ФИТОФИЛЬДІ БАЛЫҚТАРДЫҢ УЫЛДЫРЫҚТАРЫН

ЖАСАНДЫ ОРТАДА ӨСІРУ

 

Қуандықова Г.Т.,Үкібаева Л.О.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қаласы.

 

Су  қоймадағы  су  мөлшерінің  тұрақсыз  жағалау  белдеуінде  көктем  мерзімінде  жасақталатын  тоғандар  түрі. Бұл  тоғандардың  құрастырылымы өсірілетін балық   түрі  мен  олардың  өсіріп  бапталу   жағдайын  тікелей  байланысты  құрастырылады. Фитофильді  балықтар  уылдырықтарын жасанды  ортада  өсіру  үшін  мемелекеттік  ғылыми-зерттеу институтының  көл және  өзен  шаруашылығы ұсынған  әдістемелік  нұсқау  пайдаланылады. Мұндай жасанды  тоғандардың  кең   таралған   түрлеріне тыран, торта, көксерке  және т.б. фитофильді  балықтың түрлері  жүзуіне   арналған. Жиекті тоғандар,  ұялы  тоғандар  жасанды  фитофильді  балықтарды  жасанды  ортада өсірумен  айналысады.

Жасанды  тоғандарды құрастыру  кезінде  көп жағдайда  өсімдік  субстраты-қарағай бұтағы, шырша, қылқан жапырақтылар  жапырағы,  ескі сабан, қырық жапырақ  пайдаланылады. Бірақ  өсімдік  субстраты   тек   бір  арнайы  мерзімге  ғана тоғандарды  жасауға  жарайды. Сондықтан  қазіргі  таңда  өсімдік  субстратын  алмастыратын  өте  тиімді синтетикалық  материалдардан  құрастырылатын  жасанды  тоғандарды  жасау  жолдары қарастырылуда. Нәтижесінде синтетикалық  картонды материал таңдап  алынды. Ол  өте  шыдамды, шірімейді, жоғары   деңгейлі   тығыздыққа  ие, бірнеше  мерзімді  тоғандарға   пайдаланады. Сондай-ақ картонды  анилинді  бояумен оңай  бояуға  болады. Көксерке  балығы  үшін  мысалы, субстрат  қоңыр  немесе қызғылт түске, ал тыран  балықты  өсіру ортасы жасыл немесе  жасыл-сары  түске  боялуы  қажет.

Жасанды  фитофильді  балық  уылдырығын  өсіру  ортасын құрастыру  үшін  ең қолайлы  орын  табиғи  тоғанның  акваториялық  орны   болып  саналады. Су биоценоздарындағы балықтардың орыны. Су айдындарында балық барлық оның мекендеушілерімен қарым-қатынаста болады. Бұл қарым –қатынастар бір (түрішілік байланыстар) және әр түрлі (түраралық байланыстар)  балықтар арасында және балықтар мен басқа жүйелік топтар  өкілдері арасында пайда болады. Қоректену (пайдаланушы мен қоректің, жыртқыш пен құрбанның, паразит пен қожайынның  және т.б.) жаудан қорғану (үйірдің пайда болуы, ұямен,шабақтарды қорғау, қамқоршылық рең) көбею (әр түрлі жыныс өкілдерінің,ата-анамен ұрпақтың, территорияны қорғау, уылдырық шашу кезеңінде субстратты таңдау  байланыстары) кезінде алуан түрлі байланыстар пайда болады. Су айдынында мекендеушілердің биотикалық және абиотикалық байланыстары бір-бірімен араласып жатады. Осы бір өте күрделі процестің нәтижесінде ағзаның өмір сүру ортасымен біртұтастығы пайда болады.

Эволюция барысында қалыптасқан балықтардың түр іші қатынастары түрдің өмір сүруін қамтамасыз етеді. Бір түрдегі балықтардың маңызы  мінез-құлықтың элементі болып ,олардың әр түрлі  топтастықтар құруы табылады. Олардың негізгілері - ұйір ,топтасу (шоғырлану) және  шабын үйір–балықтардың мінез-құлқының ұқсастықтарымен сипатталатын  топтастық. Оны биологиялық жағдаймен жасы жақын особтар құрайды (қорек іздеу барысында, өрістеуде, қыстауды). Үйірді  түрлердің барлығы бірдей құрай бермейді. Үйірлі өмір сүру ең алдымен планктонмен қоректенуші балықтарға, мысалы, май шабақтарға тән. Кейбір түрлер үйірге өз өмірінің тек бастапқы кезеңінде ғана бірігеді, жасы ұлғайғасын олар тек белгілі бір мезгілде ғана жиналады (тұқытұқымдастар,көпшілік жыртқыштар және т.б.).   

