ДАЛА АГАМАСЫНЫҢ (Agama
ursini) БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ
М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті
Карабаева А.А. , Қуандықова Г.Т., Үкібаева Л.О.
Биологиялық
әртүрлілікті сақтау мәселесі бірнеше ондаған
жылдардан бері тек мамандар мен табиғат қорғаудың
жекелеген ынталы адамдарының
міндеті болудан қалды, себебі әрбір биологиялық түрді
жоғалту тек адамгершілікпен жалпы теориялық пікірлерге ғана
емес, сонымен қатар қоғамның экономикалық мүддесіне де нұқсан
келтіретіне адамзат баласының толықтай көзі жетті.
Қазақстан территориясының кең – байтақтығы
және оның Евразияның
дәл кіндігіндегі
географиялық
жағдайының
ерекшелігі, орманы мен ортаазия шөлдері және ортаазиялық
биік тауларының аралығындағы орналасуы – табиғат
жағдайының және осыған сәйкес өсімдіктер мен жануарлар
дүниесінің көп әрі әртүрлі болуына алып
келеді.
Осыған байланысты
Қазақстанда тіршілік ететін
бауырымен жорғалаушыларды зерттеу өте қажеттілік етеді. Агамалар тұқымдасынан
Оңтүстік Қазақстанда негізгі өкілі дала агмасы
кең тараған, саны жағынан өте көп,
әртүрлі тіршілік орталарда кездеседі және олардың
маңызы, биологиясы толық зерттелмеген. Солтүстік шекарасы
Каспийдің шығысы, солтүстік аралға дейін, сонымен
қатар, Балқаштан Алакөл өзеніне дейінгі жерде тіршілік
етеді. Дала агамасы шөлдің барлық типінде тіршілік етеді.
Тауға теңіз бетінен 1200м биіктікке шығады. Майда
құмды, сексауыл, жүзген, терескен, эфедра
ағаштарының арасында жүргенді қалайды. Мәдени
ландшафтардан да қашпайды. Олардың белсенділігі әр жынысты
жасына қарай әртүрлі. Сәуір айында олар
өздерінің панасынан 1-4 сағат, ал тамыз айында 1-6
сағат алыста жүреді. Бір кесірткелер күннің ортасында,
ал біреулері қысқа уақытта азанда не кешке шығады.
Жылдың
іртүрлі мезгілінде кесірткелер бұтақтың жанында
жүреді. Ең ыстық күндері аузын ашып, тілін
салаңдатып жүреді. Бұл кезде бұтақтар жеке
шекарасы қыстан кейін анықталады және аналық кесірткені
іздеу үшін керек. 1981 ж. 12 сәуір күннің
мәліметі бойынша аталық кесірткелер бұтақтарды
егеленген.
Қоректену кезінде
агамалар бір бұтақтан екінші бұтаққа
жүгіоіп, тоқтап, жан – жағына қарайды. Жас дала
агамалар құмырсқа илеуінің жанына келіп, жүріп
бара жатқан қорегін күтіп тұрады. Ұшатын
жәндіктермен қоректенгенде 20-30 см биіктіке секіріп,
ұстайды. Жүкті ұрғашы кесірткелер көбіне
тығылуға тырысады.
Үлкен кесірткелер
2-3 особі бірге жүреді, бірақ ешқашанда екі еркек кесіртке
бірге жүрмейді. Жаңа кесіртке туылғанда көбінесе
інінің жанында жүреді.
Агамалардың
қорегі насекомдардан тұрады. Күзде асқазандары тек құмырсқаларға
толы болады. Көктемде олар өсімдіктермен де қоректенеді.
Оңтүстік
Балқаш маңында екінші қыстан кейінгі, екі жасында
көбейе бастайды. Олар 16-18 жұмыртқаға дейін туады.
Инкубациясы екі айға дейін созылады.
Зерттеу барысында біз 12
дала агамасының морфологиясын
анықтадық (1кесте).
Дала
агмасының түсі сұр, көңыр болып келеді,
үстінгі жағында көптеген түрлі-түсті
көгілдір, жасыл, қоңыр дақтары болады.
Құрсағы ақ түсті, екі шетінен қара жолақтары
болады.
Аналықтарының
(п=6) орташа дене ұзындығы 85 мм,
құйрығының ұзындығы 58 мм, салмағы
405 грамм. Аталықтарының (п=6) дене ұзындығы 82 мм,
құйрығының ұзындығы 54 мм, салмағы
380 грамм. Аналықтарымен аталықтарын арасында дене мөлшерінде
(t=4,5) жыныстық диморфизм байқауға болады.
Құйрығының ұзындығы бойынша
аталықтарында 54 мм, аналықтары 58 мм, жыныстық диморфизм
айқын бар (t=4,2).
