ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КЕЗДЕСЕТІН
ҚАН СОРҒЫШ МАСАЛАРМЕН
КҮРЕСУДІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ
Г.Т.Қуандықова.
М.Х.Дулати атындағы
Тараз Мемлекеттік университеті, Тараз қ.
Қоғамымыздың
дамуына байланысты жұқпалы және паразиттік аурулармен
күресуде айтарлықтай жетістіктерге жеткеніне қарамастан
дүние жүзінің біраз аймақтарында, соның ішінде
Қазақстанда да көптеген аурулар мен паразиттік
кеселдерге күрес ұдайы ұйымдастырылуда.
Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының
(ДДҰ) мәліметтері бойынша жыл сайын әлемде қайтыс болатын
51 миллион адамның 16 миллион жұқпалы және паразиттік
аурулардан қайтыс болады. Сол себептен
паразиттік жұқпалы аурулармен (туляремия,
Сібір жолағы, безгек ауру т.б.) күресуде
ғылыми тәжірбиелердің дәлелденген әдістерін
пайдалану қоғамының, мемлекеттің ісі.
Қосқанаттылар тобына жататын
қансорғыш масалар табиғатта ерекше орын алатын ағзалар
болып саналады. Әрқашан адам мен жануарлар тіршілігінде маза бермейтін, қансоратын
түрлерінің пайдалы да, зиянды да қасиеттері бар.Өйткені
бірінші жағдайда олар астық қанды ағзалардың
қанын соруы арқылы ұрпақ қалдыруды пайдаланса,
екіншіден жұқпалы ауруларды таратын қауіпті қасиеттерімен
белгілі.
Осы
жоғарыда айтылған тұрғыдан қарағанда,
Жамбыл облысының таулы, далалы, орманды-тоғайлы ландшафтарында су
қоймалары, көлдері, өзен бойлары, суармалы егістіктері
жеткілікті. Әрине географиялық орындары алшақ
болғанымен қансорғыш масалар, соналар, шіркейлер
шоғырланған қауіпті «ошақтар» бар. Оларға:
Аса-Билікөл су бассейні (Бөгеткөл, Ақкөл,
Домалақ көл, Ащыкөл), Талас су бассейні («Бостандық»
тоғаны, Жиімбет тоғаны, Жәдік
көлі, Бөлтірік тоғаны, Үлкен және кіші Қамқалы
т.б), Шу-Таскөл су бассейндері мен құм жоталар
арасындағы бұлақтар мен артезиян құдықтардан
құралған көлшіктер, жайылмалар мен қақтар
және суармалы егістік жерлер жатады. Мұндай ірі
өзен-көл мен қашқан сулар масалармен шіркейлердің
өте көп мөлшерде көбеюлері жауын-шашынның мол жылдарына сәйкес келеді. Дегенмен
қуаңшылдарға қарамастан Бетбақдаладағы
ақбөкеннің тұяғына жиналған жауынның
тамшысына жиналған судың өзінде-ақ Аеdеs vexans деп
аталатын маса дернәсілдерінен ересектерін өрбіте алады,
ызыңдауы нашар естілетін осы бір кішкентай масалар жабайы
аңдарға ілесіп жүріп зиянын тигізеді.
Жамбыл
облысы территориясының алуан түрлілігіне байланысты
қансорғыш масалардың маусымдық өзгеруі
оңтүстігі мен солтүстігінде
төмендегі диаграммалардан айқын көрінеді (1-2
диаграмма).
1-диаграмма

2- диаграмма

Жамбыл
облысының оңтүстік өңірлерінде таралған
масалардың жылы кезінде (наурыз-қыркүйек) маусымдық
жоғары көрсеткіші сәуір және қыркүйек
айларына келетін болса, солтүстік өңірлерде осы
көрсеткіш мамыр-шілде-қыркүйек айларында масалардың
көптеп ұшуы және
жан-жануарларға, адамға шабуылы күшейеді. Солтүстік
өңірлерде күз
айының алғашқы суықтарында көптеген
масалардың популяциясы қырылып, аз ғана түрі
қыстап шығу фазасына айналады, бұл құбылыс
биоценологиялық реттеуші
құбылыс болып есептелінеді.
Жамбыл облысында кездесетін
қансорғыш масалардың экологиялық топтарының
ішінде имаго, жұмыртқа және дернәсіл сатысында
кездесетін түрлері де бар. Оңтүстік аудандарда имаго
сатысында қыстайтын түрлері бар. Олардың ішінді негізінен Culex және Anopheles
туыстары жатады. Олардың тіршілік әрекеті дамуымен тікелей
байланысты. Жылдың
жылы күндері-масаларда генерация
процессі температуралық
жағдайларға байланысты
әртүрлі болады. Зертханалық жағдайда бұл түрлер жұмыртқадан имагоға
айналуы 22-300С 13-20
күн аралығында жетіледі.
Э.Р.Геллердің зерттеуі бойынша Culex және Anopheles
түрлері солтүстік бөліктерде екі генерациядан өтеді.
Жаздың екінші жартысында бұл түрлердің саны бірден
өсіп, 9-12 цикл жасайды.
