ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ
ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ОҚЫТУШЫНЫҢ
РӨЛІ
Кенджаева Балнұр Балабекқызы
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университеті
Түркістан қаласы
The role of the teacher in formation of students’ competence in higher education is considered in this article.
Қазіргі кезде, еліміздің білім беру жүйесіндегі
реформалар мен саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар
әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен
бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа
идеялар мен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары
анық.
Қазақстан
Республикасының президенті Қазақстан халқына
жолдауында, «Қазақстан дамуындағы жаңа серпіліс
қарсаңында. Әлемнің бәсекеге қабілетті елу
ел қатарына қосылу стратегиясында, білім
реформасы-Қазақстанның бәсекеге қабілетті ел
болуын қамтамасыз ететін ең маңызды
құралдардың бірі. Бізге экономикалық және
қоғамдық модернизацияның талаптарына жауап бере алатын
заманға сай білім жүйесі», керек екендігін айрықша атады.
Олай болса, білімнің сапалы
да, саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі зиялылар
қауымының деңгейіне байланысты.
Ендеше, әлемдік білім
кеңістігіне еркін енуді көздейтін 12 жылдық білім беру
жүйесі, жалпыға емес, жекеге негізделген білім бағыты
жоғары және кәсіптік орта білімді мұғалімдерді даярлайтын
оқу орындарын айналып өтпейтіні белгілі.
Оқу орнын бітіруші жас
түлек еліміздің білім саясатындағы өзгерістер мен
жаңалықтардан толық хабардар бола отырып, өмірдің
кез-келген жағдаяттарынан шыға білетін алғыр да білімді жас
болып тәрбиеленуі тиіс. Сондықтанда кәсіби орта білімді
мұғалімдерді даярлайтын ұжымдардың дәріс беруші
оқытушылары да педагогтар қауымына ұсынылып отырған
заман талабын бұлжытпай атқаруы міндетті деп санаймын.
§ Ендеше, әр
оқытушы «кешегі студенттердің»
білім саясындағы өмірі қандай болды, неліктен
қазіргі студенттердің білімге деген құлшынысы
төмен?
§ Оқытушы ретінде
студенттердің сұранысын қанағаттандыра алдым ба?
§ Оларға
білімнің қандай бағыттарын ұсынуым керек?
§ Менің
ұсынысым студенттердің шығармашылық
қабілеттерінің оянуына, білімге деген
құмарлығының артуына себеп бола ала ма? сияқты
көптеген мәселелердің төңірегінде ойлана отырып,
жұмысын жүйелі түрде жүргізе білсе ғана студент
шығармашылығын арттыру арқылы, заман талабына сай
мұғалім кадрларын даярлауға мүмкіндік туғыза алады.
Кешегі студент жаппай біліммен қаруланып келген болса, қазіргі
талап білімді жеке тұлғаға бағыттай отырып,
студенттердің құзырлылығын ескеру арқылы
шығармашылық мүмкіндіктерін ашу- басты мақсат болып
отыр.
Бүгінгі оқу орнын
бітіргелі отырған жас маман мемлекетіміздің кадр саясатындағы
мақсаттарына сайма-сай болып шығу қажет, яғни олар
еліміздің әлеуметтік экономикалық жоғарғы
қарқынмен дамуын қамтамасыз етуге қабілетті,
интеллектуалдық ойлау белсенділігі жоғары тұлға
тәрбиелейтіндей кадр болып шығуы бүгінгі күннің
өзекті мәселелерінің бірі.
Дәстүрлі білім беру
жүйесінде мамандықтар даярлаушы кәсіби білім беретін
оқу орындарының басты мақсаты - мамандықты игерту ғана болған болса, ал қазір
әлемдік білім кеңістігіне ене отырып,бәсекеге қабілетті
тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық
қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге
бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну негізгі
мақсат болып отырғаны баршамызға аян.
«Құзырлылық»
ұғымы жайлы Құдайбергенова К.С.
«Құзырлылық табиғаты
- тұлғаның өзіндік дамуында» атты еңбегінде
былай деп көрсетті: «Құзырлылық ұғымы
соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның
субьектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару
нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылықтың латын
тілінен аудармасы «competense» белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар
білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір
сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім
шығара алады дегенді білдіреді» десе, бұл жайлы
Б.А.Тұрғынбаева «Мұғалімдердің
шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында
дамыту» еңбегінде «...өзінің практикалық әрекет
арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін
шешуде қолдана алуын – құзырлылықтар деп атаймыз» деп
анықтаса, ресей ғалымы Н.В. Кузминаның көзқарасы
бойынша «Құзырлылық дегеніміз – педагогтың басқа
бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлылығы
деді.»
