Джусупова А.М. а/ш.ғ.магистрі

Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі

 

Галофит өсімдіктерін егістікке ендіру арқылы сортаңдалған егістік жерлерін қалпына келтіру шаралары

 

Қызылорда облысы суармалы жер көлемінің сортаңдану көрсеткіші  40% жетіп,  соның нәтижесінде өте сортаңданып кеткен жерлер ауылшаруашылығында пайдалану айналымнан шығарылды.

         Жоғарыда келтірілген жағдайлардың басым бөлігі төменде келтірілген жағдарларға байланысты.

         Пайдаланып отырған суармалы жердің экологиялық жағдайы қашыртқы суларының минерализациясына да байланысты,яғни қазіргі уақыттка ол 2г/л –ден 4г/л –ге жетіп отыр. Кейбір күріш аймақтарда оданда жоғары. Бұл жердің сортаңдануының бір жағы болса, екіншіден егістікке берілетін судың минерализациясының жоғары болуы және де жалпы территорияның су өткізгіштік қасиетінің төмендігінде болып отыр.

         Ауылшаруашылық  дақылдарына берілетін таза судың әсері мынадай факторларға байланысты:

    - Топырақ қабатынтының сортаңдану қауіптілігі;

    - Жердің екінші рет сортаңдануы;

    - Зиянды токсикологиялық иондардың құрамының көбеюі.

           Сондықтан да егістікке берілетін суды зерттеу жұмыстары жан-жақты болуы тиіс.  

 Керек болған жағдайда жеке аудан, жеке шаруашылық көлімінде зерттелген  жөн.

Қызылорда облысының “Қазсушар” мекемесінің және Қызылорда “Гидрогеологиялық мелиоративтік экспедициясы” мәліметтері бойынша тұзданған жерлер көлемі жыл сайын ұлғайып, жалпы суармалы жердің 25% айналымнан шыққан. Қызылорда облысының суармалы алқаптарының тұздану дәрежелері келесі графиктерде көрсетілген.[1]

 

2010-2013 жылдар аралығындағы Қызылорда облысы суармалы жерлердің тұздану дәрежесі бойынша орналасуының салыстырмалы көрсеткіші.

 

Жыл

дар

Суармалы жерлердің тұздану дәрежесі бойынша орналасуы,  %

тұздан

баған

Әлсіз

тұзданған

Орташа

тұзданған

күшті және

өте күшті

тұзданған

2010

-

33,5

30,6

30,64

2011

-

33,7

39,6

26,8

2012

-

38,5

32,4

28,8

2013

-

40

35

30,2

 

 

 

Ұсынылатын іс-шаралар:

1.     Галофит өсімдіктерін ауыспалы егістікке ендіру арқылы топырақтың тұздану дәрежесін едәуір азайту;

 

Галофит өсімдіктерін ауыспалы егістікке ендіру арқылы топырақтың тұздану дәрежесін едәуір азайту

 Түзсүйгіштерді (галофит)   ауыспалы егістікке ендіру арқылы топырақтың тұздану дәрежесін едәуір азайту шаралары қарастырылған.

Түзсүйгіш өсімдіктер (Галофиты; гр. hals— туз, phiton — өсімдік ) — сортаңданған топырақта тіршілік етуге бейімделген өсімдіктер (мысалы, жусанның кейбір турлері, жыңғыл, солерос, тағы басқа). Түзсүйгіш өсімдіктер шөлдерде және шолейттерде, мұхиттың кейбір жағалауларында кең таралған. Түзсүйгіш өсімдіктер сортаңданған топырақта тіршілік етуге арнайы физиологиялық бейімделгіштігімен ерекшеленеді. Топырақ ерітіндісіндегі концентрациясы жоғары тұзға төзу өсімдіктің су режимімен байланысты және төзгіштер стратегиясын көрсетеді. Тұздың концентрациясы жоғары ерітіндіден суды сіңіру үшін өсімдік клетка шырынының осмостық қысымын көтеруі мүмкін немесе су тұтынуды шырын есебінен (яғни, шырынды жапырақтарда және сабақтарда ылғалдық жиналуы, мысалы, солерос) тұздың артық мөлшерін арнайы лептесіктер арқылы жапырақ бетіне шығарып, азайтуы мүмкін. Түзсүйгіш өсімдіктер түрлері далалық белдемде қара топырақты жерді суарудан немесе жолдағы қарды еріту үшін үнемі тұз пайдаланудан болатын топырақтың сортандану процесінің көрсеткіші ретінде қолданылады [4].

