Ныязбекова К.С.,
п.ғ.к., Абай
атындағы ҚазҰПУ-дың доценті,
РЖА-ның профессоры (Казахстан,
г. Алматы)
ТАҚЫРЫП ТАҢДАУДАҒЫ
ЕРЕКШЕЛІКТЕР
«Тақырып» мәселесі әдебиет теориясында 20-30
жылдарды көтеріле бастады. Қазан төңкерісінен кейін
дүниеге келген шығармалар өзінің тақырыбы
жағынан біркелкі сарындас болып көрінгенмен, А.Блок, В.Иванов,
К.Федин, А.Толстой іспетті ірі суреткелердің шығармалары тар
ауқымды талдауға «көнбеді». Сондықтан да, ішінара болса
да «ортақ тақырыпқа» қарсы пікір білдірген зертеу
еңбектері жарық көре бастады.
Мысалы: 1923 жылы В.М.Жирмунский өзінің «Поэтика міндеті»
деген мақаласында шығарманы эстетиканың нақты
және көркемдік заңдылықтарынан тыс,
дүниенің қасаң (эмприкалық) заңдарын
негізге ала отырып талдаудан бас тартуға шақырып: «Поэтикалық
шығарманың тақырыбы – тілдік бейнелеу құралынан
тыс, оған тәуелсіз күйде өмір сүре алмайды. Ол
тақырыпты игеру арқылы жүзеге асырылатындықтан да
поэтикалық заңдылығына қалай қызмет етсе, ол да
сондай тәуелді болмақ», – деген пікір білдіреді. В.М.Жирмунский:
көркем шығарма – «ішкі әлемі біртұтас жүйе», –
деп бағалап, ал тақырыпты эстетикалық тұрғыдан
іріктеліп алынған сөздердің «бірлігі» ретінде қарастыру
керектігіне көңіл бөлді. Ал М.М.Бахтиннің «сөз
өнеріндегі материалдық мазмұны мен түрі жөніндегі
мәселелер» (1924) деген еңбегінде тақырып туралы
зерттеудің методологиялық негізі қаланды. Оның
бұл еңбегі – мазмұнды жағыдайды түсіндіруге
қарсы бағытталды.
Ол: «Шындық пен өнерді
немесе өмір мен өнерді қарапайым түрде бір-біріне
қарама-қарсы қойып, олардың арасынан белгілі бір
байланысты іздеу дұрыс нәрсе, бірақ бұл біршама
нақты ғылыми тұжырымдауды қажет етеді. Өнерге
қарсы қойылатын шындықтар мыналар:
·
танымдық шындық
(действительность
познания);
·
әр түрлі
этикалық іс-әрекеттің шындығы;
·
өмірлік
тәжірибеге негізделген экономикалық, әлеуметтік, саяси
және адамгершілік мәселелерінің шындығы.
Сонымен қатар, біз қандай да болмасын ішкі көркемдік
әлемнің шындығы мне ағымдағы шындықты
өнерге қарсы қоюға болмайтынын ешқашан
ұмытпауға тиістіміз: өйткені, біз сол туралы сөз
қозғай отырып және оны басқа жайлармен салыстыра отырып
біз оның түп тамырын анықтай аламыз, бағалай аламыз», –
дей келіп өзінің негізгі ойын былайша түсіндірген: «Таным»
арқылы танылған және «әрекет» арқылы
бағаланған шындық шығарманың нақтылап
айтқанда, эстетикалық объектінің өзегіне айналып,
соған қажетті құрастырушы бас (конструктивтік)
шикізатқа айналады. Бұл тұрғыдан алғанда,
шындығында да өнерден сырт қалмайды, керісінше, ол
өзінің барлық бағалы қадір-қасиетімен,
мықым болмысымен – (әлеуметтік, саяси, танымдық және
т.б.) өнермен бірге өмір сүреді, – деп тұжырымдаймыз.
Өкінішке орай, М.М.Бахтиннің бұл еңбегі дер
кезінде жарыққа шықпады. Сондай-ақ, В.Жирмунскийдің
ілгерінде айтылған пікірлері де қолдау тауып, ғылыми
айналымға түсе қойған жоқ. 30-жылдардың
басында бұл мәселені И.Виноградов қайта
жаңғыртты.
Ол әдебиеттегі тақырып мәселесіне орай: «Егер біз
В.Ивановтың «Бронепоезының» тақырыбы – азамат соғысы,
Серафимовичтің «Темір тасқынының» тақырыбы – азамат
соғысы, Фадеевтің «Тас-талқанының» тақырыбы –
тағы да азамат соғысы дейтін болсақ, онда – осы
«тақырып» деген сөздің өзі бізге шығарма туралы,
оның мазмұны туралы ештеңе айтпайтын болғаны ғой»,
– деген еді. Ол «тақырып дегеніміз – бұл объектінің
қаз-қалпында (натуралды), табиғи түрінде бейнелеуі», –
деген анықтамаға да қарсы шыға отырып, тақырып
ұғымын бейнелеу теориясына сай қарастыру керек деп
тұжырымдады. «Дүние образ»: күрделі және көп
жақты құбылыс, – деп есептелінгендіктен де оны:
«шығармадағы суреттелген өте күрделі және
нақты құбылыстың кейбір, соның ішіндегі негізгі
тақырып ретінде көрінеді», – деп жазды. Әрине, тақырып
ұғыммен предмет – бұл арада «зат» деген ұғымды
білдірмейді – байланысты бұл ұғым өнердің
бейнелеу құралдары арқылы «заттанады», яғни,
тақырыпқа айналады. Тақырып – бұл өнер
шығармасының арқауына таңдалып алынып көркем
бейнеленген құбылыс».
