Сейтбаев Қ.Ж., Момбаева Б.К., Жанилова А.Т., Махмутова Т
Sorhgum bicolor (L.) ӨСІМДІГІНІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ
ӨНІМДІЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жер шарында
байқала бастаған ғаламдық атмосфераның жылынуы
әсері және Қазақстанның оңтүстік
аймақтары жерінің басым көпшілігі шөл және
шөлейтті болып кеуіне байланысты, жақын болашақта осы
өңірлерде ауыз су тапшылығы байқалып, жерлерінің
әрі қарай құрғақшылыққа
ұшырауы және топырақтарының эррозия әсеріне
ұрынуы мүмкін. Бұл жағдайлар осы аймақтың
жерлерін ауыл шаруашылығы қажеттілігіне игеріп егіс
алқаптарын сағару мақсатына қажетті қосымша
иррегациялық жүйелер салынуына, ал бұл ол жерлердің
екіншілік тұздануына және соның әсерінен егін
шығымдылығының төмендеуімен осы суармалы
алқаптардың пайдалну айналымынан шығып қалуына
әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан осындай жерлердің
құнарлығын арттырып тұрақты түрде
жоғары өнім алу үшін, өсімдік шаруашылығын
диверсификациялау мақсатында тұзды жерлерге төзімді
өсімдіктерді пайдаланудың маңызы зор болып табылады.
Ақ жүгері
ыстыққа да, қуаңшылыққа да төзімді,
топраққа талғамы аз, суды үнемді пайдаланады
(жүгері дақылымен салыстырғанда 2 есе аз), тұқым
себу мөлшері жүгеріден 5-6 есе кем, тұзды
топрақтарға шыдамды және әртүрлі мал
азықтық дақылдармен салыстырғанда көк масса
өнімділігі көп артық.
Сондықтан, жоғары
өнімді, топырақ тұздылығына және су
тапшылығына төзімді болып келетін галофитті
өсімдіктердің жаңа
сорттары мен түрлерін инновациялық технологияларды пайдалана отырып
Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде
өсіруді жолға қою, бүгінгі күннің
өзекті мәселелері қатарына жатады деп есептейміз.
Ғылыми
жұмыстың мақсаты Жамбыл облысының шөл және
шөлейтті аймақтарында бұрын өсірілмеген өсімдік
түрлерін, атап айтқанда тұзды топыраққа
төзімді (галофиттер), интродукциялаудың жаңа агротехникалық
әдістерін ғылыми тұрғыдан негіздеп
қолданысқа ендіру болып табылады.
Ұсынылған
ғылыми жұмыс нақты шаруашылық жағдайында
тұқым түрлерін сынақтардан өткізу,
өсіп-өндіру және күтіп-баптау технологияларын
жетілдіру, интродукцияланған галлофитті өсімдіктердің
тұқымдық қорын жасақтау, оларды еліміздің
оңтүстік өңірлеріне кеңінен таратып
ендірудің жолдарын қарастыру себепті, ауыл шаруашылығында
қолданбалы маңызы бар ғылыми ізденістер қатарына
жатады.
-әр түрлі
ақжүгері
өсімдіктердің топырақ тұздылығына
шыдамдылығын анықтау;
-интродукциялау мақсатында
таңдап алынған сүрыптардың қорын жасақтау;
-сынақтан өтетін
өсімдіктерді өсірудің тиімді технологияларын жасау;
-келешегі бар өсімдіктер
сорттарын агроэкологиялық аймақтық аудандастыру.
Зерттеу әдістемесі Ақ жүгерінің Қазакстанның
оңтүстік өңірі жағдайындағы
биологиялық және экологиялық ерекшеліктерін анықтау
және алынған ұрықтық материалдардың Жамбыл
облысы Жамбыл ауданының деградацияға ұшыраған
жерлерінде өсіруге
қолайлы сұрыптары мен түрлерін анықтау мақсатында
Жамбыл облысы Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің
агробиологиялық станциясында орналасқан
тәжірибелік-өндірістік үлескісінде зерттеу жұмыстары
жүргізілді.
