Имамбекова Г.С.,
Макашкулова Г.Б.
М..Х.
Дулати атындағы Тараз мемлекеттік
университеті, Қазақстан
ЖАБЫҚ ТИПТІ МЕКЕМЕ
ТӘРБИЕШІЛЕРІНІҢ
КӘСІБИ ІС-ӘРЕКЕТІНЕ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ
Жетім балалар мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балалардың
құқықтары мен заңды мүдделерін
қорғау мемлекетіміз ұстанған саясаттың басым
бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстан
Республикасында осы санаттағы балалардың құқықтарын
қорғау саласына қажетті
нормативтік-құқықтық база жасалынды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес әрбір бала
отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге
құқылы. Отбасы-қоғамның негізгі
бөлшегі болып табылады, бала отбасында ғана ананың аялы
алақанын, махаббатын сезінеді, қарым-қатынас жасау
дағдылары қалыптасады, өз халқының тілін,
мәдениетін, салт-дәстүрін бойына сіңіреді,
дүниетанымы мен көзқарастары қалыптасады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының
Бала құқықтары туралы конвенциясы балалардың
құқықтары мен әл-ауқаттылығына шынайы
және жалпыға ортақ құрметпен қарау
үшін жаңа мүмкіндіктерді іске асыруға жол ашатын негізгі міндеттерді
айқындайды. Осындай міндеттердің бірі «өзін тұлға
ретінде айқындау, өз мүмкіндіктерін қауіпсіз және
қолайлы жағдайлада: олардың әл-ауқатын
қамтамасыз ететін отбасының немесе
қорғаншыларының ортасында, білім беретін және оқу
тәрбие беретін мекемелердегі ортада іске
асыру мүмкіндігі» болып табылады.
Қай уақытта болмасын балалар
үйінде тәрбиеленушілердің дамуы, әсіресе
қарым-қатынас жасай білу дәрежесі мен танымдық
белсенділіктің көрінуі отбасында тәрбиеленетіндердің
даму көрсеткішінен әлдеқайда төмен болып табылады.
Белгілі психологтар И. Лангмейер мен З.
Матейчек жетім балалардың өмірін депривациямен байланыстыра отырып
субьектінің қажеттілігін қанағаттандыру мүмкіндігінен
айыру деп түсіндірсе, ал ағылшын психологы Д. Хебб депривация-биологиялық
тұрғыдан толық, бірақ психологиялық
тұрғыдан ортадан шектеумен байланысты күй екенін айтқан.
Онтогенездің ерте басындағы
жетім балалардың психикалық дамуының ерекшеліктері (эмоциялық кедейлік,
импульсивтілік, дербестіктің жоқтығы, «Мен» бейнесінің бұрмалануы
өзіндік бағаның
теңсіздігі), қарым- қатынас субъектісі ретіндегі дамуы
(адамдармен қатынасты таңдай алмауы, оларға сенімсіздік
таныту, басқалардың оған көңіл бөлуіне
қажеттіліктің күшеюі, қарым-қатынас
дағдыларының аздығы) олардың есеюі барысында жойылмай шиеленісіп
басқаша сапаға ие болады.
Осының бәрі махаббат
сезіміне қажеттіліктің
қанағаттанбауы, эмоциялық тұрғыдан бала
жағдайының тұрақсыздығының нәтижесі
болып табылады. Мұндай
жағдайда оқу-тәрбие
процесін жүзеге асыратын қызметкерлерге де өз міндетін
атқару қиынға соғады.
Сондықтан жетім балалармен жұмыс істейтін мамандарға
көмек көрсету және
қолдау өзекті мәселе болып табылады. «Адам-адам»
жүйесіндегі кез-келген іс-әрекет
тұрақты немесе үақытша, жағымды немесе
жағымсыз бола алатын маман
тұлғаның кәсіби
деформациясына әкеліп соғады.Тұлғаның
кәсіби деформациясы кәсіби рөлін орындау әсерінен пайда болатын
тұлғаның сапалық өзгерісі ретінде анықталады. Кәсіби деформация үш негізгі компоненті бар эмоциялық
«жану»
феноменімен сипатталады:
1.
Эмоциялық кернеулік пен үмітсіздендіру сезімінен көрінетін эмоциялық жүдеу.
Адам бұрынғыдай жұмысқа беріле алмайтынын сезінеді.
2.
Адамдарға қызмет бабында
немқұрайлы, жағымсыз, керек десеңіз орынсыз
қатынастың пайда болуымен байланысты болатын деперсонолизация.
3.