Үйірдің құрылуының үлкен бейімделінушілік мәні бар. Ол қауіпті басқалардан бұрын байқайды және жыртқыш жақындаған жағдайда олардың бір-біріне өте тығыз жайғасуы соншалықты, жыртқыш олардың ішінен бір балықты ұстай ала алмайды, жыртқыш жеке тұрған балықты тезірек ұстай алады. Үйір аулау  құралдарынан да  оңай құтылады. Ол қоректік ағзалардың шоғырын тезірек табады. Өрістеу кезінде  жақсырақ  бағдарлануды және жолды тезірек табады. Топтасу-өмірдің әр түрлі  кезеңдерінде бірнеше үйірден құралған уақытша топтастық. Өрістеу  топтасуы ұзақ сапарға шыққан ,мысалы уылдырық шашу мекеніне  (қиыр шығыс  албырттарының теңізден өзенге немесе Европаның жылан балықтың өзеннен теңізге өрлеуі),қыстау мекендеріне (тұқы тұқымдастардың,жайын тұқымдастардың және басқа балықтардың күзде Еділ  Атырауына өрлеу), қоректенуге (өндірушілермен шабақтардың уылдырық шашу мекенінен қайтуы) балықтардан құралады. Уылдырық шашатын  топтасулар кәмелетке жеткен особтардан уылдырық шашу кезінде құралады. Мысалы, Еділ, Дон өзендерінде орналасқан уылдырық шашу мекеніндегі сазанның топтасуы. Қоңдану (семіру)  топтасуы азықтық аудандарда  жиналған балықтардан тұрады.   

Қыстау топтасуы қыстау  мекендерінде, мысалы, Еділ Атырау шұңқырларында жиналған балықтардан тұрады. Табын (популяция)-су айдынының белгілі бір бөлігін тұрақты  мекендейтін,бір түрдің әр түрлі жастағы балықтарының өзін -өзі қайта  өндіретін жергілікті  топтануы. Табынның көбейетін, қоңданаты және қыстайтын белгілі  мекендері болады. Әр түрлі жергілікті табындардың балықтарында кейбір  морфологиялық  ерекшеліктер болады.    Балықтардың түр іші аралық қарым –қатынастарының алуан түрлілігі-үйірлік мінез-құлықта және қоректік қатынастарда көбеюі  кезіндегі неке ойындарымен ұя құру кезінде пайда болатын әр түрлі жыныста балықтар арасындағы қатынасты, ұрпағын қорғайтын түрлердің шабақтарымен ата-аналарының қатынасында және олардың абиотикалық ортаны  метаболизм өнімдері мен өзгерту арқылы бір-біріне етер ықпалында көрініс табады. [1]       

