Педагогические науки/2.Проблемы подготовки специалистов 

П.ғ.к, доцент Ф.Н.Жұмабекова,

Қазақстан, Астана, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық

Университеті

Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбиенің жетістіктері

 

Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа жолдауында «балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз етуді арттыруға бағытталған «Балапан» арнайы бағдарламасын әзірлеп, оны іске асыруды тапсырды. 2015 жылға қарай орта білім беруде 12 жылдық оқыту моделінің табысты жұмыс істеуі үшін Үкімет барлық қажетті шараларды қабылдауы тиіс. Олардың отандық білім беру жүйесінің флагманы болып, осы заманғы оқу бағдарламаларын кейіннен оларды бүкіл республика бойынша енгізетіндей етіп әзірлеу мен байқап көру жөніндегі басты алаңға айналуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасау қажет-деп атап көрсетті. Аталған стратегияны жүзеге асыруда мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің бірқатар жетістіктерін атап өтуді жөн көрдік.

    Бiлiм беру саласының алғашқы сатысы болып саналатын мектепке дейiнгi тәрбиенің жетістіктері біріншіден: білім беру мазмұнын жаңартудың ғылыми–педагогикалық негіздерін айқындауда қоғамдағы, білім беру саласындағы өзгерістерді ескере отырып, білім мазмұнын айқындайтын мемлекеттік құжаттар мен философиялық, педагогикалық, психологиялық және мектепке дейінгі педагогика мен әдістемелерге арналған еңбектерге жан-жақты талдау жасалды. Отандық және шет елдік ғалымдардың білім мазмұнына берген анықтамаларына сүйене отырып, білім мазмұнын жаңартуға байланысты ой-пікірлер мен тұжырымдар зерделенді. Мектепке дейінгі білім мазмұнын таңдаудың принциптері, білім мазмұнын жаңартуға ықпал ететін маңызды факторлар айқындалды. Білім мазмұнының құрылымын, әдіснамалық негіздерін, заманауи ғылымдағы әдіснамалық жүйенің үш негізгі қызметі мен әдіснамалық тұғырлары жан-жақты қарастырылды. Қазақтың ғұлама ойшылдары мен ағартушылары, қазақ зиялылырының еңбектері олардың ұрпақ тәрбиесіндегі алатын орны, баға жетпес құндылығы қуатталды.

     Екіншіден, мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудың тұжырымдамасы ұсынылып оның мемлекеттік құжаттардағы көрнісі айқындалып, мақсат, міндеттері нақтыланып, білім мазмұнын жаңартудың қазіргі кездегі жағдайына сипаттама жасалды. Білім мазмұнын жаңартудың қажеттілігі, тиімді тенденциялары, өлшемдері мен көрсеткіштері, негізгі принциптері белгіленді. Білім мазмұнын жаңартудың педагогикалық негіздеріне шолу жасай отырып, оның теориясы мен тәжірибесінің байланысын және білім мазмұнын жаңартуға қойылатын талаптары, негізгі бағыттары және оны іске асырудағы күтілетін нәтижелер ұсынылды. Тұжырымдаманы іске асыру кезеңдері мен шарттарының нақты көрсетілуі білім мазмұнын жаңартуға ықпал ететіндігін дәйекті дәлелдейді. Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудың үлгісін жасауда аналитикалық-прогностикалық, мазмұнды дамытушылық, дидактикалық ұйымдастырушылық компоненттері бойынша арнайы өлшемдер мен көрсеткіштері, құрылымы, педагогикалық шарттарының ұсынылуы білім мазмұнын жаңартудағы қоғамдық, әлеуметтік сұраныстар мен қажеттіліктерді ескере отырып, оның ұстанымдарын, мақсатын, әдіснамалық тұрғыларын, әдістерін нақтылауда басшылыққа алынуда.

