген ұранынан бастап, О.Сүйлеменовтың «Адамға табын,  Жер енді!»  дастанына дейінгі кезенде табиғатты табындырып қана қоймай, «жалындыра» бастаған болатын.                   70-ші жылдарға қарай экологиялық апат қатері ядролық соғыс қаупімен бірігіп қоғамдық санаға айрықша әсер етті. Егер уақытында «табындыру» идеясын дәріптегендер де творчество адамдары болса, енді адамзатқа төнген қатерді ерте түсінген және оны қоғамдық санаға жеткізуге асыққандар да сол творчество өкілдері болды. 70-ші жылдардың басында-ақ американдық ғалым С.Эпстайн өзінің «Американың қалдықтары» атты кітабында: «Біздің кейбір зерттеушілер бұл тақырып Л.Леоновтың «Орыс орманы» романынан және  А.Довженконың  «Тамылжыған Десна» мен «Теңіз туралы» дастанынан бастап өнер өзегіне айналды деп есептейді. Кейіннен бұл бағытты «ауыл прозасың» өкілдері жалғастырды. Экологиялық жағдайдың нашарлауы мен табиғи байлықты сақтау мәселесін көтерген Л.Леоновтың шығармасынан кейін О.Гончардың, Ш.Айтматовтың, Г.Треопольскийдің, Б.Васильевтің және т.б.  шығармалары  дүниеге келді. Әсіресе «сібір прозасының өкілдері» деп аталып жүрген В.Астафьевтің «Патша-балығыңда», С.Залыгинның «Комиссиясында», В.Распутиннің «Матерамен қоштасуында», М.Скалонның  «Тірі ақшасында» және Қ.Ысқақовтың «Бұқтырма сарынында» бұл тақырып өз жалғасын тапты. Аталған жазушылардың шығармаларын Сібір аймағын өнеркәсіптік негізде игерудің салдарынан болған экологиялық өзгерістерге наразылық десе де болды. Ұзақ уақыт бойы табиғатқа тамсана, таңдай қағу ағымы ақыры өршіл «сарыншылдыққа», «әсірелеуге» ұласып, содан кейін барып табиғатқа төнген қатер туралы «түсіну кезеңі» басталады. Экология тақырыбын көтерген жазушылардың ізденісін кейбір сыншылар «руссоизмнің» қайта дамуы деп қабылдады. Олар «руссоизмді» адамның табиғаттың ісіне толық араласпауын уағыздайды деп түсіндіреді. Бірақ Руссо: «адамдардың да, қоғамның да адамгершілік деңгейі оның табиғатқа көзқарасымен өлшенеді», – деген болатын.               Ж.Ж.Руссодан кейін «табиғат моралін» насихаттаған қиялшыл-әулиелер (сентименталистер) болды. Олар табиғатпен етене араласатын адамдарды шектен тыс пір тұтып: табиғат тек сұлулық қана емес, сонымен бірге молшылық пен шаттық бастауы – деп түсіндіреді. Бірақ табиғат философиясын олар мүлдем басқаша түсіндіреді. Олар табиғи тірщілікті сырттай ғана тамашалап қоймай, оны табиғат пен жеке адамның рухани өкілдері Шелли мен Байронның творчествосындағы табиғат философиясы еркіндік философиясы ретінде көрінді және олар дүниені әділетті түрде қайта құруға үндеді. Сентиментализм мен романтизмнің пайда болуы Еуропада капиталистік қатынастардың қатыгездігіне наразылық ретінде, қоғамның әлеуметтік шындығынан безінуі  нәтижесінде дүниеге келсе, бүгінгі әлем әдебиетіңдегі табиғатты дәріптеу ағымы одан гөрі өзгешелеу идеялық-эстетикалық бағытта жүргізілді,  себебі бұл ағымның қозғаушы күші мүлдем басқа тарихи-әлеуметтік алғышарттарға негізделді. Бірақ осы  ағымдардың барлығына тән ортақ идея – табиғатты дәріптеу,  оны тиімді пайдалану. Ал енді осылардағы шаруа тақырыбына келетін болсақ, оған нақты жауапты ХХ ғасырдың бірінші жартысыңдағы ағылшын романтизмінің көрнекті өкілі У.Вордсворттың «Лирикалық балладалар» атты шығармасына жазылған алғысөзінен табамыз. Ол былай деп жазды: «Дөрекі және күшті тітіркенгіштерсіз-ақ адамның ақыл-ойы толғанысқа түсе алады, сондақтан әрбір адамның түйісігінде: ақыл-ойдың сұлулығы мен мәртебесі туралы болмашы ғана болса да түсінік болуы керек. Менің ойымша, қай дәуірдің жазушы болсын,  оның алдына қояр ең негізгі мақсаты – адам бойындағы сол түсініктерді ояту және дамыту. Бұл әсіресе қазіргі таңда аса қажет болып отыр. Себебі осындай ұзақ тәжірибенің негізінде және тұрақты байланыстың нәтижесінде пайда болған сөздің ғұмыры – мәңгілік және мағынасы терең». Осыған орай, Еуропаның әдеби өміріне мұқият зер салып жүрген АС.