Қазақстан
Республикасы 12 жылдық білім беру
тұжырымдамасында педагог кадрлардың кәсіби –
тұлғалық құзіреттілігін қалыптастыру басты
мақсат екендігін атай келе 12 жылдық білім беру де педагог төмендегідей құзіреттіліктерді
игеру міндетті деп көрсетті.
1.
Арнайы құзіреттілік - өзінің
кәсіби дамуын жобалай білетін қабілет
2.
Әлеуметтік құзіреттілік – кәсіптік
қызметімен айналысу қабілеті
3.
Білім беру құзіреттілігі – педагогикалық
және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу
қабілеті
Бұл жүйелерге
қарай отырсақ құзіреттілік
дегеніміздің өзі
қазіргі заман талабына сай педагог қауымының
өзін-өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге
болады. Ендеше әр
педагогтың кәсіби құзіреттілігі нақты
жағдайда ғана тұлғаның құзырлылық
қабілетін ашатын тапсырмалар жүйесін ұсына алатынымен
анықтауға болады. Білім саясатындағы түбегейлі
өзгерістерді күнделікті оқу үрдісінде берілетін
тапсырмалардан бастау қажет екендігі айқын көрсетілді.
Студент
шығармашылықты тапсырмаларды орындау барысында
ақпараттық көздерінен алынған мәліметтерді
пайдалана отырып өмірден көрген практикасымен байланыстыру
арқылы
сұрақтардың шешімін табуға жол ашады.
Студенттердің осындай
жолмен орындаған тапсырмалар жүйесінің өзі
шығармашылық ұғымымен сәйкес. Ендеше кеше
ғана студент жаппай білім алу барысында кейбіреулері өз
мүмкіндіктерін өзі ашқан болса, кейбірі «жабулы қазан жабулы
күйінде» өмір
ағымымен кете барды. Кешегі біздің білім алған
оқытушыларымыз білім беруші ақпарат көзі ғана болды.
Мәселенің дұрыс бұрыстығын саралаушы да тек
қана сол оқытушы еді.
Ал қазіргі оқытушы
студенттерді дұрыс ұйымдастыра отырып, бағыт бағдар
беру арқылы өздігінен жұмыс жасауға үйрету
нәтижесінде, жаңа идеялар мен жаңалықтар, болжамдар мен
нәтижелер әкелетіндей тұлға даярлап шығуды
көздеуде. Оқытушы қауымнан студенттер тек білімге ғана
емес, өмірге де үйрететін қабілеттілікті қажет етіп
отыр.
Жеке тұлғаны білімге,
өмірге бағыттауға тәрбиелеу үшін
студенттердің өз бойынан дәл осындай жұмыс
түрлерін өткізгенде ғана нәтиже берері анық.
Олай болса, студенттердің коммуникативтік
құзіреттілік қабілеттерін дамыту мақсатында
төмендегідей тәжірибе жинақтадым.
Ең әуілі білім
стандартына сай, шет тілі (ағылшын тілі) пәнінің
бағдарламалары мен жоспарларын, әдістемелік нұсқаулары
мен оқулықтарын жете зерттей отырып, шет тілі сабағында әрдайым
пайдаланылып отыратын мәтіндер (мысалы, My family, Seasons, Kazakhstan т.б)
бойынша, әр студентке жеке тұлға ретінде қарау
мақсатында шет тілінде сөйлеуге деген
қызығушылығын ояту, ізденіс жұмыстарын жасау, әр
студенттің жаңаға ұмтылу, жаңаны сезіну
деңгейін жетілдіру үшін шығармашылық
сұрақтар жүйесі жасалынды. Шығармашылық
сұрақтардың жалпы мазмұны, көтерген мәтіндер
жайында жан-жақты ізденуге, толықтырулар жасауға, болжамдар
айтуға, өз идеяларын ағылшын тілінде ортаға
салуға, еркін сөйлеуге негізделді.
