Экономикалық ғылымдар/ 9.
Өнеркәсіп экономикасы
Магистрант Айнабекова М. Ж.
Э.ғ.к.
доцент Джакишева Л. К.
М.Х. Дулати
атындағы Тараз МУ,
Қазақстан Республикасы
Тараз қ.
ҚР электрэнергия мәселелері және Тараз
қаласындағы электрэнергия саласына АЭБЕЖ жүйесін енгізу
тиімділігі
Электр энергетикасы базалық салалардың бiрi бола отырып, кез
келген мемлекеттiң экономикалық, әлеуметтiк саласында
маңызды рөл атқарады. Ал, электроэнергия тапшылығы
әлемдік проблемаға айналғалы біраз болды. Оны әлем
жұртшылығы әртүрлі жолдармен шешуде. Энергия
тапшылығын көптеген мемлекеттер өндірістерді
жаңғырту және инновацияларды кеңінен енгізу
нәтижесінде еңсеруде.
Бұл бағытта біздің елімізде де елеулі шаралар
қолға алынып, жүзеге асырылуда. Сондықтан электр
энергетикасы Қазақстан Республикасы экономикасының басым
секторларының бiрi ретiнде айқындалып, жаңа тиiмдiлiгi
жоғары технологиялар мен елдiң жалпы iшкi өнiмiндегi
(бұдан әрi - ЖIӨ) энергия қажетсiнудi
тұрақты төмендету базасында электр энергетикасының
орнықты дамуы кезiнде энергетика - экономика - табиғат -
қоғам серпiндi теңдестiрiлген жүйе ретiнде
қарастырылады. Тәжірибе көрсеткендей, жалпы мемлекетіміздегі
және қуат саласындағы дағдарыстар, электр желілеріндегі
шығындар өзінің кері әсерін көрсетуде. Өмірдің өзі дәлелдеп
отырғандай, әлемді жаулаған дағдарыс еліміздің
энергетика саласының электр қуатын жеткеру және тарату
тиімділігіне қатысты маңызды көрсеткіш ретінде танылатын
электр желісіндегі энергия шығынына да өз әсерін тигізіп
отыр.
Осы
мәселенің маңыздылығын Елбасы Н.Назарбаев
өзінің 27.01.12. Жолдауында тағыда айтып кетті. Оңтүстік
өңірлердегі энергия тапшылығы проблемасын шешу үшін
Үкіметке үстіміздегі жылы қуаты 1320 мегаватт,
құны 2,3 миллиард доллар тұратын Балқаш
ЖЭС-інің бірінші модулінің құрылысын бастауды
қамтамасыз етуді тапсырды. Қарқынды дамып келе жатқан
оңтүстік өңірде электр энергиясы бойынша тапшылығын
айтты. Біз ешкімге тәуелді болмауға тиіспіз. Бұл мәселе
өте көптеген жәйттерді шешеді. Балқаш ЖЭС-і бойынша
барлық мәселелер шешілді. Істі жеделдетіп, осы жұмысты бастау
қажет екендігін айтып өтті [1].
Электроэнергия - өте ерекше тауар. Көп жағдайларда
соңғы тұтынушы өзінің нақты
пайдаланған электроэнергиясына төлейді. Ал, белгілі бір
мөлшердегі электроэнергияны электростанциядағы генератормен
өндіру үшін белгілі бір мөлшерде отын және шикізат
ресурстары қажет. Осы ресурстардың көлемін дұрыс
жоспарламау электрмен жабдықтаудың үзілісіне, тіпті апат
жағдайларына әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан
энергожүйе үшін электроэнергияны қабылдауды жоспарлау
өте маңызды.
Аймақтық желілік компаниялардан желі арқылы және
есепке алу құралдары арқылы есепке алынған
электроэнергия келесі құрамалардан құралады: 1. Пайдалы
шығару - тұтынушылармен пайдаланған және ақшасы
төленген электроэнергия;
2. Энергожүйелерге
өндірістік қажеттілік;
3. Транзит – электр желілері
арқылы электроэнергияларды тасымалдау;
4. Электроэнергия шығындары.
Алғашқы
екеуі бойынша жоспарлау мен есептеу кезінде ешқандай мәселелер
туындамайды. Транзитті болжамдау қиын, бірақ электроэнегияны бөлістіруді
жоспарлауға ол аса қатты әсер ете қоймайды.
Сонда
аққа түскен қара дақ – шығындар болып
табылады.. Осы құпия термин нені білдіреді, электроэнергия
шығындарын қалай төмендетуге болады және
тұтынушылар ретінде және энергожүйе жұмыскерлері
ретінде оның нақты қай құраушысына әсер ете
алатынымызды анықтау үшін электроэнергия шығындарының
құрылымына үңілейік.
