магистр
Шамшеденова С.С.
Атырауский
государственный университет им. Х. Досмухамедова г.Атырау
Мұнай өндірісінің қоршаған ортаға
әсері
Қазіргі кезде, экологиялық қауіпсіздік жалғыз
біздің Республикамыз үшін емес дүние жүзі
жұртшылығының назарын аударып отырған ең
маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Табиғи ортада
экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті
көріністері белең алған: кейбір аймақтарда
топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылуы, ластануы,
техногендік шөлейттену, тірі табиғаттың генетикалық
қорының бүлінуі, тіршілікке қатер төндіретін
қауіпті улы қалдықтардың қордалануы. Еліміздегі
осындай экологиялық дағдарысқа химия, мұнай,
металлургия, отын өнеркәсіптерінің жедел және
мөлшерден тыс дамуы үлкен әсерін тигізуде.
Жалпы кен орындарын игеру, оның
ішінде мұнай өндіру
Қазақстан Республикасы экономикасы дамуының қайнар
көзі. Соңғы 40 жыл ішінде адамзаттың энергия пайдалануы
2,5 есе өсіп отыр. 2025 – 2050 жылдары аралығында халық
санының өсуі болжамына қарасақ, энергия пайдалану
ең кем дегенде екі есе өсуі мүмкін. Мұнай
өндірудің 130 жылғы тарихында дүние жүзілік
қордың 1/3 бөлігі игерілген, ол оның 1/3 бөлігі
тек соңғы 10 жыл ішінде өндірілген. Егер энергия пайдалану
жақын арада 2 есе артады десек, онда мұнай өндіру 2010-2020
жж аралығында, ал газ өндіру 2030-2040 жж аралығында биік
шыңдарына жетпек.
Мұнай және мұнай
өнімдері топырақта, суда, өсімдіктерде жинақталып, қоректік тізбек
арқылы жануарлармен адам ақзаларына түседі, ауданның экологиялық жүйе жағдайына және тұрғындардың денсаулығына әсер етуде.
Мұнай
өндірісі: Қазақстан мұнай мен табиғи
газға бай елдердің бірі. Қазіргі Атырау облысына жататын
жерлерде мұнайдың бірінші фонтаны 1899 жылы
Қарашұңқыр барлау алаңында атқылады, кейін
1911 жылы Доссор, 1915 жылы Мақат, 1934 жылы Ескене, 1935 жылы Байшонас,
Қосшағыл, 1938 жылы Сағыз,
1939 жылы Құлсары сияқты мұнай көздері
іске қосылды.
1965
жылға дейін бізде мұнай тек қана Ембі бассейінінен алынып
отырған. 1965 жылдан бастап Маңғыстау кен орны елімізді
мұнаймен қамтамасыз етіп отырған. Соңғы жылдары
қазақ жерінде көптеген мұнай мен газға бай
орындар ашылған. Қазір істеп жатқан мұнай – газы бар
ірі кен орындар – Теңіз, Қарашығанақ т.б. осы Каспий
ойпатындағы кен орындары мен Каспий теңізінің
қайраңындағы (шельфіндегі) мұнайдың қоры 7млрд.
шамасында. Тек Қарашығанақ (1979жылы ашылған, 450 км
жер көлемін алып жатыр) өзінде 21,3 триллион м3
табиғи газ, 644млн.газ конденсаты, 189млн. тонна мұнай бар.
Мұнайдың
табиғатқа әкелетін зардаптары:Пайдасы мен
бірге мұнай өндірісінің қоршаған ортаға
тигізетін зиянды әсері де аз
емес. Қоршаған ортаның ластануы іздеу – барлау және
мұнай, газ өндіретін ұңғымалар (скважиналар)
құрылысынан басталады. Бұл кездегі ластаушы көздерге
бұрғылау қондырғыларында орнатылған дизельдерден
шығатын түтіндер, азот пен көміртек оксидтері, шаң,
бұрғылау ерітінділері және т.б. Бұрғы
мұнарасынан 800 алшақтыққа дейін топырақ
және өсімдіктер бұрғылау сұйығымен
(құрамында 20ға жуық химиялық реагенттер болады)
ластанып, зардап шегетіні ғылыми түрде дәлелденген.
