Сейтбаев Қ.Ж., Жанилова А.Т.,  Момбаева Б.К., Ержан А.Ғ

«ДАРБАЗА» СУ ҚОЙМАСЫНДАҒЫ БАЛЫҚТАРДЫҢ ӨНІМДІЛІГІ

 

Жамбыл облысында балық шаруашылығымен айналысуға тиімді табиғи және жасанды суайдындары көп орналасқан,олардың бір-бірінен ауданы,гидробиологиялық және гидрохимиялық режимі бойынша және ихтиофаунасы мен биоөнімділігі жағдайы тұрғысынан да айырмашылығы бар.

Облыс экономикасының дамуына біршама үлесін қосуға және қоршаған ортаны қорғауда бүл сала маңызды мүмкіндіктерге ие,дегенмен балық қоры ұлттық байлық болғандықтан және бүл ресурстарға енуді реттеу мемлекет тарапынан қосымша назар аударуды қажет етеді.Қоғамның экономикалық дамуында,әсіресе ауылдық жерлерде,аса маңызды рөл атқаратынына қарамастан,тіпті жергілікті деңгейде бүл салаға жете мән берілмей келеді.Нәтижесінде балық қорының тұрақты кему тенденциясы байқалуда.Тек «Тасөткел»су қоймасының өзінде су бөліп тастау нәтижесінде соңғы 3 жыл ішінде аналық балық санының кему салдарынан балық ұстау жылына 150 ден 17 тоннаға дейін қысқарды. «Билікөл» көлінде 1998 жылғы 250 тоннадан 2005 жылы 36,5 тоннаға дейін қысқарған.Балық қоршау құрылымының жоқтығынан су қоймалардағы балықтың азаюына байланысты көпшілігінің шектен тыс майдаланып кетуіне әкеліп соқты.Ірі балықтың кездесуі бүгінде өте сирек жағдай.Осының салдарынан балық және балық өнімдерін өндіру 2002 жылға 5074,8 мың теңгеден 2003 жылы 1523 мың     теңгеге дейін кеміді.

Балық өнімін қайта өңдеу өндірісінің жоқтығынан балық консервілерін тұтыну, импорт есебінен жүзеге асуда,2002 жылдан 2004 жылға дейін балық өнімін импорттау 30,7 мың америка долларын құрады.Осылайша,балық саласын ары қарай дамытудағы басты міндет қалпына келтіріліп және өндірісті жоғарлату ғана болып қоймай оны қайта өңдеуді,бәсекелестің мүмкіншілігін жоғарылату болып отыр.Облыстағы балықтардың өсіп - өнуіне қолайлы су қоймалары мен көлдердің көпшілігі Аса,Талас және Шу өзендерінен нәр алатындықтан олардың су қорлары үнемі жаңарып,толығып отырады.Мысалы, «Билікөл», «Ақкөл» көлдері Аса,Фурманов,Ұланбел,Қамқалы су аңғарлары және  «Тасөткел»су қоймасы Шу өзенінің арналары арқылы толығады.Бұл ретте өзен сулары молаятын көктем,күз айларын тиімді пайдаланып қалудың маңызы зор.Облыста жалпы көлемі 1034,7 шақырым болатын 11 ағын су қоймасы, 11 өзен тектес су жинау тоғандар бар.Сонымен бірге су қорларын жинақтауға арналған 22 су қоймасы бар.Бұл бассейндерге су жинақтау,олардан қайтадан су алу шараларын жүзеге асыруға жалпы ұзындығы 5660 шақырымды құрайтын  шаруашылықаралық каналдар пайдаланылады.Облыстың аймағында орналасқан табиғи және жасанды сутоғандары жаңбыр және еріген қар суларының бастаулардың төмен рельефті жерлерге жиналуы арқылы пайда болады.Міне,осы аталған су қоймаларының жалпы аумағы мен олардың географиялық орналасу ерекшеліктері облыстағы балық өсіру әдісін қазіргіден ондаған есе  арттырып,дамытуға мүмкіндік береді.Яғни,осы су қоймаларын тиянақты пайдаланып,балық шаруашылығын өркендету арқылы облыстың балық шикізаты ресурстарын анағұрлым көтеріп,өңірдің балық және балық өнімдері өндірісі көлемін 1 мың тоннаға дейін жеткізуді қамтамасыз етуге болады.Бұл өз ретінде облыстың экономикасын көтеруге және табиғат байлығын қорғаумен бірге тиімді пайдалану ісіндегі елеулі еңбектің бірі болар еді.Бірақ табиғат пайдаланушылары осындай игі мақсаттарды ойдағыдай жұргізе алмай отыр.Кең көлемде қаржы жүмсауды қажет ететін жобалар іске асырылмай жатыр.Облыстағы балық шаруашылығының негізін «Билікөл» және «Ақкөл көлі», «Тасөткел» және Теріс Ащыбұлақ су қоймасы,жалпы көлемі 25 мың гектар алаңды алып жатқан басқа да табиғи су қоймалары енетін балық шаруашылық қоры құрайды.Кәсіпшілік балық аулау негізінен Билікөл көлінде жүргізіледі 1995 жылдарға дейін бұл көл жылына 700 тоннаға дейін балық беретін және Ақкөл көлінде балық аулау кәсібі 100 тоннаны құрайтын.Қазіргі кезеңде облыстағы барлық су қоймаларынан балық аулау лимиті 150—200 тоннадан аспайды.