Әрбір сабақтан кейін
студенттер өзінің ой-толғанысын әртүрлі сұрақтарға
жауап беру арқылы білдіріп, бөлісіп отырғаны абзал. Осындай
тәжірибелер арқылы, қазіргі оқытушы студенттердің
ішкі мүмкіндіктерін ашу арқылы,
§ олардың
шығармашылық қабілеттерін тани білуге
§ студенттерді шет тілінде
сөйлеуге дағдыландыруға;
§ өзге
мәдениетпен танысуға;
§ жаңашыл іс-әрекет жасауға;
§ білімге деген
жетіспеушілігін сезіп білуіне;
§ өмірде кездесетін
көптеген жағдаяттарды шеше білуге;
§ жаңаны танып білуге
деген құлшынысын, қабілеттерін оята білуге
тәрбиелесе ғана заман талабына сай педагог «жасап
шығаруға» мүмкіндік туады деп есептеуге болады.
Қазір төрткүл
дүниедегі өзгерістер, ақпараттық құралдар
арқылы барлық адамзатқа хабардар болып отырғаны
белгілі.
Ендеше, біздің
тәрбиелеп, оқытып шығарып жатқан педагогтарымыз осы
ақпараттық қоғамнан қалыспай
Ø жан-жақты ойлаушы;
Ø коммуникативті;
Ø ерекше
ұйымдастырушылық қабілетті;
Ø нақты бағыт-бағдар беруші
болып шығуы-заман талабы.
Осындай жағдайда ғана
еліміздің ертеңін құрушы ұрпақтарымыз
жан-жақты дамыған, шығармашыл интеллектуалды қабілеті
оянған, жеке тұлға болып қалыптасуы сөзсіз деп
ойлаймын.
Бұған негіз
тағы да Елбасымыздың «Инновациялар мен оқу білімді жетілдіру
арқылы білім экономикасына» атты лекциясында: «... Бүгін
біздің алдымызда өнімдері сыртқы рыноктарда сұраныс
туғызатын жаңа бәсекеге қабілетті өндірістерді
дамыту міндеті тұр...» деп көрсетті.
Расында да, ертең
мұндай өндірістерді дамытатын бүгінгі
ұрпақтарымыз заман талабына сай жан-жақты, жаңашыл да,
жаңаны ойлап тапқыш, жаңалыққа ұмтылушы,
бір сөзбен айтқанда, креативтілік жағынан толысқан
ұрпақтар тәрбиелеп, дайындап шығару педагог
қауымы біздің міндетіміз екені белгілі.
Мысалы: ағылшын тілі
сабағында студенттерге өмірмен, күнделікті тіршілікпен, тіпті
қарапайым ауа-райын шет тілінде сұрау арқылы студенттерді:
·
сол тілде ойлауға;
·
өз ойын айтуға;
·
өзге мәдениеттен хабардар болуға;
·
берілген тапсырмаға тереңірек бойлауға;
·
білімге деген жетіспеушілігін сезінуге (дискомфорттық);
·
белгісізге қарай табысты түрде қадамдар жасай білуге;
үйрете отырып,
олардың бойларына құзіреттілік қасиеттердің
белгілерін қалыптастыратындай орта жасауға болады екен деген пікір жасауға болады.
Міне, құзіреттілік қалыптастыру
дегеніміздің өзі студенттердің шығармашылық
қабілеттерін дамыта отырып, ойлаудың, интеллектуалдық
белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны
түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін сезінуге үйрету
арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы
күтілетін нәтижелер болып табылмақ.
Бұның өзі
өз кезегінде қазіргі ұстаздардан шәкіртті
оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп өсіруде белгілі бір
құзіреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны
қалыптастыруды талап етеді. Бұл жайлы 12 жылдық білім беру
тұжырымдамасында оқушы бойынан табылуға тиісті
құзырлылықтарды нақты айқын көрсеткен.
Мұнда:
·
Құндылықты-бағдарлы құзіреттілік
(азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну, баға бере
білу, елжандылық қабілетті болу)
·
Мәдениеттанымдық құзіреттілік (ұлттық
ерекшеліктерді тани білу, өз халқының мәдениеті мен
өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу
қабілеті)
·
Оқу-танымдық құзіреттілік(өзінің
білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай білу,
ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау,
қорытынды жасай білу)
·
Коммуникативті құзіреттілік (адмдармен өзара
қарыс-қатынас тәсілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде
қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел
тілінде қатынас дағдылары болу)
·
Ақпараттық-технологиялық құзіреттілік
(ақпараттық технологиялармен техникалық обьектілер
көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу,
таңдай, талдай білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу
қабілеті)
·
Әлеуметтік-еңбек құзіреттілік
(әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау
жасай білу, шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік
жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне
сәйкес ықпал ете білу қабілеті)
·
Тұлғалық өзін-өзі дамыту
құзіреттілік (отбасылық еңбек, экономикалық
және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы
белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті )
Аталған
құзіреттілік қасиеттерді тұлға бойына дарытуда
педагог қауымның арнайы әлеуметтік білім беру
құзіреттіліктерінің жан-жақты болуы талап етіледі. Егер
педагог өзінің кәсіби өсу жобасын дұрыс
жолға қоя отырып, өзінің кәсіптік қызметіне
нақты берілу арқылы тұлғаның алған білімін
өмірде қолдана білетіндей тапсырмалар жүйесін ұсына
алатын жағдайда болғанда ғана студент
құзіреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік табады.