Қалған
барлық 10 морфометриялық көрсеткіштер бойынша жыныстық
айырмашылықтар бар, тек қана мұрын және көз аралық
қабыршақтары көрсеткішінде жыныстық диморфизм
жоқ.
№ 1 кесте Дала агамасының (Agama ursini) морфометриялық сипаттамасы
|
№ |
Көрсеткіштері |
Жынысы |
M±m |
Lim |
D |
C8 |
T ♂♀ |
|
1 |
Дене ұзындығы |
♂ ♀ ♂♀ |
82±1,58 85±1,89 83.5±1,56 |
64-95 63-91 63-95 |
7,1 9,05 8,48 |
12,4 14,7 13,9 |
4,5 |
|
2 |
Құйрығының
ұзындығы |
♂ ♀ ♂♀ |
54±1,34 58 11,85 56±1,57 |
41-63 40-62 40-63 |
6,82 7,91 8,48 |
19,1 18,7 18,9 |
4,2 |
|
3 |
Басының ұзындығы |
♂ ♀ ♂♀ |
28±0,84 31±1,02 29±0,95 |
22-31 21-30 21-36 |
8,02 9,01 8,56 |
17,5 18,2 17,9 |
3,2 |
|
4 |
Басының биіктігі |
♂ ♀ ♂♀ |
16±0,34 17±0,41 16,5±0,38 |
12-19 12-20 12-20 |
1,34 1,76 1,55 |
12,3 12,9 12,6 |
2,0 |
|
5 |
Көзаралық қабыршақтары |
♂ ♀ ♂♀ |
5±0,81 7±0,94 6±0,86 |
4-6 4-8 4-8 |
0,78 0,82 0,80 |
11,8 11,4 11,6 |
2,8 |
|
6 |
Мұрын арты үлкейген қабыршақтары |
♂ ♀ ♂♀ |
5±0,91 6±0,97 5,5±0,94 |
3-7 3-8 3-8 |
0,81 0,88 0,84 |
12,4 11,8 12,0 |
2,5 |
|
7 |
Мұрын және көз аралық қабыршақтары |
♂ ♀ ♂♀ |
6±0,07 6±0,08 6±0,08 |
4-8 4-8 4-8 |
0,73 0,075 0,73 |
19,5 19,6 19,5 |
0,75 |
|
8 |
Жақ асты қабыршақтары |
♂ ♀ ♂♀ |
7±0,51 8±0,45 7,5±0,47 |
6-8 6-10 6-10 |
0,81 0,84 0,82 |
17,3 16,8 17,1 |
3,0 |
|
9 |
Ерін үсті қабыршақтары |
♂ ♀ ♂♀ |
6±0,54 7±0,82 6,5±0,71 |
5-7 5-9 5-9 |
2,11 3,43 2,89 |
13,6 14,7 14,2 |
2,4 |
|
10 |
Ерін асты қабыршақтары |
♂ ♀ ♂♀ |
8±0,41 9±0,55 8,5±0,49 |
6-9 6-10 6-1 |
0,78 0,85 0,83 |
17,5 16,8 17,2 |
2,9 |
|
11 |
4-саусақты асты қабыршақтары |
♂ ♀ ♂♀ |
6±0,48 7±0,53 6,5±0,51 |
4-8 4-9 4-9 |
3,82 4,01 3,95 |
10,8 11,2 10,5 |
2,6 |
|
12 |
Аналь қабыршақтары |
♂ ♀ ♂♀ |
9±0,49 11±0,64 10±0,58 |
7-11 6-13 6-13 |
4,02 3,85 3,91 |
13,2 15,2 14,8 |
3,5 |
|
13 |
Салмағы, гр. |
♂ ♀ ♂♀ |
405±0,85 380±0,91 395±0,88 |
158-425 160-405 160-405 |
4,21 3,81 3,99 |
14,5 13,6 13,9 |
2,9 |
Жылдам
кесірткенің ересектерінің денесінің үстінгі
жақтарының түсі біртіндеп сұр түстен
қоңырлап өзгереді, ұзына бойы орналасқан
қара түсті жолақтары болады және арасында түрлі
формада дақтары орналасады. Денесінің бүйірінде және
кеудесінде көгілдір түсті көзшелер орналасқан.
Құрсақ жағы сары түсті.
Біз зерттеген 15 туркестан агамасының особьтарында барлық 13
морфометрилық көрметкіштер бойынша аталықтарымен және
аналықтарында жыныстық диморфизм бар. Мысалы дене узындығы
көрсеткіші бойынша (t=4,2); құйрығының ұзындығы
(t= 3,8); ерін
асты қабыршақтарының санында (t=3,9); мұрын арты
үлкейген
қабыршақтары бойынша ( t=3,9)
және аналь қабыршақтары көрсеткішінде (t=3,2).