Ең
бірінші, электроэнергия шығындары – бұл физика кітабынан
білетініміздей, бір орыннан екінші орынға жеткізу кезінде басқа
ресурстарды пайдаланбайтын жалғыз өнім. Бұл кезде ол өз
өзінің белгілі бір бөлігін шығындайды. Яғни, техникалық шығындар
пайда болады. Жалпы алғанда, техникалық шығындарды
мүлдем болдырмау тіптен мүмкін емес, алайда, солай екен деп,
қол қусырып қарап отыруға болмайды. Энергия
шығынын құраушы техникалық шығындарды азайту -
энергия жүйесінің қабылданған нормаларға
сәйкес болуын қамтамасыз ету мақсатында, сонымен қатар,
қамтамасыздандырудағы сенімділікті арттыру және
жабдықтарды пайдалану ісіне қатысты өзге де
сипаттамаларын жетілдіру үшін
қажет. Жобалау жұмыстары жүргізілген кезде электр желілерін
тиімді пайдалану, шығынды барынша кеміту мақсаты қойылады.
Бірақ, өмір бір орында тұрмайды, өнеркәсіп пен ауылшаруашылығы
секторы дамыды, тұрғындардың талабы өзгерді, энергия
тұтынушы жаңа нысандар бой көтерді.
Еліміздегі
мамандар техникалық шығындарды дәл есептеп шығумен
айналысып қана қоймайды, сонымен қатар талдап, себептерін
анықтау ісі де атқарылады. Осы талдаулар негізінде ұсыныстар
дайындалып, шығындарды төмендету бойынша іс-шаралар жоспары
жасалынады.
Ендігі бір
осал тұс – пайдаланылған энергиясын толық есептемеу.
Мұнда, есептеу құралдарының кездейсоқ, немесе,
құрылысындағы өзгешелігіне байланысты өз ішкі
кінәраты болуы мүмкін екендігін де естен шығармауымыз
қажет. Кернеу класы бойынша есептеу құралдарының жалпы
алғандағы қалыпты қателігінің қосындысы
желі бойына жіберілген қуаттың 1%-нан сәл артық
мөлшерді құрайды. Ал, жыл нәтижесінде бұл пайыз
энегожүйесі үшін әжептеуір соманы құрайтын
болады.
Сонымен, ең
күрделі және жойылуы қиын электроэнергия шығындары –
бұл коммерциялық шығындар. Олар физика мен математика
заңдылықтарына бағынбайды. Оларға әлеуметтік
факторлар әсер етеді. Коммерциялық шығындар – ең
алдымен, тұтынушылардың электроэнергия ұрлауы. Олар
тұтынушылардың әдейі істеген әрекеті арқылы да,
болмаса тұтынушылардың қатысуынсыз энегокомпания
қызметкерлерінің қадағалауының жеткіліксіздігінен
де болуы мүмкін. Біз барлығымыз да тұрмыстық қажеттіліктерді
тұтынушылармыз және электр есептегіш құралының
жұмысы қандай да бір жағдайларға байланысты
өзінен өзі тоқтап қалуы немесе үзілісте
тұрып қалуы мүмкін екендігін білеміз. Ал, тұтынушы
болса білмегендіктен бе, не болмаса айтқысы келмегендіктен бе
энегожүйе қызметкерлеріне хабарламайды. Сөзсіз, бұл
мәселені шешудің бірден-бір жолы электроэнергия тұтынушыларын
қатаң бақылау болып табылады.
Электр
желілеріндегі электр энергиясының шығыны – «Жамбыл электр
жүйесі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі электр энергиясын есепке алу
ісі мен мекеме жұмысының тиімділігін айқындауға
көрнекі дәлел бола алады. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, кернеу
класы бойынша есептеу құралдарының жалпы
алғандағы қалыпты қателігінің қосындысы желі
бойына жіберілген қуаттың 1%-нан сәл артық
мөлшерді құрайды. Жыл қорытындысында
«Жамбыл-Жарық-Сауда-2030» ЖШС бойынша осы пайыздық
көрсеткіштің өзі 11,56 млн. кВт/сағ. энергияны
құрап отыр. Электр желілерінде нормадан тыс шығынның
орын алуы электр желілік компаниялардың қаражат қорына
келтірілген залал екендігі түсінікті. Шығындарды кеміту
нәтижесінде үнемделген қаржыны желілерді техникалық
тұрғыдан қайта жарақтандыру; қызметкерлер
жалақысын арттыру; электр қуатын беру және таратуды
ұйымдастыруды жетілдіру; тұтынушыларды электр энергиясымен
қамтамасыздандырудың сапасы мен сенімділігін жоғарылату
мақсатына жұмсауға болар еді.
Сондықтан
энергия үнемдеу және оның ресурстарын сақтау, кәсіпорындарды
жаңғырту туралы бағдарламалары жасалған.
