ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КЕЗДЕСЕТІН ЭНТОМОФИЛЬДІ САҢЫРАУҚҰЛАҚТАРДЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Э.Т.Қуандықова

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент  қ.

 

ХХ-ғасырдың соңғы жылдарына дейін, көптеген биология ғылымының салаларының зор қарқынмен адам баласының тіршілігіне айтарлық прогрессивті әсер еткенін күнделікті тіршіліктен байқауға болады. Өйткені биология денсаулық сақтау саласынан және ауыл шаруашылығының негізі ғана болып қоймай, халық шаруашылығындағы өндірістегі жаңа техникалардың (бионика) қарқынды дамуына жол ашуда. Биология ғылымының жетістіктері жер бетіндегі тірі ағзалар қорын (орман–тоғайларды жайылымдарды, аңдарды, омыртқасыздарды т.б) дұрыс пайдаланудың кепілі болып саналады. Міне, сондықтан жердің биосферасын, оның зат айналу процесстерін зерттеу өте маңызды мәселе. Дүние жүзінің көптеген елдерінде ғылыми-зерттеу орталықтарында жануарлар, өсімдіктер дүниесін зерттеу өте маңызды орын алады. Әсіресе зиянкес жануарлар мен өсімдіктерді  анықтауға,зерттеуге,  олармен  күрестің жолдарын анықтауға көп  көңіл  бөлінуде.

Соңғы жылдардағы зерттеулер көрсеткендей, субстратта тіршілік ететін саңырауқұлақтарға экологиялық бақылау жүргізу еліміздегі микрофлорадағы саңырауқұлақтардың санын, яғни энтомопатогендерді және олардан өндіретін бағалы метаболиттер, сапалы өнімдердің тізімін толықтырады.

Энтомофильді саңырауқұлақтар орнықты тіршілік ететін экологиялық топтарға жатады. Олардың көптеген түрлері табиғатта басымдық белгісімен жәндіктермен және өрмекшітәрізділермен бірлесе трофикалық (қоректік) тіршілік етеді. Көптеген энтомофильді саңырауқұлақтардың  түрлері пайдалы жәндіктерде (ара, жібек көбелегі, құмырсқа және т.б) ауру тудырып, көп зиян тигізеді. Дегенмен соңғы кездері отандық ғалымдардың зерттеулері бойынша, энтомофильді саңырауқұлақтар патоген ретінде популяциядағы адам мен жануарларға зиян келтіретін жәндіктер мен өрмекшітәрізділердің санының азаюына көп ықпалын тигізуде. Бұл мәселе өзекті болғандықтан көптеген ғалымдар әлі де іздену үстінде. Себебі зиянкес жәндіктермен (маса, кене, бітелер және т.б.) күресуде  химиялық әдістерді жиі пайдаланудың әсерінен  биосфераға көп зиян тигізуде.

Энтомофильді саңырауқұлақтардың көпшілігі насекомдарда паразитті тіршілік етеді. Әр түрлі насекомдарда тіршілік етуге бейімделген қалталы саңырауқұлақтар класына жататын Laboubeniales қатарының 125-тей туысы, оның ішінде Laboulbenia, Richia, Corduceps және Clavicepitales-тың Clavicepus, Entomophthorales қатарының  Entomophthora туысының базидиальды саңырауқұлақтың Septobasidium сияқты туыстарының өкілдері, арнаулы насекомдар топтарында ғана тіршілік етеді.Бұл саңырауқұлақтың біразы насекомның сыртында эктотрофты мекендейді. Мұндай саңырауқұлақтар насекомдарға соншалық зиян келтіре қоймайды.Бұлардың қарым-қатынасы коменсальдық. Ал кейбіреулерінің мицелийлері насекомның кутикула қабатынан өтіп, ішкі органдарда мекендеп онда дамиды да, оның тіршілігін жояды.Оған мысал ретінде Entomophthora muscae, E.coronata, E. Culicis, Asperigillus flavus сияқты түрлерді жатқызуға болады.Сөйтіп энтомогенді саңырауқұлақтар насекомдармен симбиоздық қарым – қатынаста болады. Соның нәтижесінде наскомдардың денесінде, ішек қуыстарында ірі клеткалар мицетомдар түзеді. Суда мекендейтін Blastocladiales қатарына жататын саңырауқұлақтардың бір тұқымдасы атап айтқанда Coelomomucetaceae қос қанатты қан сорғыш насекомдардың суда дамитын сатыларының ауру қоздырғышы болып саналады. /1/