Демек, тақырып – жазушының көркемдік түсінігімен
тығыз байланысты және онда бейнеленген шындық сол
суреткердің санасындағы сүзгі арқылы өтеді.
Бұл жөнінде И.Винградов: «Қайбір құбылыстар мен
шындықтың кейбір жақтарын таңдаудың, өзара
байланыстырудың, біріктірудің объективті-танымдық және
субъективті-таптық жақтары да бар. Осы іріктеу мен байланыстыруды
тек қарабайыр «натуралды» қалпында түсіруге әсте
болмайды, оны танымдық-шығармашылық
(субъективті-творчестволық) тұрғыдан да түсіне білу
қажет. Осыдан келіп шығатын қорытынды мынау: көркем
шығарманың құрлымдық бірлігін, олардың
өзара байланысын және көркемдік сүзгісін
анықтайтын ой таразысы қашанда басты назарда болу керек», – деген пікірді білдірді.
И.Виноградов
осы еңбегінде «тақырыпты»
алғаш «ішкі» және «сыртқы тақырып», – деп
екіге бөлді. Оның түсіндіруінше: «Сыртқы тақырып»
дегеніміз – шығармада бейнеленген белгілі бір көріністердің
(объектілердің) әр түрлі нақтылықпен
сипатталған жалпы нұсқасы. Ал «Ішкі тақырып» дегеніміз
– сол көріністің ерекше бейнеленген тұстары». Сол кезден
бастап 80-ші жылдарға дейін кеңес әдебиетінде, оның
ішінде қазақ әдебиеті сынында да «тақырып»
мәселесінің осындай қиын да күрделі қырлары
арнайы талданған жоқ. Бірақ, әдебиеттану теориясы мен
сынның жеке адамның творчествоға, творчестволық
психологиясына жеке көркем шығармаға күрделі
эстетикалық жүйе ретінде қарау, шындықтың
көрінісін шығарманың ішкі құрлымынан іздеу
бағыты «тақырып
мәселесіне» қайта оралуға мәжбүр етті.
Алайда, «тақырып мәселесі» теориялық тұрғыдан
толық тұжырымдалмағандықтан және оның ара
жігі ашылмағандықтан бұл міндет сол шешілмеген күйінде
күрделі күрмеу күйінде қалып отыр. Сонымен бірге
«тақырыптың көркемдік дамуы» (развертывание) –
ұзақа созылатын күрделі процесс және
тақырыптың қалыптасу жүйесін нақты талдамай оны
зерттеу қиын. «Тақырып»
ұғымын біржақты түсіндіруден, тек бейнеленген «көріністердің шеңберімен»
шектеуден бас тарту үшін оның қалыптасу сатыларын
жазушының көркем ойлау жүйесімен көркемдік
шындықтың арасындағы байланысын, тақырып денгейінің
ауқымын және ол ойдың жеке шығармалардағы
нақты көрінісі, жазушылық шеберлігінің дәрежесін
талдау қажет. Бір кездегі ұмыт қалған «тақырып мәселесін»
сексенінші жылдарда Г.А.Белел қайта қозғады. Ол
өзінің «Әдебиет
– сынның айнасында» – деп аталған монографиясында
«тақырып» мәселесі жөніндегі пікірлерді саралай келіп:
«Тақырыпты зерттей отырып, оны эстетикадан тыс шындық ретінде
теңгермеушілікпен бағалауымызды енді қоюымыз керек және
оны:
1. Сыртқы тақырып көп жағдайда жеке
шығармаға қолданылатын ұғым, жазушының
жалпы шығармаларына байланысты өте аз қолданылады;
2. Жазушы творчествосының ішкі тақырыбы;
3. Көркем шығарманың ішкі тақырыбы деп
нақты мынадай үш жікке бөліп қарауымыз керек», – деді.
Сыншы осындай жіктеудің
әдебиет сыны тарихында бұрыннан айтылып келе
жатқандығына қарамастан әлі де нақты
теориялық тұрғыдан тұжырымдалмай отырғанына
көңіл бөледі. Шынында да 20-шы жылдары шыққан
«Әдеби энциклопедияда» жарияланған А.Зунделовичтың
мақаласында жазылған еді: «Кең мағынада алсақ,
тақырып дегеніміз – дүниенің тұтас көрінісі, ол
суреткердің санасында қатталады. Осы көріністің
(образдың) нәтижесінде суреткер оны жинақтап беру
мүмкіндігіне ие болады және дәл осы көркем
жинақтау оны суреткерлік қабілеті жоқтардан ерекшелеп
көрсетеді. Әрбір шынайы суреткердің өз тақырыбы,
өз көркем әлемі болады»,
– деген пікір білдірілген болатын.