Бағдарламаға сәйкес
«Жамбыл-Жарық-Сауда-2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен
«Жамбыл электр жүйесі» ЖШС арасында 2010-2012 жылдарға
арналған құны 1744 684 мың теңгенің
инвестициялық бағдарламасы әзірленді. 2010 жылы белгіленген
шара 148 пайызға орындалды. Соның нәтижесінде ысырап
төмендетіліп, 18.15 пайызды құрады. Биылға белгіленген
іс-шаралар да ойдағыдай жүзеге асырылуда. Нормативтік ысыраптарды
төмендету нәтижесінде үнемделген ақшалай
қаражатқа серіктестікте есеп айырысу кассалық орталығын
ашуға мүмкіндік туды [2].
Осы
мәселені шешу мақсатында: 2009 жылы «Жамбыл-Жарық-Сауда-2030»
ЖШС тарапынан Жамбыл облысының аумағында GSM-байланыс арналары
арқылы Ақпарат өңдеу орталығына PLS технологиясы
негізінде кейіннен мәлімет беруді жүзеге асыратын
Автоматтандырылған электр энергиясын бақылау және есептеу
жүйесі– АЭБЕЖ (АСКУЭ /AMR/) қолданысқа енгізу
қолға алынды.
Кесте 1- АЭБЕЖ
жүйесінің артықшылықтары мен оны енгізуге әсер
ететін факторлар
|
АЭБЕЖ жүйесінің артықшылықтары |
АЭБЕЖ жүйесін енгізуге әсер ететін
факторлар |
|
Есепке алынбай
қалған және ұрланған электроэнергияны
анықтауға қабілетті, кешенді бірмезгілді есепке алуды
құру |
Үй ішінзегі электр
желілерінің қанағаттанарлықсыз жағдайы
және жоғарыдағы желілердің тозғандығы |
|
Есепке алу
құралының дәлдігінің жоғары сыныпты болуы
есебінен электроэнергияны есепке алудың айқын дұрыстығы |
Коммуналдық
үйлердің ішіндегі жүктелім бойынша әжептеуір
айырмашылықтардың болуы |
|
Штаттық
персоналдардың - тұрғындарға қызмет
көрсететін бақылаушыларды қысқарту |
Тоқтың жоғары
жүктеліміне және электрлік желілердегі жүктелімнің
төмендігіне байланысты PLC
дабылының жоғалуы |
|
Сатып алынатын Э/Э
көлемін өте жоғары жүктелімді ескере отырып жоспарлау |
ПУ-ды ауыстыруға
бірқатар тұрғындардың
қызығушылығының жоқтығы және
ауыстырудан бас тартуы |
|
Дифференциацияланған
тарифті сөзсіз қолдану |
Тұрмыстық
секторға АЭБЕЖ қызметінің механизмін реттейтін
нормативті-құқықтық базаның
жоқтығы |
|
АЭБЕЖ енгізілетін аудандарда
электрмен қамтамасыз ету схемаларын қалпына келтіру |
Электрмен қамтамасыз ету
саласындағы заңдылықтардың жетілмегендігі. |
Автоматтандырылған жүйені енгізудің
артықшылықтары көп. Бұрын тұтынушылар
төлемақы төлеу үшін мекемелердегі кассаларда бірнеше
сағат бойы кезекте тұратын.Бірқатар тұтынушылар
тұтынған қуаты үшін қанша төлейтінін де
біле бермейтін. Заманауи үлгіге сай салынған орталықта енді
тұтынушылар кезекке тұрып сарсылмайтын болды.
Тұтынушылардың қанша төлейтінін операторлар компьютер
арқылы бірден айтып береді.
Оған төменде көрсетілген кесте
дәлел бола алады [3].
