Педагогические науки /
Актуальные
научные разработки
п.ғ.к., доцент Абилкасимова Г.
Е.А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақстан
Байлен А.Н.
Сләмия Саттаров
атындағы №57 мектеп лицейі негізіндегі шағын орталық.Қарағанды
қаласы, Қазақстан
Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу мен
білім беруді ұйымдастыру
Ел басымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан
болашағымыз - қоғамның идеялық бірлігінде» атты
еңбегінде «Ұлттық мәдениетке, ана тілге еркіндік беру,
оны тәлім-тәрбие құрылымына айналдыру, тәрбие
мәселесінде ұлттық ізгілік пен өркениетті әлемдік
имандылық үрдісінің ортақ мүддесін жаппай сезіну
және оны кіріктіре пайдалану арқылы іске асыру керек» - деп атап өткен.
Мұндай тәрбие жұмысын әдетте мектепке дейінгі
тәрбиеден, яғни балабақшадан бастаған дұрыс.
Қазақ халқы қай уақытта болмасын,
ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры,
ұлттың болашағы деп білген. Сондықтан тәрбие
мәселесіне көңіл бөліп, оған тиімді
әдіс-тәсілдерді қолданып, қарастыру әрбір
ұжымның тапқырлығы мен іскерлігін, ізденімпаздығы
мен шығармашылығын талап етеді. «Адамға ең бірінші
білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім
адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім адамзатқа
апат әкеледі» деген ғұлама ғалым Әбу Насыр
Әл-Фараби ойын әрбір ұстаз, әрбір ата-ана өздеріне
қағида ретінде ұстанса нұр үстіне нұр болар
еді. Оқу мен тәрбие - бір-бірінен бөлек алынып
қаралмайтын күрделі үдеріс. Жаңа заманның
жаңашыл ұстазы осы екі үдерісті бірдей теңестіріп алып
жүру оның шеберлігі мен іскерлігін көрсетеді.
Баланың бойында адамгершілік қасиеттердің негізі
отбасында қалыптасады. Ата-ананың аялы алақаны туған
үйдің жылуы оның көкірегінде өмір бойы
сақталып мәңгі есінде қалады. Отбасындағы
адамдармен қарым -қатынаста бала мәдениетті үйренеді,
жеке адамға тән ар-ұят, ақыл-ой адамгершілік
қасиеттерде қалыптасады. Адамның өзге тіршілік иесінен
айырмашылығының бірі бұл дүниеге перзент әкелген
соң оның болашағын ойлау, яғни қандай
тағдыры бар, кім болар екен деп, сол жолда ата-аналық борышын
атқарады.
Мағжан Жұмабаев өзінің ұлағатты бір
сөзінде былай деген болатын: «Баланы тәрбиешінің дәл
өзіндей қылып шығармай, келешек заманына лайық
қылып шығару керек». Иә, Мағжан аталары айтқан
даналық ойы бүгінгі күні білімді ұрпақ керек
екенін айқындайды. Өйткені елдің ертеңгі тірегі бұл
жастар. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс. Қазіргі
таңда ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік артып отыр.
Бала тәрбиесі бұл баршаның ісі. Отбасының да,
балабақшаның да, мектептің де мақсат-мүддесі
біреу ол - заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу.
Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес
жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтан баланың
жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі
бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді
сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге құмар,
қызыққыш, ол өзінің болып жатқан
өзгерісті, керемет құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның
жан-жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне,
тілінің дамуына ең алдымен ата-анасы міндетті.
Бүгінгі балалар тез жетіліп келеді. Олар айналадағы болып жатқан барлық
оқиғаларды білгісі келеді. Баланың тұлға болып
қалыптасуына отбасының тәрбиесі аздық етеді. Бұл
орайда бала тәрбиесіндегі балабақшаның орны ерекше. Себебі,
балабақшаға баратын бала қоғамда өз ойын
ашық айтуға үйренеді. Сонымен қатар жан-жақты
жетіледі.
Балаларды ерекше күтіп тәрбиелеу керек, балалар біздің
болашағымыз. Әсіресе, ұлттық
құндылықтарды бойына сіңіруіміз қажет және
баланың үйде отырмай, балабақшаға барғаны
жөн. Өйткені, бала
сыртқа шықса, айналадағы ортаға үйренеді, мінезі
тұйық болмайды, адамдармен тез араласады. Балабақша ең
алдымен баланы тәртіпке, жауапкершілікке үйретеді, ойлау қабілеттерін арттыру арқылы
ұрпақты жақсылыққа тәрбиелейді. Ата-бабаларымыз айтқандай баланың тәрбиесі
бесіктен басталады, яғни тәрбиенің негізі отбасынан бастау
алады.
Сонымен, балабақша, одан кейін мектеп адамның
қоршаған ортада жеке тұлға ретінде қалыптасуына
көмектеседі. Отбасындағы тәрбие мен балабақшадағы
тәрбиені ұштастыра отырып, әрі қарай жақсы
жолға түсуіне себепкер болады деп айтуға болады.
Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу мен білім беруді
ұйымдастыруда ұстанатын келесі қағидаларды
қолдануға болады (Сурет 1).





Сурет 1. Мектепке дейінгі
ұйымдарда тәрбиелеу мен білім беруді
ұйымдастырудың қағидалары
Педогогикалық үдеріс белгілі бір құралдар мен
әдістер көмегімен жүзеге асырылады. Балабақшадағы
тәрбие бұл қазақы ұлттық сана,
ұлттық психология қалыптасқан парасатты, адамгершілік
қадір-қасиеті мол, физикалық және моральдық
жоғары белсенді жеке адамды қалыптастырып шығару үдерісі
болып табылады.
Ойнау, еңбек ету және оқу барысында ақыл-ой
адамгершілік физикалық және көркем тәрбие, даму үдерісі
қатар жүреді. Бала осы кезде белгілі дәрежеде білім алады,
іскерлікке үйренеді, өзін қоршаған ортамен
қарым-қатынас жасауға, қоғамдық
өмірдің әдет-дағдыларын игеруге бейімделеді.
Дегенмен, кез келген бүлдіршін үшін бала бақша
тәрбиесі ата-анадан тәлім-тәрбиені одан әрі
жалғастырып, жандандырары сөзсіз. Дер кезінде алынған
мектепке дейінгі білімнің әр бүлдіршін үшін
маңызы зор. Бала бақшаның ең басты мақсаты
мемлекеттік білім беру бағдарламасына сай мектеп жасына дейінгі
бүлдіршіннің жан-жақты эстетикалық дамуын
қамтамасыз етеді. Кішкентай бүлдіршіндердің
алғашқы даму кезеңінде білім мен тәрбие беру
жұмысы жан-жақты болуы заман талабы.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Харламов И.П. Педагогика. - М.,1990.
2. Қоянбаев Р. Тәрбие теориясы. - Алматы, 1991.
3. Проблемы воспитания
нравственных ценностей у школьников в практике общеобразовательной школы // Межвузовский
сборник научных статей. -Алматы, 2006.
4. Әбілова
З. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. Алматы, 1996.
5. Жұмаханов Ә.
Семьяда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір
мәселелері. -А., 1985.