Балықтардың түр аралық  байланысының да түрі аз емес. Әр түрдің балықтарында,өздері қалыптасатын ортаның жағдайларына  жақсырақ  бейімделуге жәрдем беретін,олардың өздеріне ғана тән ерекшеліктері пайда болады. Қоректену аясының  айырмашылықтары-қоректік  қатынастардың  шиеленісуін бәсеңдетеді. Үйірдің құрылуы, өсімталдықтың  жоғарылауы, ұрпаққа қамқорлық жасау, бездерінің у шығаруы (теңіз таутаны,немесе теңіз алабұғасы) немесе улы уылдырық (шырмайларда,қаязда,көкбаста) әр түрлі тікенектердің болуы-жаудан қорғануды жеңілдетеді. Ал жыртқыштардың  құралдары құрбанын ұстауға жәрдемдеседі.  Балықтардың биотикалық байланыстарыда алуан түрлі. Өсімдіктердің балықтардың өміріндегі маңызы өте  үлкен. Су айдындарының гидрохимиялық тәртібін  өзгертудегі өсімдіктердің ролі көпшілікке мәлім, жарықта фотосинтез  процесі кезінде көміртегі диоксидінің  көміртегі сіңіріледі де оттегі ажыратылып шығарылады, өсімдіктердің жаппай  дамуымен өлуі су айдындарының органикалық заттармен шектен тыс  жүктелуінің себебі болып табылады. Осының есебінен су айдындарында оттегімен көмір қышқылы мөлшерінің тәуліктік, маусымдық және тағы да басқа едәуір  ауытқулары жұз береді. Өсімдіктер, фитофильді балықтар уылдырық шашатын субстрат болып табылады және жыртқыштардын  жасырынуға қолайлы. Соның ішінде, шөп ортасында тұрақты  мекендейтін балықтарда өздеріне тән дене  пішімі пайда болады, ол балықтарды осы ортада  сыртқы көзге белгісіз етеді. Көпшілік балықтар өсімдіктерді қорек үшін пайдаланады. Төменгі  өсімдіктермен көпшілік тұқы тұқымдастар( ақ дөңмаңдай, торта, күміс мөңке, қызыл қанат) кейбір  цихлидтер қоректенеді. Жоғарғы өсімдіктерді ақ амур,қызылқанат,мөңке пайдаланады.Бірақ тұщы суларда балықтар үшін зиянды өсімдіктерде болады. Бір өсімдікте 3570 данаға дейін  ұсталған планктон ағзасы болуы мұмкін. Көк-жасыл балдырлар уыт шығарады. Ол В дәруменін ыдырататын ферменттің белсенділігін  күшейтеді, осының салдарынан балықтарда дәрумен тапшылығы  ауруы дамиды. Осы топтағы балдырлардың жаппай дамуы нәтижесінде су айдындарында гүлденуі гидрохимиялық тәртіптің нашарлауына алып келеді, ал олардың шіруі , балықтардың улануына себеп болуы мүмкін. Кейбір саңырауқұлақтар әр түрлі аурулардың қоздырушылары болып  табылады.Сапролегия және охлия тұқымының кең тараған саңырауқұлақтары ересек балықтармен уылдырықтарды зақымдайды. Бранхиомицес  саңырауқұлағы желбезек  шіруі немесе бранхиоминоз ауруының  қоздырушысы болып табылады.   Балықтардың тіршілік әрекеті  бактериалдық флорамен тығыз байланысты. Бактериалардың бір қатары  пайдалы болады.Олардың кейбірулері балықтардың зиянкестері болып табылатын саңырауқұлақтарды ерітуге қабілетті, басқалары ас қорытуға  қатынасады, үшіншілері балықтардың шабақтарымен планктондық ағзаларға тікелей қорек болып саналады. Тұқылардың қызамығын, бахтақтардың  панкреанекрозын, албырттардың  фурункулезын қоздыратын бактериалармен вирустар балықтар үшін қауіпті деп саналады. Бұл аурулар балықтардың жаппай қырылуына  алып келеді.Омыртқасыздар балықтар өмірінде орасан зор роль атқарады. Ең алдымен олардың қоректік маңызы үлкен. Балықтардың дамуының алғашқы личинкалық кезеңі кезінде сыртқы қоректенуге өту барысында олар  қарапайымдар және коловороткалармен  қоректенеді. Бұдан кейін олардың қоректерінің  негізін шаянтәріздестер, құрттар, моллюсктер, насекомдар (шыбын-шіркейлер) құрайды. Сонымен бірге осы топтың кейбір өкілдері жас шабақтардың жауыда болуы мүмкін. Жыртқыш коловороткалар, циклоптар, жүзгіш қоңыздар, шаяндар, қоңыздармен  инеліктердің личинкалары жас шабақтарды жейді. Омыртқасыздардың ең үлкен теріс мағынасы –бұлардың барлық топтарында да балық ауыруларын  тікелей  қоздырушылар немесе олар үшін қатерлі қоздырушылардың аралық қожайындары кездеседі. Хилодонеллез, ихтиофтироз, триходинноз сияқты қатерлі ауруларды  хилоденелла,  ихтиофтириус, триходин инфузориялары, костиозды кости шыбыртқысы , албырт тұқымдастардың  айналмасын- миксозом  спораларын қоздырады, ал қара-теңбіл  ауыруы моллюска арқылы жұғады. [2]  

