ТУРИЗМ АЯСЫНДА КЛАСТЕРЛІК БАСТАМАЛАРДЫҢ  ДАМУЫ

 

Таукенова Н.Н. педагогика және психология магистрі

Байкулов М. магистрант

Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті, Тараз қаласы

 

Үкіметтің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 633 бекітілген қаулысы бойынша,”Туризм” пилотты кластерін құру мен дамыту жоспарын жүзеге асыру мақсатында Туризм және спорт министрлігі туристік кластерді құру үщін пилотты аймақтар (Алматы  және Алматы облысы) анықталды. Қала әкімшілігі 2006 жылы 13 желтоқсанда №8/1497 Әкімшілік қаулысымен бекітілген “Алматы қаласында туристік кластерді дамыту мастер-жобасын”әзірледі.

Алматыда туризмді кластерлік тұрғыдан дамыту бойынша үлкен жумыстар атқарып отыр. Кластер ядросы шетел туристерін тартуды жузеге асыратын турагенттіктер болып табылады. Турагенттіктер көрсететін қызмет тобына халықаралық әуежай, қонақуйлер, демалыс үйлері, транспорттік және сақтандыру компаниялары,банктер,сауда,әлеуметтік-тұрмыстық және мәдени бағыттағы ондаған орта және жүздеген шағын кәсіпорындар, байланыс,ойын-сауық бизнесі кіреді. Туристтік кластер қаланың тұрмыстық және коммуналдық қызметтің барлығын қамтиді. Туристтік индустрияға әр турлі қызмет көрсететін ұйымдардың саны жыл сайын артып келеді.

Қаланың туристік қызмет көрсету нарығында шетелдік 80-нен астам компаниялармен қызмет ететін 800 туристтік агенттіктер және қажетті деңгейде өңірлік туристтік әлеуеті бар.Оның құрамында танымал нысандар биік таулы”Медеу” мұзайдыны және “Шымбулақ” тау-шаңғы туристік базасы,қазақ даласынынан өтетін”Ұлы Жібек Жолы” бойында орналасқан ескерткіштер бар екенін айтуға болады.Қаладан 300 км радиустық шеңберінде шетелдік және отандық туристтер баратын туристтік нысандар орналаскан. Туристерге бесжұлдызды және үшжұлдызды қонақүйлер, санаторийлер мен демалыс үйлері, ойын-сауық және көңіл көтеретін мекемелер қызметтері ұсынылады.

Алматы  қаласының  ірі қаржылық, мәдени, ғылыми  орталық  ретінде  дамуы  үшін  экскурсиялық қызметті  қамтамасыз  ету және дамыту қажет.  Осыған  байланысты  ашық аспан  астындағы мұражай – «Боралдай сақ  қорғаны» археологиялық  паркін құру  туралы  ғылыми  тұжырымдама  және «Верный қамалы»  архитектуралық-туристік кешенін  құру бойынша ғылыми  жоба әзірленді.

Қалада  халықаралық деңгейде  туристтік  және безендіру  қызмет  көрсету  бойынша дамыған  индустрияны қалыптастыру  және сәйкесінше  Қазақстанда  халықаралық  туризм  орталығының  жағымды  иммиджін қалыптастыру  жұмыстары  жоспарлануда.

Алматы  облысында аталған кластерді  дамыту үшін  пайдаланатын туристтік  кластердің  сегменті  ретінде экологиялық  және мәдени – танымдық туризм  анықталады.

Экожүйесі  жоғары деңгейде сақталған, облыстың  экологиялық туризм  негізін ерекше  қорғалатын аймақтар құрайды: «Іле – Алатау ұлттық мемлекеттік  табиғи паркі», « Алтын – Эмель», « Шарын», Алакөл  және  Алматы мемлекеттік табиғи орықтары. 2007 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен  облыста «Көлсай көлдері» Ұлттық  мемлекеттік  паркі  құрылды.

Шығыс Қазақстан облысы үлкен  табиғи  өзгешелік аумағы  және мәдени ескерткіштері  бар жоғары  туристік мүмкіндікке ие. Мұның  барлығы  туризмнің болашағы бар бағыттарының  бірі – экологиялық туризмнің  дамуы дамуы  бойынша басқа өңірлерден  артықшылықтары  бар.  Облыста  мемлекеттің бәсекеге қабілетті  иммидждік туристік өнімді – панталық  емдеу  негізінде  емдеу – сауықтыру  туризмін  дамыту  мәселесі  қарастырылуда.

Алакөл, Марқакөл өзендері, Бұқтырма су қоймасы маңында туркласс санатында қонақүй желісі, кемпингтер даму жағдайында. Шығыс Қазақстан облысындағы Белхуа тауы аймағында рахманов бастауларнда туристік кешен құрылысы бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыру шаралары қолға алынуда.

Маңғыстау облысында облыстық туризмді,соның ішінде кендірлі демалыс аймағын дамыту мастер-жоспары әзірленуде. Жобаны әзірлеуде мұндай жобаларын жүзеге асыру бойынша ірі халық аралық тәжірбиесі бар IPK интернейшнл неміс консалтинкттік компаниясы тартылған.