Мұнайды алғанда табиғатқа тиетін зардаптар мынадай:
Апатты жағдайлардың болуын азайту мақсатында көптеген
шаралар қолдануға тиіс. Мысалы, коррозиямен күресудің
нәтижелі жолдарын іздестіру және тасмалдау құбырларын
жиі тексеру, жөндеу жұмыстарын уақытылы ұйымдастыру. Мұнайды
жер бетіне шығару үшін біраз жер ресурстарының әр
түрлі құрылыс обьектілерін салуға айналымнан шеттелуі,
жер сұрқының бұзылуы, ластануы.Ластаушы заттар
бөлініп, атмосфераның жер бетіндегі және жер астындағы
сулардың, топырақтың бұлармен ластануы.Мұнаймен
қоса жер бетіне жоғары минералды судың
шығуы.Бұрғылауда шыққан қалдықтарды
көму. Мұнайдың төгілуі.
Мұнай өңдейтін және
мұнай газ зауыттарында айналадағы ортаны сақтаудың
басқа да қорғаныс шаралар бар.
Адам табиғатты бүлдіруі туралы
сөз еткенде ең алдымен мұнай – газ кешені
кәсіпорындарын ауызға аламыз. Олар ауаға зиянды
газдардың 90% таратуда. Зиянды өндірістік қалдықтар
көлемінің үштен екі бөлігінен астамы солардың
үлесіне тиеді. Ал олардың бейтараптану дәрежесі бір
пайыздың ширегіне де жетпейді.
Жеріміздің мұнай өнімдерімен
ластануы да халықты қатты алаңдатып отыр. Технологиялық,
авариялық және басқа атаулыларды тағынған
ондаған жер қоймалары (амбарлар) бар. Мұнай
коллекторларының жарылып, істен шығуы да бізде жиі болып
тұрады. Мұнай мен газға жүргізілетін
бұрғылау жұмыстарының да қоршаған
ортаға зиянды әрекеттері әзірге баршылық. Мұнда
жердің беткі қабаты бұзылады, жер асты сулар ластанады. Ал
скважиналарды сынау кезінде дизельдердің жұмысы жағдайында
жер улы компоненттермен зақымданады. Табиғатта барынша аз
салмақ келтіретін іздеу жұмыстарын жүргізудің бағдарламасы
жоқ емес, бар. Скважиналарды тұрғызу жобаларында
қоршаған ортаны қорғау мақсатында ең
жаңа, қазіргі заманғы технологияны пайдалануда уақытылы
қарастырылған.
Қоршаған ортаға кең
көлемде және ұзақ мерзімде әсер ететін
мұнай – газ кешенінің негізгі кәсіпорны – Теңіз. Осы
Теңізді игеру кезінде атқаратын жұмысқа 2 млрд. доллор
жұмсалған. Жобалар мен техникалық шешімдер кешенді іске
қосуды қиындатты және экологиялық қауіпсіздік
талаптарына сай келмеді. Ақыры айтарлықтай дәрежеде
қайта жұмыс жасау керек болды. Экологиялық жағынан
тереңірек қарастырылған өте күрделі және
қиыншылықпен шешіледі.
Кеніштегі экологиялық
қауіптің жоғары екендігі мұнда сирек кездесетін біраз
факторларға ұштасып жатқандығынан. Бұл
факторлардың әрқайсысы дерлік скважиналарды бұрғылау
жұмысы мен оларды пайдалану жағдайын жай қиындатып қана
қоймай, апат ақуалының туып кетуіне де итермелейді. Ал кеніш
қабаттарындағы күкіртті сутегінің өте
жоғары болуынан мұнай апатының аса қауіпті сипат алуы
әбден мүмкін. Сондықтан кенішті игеру мен пайдалану
стратегиясын мүмкіндігінше эклогиялық проблемаларды ескере отырып
таңдау қажет. Жалпы алып қарағанда жылына 30 млн. тонна
мөлшерінде, мұнай өндіру тым қауіпті. Өйткені
коллекторлардың барлық түрлері дерлік бір қалыпты байланыста
болғанның өзінде таяудағы жылдар ішінде кейбір
скважиналардың істен шығып қалуы да ықтимал.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Лұқпанов Ж., Нүсіров Н.
Химиялық ұлы препараттардың анықтамалығы.
"Қайнар баспасы" Алматы 1999ж
2. Диаров М.Д., Гилажов Е.Г., Димеева
Л.А. и др. Экология и нефтегазовый комплекс. - Алматы: Ғалым, 2003. – Т. 2. – 340 с.
3. Фаизов К.Ш., Асанбаев И.К.,
Абдукаймова А.М. Современные проблемы загрязнения почв нефтепромыслов Прикаспия
//Нефть и газ. – 2005. - № 1. – С. 64-68.