Кусаинова Жанагуль Амангелдиновна
№17 жалпы білім беретін орта мектептің қазақ тілі мен
әдебиет мұғалімі
Проблемалық оқыту – оқушылардың ойлау
қабілеттерін дамытудың тиімді жолдары
Мектептегі оқу ісіне қойылатын
бүгінгі заман талабы - өзіндік ой-тұжырымы бар,
логикалық ойлау қабілеті дамыған, өз
көзқарасы мен пікірін ашық айта алатын, ақпараттар
ағымынан қажетін іріктеп ала білетін, қоғамдық
ортаға икемді, өз жолын дұрыс таңдай алатын жас
ұрпақ тәрбиелеу. Ендеше, бұл міндетті жүзеге
асыруда барлық оқу пәндерінің қосар үлесі
аз болмауы тиіс. Әсіресе, адам дүниетанымының кілті,
ойлаудың формасы, қарым-қатынастың ең басты
құралы ана тілі болғандықтан, мектеп пәнднрінің
ішінде ана тілінің атқарар қызметі ерекше болмақ.
Сондықтан жаңа кезеңнің талабына сай білім
берудің негізгі сатысында қазақ тілін оқытудың мақсаты
– ана тілінің қоғамдық әлеуметтік мәнін
түсінген, тілдің қызметін жүйелі меңгерген,
коммуникативтік компетенциясы, қарым-қатынас жасау біліктілігі
дамыған дара тұлға даярлауға мүмкіндік
туғызу болып табылады. Бұл кез келген грамматикалық ереже тек
білім қоры қалпында қалмай, баланың өмірлік
танымының, айналамен тіл табысуының басты базасына айналуы
қажет екендігін көрсетеді. Тіл арқылы баланың
логикалық ой жүйесін дамытудың жолдарын белгілеудің
маңызын айқындайды. Тілдің ғылыми негізін меңгеру
оның қоғамдық-әлеуметтік мәнімен, рухани
құндылығымен қоса берілгенде ғана жас
ұрпақ бойында пәнге деген шынайы құрмет сезімін
тәрбиелеуге болатыны бағымдалған. Өз ана тілінің
даралық ерекшеліктеріне көз жеткізу ғана тілдің
эстетикалық талғамын арттыруға негіз қалайтыны
дәйектелді. Тілдің адам болмысымен байланысы, санаға
қатыстылығы туралы тұжырымдарының білім жүйесінен
орын алуы – коммуникативтік біліктілікті қалыптастырудың тетігі.
Міне, осы түйіндеулер қазақ тілін оқытудың
тұғырнамалық негізі етіп алынған.
Осы мақсаттан туындайтын міндеттер:
- оқушылардың шығармашылық
қабілеттерін дамыту;
- оқушылардың әдеби тіл
нормасына сай сөйлеу дағдыларын жетілдіру болып табылады.
Бүгінгі күннің өзекті
мәселелерінің бірі – басқа ұлт өкілдерінің
мемлекеттік тілде қарым-қатынасты жүзеге асыруы. Осы
мәселені іске асыру барысында жалпы білім беретін мектептерде мемлекеттік
тілді жаңаша әдіс-тәсілдермен, технологиялармен оқыту
жолдары қарастырылуды. Қазақ тілін жаңа технологияларды
ұтымды пайдалана оқыта білмек, біз оқушының бойында
тілге деген қызығушылықты арттыруымыз сөзсіз.
Бүгінгі күні бізге белгілі көптеген технологиялар бар.
Олардың ішінде проблемалық оқыту, интерактивті
оқыту, ойындық технологиялық оқыту,
қатысымдық оқыту, т.б. технологиялар қазақ
тілін екінші тіл ретінде оқушылардың белсенділігін арттыруда
қолайлы болып табылады.
Проблемалық оқыту кезінде
мұғалім ізденіс жұмыстарын ұйымдастырады, оның
барысында оқушылар жаңа білім, іскерліктерді меңгеріп, жалпы
қабілетін, зерттеу белсенділігін дамытады,
шығармашылыққа үйренеді, оқу мен оқыту
сипаты өзгереді. Оқушылар шағын зерттеу, шығармашылық-тәжірбиелік
жұмыстармен айналысады. «Зерттеу» арқылы жаңа білімдер –
факті, заңдылықтар, ұғымдар, принциптер, теориялар,
алгоритмдер қалыптасады.
Проблемалық оқыту процесі мынадай:
• Проблемалық жағдай жасау және мәселе қою.
• Мәселені шешу жолдарын - гипотезаларды ұсыну.
• Таңдап алған гипотезаның дұрыстығын жаратылыс-математика бағытындағы пәндерде тәжірибе арқылы гуманитарлық пәндердегі ережелердің дұрыстығын түп деректер арқылы тексеру.
•
Нәтижелерді қорыту: жаңа білім, іскерліктерді
оқушылардың бұрынғы білім, іскерліктеріне қосу,
оларды теория меп тәжірибе арқылы бекіту.