Жобаны дайындау негізі ретінде туристік әлеуеті, негізігі туристік ағымдар өтетін мемлекеттерге жақын орналасуы және өңір үшін қолайлы туризмнің дамуының әлемдік үрдістер болып табылады. Әзірленген мастер-жоспарға сәйкес Кендірлі демалыс аумағы жылына 300 туристер қабылдауға мүмкіндік болады.

Мастер-жоспар кендірлі демалыс аймағы әлемдік туризм индустриясын ең үздіктерін біріктіру көзделуде. Орлондодағы-Дисней Олд, Париждегі ЕУРО Дисней Ленд және т.б сол сияқты 6 туристік сауық кешені құрылады. Кендірлі демалыс аймағында екі 5жұлдызды қонақ үй құрылысын жүргізу көзделуде.

Жоспарланған  Кендірлі  демалыс аймағында  туристердің келу уақытын  қысқарту  мақсатында, Каспий теңізі  жағалауы  маңынан  өтетін «Ақтау-Құрық-Кендірлі» моно  рельсті темір  жол құрылысы қолға  алынуда.

Ақтау  қаласында «Ақтау – Сити»  жобасы  жүзеге  асырылуда, оның аумағында іскерлік  орталықтардан  басқа демалыс  орындары, концерттік – көңіл  көтеру орталықтары, клубтар  және  туристік  инврақұрылымның  басқа да объектілері  орналастырылады.  Жобаның  аяқталуы  Маңғыстау қаласының Қазақстанның батыс  аумағының   туристік орталығы,  ал  2015  жылға әлемдік  туризм  нарығындағы  маңызды орынғаие  болуына  мүмкіндік береді. Сонымен қатар, «Каспийские круизные линии» ЖШБ ресейлік компанияның кемелерін тартумен  Каспийде жарнамалық таныстырушы туры дайындалды.

Оңтүстік Қазақстан  облысында шетел туристерінің  және Қазақстан Республикасының   азаматтарының назарын аударатынкелесідей туристік  орталықтар бар. Оларға: Түркістан, Шымкент, Отырар, Түлкібас, Сайрам, Байдібек, Созак  аудандары және т.б.  жатады.

Оңтүстік Қазақстан  облысының  қалалар жүйесіндегі  жалпы  Ұлы Жібек  жолының  Қазақстандық бөлігінде  Түркістан  қаласы ерекше  орынға ие. «Discovery  Central Asia»  журналы шетел азаматтарынан жүргізген сурауы  бойынша, қазақстанның ең  тартымды туристтік  объектісі  ретінде  Түркістан қаласы бірінші  орынды алып, «2004  жылы Орталық Азия үздік  туристтік  объектісі» сертификатына  ие  болды. Бұл  киелі  жерде  бүкіл  әлемге  танымал ұлы  ойшыл, философ, мистик  және ақын Қожа Ахмет Иассауийдің кесенесі  орналасқан.  Жыл  сайын  оның  рухына бас ию  үшін мыңдаған  қажылар  келеді.  Қалада туристердің келуіне, жайғасуына,  тамақтануына және  бос  уақыттарын өткізуге  жағдай жасалған.

Қазақстанның туризм саласының бәсеке қабілеттілігі барлық қатысушылардың туристік қызметті жоғары деңгейде ұйымдастыру және оның позитивті беделін қалыптастыруына байланысты.туристік инфрақұрылымның дамуын ынталандыру үшін туристік индустрия обьектілерінің қызмет етуіне  қажет инженерлік-коммуникациялық жүйесінің құрылысы бойынша шаралар дайындалуда. Яғни, электр қуатын беру жүйесін тарту, су тартқыш және канализация жүйелерінің құрылысы, жол салу мен оны қалпына келтіру барысында телефон жүйелерін жүргізу және спутниктік байланыс орнату.

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің мәлеметтері бойынша,республикада Қазақстанның бәсекеге қабілетті туризм саласын қалыптастыруда бірқатар жалпы жүйелік шаралар қабылданды. Бұл сала эканомикалық қызмет түрлерінің басымды даму бағыты бойынша сала тізбесені кірген. Ол өз кезегінде инвестициялық жеңілдіктер және преференцияларды қарастырады. Мысалы, әкімшілік кедергіні қысқарту мақсатында туристтік рұқсатты рәісімдеу үшін консулдық алым базалық мөлшерден 5-тен 10 долларға дейін төмендету және оның мерзімін 3 айға дейін ұзартуға қаратырылған.

Алтын Емел, Іле Алатау, Шырын, Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің ресурстарын тарту арқылы экалогиялық туризм бойынша және Ұлы Жібек жолы маршруттары бойынша мәдени-танымдық туризм  мен іскерлік туризмдері бойынша тартымды 10 туристік бағыттарды дамыту жұмыстары жүргізілуде. Бірегей әлеуеті бар, бүкіл әлемге ашық, туристер үшін қауіпсіз туристік орталық ретінде Қазақстанның имиджін қалыптастыруелімізге туристерді тартудың негізгі факторларының бірі болып табылады. Сондықтан кластер шеңберінде дүние жүзіне танымал ВВС, СNN және Дискавери телеарналар арқылы туризмдік жарнамалар көрсету шаралары жасалған.