Үшіншіден, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналаған Мемлекеттік жалпы білім беру стандарты, базистік оқу жоспарлары, индикаторлар мен оның мазмұнын жүзеге асыратын «Балбөбек», «Мектепалды» тобына арналған 83 аталымдағы оқу әдістемелік құралдар дайындалып, тәжірибеге енгізілді. Ал 2-5 жастарға арналған, «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» арнайы бағдармалар дайындалып, Алматыкітап баспасынан жарияланымға ұсынылып, оның оқу-әдістемелік құралдары дайындалғандығын атап айтуға болады. Бұлардың маңыздылығы білім мазмұнының жаңашылдық сипатта болуында және жаңа технологияларды пайдаланудағы икемділігінде. Бұл жас ұрпақтың дүниетанымын дамытуға, жеке тұлға ретiнде қалыптастыруға сәбилiк шақтан бастап толық жағдай жасауға, тәрбиелеу мен бiлiм беруге аса жауапты қарауға, білім беру мазмұнын жаңартудың ғылыми – педагогикалық негіздерін айқындауға негіз болады. Педагогикалық-әдістемелік жүйе қалыптастырылып, инновациялық технологияларды пайдалану арқылы тәрбиеші педагогтардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, білім беру мазмұнын жаңартуға, оқу-тәрбие үдерісін жеке тұлғаға негіздеуге, азаматтық қоғам идеясын жүзеге асыруға, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың формаларын түрлендіріп отыру негізгі басты ұстаным болып отыр.

Төртіншіден, мектепке дейінгі білім мазмұнын дамытудың әлемдік тәжірибедегі мәні мен маңызын зерттеу тұрғысынан қарастыруда шетелдердегі білім беру мазмұнына талдау жасай келіп, оқу-тәрбие үдерісінде педагогикалық, дидактикалық қағидаларға негізделіп тәрбиеленушілердің танымдық белсенділігін арттыруға, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға және қарапайым білім негіздерімен қаруландыруға бағытталғандығына көз жеткіздік. Әлемдік тәжірибедегі білім беруді ұйымдастыру әр алуан болумен бірге ортақ үрдістер байқалды. Олардың негізгілері мектепке дейінгі ұйыммен қамтылуға тиіс балалардың жас мөлшері, мектепке дейінгі ұйымдардың типтері, білім беру тұжырымдамалары мен бағдарламаларындағы және білім мазмұнындағы мақсат-міндеттер, олардың құрылымдық ерекшеліктері, тәрбиелеу мен оқытудың формалары, құралдары, тәрбиелеу әдістері, мамандар мен ата-аналардың ролі. Білім беру кеңістігінде ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыруға ықпал етеді. Білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдықтарды белгілеу, жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларына алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдай білуге баса назар аударылатыны байқалды.

Бесіншіден, мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартуда қарастырылатын негізгі мәселелерге тоқталып, білім мазмұнын жаңартуға ықпал ететін төмендегідей басым бағыттарын айқындадық: мектепке дейінгі педагогикадағы, білімдік, дамытушылық, тәрбиелік, рефлекторлық дамытушылық, әлеуметтік, психологиялық даму, шағын топтар жүйесі, гумандық, қарым-қатынас жасау мәдениеті, ұйымдастыру, балалардың жас ерекшелігіне сәйкестік, басымдық танытатын әдісіне қарай білім беру қажеттіліктері мен отбасының сұраныстарын қанағаттандыруға қол жеткіздік. Аталған бағыттар осы заманғы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беру үдерісінің жеке тұлғаға бағытталуын, әлеуметтік қызметтерді орындау үшін қажетті білім көлемі мен сипатын, іскерліктері мен дағдыларын, әдеттері мен жеке дара қасиеттерін кәсіби құзіреттілік тұрғысынан қарауда басшылыққа алынуда. Білім мазмұнын жаңартуда білім беру парадигмасының ауысуы себепші болып отыр: жаңа мазмұн, жаңа тәсілдер, жаңа қарым-қатынас, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы бірлескен қызметте жаңаша ұстанымдар қажет. Сондай-ақ, балабақша мен мектеп отбасымен педагогикалық ынтымақтастықта болуы, балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беруде жаңа педагогикалық менталитет болғанда білім мазмұны жаңа тұрпатты біліммен ғана емес жаңа икемділіктермен де баий түспек.