Таралуы,
мекен ортасы. Агамалар Пакистанда, Иранда,
Афганистанда, Кавказда, Россияда, Орта Азияда кездеседі.
Қазақстанда агамалар тұқымдасынан дала агамасы далалы , туркестан агамасы
таулы жерлерде Үстіртте,
Маңғышлақта, Оралда, Оңтүстікте кездеседі.
Дала агамасы
әртурлі мекен ортада
таралған: құм, шөл, шөлейт, тау, таудың
етектерінде.
Туркестан
агамасы құмда, шөл,
шөлейт, таудың етектерінде кездеседі.
Бұл кесірткелердің бір
ерекшелігі адамға жақын жүреді: бау-бақшада,
құдықтардың алдында, арықтарда, жолдың
жағалауында.
Белсенділігі. Көктемде
және күзде дала агамасы және туркестан агамасы күндіз белсенді болады.
Жазда белсенділіктің екі қарбаласы болады.
Қыстаудан кейін жер бетіне
шығу наурыз айының соңында - сәуір айының басында
болады. Бірінші болып жер бетіне жас особьтары шығады, кейін
аталықтары, соңынан аналықтары.
Алғаш рет дала агамасын сәуір айының басында кездестірілді (Шымкент қаласының төңірегінде).
Күннің бірінші жартысында екінші жартысыны қарағанда
қозғалмалы болады.
Соңғы рет біз дала агамасын қазан айының соңында кездестірдік.
Қыстауға қазан айының соңында қараша
айының басында кетеді.
Жазда ортаның қолайлы
температурасы бүкіл жануарларға 35,5-39,5, ал
топырақтың температурасы 18-45 градус.
Мінез
– құлқы. Дала агамасының тіршілігінде жеке мекендейтін территориясы өте
үлкен болуы керек. Құйрығының ұзын болуы қимылдық
жылдамдығына және бұрылудың дәлдігіне әсер
етеді.
Стресс кезінде дала агамасы ашық түске боялады, әсіресе
көгілдір көздерінің түсі өзгереді. Ірі
жыландармен, мысалы оқ жыланмен кездескенде қимылсыз қалады. Ал дала агамасын адам
ұстағанда ол тез арада денесін бос ұстап өлік
сияқты бөс болып
кетеді, білмей қолдан тастасақ ол тез жылдам уясына қашады.
Толық жетілген аналықтарын аталықтары қуған
кезде қарсылық
көрсетеді және тістейді. Сәтті жұптасудан кейін
жанжаққа тарап, қоректенуге кірісед. Жұптасу тітіркену
және құйрықтарының толқын тәрізді
қозғалыспен бірге жүреді. Жұмыртқа салған
аналық баяу және сенімсіз қозғалады. Туркестан гекконын
біз террариумда ұстадық, бірақ олар көп жасамады
еркіндіксізде.
Баспана. Біз зерттеген кесірткелер
әртүрлі баспаналарды қолданады: кеміргіштердің інінде,
жылғаларда, тастар арасында, ағаштардың астында. Жазғы
індерінің ұзындығы 19-35 см, тереңдігі 5-8 см болады.
Кесірткелер тереңдікте қыстайды.
1
желтоқсанда 2008 жылы ұзындығы 75-98 мм, салмағы 9,5
грамм кесіртке тереңдігі 42 см қазылған траншеядан туркестан
гекконының 3 особы табылған. Бір баспанада жұптар немесе жас
түрлері кездеседі, бірақ аталықтары сыйыспайды.
Көбеюі.
Көктемде аталықтар арасында аналықтар үшін күрес
басталады. Жеңген аталық кесіртке өзінің
таңдаған аналық кесірткені ерекше күтімге алады.
Яғни аналық кесірткелердің жамбас бөлігінен тістеп,
біраз уақыт көтеріп жүреді.
Жынысты
жетілген дала агамасының аналықтарының дене
ұзындығы 65-82 мм арасында болады. Бірінші рет көбеюді
сәуір айының соңында байқауға болады. Ол кезде
аналықтарының овоциттерінің көлемі 1-5 мм болады. Мамыр
айының соңында овоциттер 6-8 мм-ге жетеді. Жұмыртқаның
жетілуі аналықтарында түрлі кезде өтеді.
Жұмыртқаның дамуы 48-50 күнге созылады.
Жұмыртқа салған аналықтары қатты азып,
салмағы кемеиеді.
Зерттеген
кесірткелердің аталықтарының жыныс бездері ақпан-наурыз
айларында қыстаудан шығысымен жылдам дамиды.
Аталық
бездерінің максимальды дамуы ақпан айыының соңына,
маусым айының басына келеді, шілде айының басында оларда депрессия
байқалады. Аталық бездерінің орташа көлемі
сәуірде 5,8x3,6 , мамырда 6х 3,9, маусымда 6,2x4, шілдеде 6,5x4,2, ал
тамыз айының соңында 6,7x5.