Тәжірибе
учаскесінде топsрақ құнарлылығын арттыру
мақсатында галофитті өсімдік ақ жүгерінің 7 сорт
үлгілері тексерілді. Барлық жұмыс дала тәжірибесінде
жүргізу әдістемесіне сәйкес ұйымдастырылды.
Тәжірибе
ұсақмөлдекті, мөлдек ауданы 21 м2 (10х2,1),
7 нұсқадан тұрады. Жалпы ауданы 900 м2 (45х20).
Жер ПН-3-35 темір соқасымен 25-30
см тереңдікте 2011 жылдың 15 сәуірінде жыртылды. Малалау
және қарық тілу – 20 сәуірде жүргізілді.
Қатар арасының ені 70 см
құрайды. Ұрық қолдан себілді.
Зерттеу үшін енгізуге және
өндірістік жолмен себуге ең қолайлы болып табылатын
төмендегі үлгісұрыптар ұсынылды:
-ақ
жүгері - (ұрыққа және мал азығы
үшін) 2 шынайы түр , Өзбекистаннан;
-ақ
жүгері – (ұрыққа) 4 үздік
үлгісұрып екінші репродукция;
-ақ
жүгері – 2010 жылғы өзбек репродукциясының 1
үлгісұрыбы;
Алғашқы
суғару және оған қоса аммиакты селитрамен үстеп
қоректендіру 2011 жылдың 28 мамырында жүргізілді.
Суғару алдында және одан кейін арамшөбін отау,
топырақтың қабыршағын бұзу және
қопсыту жұмыстары жүргізілді.
Тәжірибеде ақ жүгерінің –Sorhgum
bicolor (L.). ұрыққа және мал азығына
арналған сұрыбы сыналды
(Катта баш, Мәтқайыр). Сондай-ақ, тәжірибеге ақ
жүгерінің тамақ өнеркәсібінде
қолдануға болатын ең жақсы 4 сұрыбы (Найман,
Қоқан қызыл сорты, Ергежейлі, Өзбекстан ергежейлісі)
және 1 бақылау сұрыбы (Өзбектің ақ
дәнді сұрыптары) қосылды.
Маусым барысында
тәжірибе үлескісі 600-800м3/га суғару нормасын
қолданып, 3 рет суғарылды. Бірінші суғару – 1.06.2011 ж,
екінші суғару 150 кг/га есебімен аммиак селитрасын қоса отырып 25.06.2011 ж, үшінші суғару –
ұрықтың пісу кезеңінде жүргізілді. Ақ
жүгерінің зерттеліп отырған сұрыптарының
вегетациялық кезеңдері біраз өзгешеліктерге ие.
Вегетацияның
бірінші кезеңінде 40 күнге дейін ақ жүгерінің
барлық сұрыптары өте баяу өсті. Әдетте
қосымша тамырлар өскін өніп шыққаннан кейін
13-15-ші күнге қарай қалыптасады (3-4 жапырақша пайда
болғанда); түптену 30-40 күндері басталады. Тәжірибеде
ақ жүгеріні себу бір күнде - 25.05.2011 ж жүргізілді.
Өскін екі аптадан соң жаппай өніп шықты.
Көк өніп
шыққан соң бір ай бойы ауа райы ыстық және
құрғақ, әрі желді болды. Жапырақтар
сарғайып, бүрісе бастады. Жүйекпен егу өнген
өскіннің тамыршалары дамитын топырақ қабатының
үнемі ылғал болып тұруын талап етеді. Жауын-шашын болмаса
және суғарылмаса, жүйектер тегіс жерге қарағанда
жылдамырақ кебеді де, өсімдік ылғалдың тапшылығын
сезе бастайды. Одан соң агрошаралардың қажетті кешені
өткізілді: қопсыту, отау. Осы кезеңде қосымша тамырлар
қарқынды өсе бастайды, бұл өсімдіктің
гүлдеу сатысына дейін қарқынды дамуына мүмкіндік
жасайды: өсім, әсіресе бойшаң сұрыптарда
тәулігіне 1-5 см-ге жетті. Вегетация кезеңінде ақ жүгерінің
фенологиялық бақылау өскіндердің шығуын, сота
шығару, гүлдеу, пісу кезеңдерін анықтап,
сабағының ұзындығын өлшеу арқылы
жүргізілді. Бақылауға әр варианттан 100 өсімдік
алынды.Орып-жинау алдында сабағының саны, орташа бойы, диаметрі,
жапрақ саны, жапрақтарының ұзындығы мен ені
анықталды. Әрбір сорттан 10 сыпыртқыдан алынып, олардың
орташа ұзындығы, диаметрі, жапрақ саны,
жапрақтарының ұзындығы мен ені анықталды.