Сорғыштар балықтардың  желбезегінде ( дактилогирус және  гиродактилюс) қан тамырларында (сангвиникола), көздерінде (диплостома) паразиттік өмір сүреді. Таспа  құрттары  гвоздичниктер және ботрицефалюс  ішекте мекендейді, ал домалақ құрт филанетра бұлшық еттерге орналасады. Циклоптар таспа құрт ботрицеалюстің, олигохиттер  гвоздичниктің  тоғандық моллюска диплостомның, ал  моллюска  биттиния сібір  қос мұрттыларының аралық қожайындары болып есептеледі. Балықтардың омыртқалы жануарлар мен  байланысыды әр түрлі. Қосмекенділерді  жыртқыш балықтар қорекке пайдаланады. Мысалы, жайындар бақалармен қоректенеді, ал  шөміш бақаларды бахтақ, шортан және жыланбас балықтар сүйсіне жейді. Бақалар судағы жыртқыш шыбын-шіркейлерді жояды, соның арқасында су айдынындағы балықтарға үлкен пайда келтіреді. Дегенменде көл бақаларымен тритондар балықтардың уылдырықтарымен жас шабақтарын жейді, ал олардың кәсіптік  мәні бар балықтарға келтірер зияны кей жағдайларда тіпті едәуір болады. Уылдырық шашылған  тоғандардағы тритондардың ішегі балық уылдырығына толы болады. Еділ өзенінің алаңдарында жас шабақтардың 2-3 ай болу кезінде, бақалар 1 га су айдынынан 110 мың данаға дейін жас шабақты жойып жібереді, соның ішінде көпшілігі, өндірістік құнды, тұқы, табан сияқты балықтардың уылдырықтары болып табылады. Шөміш балықтар жас шабақтардың қорегіне бәсекелес боуыда мүмкін, себебі олар балық өсірушілік  тоғандардағы құрама жемді жақсы жейді.     Бауырмен жорғалаушылардың маңызы олардың балық жеушілік  ролімен ғана шектеледі, су жыланы, тасбақа шамалы мөлшерде қолтырауын балықтармен қоректенеді.

 Суда жүзуші құстардың балапандарын шортан, жайын сияқты ірі жыртқыштар қорек ретінде пайдаланады. Құс базарлары орналасқан жерлерде, теңіз жағалауының құс көңімен тыңайттырылуы нәтижесінде қоректік ағзалардың биомассасы едәуір көтеріледі. Құс саңғырығын тыңайтқыш ретінде қолдануды, балық өсіруші тоғандарда балықпен үйректерді бірге өсіру назарда тұтылады. Құстар уылдырықпен жас шабақтардың жауы болып  есептелінетін шыбын-шіркейлерді жояды. Ал өз кезегінде, балықшы құс, кейбір  бұркіттер, гагаралар, дауылпаздар,  құтандар, шағалалар, бақландар, бірқазандар, үйректер  сияқты балықпен қоректенетін құстар қоректену үшін балықты көп  мөлшерде  талап етеді. Мысалы, бір күн ішінде жас  баклан-500 г, ал ересек  баклан- 700 г жуық балық жейді. Балықпен қоректенуші құстардың көпшілігі қауіпті  ауруларды  тасымалдаушылар болып табылады.

Майда сүтқоректілер (мысалы, жертесер тышқандар), жайын,  шортан,  майқан,  таймень,  хариус  сияқты  жыртқыш  балықтарға олжа болып та  кетулері мүмкін.

Сонымен бірге көпшілік сүтқоректілер балықпен қоректенеді, кәмшат ,  қара  күзен, су тышқандары , жұпар  тышқан , тұлкілер , аюлар.  Суда өмір сүретін сұтқоректілер, ескек аяқтылар балықты көп пайдаланушылар болып табылады.

Уылдырықты  өсіруге  арналған  тоғандарды  тиімді  пайдалану  үшін арал  арасынан ағатын өзен  салаларына, 2-5 метр тереңдікті  қамтушы  өзге  де  орындарда, желдің  көмегімен   толқын   тудыратын әлсіз  ағыстар  қозғалысы  аясында  орналастырылған  өте   ыңғайлы. Мұндай  жерлерде  су  өте  қолайлы  температураларға  дейін  жылиды, сондықтан  өсімдік  текті  субстрат  жылдам  ірімейді. Бұл  жағдайда  балық   уылдырығы  жылдам  дамиды. Бұл  тоғандарды  терең  сулы  аймақтармен өзеннің қуатты  толқындары көмкеретін  ортада   жасақтауға  болады.  Cондай-ақ тоғандарды саяз   суда, қозғалыссыз  ағында  орналастыруға болмайды, себебі, бұл  жағдайда  өсімдік  текті  субстрат іріп, онда  салынған   уылдырық  тіршілігін   жалғастыруға  мүмкіндік  алмайды.

