ЖОҒАРЫ ОҚУ
ОРЫНДАРЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУ
Э.Т.Қуандықова,
Г.А. Сарбасова
М.Әуезов
атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
университеті, Шымкент қ.
Адамның түрлі іс-әрекеттерінен
болған әсерлерге қоршаған ортаға көптеген
үздіксіз өзгерістер әкелуде. Адамзат тіршілігінің
өзіне қауіп төнді: табиғат қорлары
үзіліссіз сарқылысқа түсті, ортаның ластануынан
адам өміріне қауіп төнді. Мұндай апатты зардаптар
Қазақстанның Семей, Қызылорда (Арал өңірі),
Батыс Қазақстан (Нарын, Азғыр, Тайсойған), Орталық
Қазақстан (Саршаған, Байқоңыр, Балхаш),
Оңтүстік Қазақстан (Созақ) аймақтарында
көрініс тапты, олар табиғи экологиялық жүйе
тұрғысында, экологиялық жағдайы өте нашар жерге
айналды, ал экологиялық әлеуметтік тұрғыда
экологиялық зардапты ауданның бірі болып саналады.
Экологиялық ахуалдың нашарлауы
халықтың денсаулығына залалын тигізумен қатар,
әлеуметтік қиындықтар туғызып, халық
шаруашылығы тұрақты дамуының бірсыпыра маңызды
бағыттарын тікелей тежеуге әкеліп соғуы ықтимал.
Осыған орай, Қазақстан Республикасының 38-бабында
«Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты
сақтауға және табиғи байлықтарына
ұқыпты қарауға міндетті» - делінген [1].
Қазіргі кездегі білім беру
ошақтарының алдында тұрған міндеттерінің бірі –
жас ұрпақтың экологиялық білімі мен көзқарасын
қалыптастыру, оларды табиғатты қорғау, табиғи
қорларды тиімді пайдалану және өмір сүрген ортасы мен
еңбектенетін жерінде жоғары, саналы, экологиялық білімді
пайдалана білетін азамат ретінде тәрбиелеу. Әрбір адамның
экологиялық білім дәрежесі мен тәрбиесі орта және
арнаулы білім беру ордаларында қалыптасып, келешектегі өмірге деген
көзқарасын анықтайды.
Алғашқы кезде экология термині,
яғни қоршаған орта туралы белгілі бір ғылымның
шығуы керктігі туралы көптеген ғалымдар әртүрлі
пікір білдірген. Соның ішінде, ең көрнектілері: Ч.Дарвин,
К.Линней және т.б. Ал, экология ғылымының кең
көлемде қалыптасуына ықпал жасаған әрі оның
алғашқы анықтамасын Э.Геккель боды (1866 ж.). Экология
ғылымы – биология ғылымының бір саласы ретінде
дамығандығы белгілі. Экология, грек тілінен аударғанда,
«oikos» - үй, мекен-жай және «logos» - ілім деген мағынаны
білдіреді. Экология ғылымы – тірі ағзалардың тіршілік ету
жағдайларын, өзара бір-бірімен және қоршаған
бейорганикалық табиғатпен қарым-қатынасын зерттейтін
ғылым [2].
Табиғат сырын жете түсінген Әбу
Ибн Сина, табиғатты адамдардың жақсылығына
пайдаланғанда, оған жамандық жасамау мен
қанағатшылдық жасауға шақырып, табиғат заңының
күшіне бағыну керектігін жазады. Табиғат байлығын
шектен тыс көп пайдаланбау керектігін айтады [3].
Ұлы ойшылдардың бірі, М.Хорезми
«абиғатты адамның қалай болса, солай пайдаланатын заты емес,
онымен болашақта өмір сүретін субъект ретінде қарау
керек»- деп жазады.
М.Қашқари, «Диуани-Лұғат
ат-Түрік» деген еңбегінде, табиғи
құбылыстарға қарап отырып, халықтың
тіршілік-әрекетін, қатынасын шебер бейнелейді. Адам
табиғатпен өте тығыз байланыста екендігін және сол
мекен ету ортасына байланысты адамның мінезін, түр-әлпетін,
қимылын ұйқастырғанын байқауға болады.
Демек, табиғат адамға емес, адам табиғатқа еліктейтінін
көруге болады.
Әл-Фарабидің «философиялық
трактаттарында», Ф.Энгельс «Табиғат диалектикасы» атты еңбегінде
табиғат тіршілігінің заңдылығына адам іс-әрекеті
қатты әсер ететіндігін және сол іс-әрекеттің
қайта оралып өзіне келетінін, оған адам ақыл-ойының
дамуы көптеген өзгерістер жасататындығын жазып кеткен.