Өзен сулары бойында орналасқан бекітілмеген табиғи және жасанды көлемі ауқымды көлшіктер мен тоғандардың жағдайын бағалау ғылыми-зерттеу жұмысын 2009 жылы.Тараз инновацияляқ гуманитарлық университетінің бір топ ғалымдары тарапынан зерттелінді.Олардың ішінде Қордай ауданы бойынша-3,Меркі ауданы-5,Рысқұлов ауданы-2,Жамбыл ауданы-2,Талас ауданы-2,Байзақ ауданы-2,Жуалы ауданы-6,Шу ауданында-1 су тоғандарында жұмыс жасалынды.

Қазіргі кезде Жамбыл облысы территориясының ихтиофаунасын балықтың 38 түрі құрайды.2009 жылғы зерттеулер бойынша 23 су айдынында өндірістік маңызы бар балықтардың 12 түрі анықталды:сазан,көксерке,мөңке,табан балық, ала дөңмаңдай,ақ дөңмаңдай,қылышбалық,шортан,амур жыланбасы.Кәдімгі шармай,арал тортасы,қызылқанат балықтарының аулау кезінде бірен-сараңы ғана кездескен.

Облыс территориясындағы су айдындарында балық аулауды олардың түрлері бойынша талдай отырып балықтардың барлық түрлерінің қоры қысқарған,ал өндірістік маңызы бар балықтардың кейбір түрлерінің орнында кәсіптік маңызы жоқ балықтар көбейіп кеткен.Соның ішінде зерттелген барлық су тоғандарының  80 пайызында жыланбас балықтар көбейіп кеткен.

Сутоғандарындағы көптеген сирек кездесетін балық түрлерінің сан жағынан шектелуі олардың табиғи ұдайы өндірісі,және азық базасының жетіспеушілік проблемалары мен байланысты болды. Көксерке,шортан,жыланбас балықтарының санын балық шаруашылығы мүддесіне орай шектен тыс көбейткеннің де пайдасы жоқ,олар жыртқыш балықтар болып саналады. Зерттеу барысында сутоғандардың фитопланктондарға өте бай және оның өсіп жетілуі жоғары екенін ескере отырып,көлдегі балық түрлерінің құрамын көбейту керек. Оны өсімдік жейтін балықтарды көлге жіберу (ақ амур,дөңмаңдай балықтарын) арқылы жүргізуге болады.

Қазіргі кезде облыстағы табиғи және жасанды су айдындары айтарлықтай перспективті саналады.Осыған қарамастан бұл су айдындарын да нашар пайдаланылуда.Су айдындарының мелиоративтік жағдайы өте төмен. Кейбір суайдындарынан ауылшаруашылық дақылдарын суғару мақсатында пайдаланады нәтижеде көптеген кәсіптік маңызы бар балықтар  түрлері қысқаруда.

Мөңке балық, сазан, дөңмаңдай, шортан сияқты балық түрлерінің қоры суайдындарда жетерлік мөлшерде,бірақ оларды аулау іс жүзінде жүргізілмейді. Зерттелінген су айдындарында бақылау торларына өндірістік тұрғыдан аулауда сазан-46,6%,мөңке-26,6%,көксерке-8,3%,табан-6,5%,шортан-3,36%,басқалары-8,7% құрайды.Демек зерттелген аудандардағы су айдындарында кәсіптік маңызы бар сазан  балығының қоры  елеулі мөлшерде бар[1].

