Право / 9.Гражданское право.
Оқытушы,
құқық магистрі Омар Б.М., Омарова И.М
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университеті. Қазақстан
Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың биылғы
«Әлеуметтік- экономикалық
жаңғырту-Қазақстан дамуының басым бағыты»
атты халққа арнаған кезекті Жолдауында мемлекетіміздің
барлық салаларына қатысты мәселелер жан-жақты
қамтылып, жүзеге асырылуға тиісті он нақты міндеттерді
айқындап берді.
Осы
жолдаудағы маңызды мәселелердің бірі жетінші
бөлімдегі білім беру мен денсаулық сақтау саласы. Дәл
қазіргі жаһандану заманында білім беру жүйесін одан әрі
дамытуға қатысты мәселелерді Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев осы жолдауда
айқындап берді. Атап айтар болсақ, бұл жолдауда Президенті
Н.Ә.Назарбаев былдай деген болатын:
«Білім
беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі
іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор.
Біріншіден,
оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен
технологияларды енгізу. Бүгінде халықаралық стандарттар
негізінде Назарбаев университеті мен Зияткерлік мектептер табысты жұмыс
істеуде. Кәсіптік-техникалық білім берудің озық
мекемелерінің желісі дамып келеді. Олардың тәжірибесін
бүкіл қазақстандық білім беру жүйесіне таратып,
барлық білім беру мекемелерін солардың деңгейіне тарту
қажет.
Екіншіден,
педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы
зор. Арқаулық педогогтык білім берудің
үлгі-қалыптарын, мектептер мен жобалар оқытушыларының
біліктілігін арттыруға талаптарды күшейту қажет. Әр
өңірде педогогтардың біліктілігін арттыратын
интеграцияланған орталықтар жұмыс істеуі тиіс.
Үшіншіден,
біліктіліуті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру
қажет. Мемлекет бір мезгілде білім беру қызметтерін көрсетуге
әрі олардың сапасына баға беруге тиіс емес.
Үкіметке
үстіміздегі жылы қанатқақты режімде салалық
ассоциациялар арқауында1-2 салаларда тәуелсіз Біліктілікті бектіу
орталықтарын құруды тапсырамын», -деді Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев [1, 1].
Еліміз
дамуының жаңа кезеңі барлық салалардың
инновациялық-индустриялық дамуына көшуді қарастыратын
жаңа міндеттерді алға қойды. Бұл жаңа
талаптарға сәйкес білім беру жүйесінің барабар
өзгерістерін талап етті. Осы мақсаттарды іске асыру үшін 2011
жылы Мемлекет басшысы Білім беруді дамытудың жаңа мемлекеттік
бағдарламасын бекітті. Бұл стратегиялық құжатта
Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының 2011-2020
жылдарға арналған білім беру саласының ұйымдастыру
негізі қаланды. Сонымен бірге тиімді адами капиталды құру,
инновациялық жобаларды іске асыру үшін жоғары білікті
кадрларды тәрбиелеу және жаңа технологияларды
құруға ерекше назар аударылды.
Қазақстан Тәуелсіздігінің
мерейтой жылы білім беруді дамытуды іске асырудың алғашқы
жылымен тұспа-тұс келуі жай емес. Бұл жыл білім және
ғылым жүйесіне терең және маңызды
өзгертулер әкелді деп айтуға болады. Биылғы
жылдың басты жетістіктерінің бірі – одан арғы
жұмыстың құқықтық негізін қалаған
«Білім туралы» және «Ғылым туралы» екі Заңның бекітілуі
болып табылады. Оларды іске асыру үшін 2011 жылғы бірінші
жартыжылдықта 83-тен астам нормативтік құқықтық
актілер бекітілді, 48 акт әзірлену үстінде [2, 1].
Білім беру үдерісіне
оқытудың заманауи әдістемелері мен технологияларын
ұдайы енгізіп отыру аталған саланы жаһанданудағы
ең басты міндеттердің бірі ретінде алға тартты. Сонымен
қатар, педогогикалық құрамның сапа-деңгейін
арттыру мәселесі де маңызды шаралар қатарынан орын алды.
Биылғы жылдан бастап базалық педогогикалық білім стандарттары
мен біліктілікті арттыруға қойылатын талаптарды күшейту
бойынша көптеген ұйымдастыру шаралары қолға
алынғалы отыр. Сондай-ақ педогогтардың біліктілігін растайтын
тәуелсіз мекемелер қызметіне жүгінетін боламыз.
Қысқаша айтқанда, кадр сапасын сараптау міндетін сол кадрды даярлаған
ЖОО-дан өзге бейтарап мекеме атқарғаны өте дұрыс
деп ойлаймын.