«…адамдар табиғатты жеңгенімізге аса мақтанбайық,
себебі әрбір жеңісіміз ертеңгі күні әр
қайғымызға айналмасын» деп анық терең ой
қалдырған. Бұл жерде философтың тұжырымынан,
табиғаттың да сұрауы бар және оның таусылып,
тоқтауына адамның өзі себепкер болатындығын
көруге болады [2].
Студенттерге экологиялық білім мен
тәрбие берудің жолдары, мүмкіндіктері және пәндер
бойынша зерттелгенін айта кету керек. Мысалы, табиғаттанудан –
Е.Д.Гринева (1983), М.Н.Сарыбеков (1984), химиядан – В.М.Назаренко (1985),
физикадан – Н.М.Масимов (1988), географиядан – Э.А.Тұрдықұлов
(1982), М.К.Хакимова (1987), Т.В.Кучер (1990), биологиядан – И.Т.Суравегина
(1986), Ә.Қарамергенов (1980), қазақ тілі мен
әдебиетінен – О.Танабаев (1992), орыс әдебиетінен – В.М.Санкеевич
(1993), сабақтан тыс жұмыстарда (1997) т.б. экологиялық білім
берудің ғылыми-әдістемелік жолдарын, мазмұндарын,
мүмкіндіктерін зерделеген.
Экологиялық білім мен тәрбие беруде
теориялық негіздері мен әдістемелік жүйесін мынадай
ғалымдар: Ә.С.Бейсенова, Б.Г.Иоганзен, Я.И.Габаев, Ж.Б.Шілдебаев,
К.А.Сарманов, Н.С.Сарыбеков, Ж.К.Тілешова, Ш.Ш.Хамзина, А.Қ.Даменова,
Ә.Н.Халила, Г.С.Оспанова, Г.Бозшатаева, т.б. зерттеулер жүргізген.
Қазіргі уақытта «экология» деген
ұғым, үлкен теориялық және практикалық
маңыз алған ғылымның барынша тез дами бастаған
саласының біріне айналды. Экология дегеніміз – табиғатты
пайдаланудың ғылыми-теориялық негізі. Ол жастарға білім
мен тәрбие беру ісін жаңа жолға салғанда ғана
өз міндетін атқара алады. [3].
А.Қ.Даменова өзінің
ғылыми жұмысында қазіргі жаңа технологиялармен
экологиялық білім берудің әдістерін көрсете отырып
былай дейді: оқушылар үшін электрондық оқулық
мектеп қабырғасында жүрген жылдарында өздігінен білімін
толықтырып отыруға және мақсатты түрде бітіру
емтихандарына дайындалуға мүмкіндік беретін ақпарат
көзі. Электрондық оқулықтар бойынша оқушы
тапсырманы қызыға орындайды, сонымен қатар өз
қатесін табады. Оқушының жас ерекшеліктеріне сай және
әркімнің шамасына, мүмкіндігіне қарай тапсырма беруге
қолайлы. Мұғалімдер үшін - электрондық
оқулық бұл күнбе-күн дамытылып отыратын
ашық түрдегі әдістемелік жүйе. Оны әрбір
оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен
толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады. Сол себепті
электрондық оқулықтардың әзірлеп, оны
дамытудағы жұмыста қайта оралып келіп, түсіп
жатқан ұсыныстар мен пікірлер арқылы тиімділігі бірте-бірте
артады. Электрондық оқулықтарды пайдалануда
мұғалім ғылыми-әдістемелік потенциялын дамытып,
оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді.
Электрондық оқулықтар арқылы сабақтың
ыңғайына қарай қосымша материал ретінде де,
факультативтік және қосымша сабақтарда да қолдануға
болады. Әсіресе, саясат, білім, экология тақырыптары қазіргі
өмірмен байланыста болады. Электрондық оқулығы
көрнекілік ретінде де, оқу мен компьютер арасындағы байланыс
жасауда да оқытушыларға көп көмек көрсетеді.
Оқытудың әр сатысында компьютерлік тесттер арқылы
оқушының жекелей бақылауды, графикалық, бейнелеу
мәтіндері түрінде, мультимедиалық, бейне және дыбыс
бөлімдерінің бағдарламасы бойынша алатын
жаңалықтарды іске асыруға көмегін тигізеді.
Электрондық оқулықтарды жеке тұлғаның
ақпараттық мәдениетін қалыптастыру ретінде пайдалану –
алғашқы қадам, бірақ бұл білім жүйесін
дамытудың көрнекі белгісі, ол мұғалімнің
қазіргі кездегі ролін дұрыс түсінуге мүмкіндік береді .