Әрбір сорттан 1000 дана дәнінің салмағы өлшенді.Тұқымды
егіуден алдын тұқым сапасы мемлекеттік стандарт бойынша анализ
жасалынды. Бүнда тұқымның өнгіштігі, өсу
энергиясы, 1000 дәнінің массасы және ылғалдылығы
анықталынды.Тұқымның өнгіштігі деп, оның
өсіп, әдеттегідей өсімдік беру қабілетін айтады. Ол
ГОСТ 20290 – 74 стандарты бойынша 10 күн ішінде анықталады.
Өсу энергиясы деп өніп шыққан өсімдіктердің
біркелкі тез өсуін айтады. Оны 3
– 4 күн ішінде анықтайды,
яғни тұқымның өнгіштігі мен бірге
анықтайды. Бұл әдістің егін орағына да пайдасы
бар, яғни барлық өсімдіктердің бірдей түсуін
қамтамасыз етеді. Тұқымның өнгіштігі, оның
өсу қабілеті мен қатар, технологиялық қасиетін де
анықтайды. Тірі дән өнгіш келеді, оның технодлогиялық қасиеті өте
жоғары болады. Ол жақсы ұн және нан береді. Ал
өлі дән - өнбейді, оның технологиялық
қасиетттері төмен болады.
Тұқымның
өнгіштігін пайдаланып оның
себуге жарамдылығын есептеп шығарады. Оны мына төменгі
формула арқылы табады:
П=![]()
Мұнда, Б – дәннің
өнгіштігі, процент есебімен;
А – осы дақылдың бір гектарға
егілетін тұқым саны;
1000 – дәннің массасы
тұқымның әр дәннің ауыр салмақты, толық піскендігін
және ірілігін білдіреді. Ірі дән әрқашанда жоғары
өнім береді. Оны мына формуламен анықтайды:
К= М·А
Мұнда, М – бір гектарға
қанша млн дән егілетін саны;
А – 1000 дәннің массасы.
Ылғалдылығы
(құрғақтығы). Тұқымның
ылғалдылығы 14 – 15 процент шамасында
болу керек. Одан жоғары болса оның өнгіштігі
төмендейді, ал өте төмен болса ол өзінің
тіршілігін жойып жіберуі мүмкін. Сондықтан оның
ылғалдылығы мен өнімділігі тығыз байланысты.
Зерттеу
нәтижесі. Ақ жүгерінің тамыр жүйесінің дамуы. Тамыр жүйесінің
қуаттылығы – топырақ ылғалдылығы мен
құнарлылығын барынша пайдаланудың арқасында
сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына
өсімдіктердің төзімділігін арттырып, тіршіліктегі
маңызды бірқатар органикалық қосылыстардың
алғашқы синтезінде айтарлықтай қызмет атқаратын
және өсімдіктердің жер бетіндегі мүшелерінің
жоғары өнімділігін қамтамасыз ететін шешуші
факторлардың бірі.
Тамырлардың
тармақтану қарқындылығы олардың ең белсенді
аймағы жөнінде дұрыс мағлұмат алуға
мүмкіндік жасайды. Жүргізілген бақылаулар ақ
жүгерінің тамырларының барынша жедел тармақтануы
түптену кезеңінде 10-15 см,
сүттенуде 15-22 см тереңдікте өтетіндігін
дәлелдейді. Ал 25-30 см тереңдіктегі топырақтың аса
тығыздығынан тамырлардың тармақтануы өте
әлсірейді. Зерттелінген сүрыптардың ішінде Катта баш
сүрыбының тамырының ұзындығы 21 см болды, ал
қалған сүрыптарда тамырының ұзындығы
18,3-22 см құрады. Ылғал қоры азая келе
топырақтың жоғары қабатындағы жанама
тамырлардың біраз бөлігі қуаңшылық жылдары
өсімдіктер дамуының соңғы кезеңдерінде
тармақтану қарқыны күрт бәсеңдейді.
