Педагогические науки / Актуальные научные разработки
п.ғ.к., доцент
Абилкасимова Г.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды
мемлекеттік университеті, Қазақстан
магистрант Алимбеков Д.Е.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды
мемлекеттік университеті, Қазақстан
Болашақ мамандардың
кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру
Қазақстандағы
білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы жобасында сапалы біліммен қамтамасыз етіп,
қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын
арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін
арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық
өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды
қамтамасыз ету, сондай-ақ педагогтердің еңбегін
мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне
үлкен мән берілген. Осыған орай қазіргі таңда
еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы
саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог
қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы
жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен
жұмыс жасауына негіз болары анық.
Дегенмен, қазіргі
білім беру жүйесінің мақсаты бұл бәсекеге
қабілетті маман дайындау, білімнің сапалы да саналы түрде
берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтардың, зиялылар
қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім
беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін
оқу орындарының басты мақсаты – мамандықтарды игерту
ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене
отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін
адамның құзырлылық қабілетіне сүйену
арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін
ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті
мәселелердің бірі.
Психологиялық-педагогикалық
әдебиеттердегі ғалымдардың зерттеулеріне
қарағанда кәсіби шеберліктің қалыптасуы мен даму
үдерісінде екі ұғым: құзыреттілік және құзырет
ұғымдары пайдаланылып
келеді. Біріншісі, С.Ожегов сөздігі бойынша, белгілі бір кәсіби
қызметке байланысты, «қандай да болсын мәселеден
хабардарлық, беделділік», ал екіншісі, «қандай да бір істі жүргізетін
жеке адамның, мекеменің мәселелерді шешуге, іс-әрекет
етуге, бір нәрсені істеуге құқықтылық
шеңбері».
Сондықтан,
педагогикалық білімі бар маманның
кәсіптік-педагогикалық шеберліктерін шыңдаудың
педагогикалық шарттарын, заңдылықтарын және
ерекшеліктерін зерттеу айырықша мәнге ие.
Педагогикалық
әдебиеттерді талдау әлі де болса ғалымдар арасында
құзыр және құзыреттілік түсініктеріне
анықтама беруде, олардың құрылымдық мәнін
анықтауда бірізділіктің болмай отырғандығын
көрсетеді. Бұл мәселе оларды топтастыру және жіктеу
проблемасына да қатысты болып отыр.
Сонымен, болашақ
мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру
мақсаты бұл кәсіби, өндірістік-технологиялық,
ғылыми-әдістемелік, зерттеушілік, т.б. іс-әрекетке даяр
бәсекеге қабілетті маман тұлғасын қамтамасыз ету.
Ал оның міндеттері:
-
болашақ маманда өзінің кәсіби білімі мен
кәсіби іс-әрекетіне құндылықтық
қатынас қалыптастыру;
-
болашақ маман тұлғасының кәсіби
әлеуетін арттыру;
-
қоғамдық өмірде маманның толық
өзіндік тұлғалық қасиеттерін көрсетуге
даярлау.
Кәсіби оқыту
педагогының құзырлығы жоғары, әлеуметтік
тұрғыдан жетілген, әдіс-тәсілдерді меңгерген,
шығармашылықпен жұмыс істейтін, өзін-өзі
кәсіби жетілдіруге ұмтылған маман. Педагог мамандығы,
зиялылар ішіндегі көп топтасқан мамандықтардың ірі
тобына жатады. Білім беру жүйесінде кәсіби оқыту педагогы
мемлекеттік қызметкерлер болып табылады. Педагог өз
мамандығының сапасын, біліктілігін арттыруды психологиялық
тұрғыдан қамтамасыз етуі үлкен роль атқарады.
Педагогтың іс-әрекеті көбінде оның кәсіби
шеберлігінің кеңістігіне қатысты, педагогикалық
қарым-қатынас механизмдеріне, студенттердің
психологиялық ерекшеліктерінің табиғатына да байланысты.
Педагогикалық іс-әрекеттің дамуының жоғары
деңгейі мынада – педагог өзін-өзі дамыту механизмдерін
қалыптастыруға мақсат қояды және
оқушыларға (студенттерге) өз қабілет-қарымы
бойынша даму бағыттарын ұштайды.
Кәсіби
құзыреттілікті қалыптастыруда жоғарғы оқу
орны кезеңінің өзіндік ерекшелігі болашақ
маманның кәсіпті меңгерудегі іс-әрекеті алмасып
отыратын екі кезеңнен тұрады.
Осыған орай жеке
тұлғаны қалыптастырудағы жаңаша
оқытудың әдіс-тәсілдерін іздестіру пәндік білім
аймағында игерілетін білімдерімен анықталады. Кәсіптік
оқыту педагогының кәсіби құзыреттілігін
қалыптастыру қазіргі
заман технологияларын игеру мәселесіне көбірек көңіл бөлуі
қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Кенжебеков Б.Т. Жоғары оқу орны жүйесінде
болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін
қалыптастыру: пед.ғыл.докт....автореф.: 21.05.05. -
Қарағанды: Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ, 2005. - 40
б.
2.
Өтебаев
И.С. Болашақ мамандарды жобалау іс-әрекетіне даярлау: теория
және практика /Монография. – Қарағанды: «Tengri Ltd», 2012. –
169 б.
3.
Қасымов Қ.Т.,
Әбілқасымова Г. Жоғары оқу орындарында болашақ
педагогтардың комуникативтік құзыреттілігін
қалыптастыру. Ізденіс. Халықарал. ғыл.-педагог. басылым. - 2012. №1 (2) Б. 217 –
221.