Алтыншыдан, мектепке дейінгі ұйымдарда білім мазмұнын қалыптастыруда инновациялық технологияларды пайдалану арқылы тәрбиешілердің шығармашылығын дамытуға баса назар аударып, «шығармашылық» ұғымына және оны дамытудың кезеңдеріне сипаттама жасалды. Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиешінің шығармашылығын дамытуға қойылатын талаптар мен күтілетін нәтижелер ұсынылды. Инновациялық технологияларды таңдауға, бағытын айқындауға, оқып үйренуге, жинақтауға, бағдарламасын жасауға, зерттеу жүргізу кезеңдері мен сапалық көрсеткіштерін белгілеуге, білім мазмұнының сабақтастығының сақталуына баса назар аудардық. Тәрбиешінің мәселені қоюы, ойды тұжырымдап айтуы, идеяның пайда болуы, оны шешу, оның логикалық дамуы, аталған мәселені шешуде тиімді әдістерді қолдану, негіздеу, оны тәжірибе жүзінде дәлелдеу барысында нақты нәтижеге жету көзделді. Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиешілердің кәсіби біліктілігін жетілдіру моделі ұсынылып, кәсіби даярлықты жетілдіру мақсатында «Мектепке дейінгі білім мазмұнын жаңартудың педагогикалық негіздері» атты арнайы курс дайындалып байқаудан өткізілді.

Білім беру мазмұнын жаңартуда инновациялық технологияларды пайдалану арқылы тәрбиеші педагогтардың кәсіби құзіреттіліктерін жетілдіруге ерекше мән беріліп, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда тікелей басшылыққа алатын негізгі құзыреттіліктер: инновациялық технологияларды пайдалана білу, құндылық түсінігі, жалпымәдени, танымдық-тәрбиелік, коммуникативтік, әлеуметтік-қызмет, жеке тұлғалық өзін-өзі жетілдіру, ақпараттық құзіреттіліктердің маңызына сипаттама жасап оны жүзеге асырудың жолдары нақты көрсетілді.

Жетіншіден, ойымызды қорытындылай келе, саяси және экономикалық саладағы өзгерістер білім беру мазмұнын қайта қарау мен жаңаша ойлауды қажет етінін, бүгінгі білім беру мазмұнының уақыт талабына сай өзгеруі, мектепке дейінгі тәрбие жүйесіне өз әсерін тигізіп отырғынын анықтадық. Ол Қазақстан Республикасының егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болуы, қоғамдағы әлеуметтік жағдайлар, балабақшалардағы білім беру мазмұнына өзгерістер енгізу қажеттілігі, бұдан кейін жаңа жағдай заң жүзіндегі нормативтік құқытық құжаттардың өзгеруіне байланысты болатындығы дәлелденді. Мектепке дейінгі білім беруде қол жеткізген жетістіктеріміз мұнымен шектелмейді, балабақшалардың типтерінің түрленуі мен желісінің қарқындап көбеюі, материалдық базаның нығатылуы, ақпараттық технологиялық құралдарды пайдалануға мол мүмкіндіктердің туындауы, баланың мектепке дайындығының қамтамасыз етілуі, мектептегі білім мазмұнындағы сабақтастық тың сақталуы, қоғамның әлеуметтік дамуын жүзеге асыруға ықпал ететіндігіне, қоғамдық тәжірибеде білім берудің ғылыми тәжірибелік мәнділігінің сақталуын қамтамасыз ететіндігіне көз жеткіздік.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Елбасының жолдауы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Егемен Қазақстан. 2010.- 12 б.

2.Научно-методические основы совершенствования содержания общего

образования в Республике Казахстан.-Алматы. КАО им. Ы.Алтынсарина 2001.

4 Концепция  предшкольного обраования. Алматы. 1998 ж - 25 б.

5. Жұмабекова Ф.Н. Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту тұжырымдамасы. Астана 2012. Мастер ПО.54 б.