Қарағанды
облысы, Бұхар Жырау ауданы
Калинин жалпы білім беретін орта мектебі
қазақ
тілі және қазақ әдебиеті пәнінің
мұғалімі Мақсұтова Бұлбұл
Бейбітқызы
ҚАЗАҚ
ТІЛІ ПӘНІН АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРМЕН БАЙЛАНЫСТЫРА ОҚЫТУДЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бүгінгі білім ордасының
дәстүрлі оқытудан заман агымына сай, ақпараттық
технологияларды білім сапасының деңгейін жетілдіруде
қолдану бірден-бір маңызды
қадам.
Ақпараттық технологияларды
қазақ тілі сабағында пайдалану оқушылардың білімін,
дағдысын, біліктілігін дамытуға бастар жол.
Қазіргі заман талабына сай оқу – тәрбие процесін тиісті
деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының,
басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа
алған бағыты. Компьютерлік технологияны оқу үрдісінде пайдаланудың
негізгі көзі сабақ барысында компьютерді пайдалану, интерактивті
тақталарды, мультимедиялық презентацияларды, интернет желілерін
қолдану болып табылмақ.
Білім
жүйесінің сапасын арттыру, бүгінгі болашақ
жастардың оқу орындарының қабырғасынан бастап
бәсекелестікке белсенді, өз бетімен шешім қабылдай алатын,
өз тағдырына және отбасымен қоғамның
алдында жауапкершілікті сезінетіндей тұлғаны дайындап шығару
болып табылады.
Бүгінгі
бітіруші түлек – ол құзіреттілік кілтіне ие
тұлға. Олардың құзіреттілігін қалыптастыру
кез-келген оқу орнының басты тапсырмасы.
Сондықтан
тек қана дәстүрлі оқыту тәсілдерін қолдану
арқылы бұл мәселені шешу мүмкін емес. Оның
шешімін табуда оқыту барысында ақпараттық-коммуникативтік
технологияларды қолдану болып табылады.
Ақпараттық
құзіреттілік – бұл ақпараттық
технологиялардың көмегімен өз бетімен іздену, сараптау,
таңдау, өңдеу және қажетті ақпаратты беру.
Бүгінгі
таңда жас ұрпаққа кез-келген пәнді
мультимедиялық технологияны пайдалана отырып оқыту - тиімді
ұғындырудың бірі. Сонымен бірге өскелең
ұрпақтың ақпарат құралдарымен
жұмыстана білуіне назар аударған жөн. Компьютерлік
оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы
өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін
қамтамасыз етеді. Тіліміз еліміздегі азаматтардың өзара
қарым-қатынас тілі болумен ғана шектеліп қалмайды,
оның мұрағаттық, ақпараттық
қасиеттері де молаяды.
Елбасы
Н.Ә.Назарбаев “Қазақстанның болашағы –
қазақ тілінде” деген тұжырымдаманы үнемі айтып келеді.
Қазақ тілі мәселесі мемлекеттік деңгейге
көтерілген кейінгі жылдары бұқара жұртшылық та
ана тілі үшін белсенділік танытуда
Қазақ тілі пәні мұғалімдері осы
ұстанымды дәріптеуде қазақ тілінің
грамматикалық сауаттылығын, көркемдік құдіреттілігін әрбір
сабақты өткізуде болашақ ұлтжанды азаматтардың
патриоттық сана сезімдеріне терең меңгертуде
ақпараттық технологияларды сабақты түсіндіруде
толықтырып, әр уақытта ізденісте болу керек. Дәстүрлі
оқытуда қазақ тілі тек плакаттар, әдебиеттермен
негізделіп келсе, пәнді қазіргі заманда ақпараттық
технологиялары тұрғысында дамыту үшін, оқушыларды
мультимедиялық көрсетілімдерді, интерактивті тақталарды
қолдану бойынша оқытуға мүмкіндіктер туындады.
Қазақстанда
тұратын жүзден аса ұлт өкілдері
Қазақстанның халқын, соның ішінде
қазақ халқының тұрмыс-әдебиетін,
әдет-ғұрпын, мәдениетін, әдебиетін, тілін білуде
ақпарттық құралдармен сан түрлі мысалдармен
сапалы білім деңгейін беруге міндеттіміз. Тілге деген құрмет
– халыққа деген құрмет. Тілсіз халықтың,
елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған
ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек. Тіл –
қастерлі де, қасиетті ұғым. Осы негізде
қазақ тілі мұғалімдері сабақтарын компьютер
көмегімен оқытуда қазақ тілін – дәстүрлі,
тұрақты, қатаң тілдік нормасы бар, стильдік
тармақтары сараланған, жалпы халықтық тілден
ұлттық деңгейге көтерілген тіл екендігін сабақта
видеофильмдер, көркем фильмдердің фрагменттері, боялған
таблицаларды қолдану арқылы оқушылардың
қызығушылықтарын арттыруға болады.
Қазақ тілі сабақтарын компьютер көмегімен
оқытуда дүниежүзілік халықтардың
географиялық орналасуы,
көрнекті құндылықтарын, тарихи жолдарын
түсіндеруде мультимедиялық презентацияны қолдану баға
жетпес дүние. Сабақта видеофильмдер, көркем фильмдердің
фрагменттері, боялған таблицаларды, карталарды анықтап
көрсету арқылы оқушылардың
қызығушылықтарын арттыруға болады.
Сонымен,
жаңа ХХІ ғасыр ғылым мен техниканың
қарыштап даму жолына жол ашылып, адамзат қоғамын
ақпарат тасқыны дәуіріне бастап әкелгені шындық.
Интерактивті тақталардың
бағдарламаларын, оның жұмыс жасау ерекшеліктері мен техникалық
мүмкіндіктерін толық меңгеріп, сабақ барысында
пайдалану – бүгінгі таңдағы барлық
мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты
міндеттердің бірі.
Қазақ тілі сабағын
қызықты өткізудің негізгі талаптарының бірі
мұғалімнің үнемі іздену, ұтымды
әдіс-тәсілдерді қолдану, оқыту әдістемесін
жаңартып оқытуына байланысты. Қазіргі таңда
қазақ тілі пәнінің мұғалімдері
инновациялық және интерактивтік технологияларды сабақ
барысында пайдалана отырып, сабақтың сапалы, әрі
қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
Соның ішінде ақпараттық
технологияны қолдану тұлғаның жан-жақта ашылуына
жағдай жасайды, шығармашылық әлеуетін арттырып,
жоғары интеллектуалды жастар тәрбиелеугек үлес қосады.
Қолданылған әдебиеттер:
1
ҚР «Білім туралы» Заңы
2 Педагогика. Дәріс курсы. Алматы: «Нұрлы Әлем», 2003.
3
Д.Ш.Матрос, Д.М. Полев, Н.Н.Мельникова. Управление качеством образования на
основе новых информационных технологий; М.;2001;30-33бб.