Біздің тәжірибеде алынған
мәліметтер ақ жүгері өсімдіктерінің
топырақтағы тамырларының дамуы алғы дақыл мен
тұқым себу мерзіміне, сондай-ақ нақты жылдың
жауын-шашынмен қамтамасыз етілу дәрежесіне байланысты өзгеретіндігін
айқын көрсетеді.
1-кесте. Ақ жүгерінің
әр түрлі сұрыптарының сызықтық өсу
динамикасы, см
|
Сұрыптар |
20.05.11 |
20.06.11 |
20.07.11 |
20.08.11 |
20.09.11 |
|
Өзбектің
ақ дәндісі |
13,0 |
36,1 |
142,5 |
163,3 |
195,0 |
|
Катта баш |
9,7 |
29,7 |
112,0 |
146,3 |
152,0 |
|
Мәтқайыр |
7,5 |
42,1 |
96,1 |
130,7 |
165,0 |
|
Найман |
7,8 |
45,8 |
84,7 |
108,7 |
156,8 |
|
Өзбекстан ергежейлісі |
10,3 |
32,3 |
70,4 |
88,0 |
110,5 |
|
Ергежейлі |
10,6 |
29,9 |
54,9 |
85,0 |
108,8 |
|
Қоқан қызыл сорты |
11,8 |
50,1 |
84,2 |
156,7 |
169,5 |
Ақ жүгерінің
бойшаң сұрыптарының (Өзбектің ақ
дәндісі,Қоқан қызыл сорты), сондай-ақ орташа бойшаң сорттарына Катта
баш, Мәтқайыр, Найман сорттары болса бойы қысқа сорттар
Ергежейлі, Өзбекістан ергежейлісі сорттары болды. Өсу динамикасы
бойынша бойы бойшаң сортқа Өзбекістан ақ дәндісі
сұрыпының өсу
энергиясының жоғарылығын көрсетті.
2010 жылғы
тәжірибеде анықталғандай көптеген бойшаң сортты
ақ жүгерінің соттары Жамбыл облысының климат
жағдайларында төзім бере алмай
күшті желдің әсерінен тамыз және
қырқұйек айларында дән басын көтере алмай
құлап қалды. Сондықтан быйылғы жылғы
тәжрибеде бойы қысқ және тез пісер сорттарды
таңдап алып ғылымы зерттей жұмыстарын жұргіздік.
Зерттеу нәтижесінде анықталғанындай бойы орташа және қысқа сорттар жел және
басқада тәбиғи жағдайларда төзімді келді.
Көк өніп
шыққан соң бір ай бойы ауа райы ыстық және
құрғақ, әрі желді болды. Жапырақтар
сарғайып, бүрісе бастады. Жүйекпен егу өнген
өскіннің тамыршалары дамитын топырақ қабатының
үнемі ылғал болып тұруын талап етеді. Жауын-шашын болмаса
және суғарылмаса, жүйектер тегіс жерге қарағанда
жылдамырақ кебеді де, өсімдік ылғалдың тапшылығын
сезе бастайды. Одан соң агрошаралардың қажетті кешені
өткізілді: қопсыту, отау. Осы кезеңде қосымша тамырлар
қарқынды өсе бастайды, бұл өсімдіктің
гүлдеу сатысына дейін қарқынды дамуына мүмкіндік
жасайды. Өсім әсіресе бойшаң сұрыптарда тәулігіне
5 см-ге дейін жетті
Жапырақ
алаңы және құрғақ заттардың
түзілуі Ақ жүгері өсімдіктерінің фотосинтетикалық
қызметін сипаттайтын басты көрсеткіштердің бірі –
жапырақ алаңы және оның өсу кезеңіндегі
бірыңғай үйлесімді қалыптасуы. Соңғы
жылдары аудандастырылған интенсивті сорттардың үлкен
жапырақ бетін қалыптастырып, топырақтағы ылғал
мен қоректік заттарға ерекше жоғары талап қоятын
қасиеттері бар.