Елбасы Н.Назарбаев
белгілеген Қазақстанның даму стратегиясы еліміздің
әлемдік қауымдастықтағы бәсекеге
қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Жалпы алғанда, ұлттық білім беру
жүйесінің, оның ішінде жоғары мектептің ілгері
дамуы Президент қойған міндеттердің табысты түрде
жүзеге асырылып жатқандығының дәлелі болып
табылады. 2010 жылы Қазақстанның Болонья декларациясына
қосылуы еліміздің тарихындағы маңызды оқиға
болып, отандық жоғары оқу орындарын еуропалық білім
беру кеңістігінің толық құқылы серіктесі
етті. Мұндай серіктестік белгіленген өлшемдерді
ұстануға міндеттейді. Аккредиттеу арқылы білім беру
қызметінің сапасын қамтамасыз ету осылардың ішіндегі
басым бағыт болып табылады. Бүгінгі таңда
әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, жоғары
оқу орны үшін аккредиттеуден өту, оқу орнының
жұмыс жасауы мен заңды түрде қызмет етуінің
міндетті шарттарының бірі болып отыр. Еуропалық
академиялық қауымдастық аккредиттеуді ұйымдастыру мен
өткізу мәселесіне өте мұқият қарайды.
Себебі, аккредиттеуден өту арқылы жоғары оқу орны
өзі тәріздес оқу орындары арасында беделінің жоғары
екендігін дәлелдейді және бұл оның «сапа белгісі» болып
табылады. Жетекші еуропалық елдердің аккредиттеу агенттіктері
(олардың ішінде EQAR, ENQA) жүйелерінің салыстырмалы
стандарттары білім беру бағдарламаларының жоғары сапасына
кепілдік және жоғары оқу орнына жұмыс берушілер мен
білім беру қауымдастығы ортасында танылуына мүмкіндік
береді. Еуропалық жоғары оқу орындарында ұлттық
және халықаралық аккредиттеуді өткізу тек сапа
кепілдігі ұйымдарының еуропалық тізіміндегі арнайы
агенттіктерге ғана сеніп тапсырылады. Отандық жоғары мектеп
осыған ұқсас жолмен келе жатыр: Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі отандық жоғары оқу
орындарына өз қызметін тәуелсіз бағалауды жүзеге
асыруға мүмкіндік беретін аккредиттеу мен саралаудың
ұлттық үлгісін құрды. Бүгінгі таңда
жиырмадан астам отандық жоғары оқу орны ұлттық
институционалдық аккредиттеуге ие болды. Ал, бұл
халықаралық аккредиттеуден өтудің міндетті шарттарының
бірі болып табылады. Қазақстандық
жоғары оқу орындарының халықаралық тұрғыда
танылуға деген ұмтылысы қазіргі кезде
қоғамдық-кәсіби аккредиттеуді дамытуға байланысты
болуда. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы
елімізде тәуелсіз аккредиттеу құрылымын дамыту бойынша
шарттарды құруды қарастырады [3, 3].
Президент білім беру жүйесін
жаңғырту бағытында алдымызға ұлан-ғайыр міндеттер
қойды. Оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен
технологияларды енгізу уақыт талабы екенін ұғынатын мезгіл жетті. Сонда ғана қазақстандық білім беру жүйесі одан әрі өркендеп, халықаралық стандарттарға теңесетін болады. Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында оқу үдерісіне осы заманғы әдістеме мен ақпаратты технологияны енгізу қажеттігін атап көрсетті.
Бүгінде оқу-әдістемелік базаны кредиттік технологиясыз көзге елестетудің өзі қиын. Оқу үрдісіне оқытудың интерактивті
технологиясын енгізу, оның ішінде, бейнеконтентпен
қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану, инженерлік-техникалық
мамандықтар бойынша материалдық-техникалық базаны нығайту,
электронды оқу залдарының санын көбейту,
ғылыми-зерттеулерді ұйымдастыру кеңінен жалғасып келеді.
Қазақстандықтарды
жұмыспен қамту деңгейін жоғарылату жоғары білім
беру жүйесіндегі жаңашылдықсыз іске аспайтынын қазір
екінің бірі түсінеді. Академиялық
ұтқырлық орталығы осы мақсатпен
құрылған. Ол, екінші жағынан, академиялық
ұтқырлық дамуының орталықтандырылған
жобасын жүзеге асыру қажеттілігінен туындаған болатын.
Қазақстан Республикасының білім беру ісін дамытудың
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына
сәйкес Болон декларациясының бір қағидаты осылайша
жүзеге асып отыр [4, 2].