Галофиттер-тұзды топырақтарда тіршілік ететін жоғары тұздылыққа бейімделген өсімдіктер. Галофитті тұқымдастар- алаботалылар, свинчактылар, иттабандылар, жыңғылдылар. Галофиттер флорасы аридті зоналарда әртүрлі және бай болады.

Терең тамыр жүйесі арқасында тұздалудан қашатын өсімдіктер топтарын еске салуға болады. Бірақ олар қатты тұздалған жерде тіршілік етеді, олардың сору тамырлары терең аз тұздалған деңгейде орналасады. Мысалы: тростник, Сырдарья қойнауларында өсетін тростниктің химиялық сараптамасы тұздалуды әртүрлі дәрежелі және құрамды болуы жер асты мүшелері мен тамырларының құрамының біртектілігін көрсетеді. Сол кезде осы жерде өсетін біржылдық сораң (солянка) онша терең емес тамырымен жоғары деңгейдегі тұздалған ерекшелігіне байланысты. Қамысқа ұқсас сібір кендірі т.б. түрлер. Бұларды кейде псевдогалофиттер деп те атайды.

Галофиттерде зиянды тұздарды «зиянсыздандыру» және басты айналымнан шығару биохимиялық ерекшеліктері болады.

Ауылшаруашылық дақылдарында галофиттерді сортаңдалған жерлерді игеруге қолданады. Топырақтың су өткізгіш қасиетін жоғарлатады, көмір қышқылын шығарып, көлеу арқысында жел эрозиясына қарсы тұра алады.

Тұздыланған топырақты арнайы мелиорация арқылы жақсартады. (дренажбен, шаюмен, сіңген натрийді химиялық жолмен кетіру). Өсімдіктерді қолдануға да болады, ол фитомелиорация оның әсерінен жер асты суларының тұздылығы азайып, топырақ тұзсызданады.[5]

1550-4.jpg

Солерос тұзданған жерлерде жақсы өседі. Сол жағында тұзсызданған топырақта, оң жағында тұзданған топырақта. Екі ыдыста да солерос бір мезгілде егілген

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Галофит өсімдіктерді ауыспалы егістікке ендіріп,топырақты  тұзсыздандыру.

Галофиттерде зиянды тұздарды «зиянсыздандыру» және басты айналымнан шығару биохимиялық ерекшеліктері болады.

Ауылшаруашылық дақылдарында галофиттерді сортаңдалған жерлерді игеруге қолданады. Топырақтың су өткізгіш қасиетін жоғарлатады, көмір қышқылын шығарып, көлеу арқысында жел эрозиясына қарсы тұра алады.

 

Әдебиеттер:

 

1.     Қызылорда облысы суармалы жерінің 2010-2013-ші жылғы гидрогеологиялық-мелиоративтік жағдайы туралы жылдық есебі

2.     Қызылорда облысының «Қазсушар» мекемесінің есептері

3.     Қызылорда облысындағы ауылшаруашылығы айналымнан шыққан жерлерді қайта қалпына келтіруге арналған іс-шараларды жасау тақырыбындағы есебі.

4.     Полевой В.В. Физиология растений. - М., 1989.

5.     Брайон О.В., Чикаленко В. Г., Анатомія рослин, підручник. – К. – Вища школа. 1992

6.     Тейлор Д., Грин Н., Стаут., Биология:3-х томах: пер. С англ. / под ред. Сопера – М.: Мир, 2002.