Қазақстан, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы
№41 жалпы
білім беретін орта мектебі география
пәнінің
мұғалімі Сапарбекова Асел Жаксыгельдиевна
ГЕОГРАФИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Мектептердің білім деңгейін
көтеру және онда ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу –
тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының,
басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі
басшылыққа алған бағыты. Ақпараттық
технологияны оқу үрдісінде пайдаланудың негізгі көзі
сабақ барысында компьютерді пайдалану, интерактивті тақталарды
қолдану болып табылмақ.
География сабақтарын
компьютер көмегімен оқытуда дүниежүзілік
халықтардың географиялық орналасуы, көрнекті құндылықтарын, тарихи жолдарын
түсіндеруде мультимедиялық презентацияны қолдану баға
жетпес дүние. Сабақта видеофильмдер, көркем фильмдердің
фрагменттері, боялған таблицаларды, карталарды анықтап
көрсету арқылы оқушылардың
қызығушылықтарын арттыруға болады.
Білім беру
жүйесі қоғаммен бірге дамып үнемі өзгеріс
үстінде болады. Ол әр ұлттың өзіндік
ерекшеліктеріне қарай қалыптасып үнемі жетіліп,
уақыт өткен сайын күрделене түседі. Қай
кезеңде де жалпы білімнің атқаратын қызметі жас
ұрпақты танымдық дүниесін байытып, дамуын қамтамасыз
ету. Заман өзгерген сайын мектептерге қойылатын талап,
ондағы оқыту және тәрбиелеу әдіс
тәсілдері де өзгереді. Қазіргі таңда
еліміздің білім беру жүйесінің ең басты
міндеті білім берудің ұлттық модуліне өту
арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін
халықаралық дәрежеге жеткізу.
Қазақстан
Республикасының 2050 жылғы Президент өз Жолдауында білім беру
жүйесін жаңғырту барысында жүзеге асырылуға
тиісті 6 түрлі міндетті алдымызға қойып отыр. Ол міндеттер
мынадай: оқыту үдерісіне қазіргі заманғы
әдістемелер мен инновациялық технологияларды кеңінен енгізу;
педагогтар құрамының сапасын арттыру; біліктілікті
бекітудің тәуелсіз жүйесін құру; жастарды
әлеуметтік бейімделуге үйрету; оқыту үдерісінің
тәрбиелік құрамдасын күшейту.
География ғылымы өте
қызықты да күрделі. Осы пәнге қызықтыру
арқылы, оқушыға географияның күрделі
құбылыстары мен заңдылықтар мен
заңдылықтарын ұғындырып сапалы білім беру
мұғалімнен үлкен шеберлікті оған қоса
ғылым мен техника жаңалықтарын, яғни
жаңа педогогикалық технологияларды әр сабағында
тиімді қолдануды талап етеді.
Жаңа ХХІ ғасыр ғылым мен
техниканың қарыштап даму жолына жол ашылып, адамзат
қоғамын ақпарат тасқыны дәуіріне бастап
әкелгені шындық.
Компьютерлік технологиялар бір мезгілде белгілі
хабарлама береді, оны оқушылардың қандай мөлшерде
игергендіктерін, өз дәрежесіндегі теориялық біліммен
практикалық біліктіліктерін қалыптастырады, негізгі және
қосымша анықтамаларды ашады: санаулы секундтарда қажетті
бетті, параграфты, абзацты немесе қажетті ақпаратты таба алады,
ең бастысын белгілейді т.б.
Оның себебі: күнделікті
дамыған қоғамның сұранысы техникалық
жетістіктерді жылдам меңгеру, игерудің нәтижесінде алға
дамып отыр.
Компьютерлік оқыту технологиясында орын алып отырған
оқытудың тағы бір түрі ғаламторды пайдалана
оқыту мәселесі болмақ. Бұл орайда әрбір
ұстаз ғаламтормен байланыс жасай алу, одан қажетті
ақпараттарды алу, оны өңдеу, сабақ барысында пайдалану
арқылы күнделікті оқу үрдісін жалғастыра алады.
География сабағын қызықты
өткізудің негізгі талаптарының бірі
мұғалімнің үнемі іздену, ұтымды
әдіс-тәсілдерді қолдану, оқыту әдістемесін
жаңартып оқытуына байланысты. Қазіргі таңда география
пәнінің мұғалімдері инновациялық және
интерактивтік технологияларды сабақ барысында пайдалана отырып,
сабақтың сапалы, әрі қызықты өтуіне
ықпалын тигізуде.
Күнделікті сабақта бейне,
аудиоқондырғыларын, теледидар мен компьютерді қолдану
айтарлықтай нәтижелер беріп келеді. Заман ағымына сай ондай
қондырғылар оқушылардың қызығушылығын
арттырып, зейін қойып тыңдаумен қатар, түсінбей
қалған сәттерін қайталып көруге не
тыңдауға, алған мағлұматты нақтылауға
мүмкіндік береді.
Оқушылардың өздері де алынған ақпаратты ой
таразысынан өткізіп, өңдеп онымен өз
ыңғайына қарай жұмыс істей алады.
Қазіргі қоғамда жүріп
жатқан әлеуметтік терең өзгерістер, білім беруді
дамытудың жаңа жолдарын, яғни, педагогика
ғылымының парадигмасы мен әдістемесін өзгертуді талап
етеді. Бұрынғы әдетке айналған оқу үрдісінде
мұғалімге басымдылық рөлі берілсе, ал қазір
оқу үрдісінде оқушы
Сондықтан олардың отандық, ұлттық және
әлемдік мәдениет
арналарымен сусындату басты міндет. Өйткені оқу
білімінің тереңдігімен өлшенеді. Толассыз, үздіксіз
өзгеріп пен қажеттіліктерді толассыз дамытуды талап етеді.
Тәжірибе
көрсетіп отырғанында бұрын оқушының оқу,
есту пайдаланып оқытудың
ролі ерекше.
Қолданылған әдебиеттер:
1
ҚР «Білім туралы» Заңы
2 Педагогика. Дәріс курсы. Алматы:
«Нұрлы Әлем», 2003.
3 Гершунский Б. С.
Компьютеризация в сфере образования: Проблемы и перспективы. – М.: Педагогика,
1987. – 264 с.
4
Роберт И. В. Новые информационные
технологии в обучении: дидактические проблемы, перспективы использования//
Информатика и образование. – 1991.- № 4.- С. 18 – 25.