Елбасының биылғы Жолдауы –
өткенді саралай отырып, Қазақстан жастары үшін, алдағы уақытта атқаратын
міндеттерді белгілеп берді. Сондай-ақ, ел дамуының жаңа
кезеңі мен тәуелсіздіктің үшінші онжылдығына бет
бұрған тұста қоғамдағы ең ірі
әлеуметтік топ – жастарға деген Президенттің сенімі мен
қамқорлығы олардың білім мен ғылымға деген
құштарлығын одан әрі күшейтті. Осы тұста Мемлекет басшысы Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауынан мынадай
ұлағатты сөздерін айтуға болады: «Бәсекеге
қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы
жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі
әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып
қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі
ең озық жабдықтармен және ең заманауи
өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын
болуға тиіс. Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық
жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да
зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі
заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды.
Жоғары оқу орындары білім беру қызметімен шектеліп
қалмауы тиіс. Олар қолданбалы және ғылыми-зерттеушілік
бөлімшелерін құруы және дамытуы қажет. Біз
академиялық автономия кепілдігін берген жоғары оқу орындары
тек оқу бағдарламаларын жетілдірумен шектелмей,
өздерінің ғылыми-зерттеушілік қызметін де белсенді
дамытуы тиіс. Жеке бизнестің, үкіметтік емес және
қайырымдылық ұйымдарының, жеке адамдардың
әлеуметтік жауапкершілігі білім беру саласында айрықша
көрінуі керек. Бұл ең бірінші кезекте лайықты білім
алуда оқу ақысын өз бетінше төлей алмайтын
жастарға көмек беруге қатысты. Ол үшін қажетті
шаралар:
• Жоғары және орта білім беру
жүйесін дамыту үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі
желісін құру.
• Көпсатылы оқу гранттары
жүйесін әзірлеу.
• Бүкіл ел бойынша ғылыми-зерттеушілік
және қолданбалы білім берудің өңірлік
мамандықтарды ескеретін мамандандырылған оқу орындары
жүйесін құру.
• Жоғары оқу орындарындағы оқудың екінші курсынан
бастап кәсіпорындардағы міндетті өндірістік тәжірибені
заңнамалық тұрғыда бекіту.
Бізге оқыту әдістемелерін жаңғырту және
өңірлік мектеп орталықтарын құра отырып, білім
берудің онлайн-жүйелерін белсене дамыту керек болады.
• Біз қалайтындардың барлығы
үшін қашықтан оқытуды және онлайн режімінде
оқытуды қоса, отандық білім беру жүйесіне
инновациялық әдістерді, шешімдерді және құралдарды
қарқынды енгізуге тиіспіз.
• Ескірген немесе сұраныс жоқ
ғылыми және білім пәндерінен арылу, сонымен бірге,
сұраныс көп және болашағы бар бағыттарды
күшейту қажет.
• Орта және жоғары білім берудің оқу
жоспарларының бағыттылығы мен басымдықтарын
оларға тәжірибелік машықтарға үйрету бойынша
және тәжірибелік біліктілікке ие болу бағдарламаларын
қосып, өзгерту.
• Кәсіпкерлікке бағдарланған
оқу бағдарламаларын, білім беру курстары мен институттарын
құру.
Мен
сөзімді, әсіресе, жастарымызға арнағым келеді. Бүгін мен жариялаған
Жаңа саяси және экономикалық бағыт сіздерге жақсы
білім беруді, яғни бұдан да лайықтырақ болашақ
сыйлауды көздейді. Мен сіздерге - жаңа буын
қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер Жаңа бағыттың
қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер. Мемлекет басшысы
ретінде мен әрдайым сіздердің оқуларыңыз бен
өсіп-өнулеріңіз үшін барлық жағдайды
жасауға тырыстым. Әлемдік деңгейдегі университет, зияткерлік
мектептер аштым, «Болашақ» бағдарламасын құрдым. Қазір
мемлекеттік жастар саясатының жаңа тұжырымдамасы
әзірленуде. Мемлекет сіздердің алдарыңыздан жаңа
мүмкіндіктер ашылуы үшін барлығын жасауда. Олар -
сіздердің ата-аналарыңыз тіпті ойлап та көрмеген
мүмкіндіктер.
Естеріңізде болсын:
сіздердің табыстарыңыз - ата-аналарыңыздың табысы,
туғандарыңыз мен туыстарыңыздың табысы,
отбасыларыңыздың табысы, барлық отандастарыңыздың
табысы, біздің Отанымыздың табысы», - деген патриоттық рухты көтеретін сөздерін
айтуға болады.