Ғылыми еңбектерде ақ жүгері егістігінің
фотосинтетикалық қызметі жөнінде мәліметтер өте
сирек кездеседі, ал республикамыздың оңтүстігінде- аталмыш
тақырыптағы зерттеулер бұрын-соңды жүргізілмеген.
Тәжірибе
нәтижелері көрсеткендей, өсу кезеңінің басында
егістіктің ылғалмен жақсы жабдықталуына байланысты
себілген уақыттан толық түптенгенге дейін ақ жүгерінің
жапырақтарының қарқынды өсетіндігі
байқалады. Ақ жүгерінің ылғалы жеткіліксіз шілде айында
гектарына 6-9 мың шаршы метр
жапырақ бетін түзіп, онан кейінгі кезеңдердегі
өсіп-дамуы топырақтағы су, қорек және жылу
режимдерімен толық сәйкестеніп өтеді.
Зерттелген жылдар
ішінде ақ
жүгерінің жапырақтарының ең жоғары
мәні дән бастауы кезеңінде тіркелді. Зерттеу
жүргізілген жылдардағы деректерді жинақтай келсек, бір
өсімдіктегі ең көп жапырақ алаңы (2700-2850 см2)
түптену кезеңінен бастап толық піскенге дейін үдей
түседі.
2-кесте. Ақ жүгері
сұрыптарының агробиологиялық сипаттамасы
|
Сұрыптар |
Биіктігі,
см |
Жапырағының
өлшемі |
Шашағының
өлшемі |
Түптену
өркені-нің саны |
Тамырының ұзындығы |
||
|
ұзыны |
ені |
ұзыны |
ені |
||||
|
Өзбектің
ақ дәндісі |
195,0 |
41,0 |
6,3 |
16 |
8,2 |
1-3 |
24,3 |
|
Катта баш |
152,0 |
51,0 |
5,8 |
17 |
8,3 |
1-3 |
21,3 |
|
Мәтқайыр |
165,0 |
46,8 |
4,4 |
20 |
7,3 |
1-5 |
26,0 |
|
Найман |
156,8 |
43,3 |
5,3 |
25 |
11,7 |
1-5 |
18,5 |
|
Өзбекстан ергежейлісі |
110,5 |
37,5 |
4,2 |
20 |
8,8 |
1-3 |
15,2 |
|
Ергежейлі |
108,8 |
33,8 |
4,0 |
14 |
7,9 |
3-6 |
22,2 |
|
Қоқан қызыл сорты |
169,5 |
45,1 |
4,8 |
28 |
10,9 |
2-4 |
23,5 |
Әдеттегідей
жиналатын ылғал мен қоректік заттардың табиғи
қоры ақ жүгері өсімдіктерінің бірқалыпты
өсіп-жетілуіне жеткілікті мөлшерде болады, дегенмен егістікте
қосымша минералды тыңайтқыштар пайдалану олардың
қоректену жағдайларын оңтайландырып, даму қарқындылығын
еселей түседі.
2-кестеде ақ
жүгері өсімдігінің сұрыптарының
агробиологиялық сипаттамасы берілген. Зерттеу сұрйптарының
ішінде интродукцияланған сорттардан жапрақ ұзындығы
тамыр жұйесінің бір қалыпты өсіуі негізінен Катта
башжәне Өзбектің ақ дәндісі сортында
жапрағының ұзындығы бойынша 41-51 см
құрады. Жапырақ алаңының ең жоғары
мәні түзілетін Қоқан қызыл жүгерісі мен
Найман сорттарында болды.
Демек, ақ жүгері егістігінің
даму қарқыны өсу кезеңінің басынан жеделдеп,
бақылаумен салыстырғанда жапырақ көлемі гектарына
900-3100 мың текше метрге болатындығы байқалады.
Құрғақшылық аймақта өсірілген ақ жүгерінің өнім
деңгейі айтарлықтай дәрежеде өсу мерзімі ішіндегі
өсімдіктерде түзілетін құрғақ
заттардың қарқындылығымен анықталады.