   Енді осы саңырауқұлақтың ішінде Жамбыл облысының Аса-Билікөл су бассейнінде қан сорғыш маса дернәсілдерінде кездесетін кейбір түрлеріне тоқталып өтеміз. Coelomomyces iliensis жайылмалы суларда мекендейтін Cx. modestus, Cx. рipens масалардың дернәсілдерінен саңырауқұлақтың бір түрі табылды. Табылған саңырауқұлақпен ауырған дернәсілдердің клиникасы жалпы Botrytis туысына жататын саңырауқұлақтармен ауырған дернәсілдермен сәйкес болған. Бұрыннан белгілі саңырауқұлақтардың сипаттамасына және саңырауқұлақтарды анықтайтын кестеге қарағанда табылған ауру қоздырғыштың бұрын кездескен саңырауқұлақтарға ешқандай ұқсастығы жоқтығы байқалды. Бұл саңырауқұлақтың түрі жаңа иесінде кездескендіктен  және сиппаттамасы басқа саңырауқұлақтарға ұқсас болмағандығы ескеріле отырып, табылған ауру қоздырғышы ғылымға саңырауқұлақтың жаңа түрі енгізілді. Кейіннен бұл ауру қоздырғыш Сарысу ауданының Үлкен Қамқалы, Кіші қамқалы елді мекендері мен Шу өзенінің жайылмаларында мекендейтін Culex туысындағы маса дернәсілдерінен және ауданының Шу өзені бойларымен құм жоталар арасындағы өзектерде  өсіп дамитын маса дернәсілдерінен да табылды. Жамбыл облысының Аса-Билікөл су бассейнінде Coelomomyces iliensis саңырауқұлағымен ауырған маса дернәсілдерін май айының бастап қыркүйекке дейін кездестіруге болады. Ауырған дернәсілдер екінші даму стадиясынан бастап біліне бастайды. Алғашқы кезде ауырған дернәсілдің денесі ақшылдау болып келсе, кейіннен Coelomomyces iliensis саңырауқұлақтары мен ауырған дернәсілдерге тән сары түске боялады, ал кейбір дернәсілдердің түсі қоңырлау келеді. Ауырған дернәсілдер түсінің осындай екі түрлі болуы дернәсілдердегі спорангидің санының аз-көптігіне және спорангидің қауашағының жұқа немесе қалың болуына байланысты. Ауырған дернәсілдердің қозғалысы баяу, сыртқы тітіркендіргіштерге, инеге немесе таяқшамен түрткенде ешқандай реакциясы жоқ, судың бетіне сирек шығып, су түбінде көбірек болады, сөйтіп сонда өледі. Ал осындай сулар келешекте бұл ауру қоздырғышын тарататын болады. Суда спорангийлер жетіліп, қауашағынан ажырайды, одан зооспоралар шығып суға немесе топыраққа жайылады. Сау маса дернәсілі зооспораның қорегімен  бірге жеп ауырады. Ішекке түскен зооспора қолайлы орта тауып, тұқым беретін мицелий түзеді. /2/

 Coelomomyces iliensis саңырауқұлағымен ауырған маса дернәсілдерінің сипаты 3-4 даму стадиясында  анық білінеді. Ал мұның туысына жататын саңырауқұлақтың қай түрімен ауырғанын анықтау үшін ауырған дернәсілді ыдыратып езіп, препарат жасап оны микроскоппен қарап біледі. Осы қоздырғышпен ауырған дернәсілдер көбнесе қуыршақ фазасына жетпей өледі.Бұл саңырауқұлақпен ауырған маса дернәсілдері бір жерден екінші жерге тастауға да төзімсіз келеді және оны 15-40 минөттың ішінде түгелдей қырылып қалады. Жаз айларының жылы уақытында осы саңырауқұлақпен ауырған көлдердегі маса дернәсілдерінің саны судың температурасына, деңгейіне байланысты болады. Жақсы жылитын тұрақты таяздау көлдерде осы саңырауқұлақпен ауырған дернәсілдердің саны көп болады. Мысалы маусым-шілде айында судың температурасы 30-350 С болғанда кейбір тұрақты көлшіктердегі маса популяциясының 80-90 пайызға дейін ауырған.

   Coelomomyces iliensis саңырауқұлағының қан сорғыш маса дернәсілдеріне залалды екенін байқаған соң, олардың ауру жұқтыру қасиетін жасанды жолмен қоздырып білу үшін зертханада және табиғи суларда көптеген тәжірибе жұмыстары жүргізілді. Зертханалық жағдайда 2-3 литрлік ыдысқа жарты литр қайнаған су құйып, оған  масасының 1-2 даму сатысындағы санаулы дернәсілдерін жіберген. Тәжірибедегі дернәсілдерді кепкен жемді ұнтақтап қоректендіріп тұрдық. Осындай дайындалған ыдысқа ауру қоздырғыштарды жібердік. Ауру қоздырғыш есебінде мынадай материалдар пайдаланылды:

1.      Coelomomyces саңырауқұлағымен ауырған маса дернәсілдерін езіп, суспензия жасап қолданды. Езілген дернәсілдердің саны әр түрлі болды (5, 10, 15, 20, 25).

2.      Осы саңырауқұлақпен ауырған дернәсілдерді тәжірибеге езбей жібереді, жіберілген дернәсілдердің саны әр түрлі болады (5, 10, 15, 20, 25).