Өзінің құзырлық бағасының
түсуінен, өзіне
қанағаттанбау, өз іс-әрекетінің
құндылығының азаюынан
көрінетін тұлғалық жетістіктің көмескіленуі.
«Жану» синдромы 3 сыртқы факторды
тудырады деп есептелінеді:
-
ұйымдастырушылық фактор
– мазмұны жағынан дамудың
мүмкін еместігі, шығармашылық автономияның
жоқтығы мен басшылар тарапынан аса қадағалаудың
болуы.
-
рольдік қақтығыстардың, рольдік
нақтылықсыздықтың болуы (өз міндеттерін
түсінбеу, әріптестерімен, басшылармен өзара
қарым-қатынас жүйесінің
нақтылықсыздығы)
-
кейбір тұлғалық қасиеттердің болуы.Синдром
эмпатиялық деңгейі төмен, авторитарлы, әлеуметтік
интеллектісі төмен мамандарда жеңіл пайда болады.
Жетім
балалармен жұмыс істейтін мамандар үшін жауапкершіліктің
жоғары деңгейі, эмоциялық стресстің тұрақты қайнар
көзі болып қалыптасатын
психотравмалық жағдайлардың жоғары деңгейі
тән. Жағдайды қиындатушы фактор аталмыш мамандардың әлеуметтік қорғанышының
төмендігі болып табылады. Өз кезегінде ересектердің
жағымсыз эмоциялық күйі баланың эмоциялық
тұлғалық дамуына жағымсыз әсер етеді. Педагогикалық іс-әрекет
мәселесінің жалпы
контекстінде педагогтың
эмоциялық
тұрақтылық мәселесі маңызды орынға
ие. Педагог мамандығы
өзін-өзі
басқару мен
өзін-өзі меңгерудің үлкен резервін талап ететін стрессогендік
мамандық қатарына жатады. Эмоционалдық тұрғыдан алып
қарағанда
еңбек
түрлерінің ішінде адамдармен тікелей жұмыс істеуде кернеулігі
басым педагог мамандығы күш-қуатты көп қажет етеді.
Психолог
іс-әрекеті – балаларға алған эмоционалдық зақымның орнын
алмастыруға, тұлғалық бүтіндікті,
тепе-теңдікті қалпына келтіруге
көмектесу қажет, содан кейін барып қана олардың
дамуын жалғастыруға болады. Жетім балалар жағымды адами қарым-қатынас пен
тұрақты тұлғааралық қатынастарды
қажет етеді. Олармен жұмыс істейтін қызметкерлерге де
олардың жауапкершілік, белсенділік, дербестікті сезіну қажеттілігін
сезінуге психологиялық көмек
қажет.
Тәрбиешілерге интернатта балалармен
жұмыс істеу көптеген стрессогендік жағдайлар тудырады,
осыған байланысты олар психологиялық ағарту мен психологиялық қолдауды
қажетсінеді. Бұл балалар үйі мен мектеп – интернатта
қызмет атқаратындарға
жүйелі түрде ағарту және психологиялық
алдын алу жұмыстарын жүргізу қажеттігін білдіреді.
Тәрбиешілердің өздері
де өз кәсібінің аумағында
қарым-қатынасқа күнделікті жұмыс барысында кездесетін нақтылы жағдайларды
қарастыру мен талдауға деген мүқтаждықтың
жоғары екендігін де айтады. Тәрбиеші педагогтар, дефектологтар
күннен-күнге балалармен жұмыс істейді. Ал психолог
қызметінің нәтижелілігі балалар үйі қызметкерлері
ынтымақтастығы
қаншалықты дамығандығына байланысты. Бұл
қатынастар бәсекелестік емес серіктестік негізде
құрылуы тиіс.
Психологтың қызметкерлермен
жүйелі түрде кездесіп тұруы нақтылы бір балаға
қатысты мінез-құлықтың жалпы бағытын
құруға көмектеседі.
Балалар үйі қызметкерлерімен
ағартушылық бағытта
дене жаттығуларын, психологиялық кеңес беру,
психологиялық жаттығулар, тренингтер,іскерлік ойындар,
оқу-тәрбие процесін
ұйымдастыруда психологиялық-падагогикалық ұсыныстар
қарастыру ұсынылады. Маңыздысы шығармашылық тұрғыдан
өзін-өзі көрсету мүмкіндігі болып табылады.
Көп жағдайда балалар
үйінің әкімшілігі психологтың педагогикалық
ұжыммен бірлесіп жұмыс
істуін міндет етіп алмайды.