Аналықтарында керісінше
жыныс бездерінің салмағы жай көтеріледі. Қыстаудан шыққан
аналықтарында жыныс безіне майда мөлдір диаметрі 0,8-2 мм
фолликулаларды кездестірдік.
Топтасып
жұмыртқа салу кезеңі мамыр айының соңында, маусым
айының басына келеді. Кесірткелердің салмақты өкілдері
мамыр айында 4-5 жұмыртқа салады.
Күзде
барлық аналықтарының бездерінде тек майда мөлдір
фолликулаларды кездестірдік.
Дала агамасының
популяцияларының
жыныстық құрамында аналықтарының саны
көп болады.
Шектеуші фактор. Дала агамасының және
туркестан гекконның кең таралғанына қарамастан
және саны жоғары болсада жауы көп болады. Жаулары: сұр
кесел, усыз және улы жыландар, жыртқыш құстар,
құлақты кірпі т.б.
Қоректенуі. Біз зерттеген 12 дала агамасының және 15 туркестан
агамасының қорегі 6
отрядқа жататын насекомдар болып табылады. Көбінесе жарғаққанаттылар
(құмырсқалар); қаттықанаттылар кылтырақ қоңыз, чернотелкалар,
долгоносиктер, жапырақ жегіш; қабыршаққанаттылар; қосқанттылар;өрмекшітәрізділер;
тікқанаттылар). Дала агамасы зиянды насекомдарды жоюшы ретінде пайдалы
болып табылады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Параскив К.П.
Пресмыкающиеся Казахстана. Алма-Ата. 1956
2.
Антипин В.М. Очерки
наземных позвоночных хребта Каратау. Бюлл.МОИП. Отд.биол., Т 60, вып.1, 1955
3.
Параскив К.П. О фауне
земноводных и пресмыкающихся западного Казахстана. Тр.Ин-та зоол. АН КазССР.
Алма-Ата, 1960
4.
Бердибаева Н.А.
Пресмыкающиеся и земноводные Восточно-Казахстанской области. Автореф.канд.дисс.
биол.наук, Л., 1978
5.
Брушко З.К. Ящерицы
пустынь Казахстана. Алматы, Қонжық,1995.
6.
Иголкина В.А.
Особенности экологии ящериц. // Фауна и
экология амфибий и рептилий. Краснодар, 1987.
7.
Ваккер В.Г. Рептилии юга
Казахстана и их роль.// Автореферат кандидатской диссертации. Алма-ата, 1996.
8.
Щербак Н.Н. Ящурки
Палеарктики. Киев, 1974
9.
Қазақстан
Қызыл Кітабы. Алматы, Қонжық, 1996
10. Богданов О.П. Экология пресмыкающихся Средней Азии.
Ташкент, 1964
11. Иголкина В.А. Серый варан. // Природа, 1991.
12. Полянский А.Н.. Жизнь
животных. Том 4.
Москва,
Просвещение, 1987
13. Богданов
О.П. Ящерицы Средней Азии. Ташкент, Укитувчи, 1986.
14. Лукина
Г.П. Пресмыкающиеся Западного Прикавказья. Ростов,
1986
15. Щербак
Н.Н. Ящерицы Палеарктики. Киев. Наук. Щумка, 1988.
16.Брам А.Ә. Жизнь животных. Том 3,Москва Терра-трра, 1992
17. Петерс Г.С. Ящурки. Москва, Знание, 1998
18. Таращук
В.И. Распространение и численность пресмыкающихся
Средней Азии. Киев, 1989
19. Хантце
А.И. Фауна, биотопическое распределение, экология
рептилий.// Зоол.журнал, Москва, 1989.
20. Дунаев Е.А. Изучение экологии ящериц рода настоящие.//
Природа, 1988.
21. Интернет мәліметтері.
22.Аззель Т.М. Современное распространение
партеногенетических ящериц. Тез. Докл.5 Всес.герпет.конф. Л., 1981
23.
Ищенко С.Т. Методы
полевых сборов и лабораторной обработки пресмыкающихся. / Руководство по
изучению земноводных и пресмыкающихся. Киев, 1989.
24.
Таращук С.В. Схема
морфометрической обработки представителей земноводных и пресмыкающихся. /
Руководство по изучению земноводных и пресмыкающихся. Киев, 1989.
25. Банников
А.Г., Даревский И.С., Ищенко В.Г., Рустамов А.К.,
Щербак Н.Н. Определитель земноводных и пресмыкающихся фауны
СССР. М., 1977.
26.
Редкие животные
Казахстана. Алма-Ата, 1986.
27.
Редкие животные пустынь.
Алма-Ата, 1990.
28.
Наумов С.П.
Омыртқалылар зоологиясы, Алма-ата, Мектеп, 1986.