3.      Осы қоздырғышпен ауырған маса дернәсілі бар судан әр мөлшерде су алып (100 мл, 200, 300, 400, 500) пайдаланылады.

4.      Мұндай саңырауқұлақпен ауырған дернәсілі бар судың топырағы алынды. Алынған топырақтың қалыңдығы 2-3 см ,салмағы әр түрлі болды (50, 100, 150, 200, 300г).

5.      Осы саңырауқұлақпен ауырған дернәсілі бар судан жиналған биомасса пайдаланылады. Салмағы  50, 100, 150, 200, 250 г болды.

   Осы жасалған тәжірибеден 7-8 күн өткен соң сау дернәсілдердің ауырғаны байқалды. Дернәсілдердің ауратындығы барлық тәжірибеде анықталды. Бірақ ауырған дернәсілдердің саны басқа тәжірибелерге қарағанда суспензия жасап жіберген тәжірибеде көп, 88 пайызға жетті. Ауырған дернәсілді езбей жіберу үшін екінші орын алды, 66 пайыз, ал қалғандарында аурған дернәсілдердің саны 16-35 пайыздан аспады. Бұл тәжірибелерге қарағанда ауру қоздырғыш неғұрлым көп жіберілсе, ауырған дернәсілдердің саны соғұрлым көп болады. Тәжірибедегі өлген дернәсілдерден препарат жасап, оны микроскоппен тексеріп, анықтап отырдық. /3/

               Табылған саңырауқұлақтарда спорангидің екі түрі, бірі қалың қабыршақты да, ал екіншісі жұқа қабыршақты болады. Қалың қабыршақты спорангий сыртқы ортаның қолайсыз жағдайына төзімді келеді. Табылған  саңырауқұлақтарға лабораториялық жағдайда жасалған тәжірибелердің қорытындысы оларды табиғи қан сорғыш маса дернәсілдері көптеп өсетін көлдерде, тоспаларда зерттеуге мүмкіндік берді. Тәжірибе  Cordyceps туысындағы маса дернәсілдері бар табиғи суларға, қолдан қазылған шұңқырлардағы суларға маса дернәсілдері жіберілді. Осы суларға ауру қоздырғыштың бір түрін салды, нәтижесінде ауру қоздырғыш дернәсілдер саны артты. Саңырауқұлақтың осындай қасиеті қан сорғыш маса дернәсілдерін құртуда өте тиімді. Қазіргі кезде шешілмей отырған мәселе –саңырауқұлақты жасанды ортада өсіру. /4/

Қорыта айтқанда жаңадан табылған Coelomomyces iliensis саңырауқұлақтары -  қан сорғыш маса дернәсілдерімен биологиялық күресте болашағы бар ауру қоздырғыштардың бірі. Өйткені спорангисі сыртқы ортаның қолайсыз жағдайына өте төзімді, ауру қоздырғышты кептіріп сақтауға болады, табиғи сулардағы сау маса дернәсілін оңай ауыртуға болады, аурған дернәсілдер қуыршақ фазасына жетпей өледі. Жәндіктің сыртқы түрі зақымдалған саңырауқұлақтың түріне және табиғатына немесе даму қарқындылығына байланысты келеді. Қолайлы жағдайда өскен және дамыған  саңырауқұлақ жәндіктің сыртқы денесін гифаларымен орап алады. Кейде саңырауқұлақ жәндіктің денесін толық орап алса, кейде қабырғасының жұқа жерлерде сегмент аралық жарғақтарында кездеседі. Мұндай аурумен ауырған жәндік денесі тығызданып шіріндіге айналады. Энтомофильді саңырауқұлақтар сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына төзімді келеді. Олар жәндіктер популяциясында споралардың жел арқылы тез таралуы арқылы зақымдалуы мүмкін. Сондықтан зиянкес жәндіктермен биологиялық күресу шаралары қазір де жүргізілуде. Соңғы жылдары саңырауқұлақтарды табиғи жағдайда таралуы үшін белгілі аумақты себу немесе шашу арқылы да пайдаланылады. Мұндай биологиялық күресу шаралары зиянкес жәндіктердің санының күрт өсіп кетпес үшін қолданылады       

 

Әдебиет

 

1.      Биологическая борьба с вредными насекомами и сорняками.Пер. с англ. Н.А.Емельяновой и др. Под ред. и предисл. канд. биологических наук Б.И.Рукавишникова. М., изд-во «Колос», 1967.

2.      Евлахова А.А. Перспективы использования энтомопатогенных грибов в биологической борьбе с вредными насекомыми. Микология и фитопатолия,-Москва: Изд-во «Наука», 1971-485с

3.      Коваль Э.З. Определитель энтомофильных грибов СССР.Изд. «Наукова Думка» Киев. 1974г

4.      Сулейменов Ж.Б. Хитинолитическая активность и вирулентность энтомопатогенного гриба. Павлодар. 1995-7 бет.