Табиғатта зиянкес “гнус” -
қосқанатты қансорғыш масалардың жаулары
көп, яғни олардың ауру тудыратын организмдер – вирустар,
бактериялар энтомопатогенді саңырауқұлақтар,
қарапайымдылар, гельминттер және де көптеген омыртқасыздар, жыртқыш насекомдардың
дернәсілдері, балықтар, құстардың түрлері. Егер табиғи реттеуші
болмаса, масалардың жер бетін қаптап кету қаупі айқын. Сондықтан да дүние
жүзінің ғалымдары,
әсіресе энтомологтар, гельминтологтар масаларды зерттеу жұмысына
көптеп көңіл бөліп келеді. Бүгінгі күні
масаларға қарсы дайындалған тиімді биологиялық
препараттар (бактериялық – Bacillus thuringiensis H – 14, B.sphaericus),
түсті вирус (сәулелі вирус, энтомопатогенді
саңырауқұлақ түрі - Entomophthora aquatica т.б.) белгілі. /2,3/ Бұл,
масаның ауру қоздырғыштарының
әрқайсының әр түрлі биологиялық
ерекшеліктері бар және егер осы патогендер ауырған маса
дернәсілдері не қуыршақтары болатын болса, ол міндетті
түрде ересек түріне
(имагоға) айналмай өледі.
1-кесте
Бактериялық
препарат – экзотоксинді маса дернәсілдеріне
қолдану тәжірибесінің
нәтижесі
|
Экзотоксиннің
концентрациясы, % |
Бактериялық
препатты қолданудағы масаның жойылуы |
|
|
1 –
тәулікте |
2 –
тәулікте |
|
|
3,0 1,0 0,5 0,25 0,1 бақылау |
98,0 94,0 96,0 96,0 64,0 52,0 |
100 100 100 100 84,0 73,0 |
Жоғарыдағы
кестеде тәжірибе бойынша маса дернәсілдеріне қарсы
қолданылған экзотоксиннің
әртүрлі концентрациясы масаның жойылуына
әртүрлі әсер етеді. Зерттеу бойынша 100%-тік масаның
өлуі 0,25 – 3,0 пайыздық экзотоксиннің концентрациясынан
байқалады. Эксперимент бойынша бактериялық препараттардың аз ғана концентрациясының
өзі қансорғыш насекомдардың судағы формаларын
реттеуде тиімді екені байқалады, өйткені экзотоксин суда тез еріп,
таралатын препарат.
2-кесте
Кейбір гидробионттар мен жыртқыш насекомдардың
масалардың дернәсілімен қоректенуінің сандық
көрсеткіші
|
Жыртқыштар |
Маса дернәсілдерінің
түрлері |
Дернәсілдің өсу сатысы |
Тәжіри-бенің саны |
Желінген дернәсіл саны |
|
|
12 сағат |
24 сағат |
||||
|
Инелік дернәсілдері (стрекоза) |
С.(A)obsoletus |
IV |
6 |
1-3 |
2-10 |
|
Жылғалықтар (ручейники) |
C.(O)maritimus |
IV |
3 |
- |
1-2 |
|
Су бүргесі (гладыш) |
C.(C)pictipennis |
IV |
3 |
20-33 |
50 |
|
Су қоңызы (плавун) |
С.(A)obsoletus |
IV |
2 |
9-10 |
14-20 |
|
Сүңгуір қоңыз (плавунец) |
С.(A)obsoletus |
IV |
2 |
42-48 |
51-61 |
|
Голец (балық) |
C.(O)maritimus |
III |
3 |
147-160 |
183-378 |
Міне, бұл кестеге қарайтын
болсақ, насекомдардың
судағы формаларының, су жәндіктерінің
қоректік зат қорына масаның дернәсілдері кіретінін
көреміз, бірақ әр түрдің өзіндік ерекшеліктерімен, бірі көп пайдаланса,
бірі аз қоректенеді. Балықтардан
Дүние жүзінде
жерсіндірілген (маса дернәсілдеріне қарсы) гамбузия
балықтарынан басқа да балықтың түрлері маса
дернәсілдерімен қоректенеді.
Бұл, жоғарыда аталған
масалардың табиғи реттеушілерін олармен күресте
қолданудың көптеген биологиялық ерекшеліктері бар. Ол:
1. Әрбір паразиттік, масаның
жауларының өсіп-өну ортасына байланысты биологиялық ерекшеліктерін
анықтау.
2. Насеком–иесі мен паразит арасындағы
биологиялық қатынастың
деңгейі, яғни паразитизмнің %-тік мөлшерін
(экстенсивті, интенсивті) анықтау.
3. Жерсіндендіру (интродукция) және
әртүрлі паразитті комплексті қолдану мәселесінде
шешілетін биологиялық әдістерді сараптау.
4. Лабораториялық жолмен алынған
биологиялық препараттарды шығаруды өндірістік негізге
қою.
Осындай мәселелер шешімін тауып жатса,
масалардың әсіресе өте көптен кездесетін жерлерінде популяция санын азайтып реттеуге болады.
Әдебиет
1. Абильдаев М.А.,
Ахметбекова Р.Т., Дубицкий А.М Қансорғыш насекомдар және
олармен күресудің биологиялық әдістері. Қайнар
1979ж
2. Губайдулин Н.А.
Мермитиды кровососущих насекомых юго-востока и востока Казахстана // Тез.докл.
и сообщ. І конф. (ІХ Совещание) по нематодам растений, насекомых, почвы и вод.
(Ташкент, 16-18 сент. 1981г)–Ташкент.–1981–с. 263-264.
3. Торыбаев
Х. Қ Энтомофаг насекомдар. Алматы 2009ж