Демек,
өсімдіктердің ерте көктемгі үдемелі өсу
қарқыны мен түзілетін құрғақ
заттардың массасын есептей келіп, ылғалы жеткіліксіз
аймақтағы ақ жүгерінің өніміне алдын ала сенімді болжам
жасау бірталай сәйкессіздіктер туғызуы мүмкін. Оның
үстіне аймақтың климатына тән ауа райының
қолайсыз құбылыстары көбінесе дәнді
дақылдардың өсу кезеңінің екінші жартысында
байқалып, ауа температурасы шектен тыс көтеріледі де
топырақтағы ылғал тапшылығын айқын
аңғартады.
Ақ жүгері
өсімдігінің өсіуі егістік танаптарындағы
ылғал мен қоректік элементтердің мөлшеріне, сонымен
бірге нақты жылдың жауын-шашынмен қамтамасыз етілу
дәрежесіне қарай өзгеретінін айтумыз керек. Жиі егістікте
өсудің бәсеңдеп, өсімдіктердің өсу
қарқынында бірталай артта қалушылық байқалса,
мұндай көрініс көбінесе қуаңшылық жылдары ақ жүгерінің егістіктерінде
кеңінен орын алады.Бірақ ылғал жеткілікті болған
жағдайда өсімдіктің өсу қарқыны
жоғарылайды. Демек, ақ жүгері өсімдігі
құрғақшылық «стресіне» өте төзімді
болып келеді екен.
Өнімнің
мөлшері мен құрылымы Ақ жүгерінің өсу кезеңінің
қай сатысында болмасын, топырақта жиналған ылғал
көлемі мен өсімдіктерге қажетті басқа да тіршілік
көздеріндегі айырмашылық түзілетін өнім деңгейі
мен оның құрылымына әсер етпей қоймайды.
Бұл турасында тәжірибедегі жүргізілген бақылаулар мен
есептеулерге бұған дейін жұмыстың алдыңғы
тарауларында талдау өткізіп,
тиісті тұжырымдар жасағанбыз.
Егін жинар алдында
мөлдектерден алынған бау үлгілерінің мәліметтері
егілген ақ
жүгерінің өнім құрылымының
көрсеткіштері төмендегі кестеде келтірілді. Мысалы, ақ жүгері
өсімдіктерінің биіктігі Өзбектің ақ дәндісі
195,5 см құраса, Қоқан қызыл сорты 169,5 см,
қалған сорттарда 108,8-165,0 сантиметрге теңелген.
Алынған
өнім деректерін талдай отырып, орта есеппен ақ жүгерінің дән
түсімі Катта баш сортында гектарына 36,7 ц, болса қалған сорттарда
17,8-35,5 центнер аралығында
болды.
Егістіктегі дәннің
қалыптасуы – қоршаған ортаның көптеген
факторларының жиынтығынан түзілетін өте күрделі
физиологиялық құбылыс. Сондықтан да жиналатын астық
сапасы жергілікті жердің топырақ-климат жағдайларына,
сорттың генетикалық, биологиялық ерекшеліктері мен
қолданылатын агротехникалық шаралар және дән толысу
кезеңіндегі ауа райына бағынышты келеді.
Дәннің
технологиялық сапасының басты шамаларының бірі 1000
дәннің массасы болып табылады. 1000 дәннің массасы
зерттелінген сорттарда әр түрлі болды. (кесте-3 )
3-кесте. Ақ жүгері
сұрыптарының дән
өнімі
|
Сұрыптар |
Дән басы массасы, г |
Ұрық
шығымдылығы, % |
1000
ұрығы-ның салмағы г |
1
өсімдік ұрығының салмағы, г |
Ұрық
өнімі, ц/га |
|
|
Өзбектің
ақ дәндісі |
85,0 |
91,05 |
35,0 |
77,4 |
35,5 |
|
|
Катта баш |
210,0 |
90,0 |
32,0 |
190,0 |
36,7 |
|
|
Мәтқайыр |
115,5 |
86,5 |
32,0 |
100,0 |
32,3 |
|
|
Найман |
47,5 |
83,0 |
41,8 |
39,4 |
30,2 |
|
|
Өзбекстан ергежейлісі |
31,6 |
79,1 |
30,0 |
25,0 |
25,6 |
|
|
Ергежейлі |
50,0 |
86,0 |
40,1 |
43,0 |
19,5 |
|
|
Қоқан қызыл сорты |
28,5 |
87,7 |
40,1 |
25,0 |
17,8 |
|
Біздің
деректеріміз бойынша, бұл көрсеткіш ақ жүгерінің
сортына байланысты 41,8 г,
40,1 г, 35,0
г және 32,0 г құраған.
Сонымен,
құрғақшылық аймақта өсірілген ақ жүгері өнімінің
сапалық көрсеткіштері зерттелген агротехникалық
әдістерге қарай айтарлықтай дәрежеде өзгеруі
ықтимал. Бірақ та, олардың сандық
мөлшерінің қалыптасуына елеулі септігі бар дән толысу
кезеңіндегі ауа райы жағдайларының маңызын бірінші
кезекте есепке алуымыз қажет.
Қорытынды. Ғылыми зерттеулердің
нәтижелерін талдай келе, еліміздің оңтүстік-
аймағында ақ жүгері дақылының өнімін көтеруге
және оның шикізат ретінде халық шаруашылығының
әрбір саласында қолданылатын ерекшеліктерін ескере отырып,
дән сапасын арттыруға бағытталған төмендегідей
қорытындылар жасадық:
1. Тәлімі
жерлерге егілетін дақылдардың маңыздысы болып есептелетін ақ жүгері дақылынан
мол және сапалы өнім алудың негізгі кепілі
күз-көктем
мезгілдерінде топырақта
жиналған ылғал қорын ұтымды сақтап,
егістіктің өсу кезеңіндегі тиімді пайдалануы болып саналады.
2. Бұл
тұрғыда топырақтың құнарлылығын
сақтап, арамшөптер, зиянды жәндіктер және тамыр шірігі
ауруымен күресудің мүмкіншіліктері толық іске
асырылады.
3. Ақ жүгерінің
сорттарын тікелей орналастыру оның биологиялық өсу және даму
ерекшеліктеріне байланысты. Ақ жүгері – қуаңшылыққа төзімді
дақыл, қуаңшылықтың қандай түрі болса
да белгілі бір деңгейде
өнім түзіп, өзін-өзі толық ақтай
алады. Ол өндірісте кеңінен қолданылатын негізгі шикізат
ретінде пайдаланылса, сонымен қатар мал азығы үшін де, сапалы
жемшөп қорын жасау барысында да маңыздылығын
жоғалтпайтын дақылдардың қатарына жатады.
4. Тәлімі
егіншіліктегі шектеулі фактор топырақ ылғалы
болғандықтан, оның мөлшері мен өсу
кезеңіндегі шығыны ақ жүгерінің
сорттарына тәуелді 5. Ақ жүгері
тұқымының егістік өнгіштігі алғы дақылмен,
тұқым сіңіру тереңдігіндегі топырақ ылғалы
және ауа температурасымен тығыз үйлесім тапқан. Ақ жүгерінің өнгіштігі
орташа есеппен 74,3 пайызға теңелді.
6. Тамыр
жүйесінің қуаттылығы – егілген дақылдардың
өнімділігін қамтамасыз ететін шешуші факторлардың бірі. Сол
себепті оның даму қарқыны топырақтағы ылғал
қорына, және де тұқым себу мерзіміне байланысты
ауытқып отырады.
7.Тәлімі
жерлерге ақ
жүгерінің дақылын орналастырғанда егістіктегі
арамшөптердің құрамына сәйкес
агротехникалық шараларды ғылыми негізде қолдану олармен
күресудің негізгі жолы болып табылады. Бұлардың
ішіндегі ең негізгісі егістік жерді жырту әрі топырақты
негізгі және себер алдындағы атқарылатын тиісті шараларды дер
кезінде өткізіп, тұқым себу мерзімі мен оның
оңтайлы мөлшерін қатаң сақтау болып саналады.
Аталған шараларды өз уақытында сапалы жүргізудің
нәтижелеріне қарай, тәлімі жерлерде көп тараған
бір жылдық арамшөптердің егістікке зияндылығын біршама төмендетуге
үлкен мүмкіншілік туады.
8.
Мөлдектердің бәрінде толық құнды
өскін алынды, осы сұрыптарды талдау ерте пісетін сұрыптарды
Жамбыл облысы жағдайында мамырдың ортасына дейін себу керектігін
болжауға мүмкіндік береді.