«Өз тақырыбы» дегеніміз –
жазушының творчествосындағы ішкі үндестікпен бір-біріне
жақын тақырыптардың тоғысуы. Ал «өзіндік
дүние образы», «өзіндік көркем әлемі» – дегеніміз
салыстырмалы түрде айтылған метафорлық теңеу
ғана. Шындығында бұл дүние-тіршілік
құбылысын өзіне тән көркемдік шеберлікпен
бейнелеуі арқылы айтайын деген ойын жеткізе білуі. Бірақта
«көркемдік әлем» – жазушы творчествосының «ішкі
тақырыбының» қалыптасуына тікелей әсер ететін
алғы шарт боп табылады.
Суреткердің негізгі
тақырыбын бірден анықтау өте қиын. Жазушы
творчествосының бастапқы кезеңінде оның ішкі
тақырыбы стихиялы түрде қалыптасады. Уақыт өте келе
жазушы шығармаларында нақты бір мотивтің күшейе
бастағаны, дүниедегі белгілі бір құбылыстарға
қызығушылықпен қарайтынын және оны
көркемдік сүзгіден өткізу әдістерінің
тұрақты сипат алғаны байқалады. Жазушыны
толғандыратын бір тақырыптың стихиялы түрде және
саналы түрде дамуын біртұтас творчестволық процестің
екі арнасы ретінде де қарастыруға болады.
Тағы бір маңызды
нәрсе: тақырыптың көркемдік дамуы (развертывание) –
ұзаққа созылатын процесс. Тақырыптың
шығармадан шығармаға біртіндеп өсу жолын зерттеу – жазушының
дүниетанымындағы негізгі бастауы, оның көркемдік
ойының даму бағдарын және өмірдегі өзгерістерге
байланысты пайда болатын жаңа мәселелердің суреткер санасына
тигізетін әсерін анықтауға мүмкіндік береді.
Енді осы «ішкі тақырып» немесе
негізгі тақырып мәселесін жазушы Оралхан Бөкеевтің
творчествосын негізге ала отырып тілге тиек етейік.
О.Бөкеевтің
суреткерлік әлемінің бір ерекшелігі жазушыны толғандыратын
мәселелер – «мәңгілік мәселелер» екендігін, бірақ
ол сол мәселелердің себебін өзіндік дүниетаным
тұрғысынан шешуге ұмтылатыны бірден байқалады.
Жазушының алғашқы шығармаларының бірі –
«Мұзтау» повесінен (1974) бастап кейінгі кезде жарық көрген
«Атау-кере» повесіне (1989) дейінгі аралықтағы
шығармаларындағы кейіпкерлер – «адам орманда» адасқан жандар
немесе сол «орман» қиындығын жеңгісі келіп, жол іздеген
пенделер. Жазушы адамдар арасындағы теңсіздіктің себебін,
олардың бір-бірімен, қоршаған ортамен
қарым-қатынасы арқылы тіршілік философиясын
өзінің де түсінгісі және өзгеге де
түсіндіргісі келеді. «Қалай өмір сүру керек?», – деген
сұраққа жауап беруге тырысқан суреткер
қоғамдағы теңсіздіктің бір себебін
табиғаттың өзінен іздейді. Тағы бір маңызды нәрсе:
тақырыптың көркемдік дамуы (развертывание)
ұзққа созылатын процесс. Тақырыптың
шығармадан шығармаға біртіндеп өсу жолын зерттеу –
жазушының дүниетанымындағы негізгі бастауды, оның
көркемдік ойының даму бағдарын және өмірдегі
өзгерістерге байланысты пайда болатын жаңа мәселелердің
суреткер санасына тигізетін әсерін анықтауға мүмкіндік
береді.
О.Бөкеевтің суреткерлік
әлемінің бір ерекшелігі жазушыны толғандыратын
мәселелер – «мәңгілік мәселелер» екендігін, бірақ
ол сол мәселелердің себебін өзіндік дүниетаным
тұрғысынан шешуге ұмтылатыны бірден байқалады.
Жазушының алғашқы шығармаларының бірі – «Мұзтау»
повесінен (1974) бастап соңғы кезде жарық көрген
«Атау-кере» повесіне (989) дейінгі аралықтағы
шығармаларындағы кейіпкерлер – «адам орманда» адасқан жандар
немесе сол «орман» қиындығын жеңгісі келіп, жол іздеген
пенделер. Жазушы адамдар арасындағы теңсіздіктің себебін,
олардың бір-бірімен, қоршаған ортамен
қарым-қатынасы арқылы тіршілік философиясын
өзінің де түсінгісі және өзгеге де
түсіндіргісі келеді. «Қалай өмір сүру керек?» – деген
сұраққа жауап беруге тырысқан суреткер
қоғамдағы теңсіздіктің бір себебін
табиғаттың өзінен іздейді.