Омарова Нургуль Аукеновна

№12 жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Бастауыш сыныпта оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыру арқылы жүзеге асыру

 

Бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған, белсенді, өмірге талпынысы, қызығушылығы бар адамды мектеп табалдырығынан дайындап шығудың ең бір тиімді тәсілі ол-оқытудағы сабақтастық. Оқытудағы сабақтастық мәселелері оқу процесінде сабақтастық бірізді орындалмай отырғандығын көрсетеді, ал ма-тематикалық сауаттылықты қалып-тастыруда сабақтастықтың орындалуы туралы айту тіпті ерте сияқты. Сабақтастық мәселесі осы күнге дейін аз айтылып жүрген жоқ.

Сабақтастық негізі оқытудың біркелкі таным жолы Я.А. Коменский, оқытудың адам дамуына сәйкестігі И.Г. Песталоцци қарастырған. Білім беру саласындағы сабақтастық проблемасын әр жағынан қарастырып теориялық негізі В.В. Смирнов, Ю.А. Кустов, С.Я. Батышев, В.С. Леднев еңбектерінде берілсе, мазмұны және іс-әрекеті аспектілерін А.П. Арын-ғазин, Г.Х. Нұртаева т.б. еңбектерінде кездеседі.Осыған байланысты бастауыш сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын қалыптастыруда ең алдымен математикалық ұғымдарды қалыптастыру.

Оқушыны мектепке оқытуға бейім-деу: өзіңмен тең санап, әңгімеге тарту арқылы тілін дамыту (мұғалімнің шыдамдылығы, қамқорлығы, сүйіспе-ншілігі қажет); оларды зейін қоя тыңдауға, тапсырма бойынша әрекеттер орындауға, сұрақтарға жауап беруге үйрету.

Оқушылардың мектепке дайындық деңгейін – олардың қарапайым ұғымдар жайлы білімдерін анықтау, бала: санай біле ме және нешеге дейін санайды? Заттарды санай ала ма және қалай санайды? Заттарды сыртқы белгілеріне: түсіне, мөлшеріне, пішініне қарай ажырата ала ма? Заттардың екі тобын салыстыра ала ма: «артық», «кем», «сонша» терминдерінің мәнін түсіне ме? (Мысалы, қай дөңгелек артық: көк пе әлде қызыл ма? Суретте қанша шаршы болса, оң қолыңа сонша таяқша ал). Заттардың екі тобын біріктіре ала ма және заттардың жиынтығынан екі топ жасай ала ма? Геометриялық фигуралармен таныс па?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

http://www.vestnik-kafu.info/pics/9_334/image001.gif

 

 

 

 

 

 

 

 

http://www.vestnik-kafu.info/pics/9_334/image002.gif

 

http://www.vestnik-kafu.info/pics/9_334/image003.gif

 

http://www.vestnik-kafu.info/pics/9_334/image004.gif

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кеңістік түсінігі қандай деңгейде («Шалқан», «Үйшік» ертегілері бойынша: кейін, жанында, арасында, оң жақта, сол жақта, жоғарыда, төменде т.б.). Кеңі-стіктегі заттардың орнын анықтай ала ма?Математикалық ұғымдарды оқытудың мазмұны мен әдіс-тәсілдерін анықтаудың теориялық жағымен бірге практикалық та маңызы бар.Математикалық ұғым – мәнді белгілері көрсетілген пән, құбылыс туралы логикалық өрнектелеген ой. Оқытылатын ғылымның ұғымдарын игеру оқытудың негізін құрайды. Математикалық ұғым – біздің ойлауымызда шындықтың белгілі бір түрлері мен қатынастарының көрінісі болады. Ұғым ақиқат нәрсенің жалпы және елеулі белгілерін ғана бейнелейді. Егер олар болмысты шын бейнелейтін болса, онда ол үнемі дұрыс болады. Ұғымдардың анықтамасын берудің неғұрлым тиімді тәсілдерінің бірі – түрлік ерекшеліктері мен анықталатын ұғым түр есебінде енетін тегі көрсетіледі. Бұл тәсілдің схемалық түрі: анықталатын ұғым – түрлік ерекшелігі – тегі. Мысалы: Ромб (анықталатын ұғым) дегеніміз барлық қабырғалары тең (түрлік ерекшеліктері) параллелограмм (тек). Математикалық ұғымның мазмұны мен көлемі болады.