Мұғалім әр кезеңде басшы, оқуды
ұйымдастырушы. Оқушылардың белсенділігі материалдық
күрделілігіне, оқушылардың дайындықтары мен
деңгейлеріне, жабдықтарға байланысты.
Мәселелі оқыту, меңгеру үшін мұғалім мәселелік жағдаят, мәселе, мәселелік міндет (тапсырма), гипотеза сияңты ұғымдарды жақсы білу керек. Мәселелік оқытудық маңызды кезеңі мәселелік жағдаят. Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың өз бетінше тұжырым жасау, қорытынға келу, ұқсас құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білу, проблеманы шеше білу, пікірталасты жүргізе білу қабілеті қалыптасады.
«Инновация » деген сөз- латынның «novus» жаналық және «in» енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы «жанару, жаналық, өзгеру» деген мағынаны білдіреді.
Т. И. Шамова, П. И. Третьяковалардың енбегінде «Инновация дегеніміз – жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз – тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру, яғни инновация үрдісі мазмұнды дамытуды, жаңаны ұйымдастыруды, қалыптастыруды анықтайды, ал «жаңаша» деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс-тәсілі мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз» делінген. Энциклопедиялық сөздіктерде «инновация» әр түрлі анықталады. Үлкен энциклопедиялық сөздікте бұл ұғым «жаңаша білім беру» деп түсіндіріледі.
Зерттеулер бойынша , «инновация» - педагогикалық категорияға жатады және мектептегі құбылысқа тың жаңалық: жаңа бағдарламаны, оқу жоспарын әдіс- тәсілдерді оқу және тәрбие жұмыстарына енгізу болып табылады.
Күнделікті жоспардағы сабақтан гөрі мұндай сабақтар оқушының есінде ұзақ сақталады, ой-өрісі кеңейеді. Ойлау қабілеті дамиды, сабаққа қызығуы, белсенділігі артады.
Викториналар, ребустар, логикалық есептер, қызықты шаршы құрастыру, сөзжұмбақтар шешу баланың ойын ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді. Оқушының қиялын дамытып, өз бетімен жұмыс істеудің нәтижесін, оның қызық та қиын екендігін, көп іздену керектігін дәлелдейді. Оңайдан қиынға, ауырдан жеңілге ұстанымын сақтап, алдымен жеңіл ребус, сөзжұмбақтар, т.б. құрастырып, бірітіндеп күрделендіре түскен өте тиімді болып табылады.
Қай сабақта болсын тест әдісін өте жиі қолданған да тиімді.
Қазақ тілі пәні сабақтарын ойын түрлері арқылы оқушыларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, ой белсенділігін арттыруға бағыттауға болады. Мәселен, қазақ халқының киелі сандарымен таныстыру: 3, 5, 7, 9, 12, 30, 40. Бұл сабақта 7 санының қасиетті екенін түсіндіріп, ұқыптылыққа, сыпайлыққа, ұжымдықпен жұмыс істеуге тәрбие беру көзделеді. Сабақ көрнекілігіне 7 басты жылан, аты жазылған карточкалар, 7 жолақ, жануарлар суреті пайдаланылады.
Жаңа технология жүйесінде проблемалық және іскерлік ойын арқылы оқытудың да маңызы аса зор. Оқушылар әр түрлі проблемаларды талдайды, оның шешу жолдарын іздестіреді. Мұндай сабақтар оқушылрдың логикалық ойлау қабілетін дамытады, пәнге қызығуын арттырады, өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды женуге тәрбиелейді. Іскерлік ойын сабақтарын өткізу технологиясы 3 кезеңнен тұрады.
1-кезең. Дайындық (рөлдерді бөліп беру, оқушыларды топтарға бөлу, проблемаларын алдын-ала таныстыру, қажетті материалдарды жинау).
2-кезең. Ойын кезеңі (оқушылар жасаған хабарламаларды тыңдау, пікірталас жасау, қабылданатын шешімді талқылау және оны бақылау, талқыланған шешімді қабылдау).
3-кезең. Қорытындылау (проблемаларды шешудің тиімді жолдарын іздестіру).
Денгейлік тапсырмаларды енгізудегі басты мақсат – сынып оқушыларын «қабілетті» және «қабілетсіз» деп жасанды әр түрлі жіктерге бөлуді болдырмау. Осы арқылы деңгейлік және дербес оқыту, сонымен қатар барлық оқушыға қатысты ізгілендіру ұстанымдары сақталады. Сондай-ақ деңгейлеп оқыту барысында оқушының бірінші деңгейдегі тапсырмаларды дұрыс орындағаны есепке алынып отырады. Демек, қандай оқушы болсын , өзінің жақсы оқитындығына қарамастан «оқушылық міндетті», яғни бірінші деңгейдің жұмысын орындаудан бастайды. Нәтижеде бұл барлық оқушыларды тірек білімімен қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы талаптарына сай міндетті бірінші деңгейді толық игеруін жүзеге асырады.
Қорыта келе, бұл технологиялардың, әдістер мен тәсілдердің оқушының оқу үрдісінде ең маңызды, тиімді жолдардың бірі деп нық сеніммен айтуға болады.