Соңғы жылдары студенттерге
экологиялық білім беретін бағыттағы авторлық
бағдарламалар орталық баспа орындарында жарық көре
бастады. Мысалы, Т.В.Власова, В.А.Еремина, Т.Притула жазған
«Табиғат пен адамның өзара қатынасы» (1994)
студенттерге экологиялық білім мен тәрбие беруде өзіндік орын
алады. Мазмұндық жағынан бір-біріне жақын аты
аталған бағдарламаларда антропогенді ландшафт,
геоэкологиялық, әлемдік және аймақтық
мәселелермен табиғатты тиімді пайдалану, табиғат
қорларын игергенде қоршаған ортаны ластамау түсініктер
енгізілген.
ТМД елдерінде, әсіресе Ресей
мемлекетінде 1994 жылдардан бері мектептерде экология жеке курс ретінде
оқытылып келеді. Ғылыми-техникалық прогрестің
қарқындап дамуы биосфераға тікелей ықпалын тигізіп, жер
шарындағы экологиялық жағдай күн сайын қиындап
барады.
Теориялық және
ғылыми-әдістемелік жағынан экологиялық білім беру мен
тәрбиелеу мәселелеріне байланысты еліміздің
эколог-педагогтары Н.С.Сарыбеков пен Ә.С.Бейсенованың зерттеу
жұмыстарының нәтижелері аумақты.
Н.Сарыбеков табиғатты
қорғау ғылымы мен практикасын, «Адам-табиғат» арасында
қарым-қатынас жасағанда міндетті түрде орындалуға
қажетті үш заңдылықты ескеруді міндеттейді.
«Бірінші заңдылық –
табиғаттың тазалығы; екіншісі – табиғаттың мол
қазыналығы; үшіншісі – табиғаттың
көркемділігі» - деп бөледі.
Елімізде экологиялық білім мен
тәрбие жөнінде көптеген ғылыми зерттеу жұмыстары
жүргізіліп жатыр. Н.Сарыбеков жастарды табиғат
қорғауға тәрбиелеуде халықтық табиғат
қорғау дәстүрлерін, мақал-мәтелдерді,
аңыз әңгіме, нақыл сөздерді пайдаланудың
маңызын көрсетеді. А.А.Сотников (1988) болашақ
мұғалімдерді экологиялық білім беруде адамгершілікке тәрбиелеуге
дайындады, ал А.Д.Болтаев (1994) пәнаралық байланыс арқылы
оқушылардың экологиялық тәрбие беруде жауапкершілік
қатынасын қалыптастыру, Д.І.Жангельдина (1995) табиғаттану
курсы арқылы экологиялық тәрбие берудің тиімді
жолдарын, Ө.Т.Танабаев (1992) әдебиетті оқыту және
сыныптан тыс жұмыстар үрдісінде жоғары сынып
оқушыларына экологиялық тәрбие беру, С.О.Орынбеков (1996)
өлкелік принцип негізінде жануартанудан экологиялық білім беру әдістемесін,
жолдарын зерттеген. Ал, Г.М.Сабденалиева (1999) оқушыларға
экологиялық тәрбие берудің педагогикалық шарттары
туралы зерттеулерін тұжырымдайды.
Ғалым, профессор
Ә.С.Бейсенованың басшылығымен Ж.Б.Шілдебаев, М.С.Бекбаева
ұсынып отырған экология бағдарламасы Алматы
қаласының 167, 169, 159-шы мектептерінде тәжірибе
тұрғысында 1992 жылдан бері жүргізіліп келеді. Сонымен
қатар, жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу
орындарының кейбір факультеттерінің экологиялық курстар
оқытылып жатыр.
Ал, келешек ұрпақты
экологиялық апаттан сақтап, қоршаған ортаға деген
сүйіспеншілік сезімін оятып, табиғатты қорғау
жұмысына белсене араласып, ұрпақ тәрбиелеуде профессор
Н.С.Сарыбековтың жетекшілік етуімен «Табиғатты қорғау
орталығы» құрылып, онда М.Н.Сарыбеков, К.Ж.Бұзаубекова,
т.б. зерттеушілер көлемді жұмыстар атқарып жатыр. Н.С.Сарыбеков
алты кезеңнен тұратын отбасы, балабақша балаларынан
экологиялық сауат ашып, тәрбие берудің мүмкіндіктерін,
мазмұндарын ұсынады.
Экология курсы оларды жүйелеуге
және жалпылауға, сонымен бірге оқушыларды, студенттерді
биосфера қызметінің негізгі заңдылықтарын, ондағы
адамның орны мен ролін түсіну қажет міндетті білім мен
біліктіліктің қалыптасуына мүмкіндік жасайды.
Лекциялар, әңгімелер,
семинарлар, студенттер мен оқушылардың өздігінен орындайтын
жұмыстары, олардың рефераттар немесе қысқаша баяндамалар,
ойындар, диспуттар, конференциялар және т.с.с. өткізу
жастардың танымдық қызығушылықтарын арттырып,
оқу белсенділіктерін, іс-әрекеттерін дамытады.
