АОЖ 633/635:631.52
Красноводопад ауылшаруашылығы тәжірибе
станциясы ноқат дақылының экологиялық сорт сынау нәтижелері
Ғқ. Н.Н. Оразалиев., ЖҒқ. М.
Конырбеков., КҒқ. М.М.Жамалбеков
ЖШС «Красноводопад АШТС» Қазақстан, Шымкент.
norazaliiev@mail ru.
Красноводопад
ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы экологиялық сорт сынау өсімбағында ИКАРДА
және Жерортатеңізі елдерінен әкелінген ноқат
дақылының 100 сорты мен номерлері Оңтүстік
Қазақстанның жартылый қамтамасыз етілген аймақта
зерттелді. Нуырыз айында қыс созылып қар жаңбыр көптеп
жауғанан егіс біраз уақытқа дейін қалып қойды.
Ауарайы себебінен көктемгі егіс бірнеше күнге кешігіп қалды.
Экологиялық сорт сынау
өсімбағында сорттар мен номерлер 6-шы сәуір күні
егістік жерге егілді. Ноқат дәні жерге түскененнен кейін 6-7
күн аралығында өсіп шықты. Экологиялық сорт сынау өсімбағында
ноқат сорттары мен номерлері 3 қайтарма (3хповторность)
ретінде егіліп, стандарт ретінде аудандастырылған Жаналык сорты
қойылды. Фенологиялық бақылау
кезінде өсу қарқыны бойынша 20 сорт және номерлер
бөлініп алынды: №№ F97-141с, F97-52с, F97-52с, F97-122с, F00-25с, F97-95с,
F87-59с, F97-121с F99-103с, К54, К36, К194, К604, К105, К355, К70 және
К617 т.б., сәуір айында 56,7 мм жауын жауды.
Сол себептен ноқат дақылы өзіне суды сіңіріп
қарқынды бой ала бастады. Бұтақтану бойынша 50 сорттар мен номерлер бөлінді
– F03-55, F04-10, F04-75, F04-81, F04-70, 619, 1173, 1209, F98-130 және
К1306. Ерте гүлдеу және морфологиялык ерекшелігі бойынша мына
нөмірлер сараланды:
Ғ98-107с,
Ғ95–52с,
Ғ97–85с Ғ03–83с
Ғ97–174с және Ғ97-141с. Ноқат
сорттары мен номерлері 14-20-ші шілде айында пісіп жетілді. Стандарт ретінде
қойылған «Жаналык» сортына қарағанда 4-5 күн ерте
пісіп жетілді.
Фенологиялық
бақылау нәтижелері бойынша өсімдік биіктігі жағынан
20 ноқат сорттары мен номерлері
ерекшеленді. Олар стандарт сортына қарағанда 10-12 см биік болды.
Орташа өсімдік биіктігі 55 см болды.
Структуралық талдау кезінде ноқат сорттары мен
номерлерінің 1000 дән массасы және ірілігі бойынша сараланды.
1000 дән массасы 320-390
г-ға дейін болды, ал жерортатеңізі елдерінен әкелінген
номерлер 250-275 г-ға дейін болды.
Экологиялық
сорт сынау өсімбақта ноқат өнімділігі бойынша 10 номер
алға шықты. Аскахитоз ауруына шыдамдылығы бойынша 20 номер
бөлінді. Шаруашылыққа құнды белгілері
және биологиялық ерекшеліктерімен стандарт сортынан 15-24
пайызға мол өнім беретіні аңықталды. Экологиялық өсімбақтың
өнімділігі 6,1-13,6 ц/га аралығында болды.
Биометриялық
талдауға 100 бау егістіктен орып алынды. Орып алынған баулардан
биометриялық талдау жасалды. Жаналык, Мерей-100 сорттарының 1000
дән салмағы 320-323 г-ды құрады. Ең жоғары
өнім көрсеткішімен Ғ97-141с номері анықталды. Бұл
номер стандарт сорты Дән натурасы
760-775 г/л болды. F97-141
номерінің 1000 дән салмағы 420 г, ал бойының
ұзындығы 70,5 см және бір өсімдіктегі
бұршақ саны 40 шт. құрады. Бұл көрсеткіштер
стандартқа қарағанда 7,5-15%-ға дейін жоғары
болды.
Жалпы алғанда экологиялық сорт сынау
өсімбағында F92-52c,
F97-52c, F97-103c, F03-82c, F97-141c өнімділік дәрежесі бойынша
стандарттан 7-18,9% басым
түсті.
Резюме
В статье
полуобеспченной богары Красноводопадской сельскохозяйственной опытной станций
Южно Казахстанской области в 2013 году результат селекционных работ отобраные
сорта и номера. Определены фенологический наблюдения, биометрческий анлизы.
Түйін
Мақалада
жартылай қамтамасыз етілген Оңтүстік Қазақстан
обылысы Красноводпад ауылшаруашылық тәжірибе станциясында 2013
жылы экологиялық сорт сынау
кезінде фенологиялық бақылау, биометриялық талдау
жұмыстарының нәтижесі көрсетілген.
Summary
Article rainfed lands dry-Krasnovodopadskoy
agricultural experimental stations of South-Kazakhstan region in the year 2013 the choice
of works selected classes and numbers. Supervision, biometrčeskij anlizy
are specific phenological.
Форма заявка на участие:
1. Фамилия Имя Оразалиев Нурбакыт.,
2. Отчество Нурмуханбетович,
3. Страна Казахстан
4. Организация ТОО «Красноводопадская СХОС»
5. Ученная степень, звание нет
6. Должность НС
7. Название доклада «Красноводопад
ауылшаруашылығы тәжірибе станциясы ноқат
дақылының экологиялық сорт сынау нәтижелері»
8. Название секции Селекция и семенаводство, генетические ресурсы
сельскохозяственных мкультур
9. Форма участие в конференции (нужное подчеркнут): участие без доклада; участие с докладом;
заочное
участие
10. Тель./факс 832537 5-90-38/832537
7-45-84
11. Е-mail norazaliiev @mail ru.
Дата, подпись