Бір сөзбен айтқанда тұлғаға
бағытталған білімдер жүйесі білім стандартына сай
тұлғаның жан-жақты дамуына негізделген, алған
білімін өмірдің қандай бір жағдаяттарында қолдана
алатындай дәрежеде ұсыну педагогтың
құзіреттілігіне байланысты болады. Мысалы студенттердің
құзырлылыққа (нәтижеге) негізделген
тапсырмаларға берілген жауаптарына назар аударалық.
Тапсырма: “Кәсіптік білім” мамандығы
бойынша «Шет тілінің
маманға қажеттілігі» тақырыбында еркін
шығарма жаз.
Хайдаров Арман өз шығармасында:
“Қазіргі таңда қоғамда
кәсіптік білімге жеткілікті көңіл бөлінбейді. Ол
басқа мамандықтардан әрдайым оқшау. Сондықтанда, мұндай
мамандықтарға тапсыратын талапкерлерде кемде – кем. Егер де мен
технолог болсам, онда мен ең
алдымен болашақ мамандардың бұл мамандыққа деген
қызығушылықтарын арттыру жолдарын қарастырар едім. Мектептерде
назарсыз қалған технология
сабақтарына жаңашыл жүргізу үшін, жаңа әдіс
жолдар ендірер едім. Әрине, ол үшін маманға үлкен,
жан-жақты ізденістер қажет. Осы жолда менің негізгі
арманым шет елдерге шығып,
тәжірибе алмасу . Оны өз елімнің игілігіне жұмсау,
жақсы маман тәрбиелеу. Оны жүзеге асыру үшін, шет
тілінің яғни халықаралық тіл- ағылшын тілін білу
– негізгі шарт. Заман талабына сай маман болу кез-келген болашақ
маманның мақсаты.”. деп жазады.
Мұнда студенттің ойынан құндылықты-бағдарлы
құ-зіреттілікті аңғару қиын емес. Ол:
азаматтық борыш, отанды сүю тәрбиесін ісі арқылы
көрсеткісі келеді.
Ал осы тақырыпта
жазған Шыңғысбаева
Күлпан былай дейді:
“Мен – технолог болсам, өзім
оқытып, тәрбиелеп жатқан оқушыларға үлкен
талаппен қарар едім, менің
талабымды, олардың орындауын өте қатаң
бақылар едім. Өз оқу
жүйемнің мақсатын, жоспарын, атқаратын міндеттері, жетістіктерін
айқындаймын. Өз-өзімді қоғамдағы
жағдайға тез бейімдеп, оқушылардың
оқуға деген ынтасын оятып, рухтандырар едім.
Қатаң тәртіппен қатар олармен ақылдасып,
өзіммен тең дәрежеде ұстап, әрқашан тірек
болуға тырысамын, қоғам талабына сай маман шығару менің міндетім. Осы
әрекеттер міндетті түрде орындалуы
керек деп ойлаймын”. Бұл жерде
студент: өзінің азаматтық борышы, міндетін
нақты сезінгендігін студент сөзінен аңғару қиын емес
қатаң талап,
тәртіпті ұнатады.
Бұдан студент бойынан коммуникативтік
құзіреттілік нышандарын байқауға болады.
Ал Меруерт: “...
ауылдық жерлерге жақсы үйірмелер ашып, мектеп салу, балаларды
баулу” – дейді”, осы сияқты
ойларынан әлеуметтік-еңбек, тұлғалық
өзін-өзі дамыту құзіреттіліктерін көруге болады.
Олай болса тұлғаның
құзырлылық қабілеттерінің артуына,
өзін-өзі дамытуына, жаңалық ашып ізденуіне
педагогтың құзіреттілік
қасиеті маңызды роль
атқарады..
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Педагогика
мәселері. Ғылыми–теориялық журнал. 1-2/2006,
2. Szapocznik, J., &
Kurtines, W. M. (1993). Family psychology and cultural diversity:
Opportunities for theory, research, and association. American Psychologist, 48
(4),