Балалармен жұмыс істеуде ересектерге
мейірімділіктен басқа
нақтылы психологиялық дайындық та қажет.Оған
отбасынан тыс тәрбиеленетін
балалардың психологиялық ерекшеліктерін ескеру,әр баланың
жекелігін білу және түсіну
жатады.Тәрбиешілердің балалармен тиімді әректтесу принциптері мен
тәсілдеріне үйретудің
нәтижелі формасы ретінде тренингтер аса маңызға ие.Тәжірибе
ретінде «Жабық типті мекеме балаларымен өзара тиімді
әрекеттестік» атты тренингтік бағдарлама ұсынылады.
Бағдарламаны жүзеге асыру барысында Т. Гордонның педагогикалық
тиімділік тренингінің бөліктері, сонымен қатар ойын
жаттығулары қолданылады.
Тренингке
қатысушылармен жұмыс:
-Балалармен қарым-қатынас кезінде
ересектердің позициясын және жұмыс барысында пайда болатын
мәселелерде өзінің жауапкершілік сезімін
ұғынуға;
- Өз сезімдерін танып, білуді
үйретуге;
- Басқа адамдардың сезімдерін
тани білуге үйрету және оларға адекватты түрде жауап
беруге;
- Басқа
адамдармен конструктивті қарым-қатынасты қамтамасыз ететін
бірнеше практикалық дағдыларға жаттықтыруға;
-Отбасынан
тыс тәрбиеленетін балалардың психологиялық ерекшеліктерімен
таныстыруға бағытталған;
Тренингтік
бағдарламамен танысу жұмысына балалар үйінің
тәрбиешілері, мұғалімдері, психологтары, әкімшілік
қызметкерлері қатысады.Топтағы адам саны 12-15-тен аспауы
тиіс.
Тапсырмалардың
мақсатына қарай тренингке қатысушылар жеке, екеуара,
үшеуара және кіші топпен жұмыс істей алады. Әрбір
тапсырма бой қыздыру, негізгі және қорытынды бөлімнен
тұрады. Әр кездесудің басы мен соңында
қатысушылар өздерінің сезімдерімен бөліседі. Бой
қыздыру ретінде эмоциялық күйді қуаттандыруға
себеп болатын, топтық ынтымақтастыққа, зейіннің
шоғырлануына бағытталған түрлі ойындар мен
жаттығулар ұсынылады.
Негізгі
бөлімге теориялық мәліметтерден, практикалық
жаттығулардан, еркін пікірталастан, сұхбаттасудан тұратын мини-лекция
кіреді. Тақырыптарды қатысушылардың өздері
ұсынады.Мысалы:
«Балаларды
жазалау керек пе ?»
«Интернаттан
баланы демалысқа ертіп келуге болады ма?»
«Балалар
өмірінде жарысу және бәсекелестік» т. б.
Пікірталастың
басты мақсаты: берілген сұраққа жауап табу ғана
емес, әңгімелесушінің тыңдай білу іскерлігін дамыту. Сонымен
қатар маңызды жұмыстардың бірі тренингке
қатысушылардың жеке тәжірибесінде қиындыққа
душар болған жағдайларды талқылау. Ең бастысы тренингке
қатысушыларға жұмыс барысында өздеріне не кедергі
жасайтыны, не көмектесетіні жөнінде ой туғызуға
итермелеу.
Тренингке
қатысушыларға өзін де тәрбиеленушілерді де басқа
қырынан тани білуге болатын практикалық жаттығулар
бүкіл тренинг барысында жүргізіледі. Уақыттың келесі
бөлігі» эмоциялық күймен жұмысқа»
арналады.Бұл баланы қалтқысыз қабылдауға
мүмкіндік береді. Баланың дамуы мен ішкі сезімінің күйі
топта жұмыс істейтін тәрбиешілерге тікелей байланысты болады.
Қолданылған
әдебиеттер
1. Е.К.Лютова, Г. Б. Монина Тренинг общения с ребенком. СПб.: Речь., 2002.
2. Мухина В.С .Лишенные
родительского попечительства. М:Прос.,1991
3. Лиханов А.А. Дети без
родителей: Книга для учителя.М.Прос.,1997
4.
Детская практическая психология.
Под редакцией проф. Т.Д.
Марцинковской. Москва:Гардарики,2003
5.
Психическое развитие воспитанников
детского дома.Под ред.И.В Дубровиной, А.Г.Рузской.Москва,1990
6.
Семья Г.В. Условия психологической
и социальной защищенности выпускников образовательных учреждении для детей –
сирот и детей оставшихся без попечения родителей.М.:СИМС, 2003.