Кесте 2- АЭБЕЖ жүйесі енгізілген
аймақтардағы тиімділіктің ақшалай көрінісі,
теңге
|
Мезгіл атауы |
Қарасу иіні |
Қант зауыты |
Тайвань Көктем, Арай |
Алатау м/ауд (8) |
Талас м/ауд (6) |
Жансая м/ауд (11) |
барлығы |
|
наурыз.2010 |
545 136 |
|
|
|
|
|
545 136 |
|
сәуір 2010 |
491 496 |
|
|
|
|
|
491 496 |
|
мамыр 2010 |
571 534 |
321 214 |
|
|
|
|
892 748 |
|
маусым
2010 |
648 525 |
591 660 |
|
|
|
|
1 240
185 |
|
шілде 2010 |
365 397 |
1262349 |
898 892 |
|
|
|
2 526
638 |
|
тамыз 2010 |
383 729 |
1254588 |
1 163 345 |
|
|
|
2 801
662 |
|
қыркүйек 2010 |
409 425 |
1058006 |
1 165 745 |
126 538 |
|
|
2 759
714 |
|
қазан
2010 |
295 853 |
1196461 |
389 783 |
929 974 |
397 354 |
|
3 209
425 |
|
қараша
2010 |
633 882 |
894091 |
1 074 388 |
1 370
188 |
460 412 |
|
4 432
961 |
|
желтоқсан2010 |
244 655 |
970524 |
394 006 |
1 160
708 |
300 842 |
|
3 070
735 |
|
қаңтар
2011 |
425 132 |
878451 |
411 874 |
1 060
708 |
358 114 |
|
3 134
279 |
|
ақпан
2011 |
398 454 |
854457 |
424 877 |
987 145 |
364 112 |
|
3 029
045 |
|
наурыз
2011 |
354 123 |
813148 |
435 877 |
998 115 |
325 447 |
282 218 |
3 208
928 |
|
сәуір
2011 |
312 478 |
847329 |
411 189 |
854 776 |
374 115 |
278 415 |
3 178
308 |
|
мамыр 2011 |
349 117 |
897657 |
395 118 |
967 000 |
336 887 |
280 114 |
3 225
893 |
|
маусым
2011 |
328 970 |
905214 |
400 210 |
991 705 |
342 007 |
306 078 |
3 274
184 |
|
шілде 2011 |
331 123 |
915123 |
398 000 |
984 570 |
348 700 |
310 120 |
3 287
636 |
|
тамыз 2011 |
330 150 |
914130 |
410 500 |
990 010 |
350 000 |
312 666 |
3 307
456 |
|
барлығы |
7 419 179 |
14574402 |
8 373 804 |
11 521 437 |
3 957 990 |
1 769 611 |
47 616 423 |
Кесте
мәлеметтерін талдау барысында ай сайынғы тиімділік
қарқынды өсуде. 2010 ж наурыз айында тиімділік 545 136
теңге абсолютті көрсеткіші болса, 2011 ж тамыз айында барлық
аймақ бойынша тиімділік
3 307 456 теңгені құрап отыр. Бұл
бүгінгі таңда өте жақсы көрсеткіш. Яғни
АЭБЕЖ жүйесі біздің
тұрмыс – тіршілігімізде өте қажет екенін дәлелдеді.
Электр
қуатын ұрлаушылар әсіресе, жеке тұлғалардың
арасында көп. Осыған дейін электр қуатының
шығыны 45 пайызға жеткен
болатын. Автоматтандырылған электр энергиясын бақылау және
есептеу жүйесінің енгізілуі бұған берік тосқауыл
қойды. Бұл орнатылған есептегіш құралдарынан
тұтынушылар қуат ұрлай алмайды. Егер осындай әрекет жасағандар болса,олар
қашықтан бақылау арқылы мекемеде отырған
операторларға бірден белгілі болады.Жаңа есептегіш
құрал қуат көбейсе немесе азайса автоматты түрде
өшіп қалады. Мұның өзі тұрмыстық
құралдарды істен шығармауға игі ықпалын
тигізуде.
2010 ж.
ақпан айынан бері қолданыстағы ескі электр есептеу
құралдарын алмастыру және электр энергиясын бақылау,
тіркеу автоматтандырылған жүйесін енгізу жұмыстары (АЭБЕЖ)
жүргізілуде. Мұндағы атап айтуға тұрарлық
басты ерекшелік – электр энергиясын бақылау, тіркеу
автоматтандырылған жүйесін енгізу жұмыстары атқарылатын
аумақ тұтынушыларына тұрмыстық пайдаланудағы
электр есептеуіштері нормативтен тыс шығын мөлшерін кеміту есебінен
тегін орнатылуда. АЭБЕЖ-Автоматтандырылған
электр энергиясын бақылау және есептеу жүйесі
орнласқан
аймақтардағы бір жарым жыл ішіндегі тиімділі
47 616 423 теңгені құрап отыр.
Бұл
жоба электр энергиясын үнемдеп қана қоймай, есептеу
жүргізу арқылы қаржы үнемінің де
айтарлықтай боларын аңғаруға болады. Электр энергиясын
үнемдеу өзімізге тиімді ғана емес, баршамызға
қатысты.
Әдебиет:
1. ҚР Президенті Назарбаев Н.Ә.
ҚР халқына Жолдауы «Әлеуметтік-экономикалық
жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»,
27.01.2012 ж. Интернетресурс/http://www.khabar.kz
2. А.Мамыт, «Облыстық энергия үнемдеудегі оң
нәтижелері» / «Ақжол»
газеті №174 (17.465) 15.10.2011 ж.
3. «Жамбыл-Жарық-Сауда-2030» ЖШС және «Жамбыл электр жүйесі»
ЖШС-нің презентациясының жобасы // Тараз қ. 2011 ж.