Экологиялық білім мен тәрбие
беру, оның интегралды сипаты жаратылыстану,
қоғамдық-тарихи, гуманитарлық-эстетикалық,
еңбек циклді оқу пәндерінің барлығында белгілі
дәрежеде бейнеленуін қамтамасыз етеді. Көптеген
ғалымдар жастардың жас ерекшелігін негізге ала отырып,
экологиялық білім мен тәрбиені әртүрлі
дүниетанымдық, саяси, адамгершілік, эстетикалық,
құқықтық, еңбек, т.б. тәрбие
элементтерінен тұратын, өзара тығыз байланысқан
жүйе ретінде қарастырады.
Жалпы және арнаулы орта және
жоғары оқу орындарында, білім беру ошақтарында
экологиялық білім мен тәрбеи ісінің педагогика теориясы мен
практикасында жаңа сала ретінде қазіргі кезде қызу
қарқынмен дамып келе жатқандығын байқатады.
Бұл саладағы теория мен практиканы дамытудың
қажеттілігі жалпы теориялық және жеке методикалық бағыттағы
зерттеулерді кеңейту және тереңдету қажеттілігін
дәлелдейді. Бірақ қазіргі жоғарғы және орта
мектеп, университет практикасы шын мәнінде уақыт талабынан кейін
қалып, ол экологиялық сауатты, тәрбиеші жастарды дайындауды
қамтамасыз ете алмай отыр. Зерттеуші ғалымдардың пікірінше
мұндай жағдайдың туындағы басты себептердің бірі
– экология идиясын ұғындырудың жеткіліксіздігі, табиғи
ортаның бағалылығы көпшілігінде пайдакүнемдік
негізінде түсіндірілуі, экологиялық мазмұндағы
білімдерінің өзара тығыз бірлігінің болмауы деп
санайды.
Сонымен, экологиялық білім мен
тәрбие берудің әдіснамалық және теориялық
жағынан зертелу жәйін қарастырудан туындаған
тұжырым экологиялық білім мен тәрбие беруде мынадай басты
ұстанымдарды ескеру қажет. Олар:
1.
Экологиялық
оқу материалдарын оқытуды бір жүйелікпен үздіксіз
жүргізу;
2.
Оқу
үрдісінде экологиялық білім мен тәрбие беруде
пәнаралық байланыстардың болуы;
3.
Экологиялық
оқу материалдары әлемдік, ұлттық және
өлкелік өзіндік мәселелерін айқындап, оны
ұғындырып түсіндіруде өзара байланыстылығын ашу;
4.
Жастардың
қоршаған табиғи ортаны танып білуде және оны
қорғауда, аялауда, көркейтуде интеллектуалдық
және еріктілік-эмоциялық тұрғыдан жасайтын
іс-әрекеттері мен қызметтері біртұтастықпен бір-бірімен
ұштасуы тиіс;
5.
Экологиялық
білімді инновациялық технологиямен дамыту.
6.
Қорыта
келгенде, еліміздің экологиялық білім мен тәрбие беру ісі,
республикамыздағы эколог-ғалым педагогтардың
басшылығымен жақсы жақтарынан алға жылжуда.
Қазіргі кезде көптеген облыс орталықтарындағы
жоғары оқу орындарында эколог мамандар даярлайтын факультеттер
жылдан жылға ашылып жатыр. Сондай-ақ, барлық факультеттердің
оқу бағдарламасына экологиялық курсты оқыту енгізілген
және де жалпы орта білім және арнаулы орта білім беретін
мектептердің университеттерде экологиялық білім пәндер
арқылы немесе экологияны жеке пән ретінде оқыту енгізілген.
Болмаса факультативтік сабақтар түрінде жүргізіледі.
7.
Экологиялық
жағынан сауатты ұрпақтар даярлау, ертеңгі
еліміздің болашағын, табиғат тағдырын ойлау болып
табылады. Әр нәрсенің сұрауы, өз уақытысы
болады. Ертеңгі күнді бүгін ойламасақ, біз
ойламасақ біздің тағдырымызды қара бұлт
басқандай болады, болашақты кім ойлайды. Жақсы сауат,
дұрыс пікір, нақты жоспар болмаса, болашақта табиғат
қара күлге айналары анық.
Әдебиеттер
1.
Тұрдықұлов
Э.А. Экологическое образование учащихся в процессе изучения предметов естественно
научного цикла: автореф. д-ра пед.наук. – М., 1982.–38 с.
2. Таубаева Ш.Т., Лактионова С.Н. Педагогическая
инноватика как теория и практика нововведений в системе образования: научный
фонд и перспективы развития. – Алматы: Ғылым, 2001. -296 с.
3.
Байсеитова
Н.М. Экология.-Шымкент, 2005.-4 б.; 148-149 б.