Математикалық сауаттылықтың дамуы оқушының жалпы сөйлеу мәдениетін дамытып, қазіргі қоғамда тұлғаның ұтымды сөйлеу коммуникацияларын қалыптастырады. Осыған қоса, көп жылғы іс-тәжірибе көрсеткендей, математикалық білімнің меңгерілуі мен үйретілуі, оқытылуы дәрежесі жоғары болған сайын, оның бастауыш сыныптағы оқушылардың бойында адамгершілік кейіптегі жағымды із қалдырарлықтай бірқатар жақтары бар.

Математикалық сауаттылықты қалыптастырудың бастауыш сынып оқушылары үшін сыныптан тыс жұмыстар арқылы олардың қызығушылықтарымен сауаттылығын дамыту. Мысалы: математикалық үйірмелерде сабақтан тыс уақытта тек математикалық сауатты оқу мен жазуға, ұғымдарды дұрыс қолданып дұрыс ажыратуға көңіл бөліп мұғалім жұмыстар жүргізу арқылы қалыптастыра алады. Оқушылардың пәнге деген көзқарасы әр түрлі факторлармен: жеке басының және пәннің ерекшеліктерімен қатар оқыту әдісімен анықталады. Олардың осындай ерекшіліктерін ескере отырып, пәнге деген ынтасын арттыру мақсатында математикадан сыныптан тыс жұмыс түрлерін ұйымдастырып жүргізудің маңызы зор.Соңғы кезде пәнаралық байланыс ұғымы ғылыми-педагогикалық әдеби-еттерде жаңа мәнімен енгізіле бастады және оны білімдердің, танымдардың, сенімдердің адамның психологиялық ойлауының жиынтығы деп - түсінуіміз керек. Пәнаралық байланысты оқу-тәрбие процесінде мынадай жағдайлардан көруге болады: пәнаралық байланыстар теориялық білімді іс-жүзінде қолдануға, ғылымның түрлі салалары жөнінде кең ұғымы бар адамды тәрбиелеуге мүмкіндік береді; қазіргі кезде оқушыларға білім беру және олардың танымдық қызметін өркендетуге математикалық сауаттылықта да жағдай жасайды.

Қорыта келгенде бастауыш мектеп мұғалімдері бастауыш сынып оқу-шыларымен математика сабқтарында математикалық сауаттылықты сақтай отырып және өз сабақ барыстарында қолдану дайындығын қалыптастыру мақсатында жүргізіліп оқытудың әдіс-тәсілдері, оқушылардың белсенділіктерін арттыру, оқу құрал-жабдықтарын ұқыпты қолдануға үйрету жолдарында қарастыру болып табылады.

«Математика оқыту әдісінде сан алуан жетілдірулері болатындығына қарамастан, шәкірттер үшін әрдайым қиын жұмыс болып қала береді», - деп жазған атақты ғалым Д.И. Писарев. Сондықтан математиканың қиындығына, күрделілігіне қарамастан, болашақ ұрпақты осы пәнге қызықтыру, білім деңгейін көтеру біз үшін орасан зор жауапкершілікті қажет ететін оқыту әдісі болуы тиіс. Бұл бастауыш сыныпта оқытуда орындалады.

Оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыру мәселесі бүгінгі таңда біздің мемлекетіміздің білім саласында тұрған басты мәселелердің бірі болып табылады. Себебі кез келген оқушының сабаққа немесе оқуға деген қызығушылығы болмаса, онда оның алған білімі тұрақты болмайды, және ол алған білімін болашақта пайдалы бағытта қолдана білмейді. Сондықтан математикалық сауаттылықты қалып-тастырудың жолдарын және ерек-шеліктерін қарастыра келіп соңғы он шақты жылдың төңірегінде қаншама жұмыстар істеліп жатыр.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Кененбаева М.А. «Бастауыш және негізгі мектепте математиканы дамыта оқытудағы сабақтастық мәселелері». Автореферат. - Астана, 2005 ж.

2. Оспанов Т.Қ. «Бастауыш кластарда математиканы оқыту» Алматы, 2005 ж.

3. Оспанов Т.Қ Кочеткова О.В.,. Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математика оқыту әдістемесі. - Алматы, 2005.

4. Жақыпбекова Г.Т. Математика сабағында математикалық сауаттылықты қалыптастыру. Автореферат: Алматы. 2001.