Педагогические /

 

К.п.н. Аяған Е.С.,  к.м.н. Г.Б. Дуанбекова,  к.г.н. А.Б. Абилова,         

  м.г.з. Абилов Т.К., м.г.з. Р.С. Дуванбеков

Карагандинский государственный университет

 

Жәңгір ханның ағартушылық іс-әрекеті және қазақ тарихындағы тұңғыш профессор

 

Тұңғыш рет Жәңгір туралы үлкен зерттеу жұмыстарын жүргізіп, «Россия  и Букеевское ханство» деген еңбегінде жалпы Бөкей Ордасы туралы ғылыми еңбек жазған академик С. Зиманов болатын.

Журналист Т. Боранбайұлының сөзімен айтсақ, кезінде Бөкей заңдастырып, Жәңгір жалғастырған қазақ жерінің сол бір қасиетті пұшпағының арқасында біз бүгін Евразия елі атанып отырмыз. Жәңгір өзінің  көзі тірісінде шекара сызығын әлденеше рет  құнттап сыздырып, «Ішкі Орда қазақтары» деген ұғымды көптеген құжаттарда екі тілде мұқияттап кеткен. Тегінде, жер бетінде орынды жалдап, тірнектеп жинаған-терген байлық емес, азды-көпті атқарған мәнді іс қалады.

Жәңгір ел тағдырын тереңінен ойлап, Европа құрылығының үлкен бір бөлігіне табан тіреп қалуымызға аса зор мән беріп, тікелей қайрат жұмсаған тарихи тұлға [1]. Жәңгірдің ұлы тұлға екенін ерекше атап өткен жөн. Өйткені білімді жаңаша реформалауға, ғылымның негізін салу үшін университеттерді аралап, бүкіл оқу үдерісімен, оқу базасымен, ғалымдармен кездесіп кеңестер алып, бірақ үлгермей кеткен. Білімді және ғылымды дамыту ұзақ үдерісс екенін түсініп, тез арада аз уақытта өркендету мүмкін емес екенін тереңірек білген. Жәңгір шығыс пен батыс тілдерін жетік біле отырып, әлемдегі оқу мен білімді танып, жаңа өркениетке мән берген. Оған қоса осы жаңа өркениетке негіздеп қазақ қоғамын қайта-құрып реформалаған. Сол кездегі ағартушы-ғалымдар Жәңгірдің ағартушылық саясатын тереңірек зерттеген. Атақты ғалымдардың өздері Жәңгірдің  саясатын ұлы істер екеніне көзі жеткендіктен ғылыми объективті сипаттамалар берген. Олар Жәңгірдің жеке басының ерекше қасиеттерін бағалап, әсіресе, әділдігін ерекше көрсеткен.

Университет ғалымдары ғылыми еңбектерінде  Жәңгірді ұлы тұлға етіп көрсетті, оның шынында ғылыми тұрғыда объективті ақиқат екенін атап көрсеткен. Оған қоса осы ғалымдардың  Жәңгір хан ұлттық мәдениетін, оның ішінде салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, имандылық діни тәрбиені мықтап ұстанғанын айта кетіп, ал зиялылар арасында, ғалымдар Жәңгірдің нағыз ғалым екенін дәлелдеген зерттеушілер керемет ақылы асқан ғұлама тұлға екенін дәлелдейді.

Жәңгір хан және Қазан университеті «Қараңғылық халден шығатын кез жетті...»1827 жылдың күзіне таман Бөкей ордасының ханы Жәңгір Мәскеуге барып, І Николай императордың тәж киу салтанатына қатысты. Жәңгірдің жол бойы ойлаған өз мақсаты болатын. Сөйтіп, келесі күні Қазан университетінің табалдырығын аттады.

Ректор Карл Фукс қазақ ханына өзі басқаратын білім ордасының аудиторияларын аралатты. Жәңгір университет ғалымдарының қолынан шежірені ала тұрып, кейіннен алғанынын салмағын еселей қайтарып, осы кітапхананы шығыс әдебиетінің құнды қазыналарымен толықтырар қамқор жанның бірі өзі боларын ойлаған жоқ.

Қоштасарда Жәңгір өзінің екі ұлы – Ескендір мен Зұлқарнай тезірек ер жетіп, осы университеттен білім алса деген арманын айтты.

-      Біздің қазаққа да бір нәрсеге ден қойып, оқып, қараңғылық халден шығатын кез жетті. Бұл істің бастамасын мен мектеп ашу арқылы жүзеге асырғым келеді, - деп толқып сөйледі.

Ресей ғылымының қара шаңырағы Қазан университеті қала үстінен өткеннің кез келгені кіріп - шыға беретін аяқ асты орын емес. Оның ғылыми кеңесі тек лайықты тұлғаларға ғана есік ашатын. Жәңгірден кейін, 1829 жылдың мамырындамұнда неміс ғалымы, атағы жер жарған Гумбольдт болды. Алтаймен Каспийге саяхат жасап бара жатқан жаратылыстанушыға Мусин – Пушкин университеттің құрметті мүшесі дипломын тапсырды [1].

Ақыры Жәңгірдің арманы орындалды. Бірнеше жылдар өткенде Гумбольдт арлаған дипломмен Жәңгір де марапатталды. Атақты әперу үшін Петербургке қолқа салған сол Мусин – Пушкин. Қол қойғандар да, бір адамдар – Лабочевский мен проректор Эрдман. Яғни бір қарағанда Гумбольдт пен Жәңгірге құрмет бірдей. Гумбольдттың жөні бір бөлек, «ғылымдағы нұры әлемге сәуле шашқан» атақты адамның универстет есігін ашқанының өзі ғанибет оқиға. Оқу орнынының атын аспандатар мәртебе.

1826 жылдан бастап Жәңгірдің Қазан ғалымдармен арадағы достық, пікірлестік қарым – қатынасы үзілген жоқ. Әсіресе, ханның шығыстанушы Мирза Александр Қазымбекпен байланысты ғылымға елеулі үлес болып қосылған «Мюхтесерюль - вигкает» («Китап мухтасарул- л-уикаети фи масаил - һидаят») кітабының жарыққа шығуымен ерекшеленді. Түрік – татар тілінің профессоры, Санкт – Петербург ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Лондондағы Ұлыбритания және Ирландия корольдігі азиялық қоғамның Копенгагендегі солтүстік антикваршылар қоғамының және де ондаған ғылыми қоғамдардың мүшесі Қазымбектің редакторлығымен шыққан бұл еңбек Жәңгір есімін де алыс елдерге жеткізді. [3].

Маңызды істі қолға алмас бұрын Қазымбек 1844 жылдың 28 ақпанында М. Мусин-Пушкиннің алдынан өтті. «Бөкей ордасының әміршісі ЖиҺангер хан өткен қаңтар айында Қазанға келгенінде мұсылмандар арасында аса маңызды «Мюхтассерюль - викает» қысқаша заңтану кітабын шығаруымды өтіне сұраған еді. Бұл мұсылмандар мектебінде классикалық шығарма болып есептеледі.»

Жәңгір кітапқа тапсырыс беруші ғана емес, сонымен қатар сарапшы ретінде де атсалысты. Қолжазба нұсқаларға бір қатар түзетулер, кітап ішінде берілетін түсініктер енгізді. Мәтінін редакциялауға, ескертпелер ұсынуға өз ордасындағы оқымысты дін басыларын жұмылдырды.

1844 жылдың желтоқсанынында Қазымбек «Мұқтасар» кітабының Бөкей ордасына тиісті даналарын 3 сандықпен көпес Құрбан Асаев арқылы жөнелтті. Енді Қазымбектің өзі ханға қолқа салып, бірлесіп «Мұхамедияны» шығарсақ деген ұсыныс айтты. Ол істі қолға алуға хан үлгермеді.

Профессор Фукс те Жәңгірмен арадағы байланысын үзген емес. Стат кеңесшісі ханның Қазанда болған күндері туралы арнайы мақала жазып, «Казанский вестниктің» 1826 жылы 18 нөмерінде бастырды. [4].

Фукске ризашылығын білдіріп Жәңгірде жауап қатты: «Біз туралы аса ықыласты жазғаныңызға бек ризамыз, әдемі сөздерімен шешендік өнерге жатқызуға боларлық баян екен» деп көтермелеп қойды. Хатпен қоса, сыйлыққа деп құндызбен көмкеріліп күрең мақпалмен тысталған қазақ бөркі мен ақ киізден сырылған сұлтан қалпақ жіберді: «Сізге Бурнаев арқылы біздің елдің сәнімен тігілген бір бөрік пен қалпақ жіберіп отырмын. Осынау кішігірім сыйлық мен туралы есіңізге салып жүрсін дедім» деп, Жәңгірдің бұл кәделері елеусіз қалмай, кейіннен «Заволжский муравей» журналында «Қазақ ханының әдептілігі» атты этнографиялық этюдке арқау болды.

   1839 жылы Санкт – Петербургке барған сапарында Жәңгір кейіннен қазақ халқының тұңғыш тарихшысы деп мойындалатын Мұхамед Хайдар Дулатидің парсы тілінде жазылған Мағол хандарының жылнамасы – «Тарихи - Рашиди» қола жазбасын Қазанға өз қолымен жеткізген болатын. [6].

Сөйтіп, Қазан университетіне берілуі арқылы бір қатары баспа бетін тұңғыш көрген шығармалардың ғылыми айналымға түсуіне қазақтың Жәңгір ханы септігін тигізді. Шындығы сол, шығыс жылында ашылары өз еңбектерінде пайдаланып келгенімен, Еуропа мен Ресейге әлі белгісіз, қазақ мемлекеттігі бастауларының бірден-бір дерек көзі «Тарихи-Рашидиді» 19 ғасырда Жәңгірден бұрын қазақта ешкім оқыған да, оның құнды тарихнама екіндігін білген де емес! Тек 1860 жылы Шоқан Уалиханов Қашғарға саяхатынан кейін осы шығарманы зерттеп, осы сапарының сызбасын ондағы оқиғалар ізімен нақтылады.

Күмәні жоқ, Қазанға Жәнгір жеткізген «Тарихи-Рашиди» қолжазбасы мен Петербург университетінің кітапханасындағы Шоқан зерттеген тарихи қолжазба бір мұра болатын. Былай демізге тікелей де жанама да дәлелдер жеткілікті.

Бұл қолжазбаны Шоқаннан кейін қолданған екінші адам – В. Вельяминов-Зернов. Ол 1864 жылы өзінің «Қасым хандары мен ханзадалары туралы зерттеулер» атты үш томдық әйгілі монографиясына Дулати шығармасының көлемді үзінділер аударып енгізілді. Ғалым аталған еңбегінің бір тұсында Шоқан екеуінің басқа емес, нақ Жәңгір тапқан мұраны пайдаланғандарын куәландырыпты!

Шоқан мен Вильяминов Зерновтың Академиядағы аударма нұсқадан гөрі университеттегі Жәңгір нұсқасын пайдаланған себебі өздері мойындап отырғандай, біріншіден, ол – түпнұсқадан көшірме, екіншіден – академиядағысы «толық емес, небары 138 бет» еді. Ол университеттегі парсы мәтінінің небары 173 бетімен бітетін. Ал парсы мәтіні, яғни, Жәңгір тапқан нұсқа екі дәптерден тұратын 224 беттік толық шежіре болатын.

Жәңгір қайтыс болғанда кітапханасында шығыс тілдеріндегі 212 кітап қалды. Бұқар мен Хиуа жатқан солардың бірі етіп «Тарихи-Рашиди» қолжазбасын да алдырса керек. 1844 жылында Петербургтен ордаға келген барон Бюлер Жәңгірдің үйіндегі кітапанасымен танысады. Болашақ тарихшы, кейіннен сыртқы істер министрлігінің Мәскеудегі бас архивінің ширек ғасыр директоры болған Бюлер ханның кітап сөрелерінен «қазақ тарихы туралы тасқа басылған және қолжазба мәліметтерді бір кеш бойы оқығанын» жазғаны бар. Ұйінде осынша кітап пен шығыс қолжазбасын сақтаған Жәңгір «Тарихи-Рашидиді» Қазанға тек көшіртуге беріп, түпнұсқасын өзіне қайтарып алуы мүмкін [1,7].

 «Тарихи-Рашидиден» басқа Қазан университетіне Жәңгір «Медарюли-афазиль» парсы сөздігін, исфахандық Хамза бен әл-Қасан 931 жылы араб тілінде жазған «Тариху-л-умами» халықтар шежіресін, 1662 жылы парсы тілінде жазылған Нефиздің «Китаб табиин-л-маакид» медициналық шығармасын, түрік тіліндегі «Китаб натаидж фунун» тарихи философиялық пайымдарын, Мұхамед бен Ахмедтің парсы тілінде жазған алғашқы халифтер тарихын тапсырды [1,2].

Кез келгеннің қолынан келе бермейтін мұндай атымтай жомарттықты бағалаған профессор Эрдман «Ғылымға тәнтілігін және ғылыми орталар  мен мекемелерге, әсіресе, шығыс тілдері мен әдебиетіне қамқорлығын дәлелдейтін осынау тартулардың бәрі, Қазан университетінің де, ғылыми қауымның да пайдасына қатысты пікірлері мен жәрдемдері маған мәртебелі Кеңес алдында: хан Жиһангер Бөкеевті Қазан университеті Кеңесінің сайлауына сәйке университеттің құрметті мүшесі етіп бекіткенін» хабарлады. Бөкеевті құрметті мүшелер тізіміне енгзуді және оған осы лауазымына диплом жеткізуді тапсырды.

Дипломдағы: «Нұр сипатты,әмірі биік ұлы патша, Бүкілресей императоры және жеке билеушісі Николай Павловичтің қайырымымен Ішкі Қазақ ордасының ханы, генерал-майор Жиһангер Бөкеевтің біздің отанымызда ағарту ісінің таралуына көрсеткен ынталы жәрдемін құрметтей, оның шығыс тілдері жөнінен сіңірген ерен еңбегін бағалай және жоғары мәртебелінің Қазан университетіне деген ерекше ілтипатын шынайы қадыр тұта отырып, Кеңес 1844 жылғы 29 мамырдағы отырысында оны бірауыздан өзінің құрметті мүшесі етіп сайлады. Кеңестің бұл ұйғарымын Қазан оқу округінің қамқоршысы, құпия кеңесші және түрі ордендер кавалері Михаил Николаевич Мусин-Пушкиннің өтініші бойынша осы жылдың 7-шілдесінде Халық ағарту министрі Сергей Уваров бекітті. Университет Кеңесі жоғары мәртебелі хан өзіне берілген атақты қабылдай отырып, ғылымның пайдасына ықпал жасаудан бас тартпайды деген шүбәсіз сеніммен оған 1844 жылдың қыркүйегінде тиісті қолдар қойылған және Университетің үлкен мөрі басылған осы дипломды тапсырды» деген марапат Жәңгірге жігер берді.

Университет ректоры математика профессорф Николай Лобачевский қол қойған. «Ғылымға сіңірген еңбегі үшін» деп берілген дипломды хан өзі алған әскери атақтар мен ресейлік ордендерден де жоғары қабылдады. Университет марапаты Жәңгірге хандық дәрежесін ұмытқызды. Қазаннан жіберілген дипломды алып қанаттанған ол өзінің жаңа атағына сай оқу орнына пайдалы болуға әзір екенін және шығыс бөлімшесіне қажет деген араб, парсы және түрік тілдеріндегі әдебиеттердің тізімін алғысы келетінін жеткізді: «Биылғы қыста мен бұқаралықтармен хабарласпақпын. Сөйтіп, бұрынғыдан да құнды қолжазбалар алдырмақпын»

Университеттілер ол тізімді жасады. Арабтың 30 китабы мен рисалатының, парсының – 25, түріктің – 4 қолжазбасының атауын Кеңестің бекітуімен Жәңгірге жолдады. 1844-45 жылдары хан олардың алғашқы атауын 598 күміс рубльге сатып алып, Қазанға жеткізді. Кейіннен Петербірг Университетінің кітапханасына түскен «Тарихи гузида», «Хабиб ас-сийар» жалпы тарихтар, Жәлел Алдин қос шұмақтары шығыстаушылар ізденісін кеңейтер мұралар қатарына қосылды.

Біз қатыгез хан деп қана танитын тұлға осындай да кептерді бастан кешті. Әлдебір істе ағайынға аламандығы болса, болған шығар, ал ағарту ісіне адалдықтан айнымай өтті. Қазан университетінің Жәңгірге көрсеткен құрметі осының тағы бір айғағы.

Зерттеу барысындағы зерттеу нәтижелері анықталды:

Біріншіден,  Кеңес одағында Жәңгір хан тұлғасы және оның іс-әрекетіне теріс баға берілді. Ал енді ғылыми талдау жасалып, тарихи шындық анықталып, ғылыми айналымға жіберілді.

Екіншіден, хандық билікті, саяси әлуметтік-экономикалық және мәдени-ағартушылық салаларды ақпараттық басылымдар мен баспасөздерді дамытқаны тұжырымдама жасалынды. 

Үшіншіден, Жәңгірдің жеке басының иман жүзді, инабаты, кішпейіл, үлкенді сыйлай білетін, өте адал, әділ, ұлттық спорты және спорттық ойындарды ойнайтын, дала қазақ  ауыз  әдебиетін жақсы білген, саясатты меңгерген, 8-тілді өте жақсы білген.

Төртіншіден,  Жәңгір хан Қазақстандағы тұңғыш профессор атағын білім мен ғылымға еңбегі сіңген, қазақ тарихына ғылыми зерттеулер жүргізіп, бірнеше тілде ғылыми еңбектер жазғаны талданды

 

Пайдаланылған  әдебиеттер тізімі

1. История Букеевского ханства 1801-1852 г.г. (сборник документов и материалов). - Алматы: Дана-Пресс, 2002. - С. 8-9.

2. Букеевской орде – 200 лет. Изд. из 6 книг. Книга 2. - Алматы: Өлке, 2001. - С.9.

3. Г.К. Мукатаев  хан  Жангир. Великий  преобразователь  степи. Санк Петербург.-2001.С.143.

4. Өмірзақов Ә. Ресейге қосылғаннан не ұттық. - Алматы: Санат, 1999. - Б.86

5. Зиманов С.З. Россия и Букеевское ханство. - Алматы: Наука, 1982. - С.121-127.

6. Бабажанов С. Этнографиялық мақалалар. - Алматы, 1993. 20 б.

7. Гармс И.Я. Народное образование среди казахов дореволюционной России: Автореферат дисс...к.п.н.  Петропавловск, 1957. - С.6