Елбасының бұл сөздері
білім беру саласының әрбір қызметкеріне жол көрсетуші
болып табылатыны анық. Біздің жұмысымыздың басты
нәтижесі – жас түлекті тәрбиелеп, білімді, сапалы, саналы
азамат ретінде қалыптастыру. Сапалы білім алушы жас ұрпақ
интеллектуалдық ұлтты қалыптастырудың негізі болып
табылады. Сондықтан білім беру жүйесі ХХІ ғасырда еліміздің
стратегиялық дамуының негізгі бағыты болуы қажет. Осы
орайда Елбасы ең үлкен құндылықтың білімге
ұмтылу екенін атап өтті. Ал кез келген елдің экономикасын
дамыту үшін білімді кадрлар керек.
Білім беруде жаңалық енгізу күрделі
үрдіс. Сондықтан әрбір білім беру мекемесінің
оқытушы профессорлар құрамы өз білімдерін дамыта
отырып, студенттерге дәріс беру кезінде ғылым мен инновацияны
жаңашыл дамытушы болуы керек. Сонымен қатар, бұрыннан
қалыптасқан оқыту-тәрбие үдерістерін
өзгерту қажет деп, ойлаймын. Шынында да, сапалы білім беру мен
жастардың тәрбиесі қоғам дамуының маңызды
ресурсы болып табылады. Әрбір мемлекеттің бәсекеге
қабілеттілігі ең алдымен жастарға байланысты
болғандықтан, Қазақстан жастары Президенттің мемлекеттік
жастар саясатын нығайтуын қолдайды. Жастар саясатының ішінде
ауқымды және нақты жұмыстар жүргізілуде. Осы
бағытта мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының
жобасы жасалынған болатын. Оқушыны тек сапалы білім беру
арқылы қызықтыруға болады.
Үкіметке 2013 жылдан бастап халықаралық
үлгідегі куәліктер беру арқылы инженерлік білім беруді
және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамытуды
қамтамасыз етуді тапсырды. Оқытудың жаңа
әдістемелік жүйелерін жаңғыртып, өңірлік
мектеп орталықтарын құрып, білім берудің
онлайн-жүйелерін белсене дамытудың керектігі айтылды.
Мәселен, қашықтықтан оқытуды және онлайн
режімінде оқытуды дұрыс жолға қойып, отандық
білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді,
құралдарды қарқынды енгізу тиістігіне маңыз
берді. Елбасы осы орайда жастарға жаңа саяси және экономикалық
бағытты ұсынуыменен жақсы білім алып, лайықты
болашақтарын сайлап, сенім артатындығын айтты. Сонымен қоса
жастардың терең білімі мен кәсіби
қабілет-қарымының өсуіне жағдай жасай
беретіндігіне сендірді. Жоғары оқу орындарындағы білім беруде
қолданбалы және ғылыми-зерттеушілік бөлімшелерді
құрып, оны дамытудың қажеттігі ұсынылды [5, 4-5]
Қазіргі таңдағы адамзаттың
тіршілігінің негізгі тұғырнамасы – білім болып табылады.
Тәуелсіздік алғалы бері жыл сайын жүргізіліп, білім жүйесіне
енгізіліп отырған реформалар біздің болашағымызға
салынып жатқан даңғыл жол деп айтуымызға болады. Себебі, қай мемлекеттің болсын
даму жолы, яғни экономикалық-әлеуметтік жағдайына
тікелей апарар жол – сол елдің білімінің дамуы
болып табылады. Яғни, болашақта бәсекеге
қабілетті мемлекеттер қатарына ену міндеті бәсекеге
қабілетті жас маман мойнына жүктелетін абыройлы да, жауапты міндет
болып отыр. Бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі мемлекет
тұтқасын ұстаушы білікті маман, ел тағдырын шешуші
азамат. Олай болса еліміздің болашағы болып табылатын жас
мамандарға білім беретін ЖОО-дың білім жүйесін дамыту заман
талабы, - деп айтуымызға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Қазақстан
Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2012
жылғы 27 қаңтардағы «ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ЖАҢҒЫРТУ -ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ»
атты Қазақстан халқына Жолдауы. e.gov.kz/wps/portal/Content?.../3.../president/..
2.
«Білімді
ұрпақ – ұлт болашағы» 30.12.2011.
i-news.kz/news/2011/12/30/6223429.html
3.
Аккредиттеу
– алға басу кепілі Жұма, 27 шілде, 2012 «Егемен
Қазақстан» газеті. Сәрсенбі, 5
қыркүйек, 2012. Еркін
КӨБЕЕВ, академик
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ ректоры,
заң ғылымдарының докторы, профессор. Қарағанды.
4.
Білім
сапасы – басты ұстаным. «Егемен
Қазақстан» газеті. Сәрсенбі, 5
қыркүйек, 2012 Оңдасын
ӘШІМОВ, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры,
ҰҒА академигі. Солтүстік Қазақстан облысы.
5. «Жөні бөлек
Жолдау» Жұмахан МЫРХАЛЫҚОВ, М.Әуезов атындағы
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің
ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор.