ӘОЖ 631.58:631.4 (574)

Күздік арпа егістігінің арамшөптермен ластану деңгейі

А.А. Мусабекова

ЖШС «Красноводопад АШТС» Қазақстан, Шымкент.

norazaliiev@mail ru.

 

Ауыспалы егістің барлық танаптарында жыл сайын жүйелі түрде жүргізілетін күресу әдістері – егістікті сүрі жерге қалдыру, топырақты жеңіл және себер алдында өңдеу, тұқым себу мерзімі мен оның оңтайлы мөлшерін қатаң сақтау, өсімдіктерді күтіп-баптау кезінде химиялық күресу тәсілдерін үйлестіру сияқты шаралар жиынтығы ғана танаптарды арамшөптерден әлдеқайда көбірек тазалауға көмектеседі.

 Осы тұрғыдан алғанда біздің зерттеулер тәлімі жердегі ауыспалы егісте жүргізілетін агротехникалық шараларға, яғни алғы дақыл мен тұқым себу мөлшеріне байланысты арпа егістігінің арамшөптермен ластануын және олардың құрамын анықтауға бағытталған.

 Зерттеулердің нәтижелері осы айтылған тұжырымды түгелімен растай келе, егістік жиілігі мен арамшөптер санының арасындағы кері тәуелділіктің орнайтындығын дәлелдеп, қосымша бақылаулармен толықтыра түседі. Егістік танаптағы қоректену алаңын тек мәдени өсімдіктердің тіршілігіндегі ғана шешуші фактор ретінде бір жақты қарауға болмайды. Тұқым себу мөлшерін азайту, әдетте арамшөптер үшін де қолайлы жағдай туғызып, олардың қарқынды өсуіне ықпал етеді.

 Соңғы үшжылдық (2010-2013 жж.) зерттеулеріміз бойынша алаң бірлігіндегі есепке алынған арамшөптер саны сүрі жерден кейінгі арпа егістігінде 19,6 дана болса, арпаның екінші дақылында – 25,2, үшінші дақылында – 29,1 ал ауыспайтын арпа егістігінде 48,7 данаға жеткен. Қоректену алаңының үлкендігі арамшөптердің еркін өсуіне қолайлы жағдай жасап, әсіресе өсу кезеңінің алғашқы сатысында арпа өсімдіктерін барынша тұншықтыра түседі. Бұл көрсеткіштің көлемі кішірейген сайын, керісінше, мәдени  өсімдіктердің дамуы тездетіп, олардың арамшөптерден үстемділігі айқын сезіледі. Соның салдарынан болуы керек, тұқым себу мөлшерін 3 млн. нан - 4 млн. дәнге көбейту сүрі жердегі арпа егістігінің арамшөбін 10,3 данаға, ал екінші және үшінші дақылында тиісінше 15,2 және 17,5 данаға төмендеткен.

 Егістікте өсетін арамшөптердің ең көп үлесі жабайы арпа, ақ гүл,  кәрі қыз, сүттіген, ақ алабұта (Chenopodіum album G.), жабысқақ, ноқатек және қызғалтақтың  еншісінде, ал көп жылдық топтан жантақ (Alhagi kirghisourm Schrenk) жатады.

 Дәлірек айтқанда, ылғал сүйгіш бір жылдық жабайы арпа  арамшөбінің кездесу жиілігі сүрі танаптағы  егістікте 6,2 құраса, бидайдан кейін арпа 7,5,   және   мақсары дақылынан кейін егілген арпада 8,5 данаға жоғарылап, ауыспайтын егістікте 12,2 данаға теңелді.

 Осы шамалас құбылысты кәрі қыздан да көруімізге болады,  яғни топырақ ылғалының кемуіне байланысты оның жалпы саны ауыспалы егістің басынан соңғы танаптарға қарай азайып, ұдайы бір жерге себілетін егістікте елеулі мағынасы болмағандықтан, арнайы есепке алынған жоқ. Ал жантақ, сүттіген, жабысқақ, қызғалтақтың тіршілік ету табиғатына зер салсақ, сүрі жердегі арпа егістігінде бұлардың үлесі 15-20 пайыз аралығында белгіленіп, кейінгі егістіктердегі олардың пайыздық қатынасы екі еседен астам шамаға артық түзілгенін байқаймыз.

 Арпаның тұқым себу мөлшерін кеміту егістіктегі арамшөптер санын көбейтіп қана қоймай, оның құрғақ массасына да кері әсер етеді. Мәселен, қореқтену алаңының өзгеретінін ескеріп, тұқым себу мөлшерін гектарына 4-тен 2,5 млн. дәнге төмендету арамшөптер массасын сыналған алғы дақылдар бойынша орта есеппен 14,3-15,2 грамға өсірген.

 Зерттелген агротехникалық тәсілдерге байланысты арпа егістігінің арамшөптермен ластануын талдай келе мынадай тұжырым жасауға болады. Тәлімі аймақтағы дәнді-сүрі жерлі ауыспалы егісте арпаның орны сүрі танаптан алыстап, тұқым себу мөлшері азайған сайын егістіктегі арамшөптер саны соғұрлым көбейе түседі. Танап тазалығы барысында таза сүрі жердің басымдылығы айқын байқалады. Сирек егістіктегі арамшөптер массасының да артуы олармен күресудің кешенді шараларын ұйымдастырып және химиялық күрес шараларын күшейту, байыпты жүргізілуін талап етеді.

 

Түйін

 

Мақалада ауыспалы егіс танабындағы күздік арпаның арамшөппен ластануына алғы егіспен тұқым себу мөлшерінің әсері келтірілген.

 

     Резюме

В статье изучено влияние предшественников и нормы высева семян на засоренность посевов в севообороте озимого ячменя.

 

Summary

In article are given influences of crop rotations and seed sowing standards                     on weed infestation of winter barley.   

 

 

Форма заявка на участие:

1.  Фамилия Имя           Мусабекова Айсулу.,

2.  Отчество                   Анаркуловна,

3.  Страна                       Казахстан

4.  Организация             ТОО «Красноводопадская СХОС»

5.  Ученная степень, звание   нет

6.  Должность                 НС

7.  Название доклада  Күздік арпа егістігінің арамшөптермен ластануы

8.  Название секции Селекция и семенаводство, генетические ресурсы сельскохозяственных мкультур

9.  Форма участие в конференции (нужное подчеркнут): участие без доклада; участие с докладом; заочное участие

10. Тель./факс           832537 5-90-38/832537 7-45-84

11.  Е-mail                   norazaliiev @mail ru.

 

 

        Дата, подпись