Сейтбаев Қ.Ж., Момбаева
Б.К., Жанилова А.Т.
БИЛІКӨЛ КӨЛІНІҢ
ИХТИОФАУНАСЫНЫҢ АНТРОПОГЕНДІК ФАКТОРЛАР ӘСЕРІНЕН ҚАЛЫПТАСУЫ
Жамбыл
облысының балық шаруашылығының дамыуында Билікөл
көлінің алатын орны ерекше. Билікөл көлінің
өзіне тән гидрологиялық тәртібі бар суды,
күз-қыс мезгілдерінде жинақтау, ал сәуірмен
қыркүйекті қоса есептеген мезгілдерде оны пайдалану.
Судың ең төменгі денгейі қазан айына тура келеді.Қазгидроменттің
бақылауы бойынша көл суының гидрохимиялық
тәртібі, гидробионттардың тіршілік етуі үшін қолайсыз
болды. Ол оттегілік тәртіптің жақсы болмауымен
ерекшеленеді,осы кезде 5 тәулікте оттегінің биохимиялық
түтынуы (ОБТ5) бұл көрсеткіштің мөлшері 27,2-35,8
жетті. Биогендік қоспалар тәртібі тұрақты болған
жоқ, фосфор элементтерінің мөлшері су флорасының
нормальды дамуын қамтамасыз ете алмады.2012 жылдың зерттеулері
бойынша химиялық талдау жүргізуде қажет болған
сынаманың көрсеткіштері төмендегідей болды су әлсіз
сілтілі реакцияны рН -7,85-8,20 перманганттық тотығушылығы
төмен екенін көрсетті. Биогендік қоспалардың
мөлшерлік денгейі балық қошалықтың
суаттарға арналған нормативтеріне сәйкес келеді. Жаз
айларындағы судың минералдануы 774-897 аралығында
өзгерді. Алдыңғы жылдары бұл көрсеткіштің
мәні 1028-2120 аралығында болатын. Демек, көл суының
жеке жылдары минералдануындағы айырмашылық елеулі болды, бұл
өсіп-өну кезеңіндегі судың сапасының
төмендігін көрсетеді. Соңғы жылдардағы зерттеулер,
биогендік қоспалардың жылдан жылға өзгеріп
отыратындығын көрсетуде, дегенмен де, оның жалпы денгейі,
суаттағы су флорасының дамуын толық қамтамасыз ете
алады. Судағы органикалық заттар мөлшері көп емес,
суаттың акваториясыныда перманганттық
тотығушылықтың өзгеруі өте аз мөлшерде, ол
1,04-6,56 құрайды.[1]
2011 жылға
дейін балық аулау мөлшері 22,2 тоннадан аспайтын. 2012 жылы
жүргізілген зерттеулер ауланған өнімнің түрлік
құрамының көлде мекендейтін балықтардың
нақты құрамына сәйкес келмейтіндігін көрсетті.
Сексенінші жылдардың соңғы кезеңінде балық
аулаудың күрт өзгеруі және жаздың соңына
қарай су денгейінің үнемі төмендеуі кәсіптік
маңызы бар балық түрлерінің
құрылымының өзгеруіне алып келді. Тоқсаныншы
жылдарынан бастап көлдегі табан мен көксеркенің санының
өсуі ұдейе түссе, ал сазанмен мөңкенің
қоры күрт төмендеген. 2000 жылдан бастап жыланбас
балығының түрлері басымдық танытатын түрлерге
айналды. Табиғи ұдай өндірудің нәтижесіндегі
өндірістік қордың өсуі елеусіз болмақта.
Көлді тиімді пайдалану және оның балық
өнімділігін арттыру мақсатында, табиғат пайдаланушы оны жыл
сайын тұқымдық тұқымен балықтандырып отыруы
керек. 2012 ж балық аулаудың нәтижесі бойынша балық
өнімділігі гектарына -0,18 кг құрады, ал ауланған
32,350 т ішінде балық түрлері
төмендегідей болды (кесте-1)
Кесте-1 Билікөл су айдынында 2012 жылғы кәсіпшілік
балық қоры мен балық санын есептеу және 2013
жылға аулауға шектеулі рұқсат (ОДУ)
|
Балық түрлері |
Q |
% |
Кәсіптік |
Коптим |
ОДУ
2013жылға, т |
Орташа кәсіптік балық
аулау,г |
|
|
Зерттеу кезіндегі ауланған
балық мөлшері, кг |
Ауланған балықтың
пайыздық көрсеткіші |
саны мың.дана |
Биомасса, т |
||||
|
Табан |
28,6 |
16,5 |
32,8 |
19,6 |
0,3 |
6,500 |
384 |
|
Тұқы |
31,4 |
18,2 |
34,4 |
16,4 |
0,23 |
4,250 |
476 |
|
Көксерке |
35,3 |
20,8 |
25,0 |
17,2 |
0,3 |
5,200 |
688 |
|
Жыланбас |
23,4 |
13,5 |
9,6 |
29,16 |
0,36 |
8,100 |
1133 |
|
Мөңке |
37,1 |
21,5 |
54,0 |
17,5 |
0,32 |
7,300 |
304 |
|
Торта |
16,5 |
9,5 |
7,4 |
2,24 |
0,32 |
0,700 |
|
|
Барлығы |
172,3 |
100 |
155,8 |
102,1 |
|
32,350 |
|
Құрылған
торлар арқылы ғылыми-зерттеу мақсатында жүргізілген
аулаудың нәтижесінде, ауға түскен
балықтардың арасында ересек даралармен бірге, негізінен
сазанның, табанның, көксеркенің ерте жастағы топ
өкілдері де кездесетіндігі анықталды. Бұл өндірістік
ресурстар қорының және ересек жастағы
балықтардың санының көп емес екендігін көрсетеді.
Торлардың көзінің пішіміне байланысты әр түрлі
балықтардың балық өнімділігі салмағы бойынша- 304
тен 1113 дейін, саны бойынша- 1,3-9,4 мың дана/га аралығында болды. Барлық түрлер бойынша
жалпы тордағы балық өнімділігі орташа-172,3 кг/га
құрады.40-45 мм көзді тормен ауланған
көксеркенің өнімі алынды, яғни, 2+-3+ жастағы
даралар ауланды. 40-50 мм көзді торлармен негізінен мөңке,
табан, жыланбас ауланды. Билікөл көлінің кәсібі
маңызды түрлердің ұдайы өндірілу өте
төмен дәрежеде деп айтуға болады.Балықтардың
ұдайы өндірілуіне, уылдырық шашумен жерді суландыру
мақсатына суаттқа келетін судың ауыл шаруашылығына
пайдалануына сәйкес келуі, соның салдарынан
уылдырықтың, су денгейі төмендегенннен кейін таяз
судағы ұрықталған уылдырықтың
көпшілігінің опат болуы кері әсерін тигізеді.
Балықтардың
қорын анықтау екі әдіспен жұргізілді: бақылау
ауларындағы балықтардың сандарын тікелей есепке алу
және балықшылар бригадасының ауларына талдау жасау.
Балық аулау үшін, көзінің пішімі 12 ден 80 мм дейін
болатын, әр бірінің ұзындығы 25 метрден жалпы саны 560 дана
ау пайдаланылды.Балықтардың санының және
биомассасының кәсібі маңыздылығын бағалау
Л.И.Кушнаренко және С.С.Лугаревтардың /2/ аулаудың пассив құралдарына
арналған әдістемесі бойынша жұргізілді. Бақылау және
аулау торларындағы балықтарды тікелей есепке алу әдісі
бойынша оларды санымен биомассасының кәсіби маңыздылығы
туралы мәліметтер алынды.Бұл мәліметтер, жалпы
қордың тек бір бөлігін ғана құрайтын,
негізінен 3+ және одан жоғары жастағы даралардың
яғни үйірдің тек кәсібі маңызға ие бөлігінің
мөлшерінғана сипаттайды. Ал кәсібі маңызы жоқ
пішімдегі балықтарды, олардың жалпы қорының
төмендеп кетуіне жол бермеу және балықтардың
популяцияларына зиян келтірмеу мақсатында аулауға
рұқсат етілмейді. 2012 жұргізілген зерттеулер нәтижесі
бойынша кәсібі маңызды балықтардың қоры: биомассасы бойынша- 102,1 тонна
құрайды деп шамаланады. Ғылыми- зерттеу
жұмыстарының нәтижелеріне сәйкес, негізгі кәсібі
маңызды түрлерді мына балықтар құрады:
көксерке-20,8%, сазан-18,2%, мөңке 21,5%, табан 16,5%, жыланбас
13,5 %, торта 9,5%
Табан.
Табан балық суаттың барлық акваториясында таралған, ол
суаттың таяз және терең жерлерінде де кездеседі.Табандар 3+
жасында жыныси жетіледі. Табандардың уылдырықтық келуі, су
температурасының -13-14 градусқа дейін көтерілген кезінде, 3
м тереңдікте басталады, ол температура 15 градус жоғары
болған күнде де жұре береді, бұл сәуір мамыр
айларына тура келеді. Аталықтармен аналықтардың ара
қатынасында көбінесе аналықтар басымырақ
болады.Табанның жастығындағы уылдырықтар әр
түрлі пішімді болып келеді, бұл оларды бөліп-бөліп
шашатындықтың дәлелі. 2012 жылдағы табанның кәсіби
маңызды қоры
,балықтар
кездеспеді[3].
Билікөл
көлінің сазан балығы барлық аймағына біркелкі
таралған, дегенмен үлкен бөлігінде көбірек
кездеседі.Сазан зерттеу мақсатында ауланған балықтардың
18,2 %-ын құрады. Сазанның орташа ұзындық көрсеткіші (L) 55,0 см, ал
кәсіптік ұзындығы 43,0 см болды, орташа жалпы салмағы
475 гр. Популяцияның негізін құрайтын 3+ -4+ жастағы
даралар. Жыныстық арақатынасы 1:2,1 аталық
балықтардың басымдығы байқалады. Сазан кеш
уылдырық шашатын балықтарға жататын болғандықтан,
оның көбеюі көктемгі су тасуының мерзімдік
ұзақтығына байланысты. Қазіргі уақытта сазан
балығының жалпы ихтиофаунадағы үлесінің азайып
кетуі негізгі кәсіптік түр ретінде көп мөлшерде
аулануынан болып отыр.
Көксерке-
суаттың барлық акваториясында таралған.Көксеркенің
өндірістік қорының алдыңғы жылдармен
салыстырғанда қысқаруы байқалады, бұған су
айдынынан ағызылған су мен бірге оның Бөгеткөлге,
Ақкөлге кетуі себеп болды. Көксерке 3-4 жасында жыныси
жетіледі. Енді пісіп жетілген дараның ұзындығы -23-34 см, салмағы
-230-370 г. Олар 5-жасында жаппай толық жетіледі. Даралардың
салмағымен ұзындығы өскен сайын, оның абсолюттік
жеке өнімділігіде арта түседі. Жалпы айтқанда, көксерке
популяциясының ұдайы қайта өндірілуі-төмен
дәрежеде деуге болады. Көксеркені аулау негізінен 3+,5+
жастағы үш топқа негізделеді. Балық аулау
ұйлесімді алып барылмаса, оның қорының
мөлшерінің қысқаруы мүмкін. Жастарының
пайыздық көрсеткіші, жалпы популяция санының
құрайтын 3+ жасар
даралардан тұратынын көрсетті. Көксеркенің 2012
жылғы кәсібі маңызды қоры 25,0 дананы ал биомассасы -17,2 т. құрады.
Сазан-тұқы,
суаттың барлық бөліктерінде түгел таралған, кез
келген тереңдікте де кездесе береді.Осы суатта мекендегенің бірінші
жылдарынан осы уақытқа дейін олар, табиғи ұдайы өндіру
жолымен санын елеулі дәрежеде көбейте алмады.Суакттың су
денгейінің төмендегені олардың санының кемейуіне алып
келді. Суаттағы табан, көксерке, жыланбастың санының
көптігі сазанға өз санын арттыруға мұмкіндік
бермейді.Қазіргі жағдайда сазан-тұқының санын
көбейту, соған сәйкес оның қорын молайту
үшін суатты осы түрлермен балықтандыру жұмыстарын алып
бару қажет. Бақылау үшін ауланған
шабақтардың көрсеткіштері, олардың санының
мөлшері кем екенін көрсетті, бұл сазан-тұқы
популяциясының кәсіби маңызды табиғи үйірден
ұдайы өндірілуінің денгейінің өте төмен
дәрежеде екендігінің дәлелі. Жас және пішімдік
көрсеткіштері бойынша
жыныстардың ара қатынасында аналықтар басымдық
танытады, ұзындығы 41 см асатын үлкен жастағы ересек
топтарда аталықтар байқалмаған.Жыныси жетіспеген балықтар
тек 3 жасқа дейінгі даралар арасында ғана кездеседі.
Сазан-тұқы 4-5 жасында жыныси жетіле бастайды, ал бес жасында олар
түгелдей жетісіп болады.Сазан-тұқының
ұзындығы мен салмағы өскен сайын, даралардың да
жеке абсолюттік өнімталдығы жоғарылай түседі.
Қолданылған әдебиеттер
1. Сейтбаев.Қ.Ж.Билікөл көлінің
экологиялық жағдайы. ТИГУ Жаршысы. №13 (9),
қыркүйек-қазан, 2012 ж., бет-57-59
2. Кушнаренко А.И., Лугарев Е.С. Оценка численности рыб
по уловам пассивными орудиями // Вопросы ихтиологии 1983.т.23.Вып..6. с.921-926
3. Иванов А.И. Рыбоводство в
естественных водоемах, М., 1991
4.Правдин И.Ф. Руководство по изучению рыб
(преимущественно пресноводных) Москва., 1966.
5..Привезенцев Ю.А., Власов В.А.
Рыбоводство, М., 2004,456 б.