Пушкин: «Толысқан сөз зергерінің өзі кейбір кездерде санаңды сарсытқан, бір сарынды күлдібадам шығырмалардан бас тартып, халықтық ойдың қайнарына бет бұрып... қарапайым жұрттың бедерлі тілі арқылы терең сезімді, көркем ойлы шығарма жазуға бет бұрған ағылшын ақындары сияқты... өзің бұрын жек көрген кәдімгі қарабайырлыққа ұмтылады», – деп жазды. Табиғат философиясы қоғамдық дүниетанымның сәулесі ретінде әр кезенде әр түрлі деңгейде дамыды. Сондықтан да адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты түсіндіру – сол дәуірдің белгісі және оны бейнелеудің кілті болып табылады. Тютчев ұстазы Райч ХIХ ғасырдың басында: «Табиғат – бәрімізге ортақ, бірақта ол бәрімізге бірдей емес және ол әр уақытта өзгеріп отырады», – деген еді. Бүгінгі күні сол пікірдің растығы дәлелденіп отыр.  Адам мен табиғат арасындағы қайшылық қазіргі әдебиет мәселелерінің ішінде үлкен орын алады. Ол адамзаттың даму сатысындағы табиғатпен арадағы қарама-қайшылықтың күре тамырын көрсетеді. Екінші кезеңге 70-80-ші жылдары жарық көрген, «табиғатты            қорғау – жер бетіндегі тіршілікті сақтау» идеясынан туындаған шығармаларды жатқызамыз. «Табиғатты бас игіздік, жеңдік» деп даурығып жүріп, өз-өзімізге қастандық жасағанымызды осы кезеңде ғана еске алғандығымызды жасыра алмаймыз.   Сондықтан, осы уақыттан бастап, экология мәселесі де әлеуметтік-экономикалық мазмұнға ие болып, әлемдік мәселеге айналды.

      Біз қазақ әдебиетіндегі «адам мен табиғат» арасындағы қарым – қатынасқа арналған шығармалардың бірінші кезеңіне тоқталғанда, 1928 жылы романтикалық рухта жазылған Мұхтар Әуезовтың әйгілі «Көксерегін» ауызға аламыз.  Қазіргі шығармалардың көпшілігінде кездесетін «құрып бара жатыр, суалып бара жатыр» деп дабыл қағу болмағанымен де  «Көксеректе» бірінші қатарға адамгершілік пен қарама-қайшылық көркем щығарманың ілхамына айналған. Кезінде «Көксеректегі» адам мен табиғат арасындағы байланыс пен қарама-қайшылықты бейнелеген автор идеясын бұрмалап, Көксеректің болмыс бітімінен әлдебір символиканы тауып,  оның емеуірінен саяси астар мен қателік іздегендер де табылған. Бұл белгілі бір топтардың авторға кінә таққысы, айып артқысы келгендегі сылтауы ғана болса керек.  Бірақ қаншама уақыт өтсе де қалың оқырмағанның осы шығармаға деген ыстық ықыласы ешқашан суымайды. Бұл күнде, «Көксерек» біз үшін классикалық шығарма.  Повесті  о бастан  оқығаннан-ақ, ғажайып картина көріп отыр. Қандай күйге түсесің. Тәптіштеуден бойын аулақ салған, жинақы сөйлемдер арқылы бейнеленген өмір суреттері көз алдында  тіріліп сала береді.  «Қар үстіне мүйіз тұяқтар тасырлатып, дүбірлетіп келді; Айқай,  дабыр молайды. Бірі үстіне-бірі келіп, жиын көбейді. Жерге ат үстінен тастаған  ағаштар сарт-сарт түсіп жатты. Ен аулында екі аяқтылар жыбырлады. Көргіш көздерін түбіне қабырлай алмай, жақын жерде жатыр еді».   Міне, әр сөйлем жеке кадр. Бауырындағы күшігінен айырылған қасқырлар маңайдағы елге маза бермеді. Қорадағы қойға, белдеудегі бұзауға, желідегі құлынға шапты. Автор қастандыққа тек қастаңдықтың  зұлымдыққа тек зұлымдықтың жауап беретінін осы алғашқы сөйлемдерімен-ақ ашық көрсетіп отыр.  

       М.Әуезов осы шығармасында адам мен табиғаттың гармониялық дамуын уағыздайды. Өзі сияқты табиғат туындысына қатігездікпен қарау адамдар  үшін де, соның ішінде кінәсіз, пәк Құрмаш үшін де трагедияға айналды.