Бірінші кезекте коммуникациялық жүйелер Алакөл көлімен Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасы маңайларында, Маңғыстау облысындағы Каспий теңізі жағалауында жағажайлық туризмді дамыту аудандарында пайда болады. Кластердік дамуға смәйкес аталған облыстарда және Ақмола, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында туристерге тартымды аудандардың мастер-жоспары әзірленуде. Бұл жағдайда келесідей шарт қойылып отыр – туристік инфрақұрылым объектілерін салу және оларды тек туристік мақсатта пайдалану. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде экалогиялық туризмді дамытудың бас жоспары да осындай жүйеде жұмыс істейтін болады.

Жібек жолы бойынша Каспий теңізінде кеме саяхатын жүзеге асыру жоспарлануда. Бірақ, Каспий теңізі арқылыкеме саяхатын ұйымдастыру үшін жолаушылар лайнерін жасау немесе сатып алу мәселесін шешу қажет.

Көлік инфрақұрылымның құруда мақсатты бағыталған жұмыстар жүргізілуде. Қазастанның аумағының үлкендігіне және оның көптеген әлемдік туристік орталықтардан қашық орналасқандығынан туристік және көліктік сектордың байланысы өте маңызды. Тартымды экскурсиялықескерткіштері және табиғи объектілері бар жаңа жолдар салу және оларда ISO халықаралық стандарттар талартарына сәйкес ақпараттық белгілерді қою қажет. Туризмнің негізгі бағыттарын дамыту үшін барлық туристер санатына әуе көлігі, темір жол, автокөлік және су транспорты мүмкіндігінің болуы маңызды. Туризмді дамытуда жоғары сапалы, жайлы жабдықталған вагондарды сатыр алу, ішкі бағдар бойынша туристік пойыздарды ұйымдастыру керек. Әуе арқылы тасымалдауды кеңепйту және әуе бағыттарында иккемді баға саясатын пайцдалану, теңіз жолаушылар кемесін сатыр алу мәселелерін шешу қажет.

Қапшағай су қоймасының оң жақ жағалауында ойын-сауық объектілері бар Жаңа-Іле туристік орталықты құру үшлін Алматы облысының әкімдігімен 1100 га жер телімі белгіленіп отыр. Қапшағай қалалық маслихат шешімімен Жаңа-Іле туристік орталығының бас жоспар тұжырымдамасы  бекітілді. Әлеуетті инвесторлармен жұмыс жүргізілуде, көліктік инфрақұрылым объектілері (жолдар, әуежай, бекеттер) және инженерлік инфрақұрылым  объектілерінің құрылысын (электр қамтамасыз ету, газ қамтамасыз ету, сумен қамтамасыз ету, канализация магистральды желілері) мемлекеттік қаражат есебінен инвестициялау механизмі анықталған. Қазастанның жағымды беделін қалыптастыру стратегиясын жүзеге асыру бойынша үлкен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Имиджді қалыптастыру аясында халықаралық туристік форумдарға қатысу, көрмелер, жәрмекелер, өткізу және әлемнің ВВС, CNN және Euro News сияқты басты арналарында жарнамалар орналастыру мен көрсету,сондай-ақ шетелдік БАҚ өкілдері үшін ақпараттық турлар өткізу және жарнамалық ақпараттық өнім шығару көзделген. Негізгі туристік кешені дамыған мемлекеттерде қазақстандық туристік өкілдіктерін ашу көзделуде. Бұл отандық туризмнің дамуынаүлкен қосар еді. Негізгі бәсекелестер болып табылатын Ресей мен Өзбекстан мемлекеттерінің Германия, Ұлыбритания, Жапония және Франция елдерінде өкілдіктері бар.

Жарнаманың қажет етпейтін Британдық туристік әкімшіліктің, басқа 22 шет мемлекеттерде және Францияның 38 өкілдігі 29 мемлекетте бар. Эканомиканың табысты секторы болып табылатын туризм саласында Туркия мемлекеті 36 шетел бюросы арқылы әлемнің 33 мемлекетінде белсенді жарнама жүргізе бастады.

      Туризм индустриясының бәсекеге қабілеттілігін дамыту мақсатында, мемлекеттің эканомикалық өсуін қамтамасыз ететін ішкі және сыртқы туризмді дамытуға, туристік қызметтің басымды бағыттарына бағытталған инвестициялар үшін қолайлы жағдайларды жасауға, туризмнің озық жобаларын мемлекеттік тұрғыдан қолдауды арттыруға бағытталған туризмнің нормативті-құқықтық базасын ары қарай жетілдіру бойынша мәселелерді шешудің нақты жұмыстарын кешенді түрде жүргізу қажет.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. «Кластердің экономикасы  және  ұйымдастыру  негіздері» , А.С. Сейдахметов,  М.Б.Тышқанбаева.

2. Зайцева Н.А.. М.:  Менеджмент в социально-культурном сервисе и туризме. «Академия», 2003