Уылдырық  шашуға  және   өсіруге  арналған   тоғандардағы  балықтардың  жаппай өрістеу және   уылдырық  шашу  кезеңінен 1-2 күн  бұрын  жасақтау  қажет. Егер  ерте   құрастырылса,  су   түбіндегі  субстрат құрылысы   бұзылып,  су құрамы  өзгеріске  ұшырайды.

Жасанды  өрістеуші  тоғанды  үнемі  бақылау  қажет,  себебі,  уақыт  өте  келе  субстраттың  өзі  мен  ондағы   уылдырық  лайланып,  уылдырық  бетін  сапролегния  қаптады. Бұл  жағдайды  болдырмас  үшін  әр 3-4  күн  сайын   тоғанды  қадағалап,  субстратты  абайлап  сумен   шайып  отырады.

Кей  жағдайда  мысалы, ГЭС  жұмыс   жағдайында   су  мөлшері  күрт  төмендеп, немесе   су   толқындарын  күшейтетін   желдің  үдей  түсуіне  байланысты  тоғандардың  орнын  ауыстырады.

Жүзбелі  өрістер  уылдырықтан  шабақтар шыққаннан 3-4   күн  өткенге  дейін   суда   болады. Бұл   кезеңде  майшабақтарға  өріс қалқан  болып  тұрады.

Уылдырықтан  шыққан  3-4  күндік  майшабақтар  өрісті   тастап,  саяз   сулы  жағалауға жол   түзейді.  Жүзбелі   өрісті   судан   сүзіп   алып,  кептіріп келесі   жылға  сақтап  қояды. [3]

Жасанды  өрістердің  әртүрлі  субстартты  түрлері,  әсіресе,  қарағай,  шырша  бұтағы  фитофильді  балықтың  уылдырығын  шашуына  ыңғайлы  орын  болып  саналады. Бір  қалыпты   жүзбелі  өрістерде  тыран   мен  торта   балық  орта   есеппен 2 млн. Уылдырық  салады. Сонымен   қатар   салынған   уылдырықтың   толықтай  бөлігі   ұрықтанған   және  келешекте   қалыпты  жағдайда  даму  мүмкіндігіне  ие  болады.

Инкубация  кезеңіндегі  уылдырық  шығынының  10-15℅ ғана  түзеді. Бұл  көрсеткіш  табиғи  тоғандардың  көрсеткіштерімен  салыстырғанда  төмен   болып келеді.

Соңғы  жылдары  табиғи  жолмен  қалыптасатын  балықтардың   мелиорациялық  жұмыстарына  қолайлы  жағдай   жасау  қолға  алынған. Бұл  жұмыстар  ҚР  ауыл  шаруашылық   Министрлігінің 2010 жылғы 26 сәуірінде  бекітілген №290 бұйрығындағы «Балық  шаруашылығындағы  су   обьектілерінің  мелиорациясы,  жаңа  құнды  балықтардың  акклиматизациясы,  су  қоймалардың  балықтану  жұмыстарының   жүргізілуі, жануарлар интродкуциясы» ережесіне сәйкес   басшылыққа  алына  отырып  жүзеге  асырылады. Аталған іс-шараларға  сәйкес  табиғи  жағдайдағы   балықшалардың  қайта   қалыптасуы үшін  өзен  түбіне  қайықтың қос  тісті   металл  ескегінің  көмегімен  тас  және  уақ тасты  субстрат  төселеді.

 

Әдебиеттер

 

  1. С.П.Наумов Омыртқалылар зоологиясы.- Алматы, 1983ж 20-38б
  2. Грищенко Л.И., Акбаев М.Ш., Васильков Г.В, Болезни рыб и основы рыбоводства, М., 1999,456 с.
  3. Иванов А.И. Рыбоводство в естественных водоемах, М., 1991
  4. Агапова А.И. Паразиты рыб водоемов Казахстана, Алма-Ата, 1966, 342с.