9. Зертелген
өсімдіктердің ішінде ең ерте пісетіндерге ақ
жүгерінің барлық көрсетілген сұрыптары жатады.
Бұл өсімдіктердің вегетациялық кезеңі 90-110
күнге созылады.
10. Ақ
жүгері дәнінің өнімі 17,8 ц/га-дан 36,7 ц/га
аралығында болды, ең жоғары өнім көрсеткендер
Катта баш, Өзбекстан ақ дәндісі, Матқайыр, Найман.
11. Ақ
жүгеріні тамақ өнімін алу мақсатында, яғни
ұн, жарма алу үшін өсіргенде түптенуге қабілеті
ең төмен сұрыптарды таңдау қажет, бұл -
өнімді қысқа уақыт ішінде, шығынсыз жинауға
мүмкіндік береді.
12. Ақ
жүгерінің зерттелген сұрыптарының ішінде ең
болашағы зор сұрыптар қатарына жасыл масса мен дән
өнімі бойынша жоғары көрсеткіштерге ие болған
сынаққа алынған барлық сұрыптарды - көк азық және
ұрық алу үшін ұсынуға болады. Ақ
жүгерінің ұрық алуға арналған
сұрыптары Катта баш, Найман, Матқайыр және
Өзбекстанның ерте және орташа пісетін сұрыптары Жамбыл облысында өсіруге
ыңғайлы. Ақ жүгерінің Қоқан қызыл сорты сұрыбы өзін кеш
пісіп жетілетін сұрып ретінде танытты, ол толық құнды
ұрық беріп үлгерген жоқ.
13. Өсімдік
шаруашылығының диверсификациясына байланысты Жамбыл облысы
жағдайында ақ жүгерінің жоғары өнімді
және болашағы бар сұрыптарын интродукциялау бойынша
жұмыстар әрі қарай жүргізілуі қажет.
14. Егістіктегі ақ жүгерінің
дәнінің сапалық қалыптасуы – өте күрделі
құбылыс.Дән сапасының көрсеткіштері сорттың
генетикалық ерекшеліктері мен агротехникалық шараларға
қатысты десек те, оның дән толысу кезеңіндегі ауа райы
өзгерістеріне тәуелді екенін ескерту қажет. Ауа райының
соңғы уақытта жиі байқалып жүрген өзгермелі
тұрақсыз құбылыстарын ескерсек, бұл мәселе
жөнінде кең көлемде
нақты ұсыныстар жасау
жекелеген жылдары әрдайым өзін өзі ақтамайды.
Дегенмен, біздің ғылыми жұмыстарымыздың нәтижесін
салыстырып талдасақ, ақ жүгерінің дәнінің көлемдік 1000
дәннің массасы
41,8 г, құрады.
Өндіріске ұсыныс
1. Тәлімі егіншіліктің
мәдениетін көтеру барысында осы аймаққа бейімделген ақ жүгері дақылының
өнімділігін арттырудың бірден-бір қайнар көзі-
жаңа сорттарды интродукциялау
жүйесін қолданып, оны өндіріске кеңінен енгізу.
4. Республиканың оңтүстік аймағында ақ жүгерінің ең
жоғары өнімін түзетін
Катта баш, Найман, Матқайыр, сорттарын өндіріске
кеңінен енгізуді ұсынамыз.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1. Якушевский Е.С. «Сорго», Ленинград.,1949 г.
2. Муминов Х. Результаты сортоиспытания джугары в ККАССР. Сельское
хозяйство Узбекистана., 1958., №4.,С.5-7.
3. Елагин И.Н. Основные вопросы
возделывания сорго. Вестник с.х. науки., 1957., №4., -С.19-22
4. Елагин И.Н. Биологические
особенности сорго. Кн. «Сорго»,М., 1961.,- 115с.
5. Елагин И.Н. Рекомендаций по
возделыванию сорго. М., МСХСССР.,1963.,11с.
6. Жуковский Р.Н. «Мәдени
өсімдіктердің таралуы» 1975 жыл
Ленинград
7. Муминов Х. «Ақ жүгері»,
Ташкент, 1985 жыл.
8. Муминов Х. «Өзбекстанның
сор топырақты аймақтарында ақ жүгеріні өсіру
технологиясы», Ташкент ФАН., 1986жыл