Аулау бойынша екінші орында мөңке балық.Зерттелген сутоғандарының дерлік барлығында да кездеседі.Олардың өсу қарқыны жоғары.Су айдындарындағы маңызы бар балықтың түрі шортандар,негізінен бұл балық түрі Меркі,Шу,Қордай аудандарындағы суайдындарында  көп.

Көксерке мұнда онша көп емес,негізінен Қордай,Байзақ аудандарындағы суайдындарында кездесті.Шармай балығы Жуалы,Жамбыл аудандарындағы суайдындарында кездеседі.Балықтардың басқа түрлері жыланбас балық,қызылқанат,қылышбалықтардың саны көп.Демек балықтың өндірістік маңызы жоқ түрлері көбейген.Себебі су айдындары тиімсіз пайдаланып,мелиортивтік жұмыстар жүргізбеу,балшықтар мен суасты өсімдікдері балдырлардың көбеюі,өсімдік қоры,жыртқыш балықтарға бұл жағдай қолайлы,сондықтан олар су айдындарында көбейіп келеді.

Зерттелген айдындарының гидрофизикалық және гидрохимиялық көрсеткіштерін зерттеу нәтижесі,көпшілік айдындарының су деңгейін қазіргі қалыпта ұстап тұруды қамтамасыз еткен жағдайда,оларды балық шаруашылығы үшін маңызы бар деп есептеп,сол мақсатта пайдалануға болатынын көрсетті. Су айдындарының өнімділігін арттыру үшін:-су айдындарын қатаң су өсімдіктерінен тазалау бағытында мелиоративтік жұмыстар жүргізу себебі көптеген суайдындарының гидрологиялық көзі бұлақтар,қар-жаңбыр сулары бұл су айдыандарының маусымдық ерекшеліктеріне байланысты құбылмалы болуы су айдындардың ластануына алып келеді. Жекелеген аудандар территорияларында орналасқан су айдындарының гидрофизикалық,гидрохимиялық және ихтиофауна құрамы мен балық шаруашылығы үшін маңызды болып есептелінеді.

Өзен сулары бойында орналасқан көлемі ауқымды көлшіктер мен тоғандардың,су айдындарының  негізгі бөлігін балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы қызметкерлері зерттегенімен, кейбір кішігірімдері назардан тыс қалып, осы күнге дейін олардың маңыздылығы белгісіз. Балық инспекциясы балық қоры жөніндегі тұжырымдарды балық аулайтын мекемелердің мәліметтері негізінде жасап, соған байланысты квоталар (лимиттер) бөлінеді. Қажетті балық түрлерінің басым бөлігі жоғалып кетіп, немесе құрып кету мүмкіндігі туындаған қазіргі кезде, маңызды шикізат қорын қайта қалпына келтіре алмай қалуымыз мүмкін. Осындай қолайсыз жағдайлар өте аз, немесе көбінесе сапасыз мәліметтер нәтижесінде жасалынады, ал ол өз кезегінде балық қорын толтыру бағытындағы жұмыстардың нәтижесіз қалуына алып келеді. Сондықтан балық қорын толықтыру мақсатында оларға тікелей қатысы бар көптеген жекелеген  мәліметтерді (су айдындарының биолого-экологиялық жағдайлары, азықтық қоры, гидролого-гидрохимиялық режимдері, балықтардың көбеюі мен өсіп-даму ерекшеліктері, паразиттері бойынша эпизоотиялық сипаттамалары т.б.) мұқият зерттеп, балық өсіруді ғылыми негізде ұйымдастыру - ТМД елдеріне ортақ бүгінгі БСҰ кіру қарсаңында заман қажеттілігінен туындайтын өзекті мәселе болып табылады[3].

Зерттеулердің негізгі мақсаты - Жамбыл облысындағы бекітілмеген су айдындары мен тоғандардың балық өсіруге жарамдылығын биологиялық және экологиялық тұрғысынан бағалау,су айдындарын тіркеу және төлқұжаттандыру.

Зерттеу нысаны Дарбаза су айдыны.

Зерттеу барысында төмендегідей міндеттер қойылды:

- географиялық орналасуын, физгеографиялық сипаттамаларын анықтау;

- су айдындарының гидрологиялық және гидрохимиялық жағдайларын айқындау;

- су айдындарындағы балық қорегі болатын қордың мөлшерін бағалау

-су айдындарында мекендейтін сұтқоректілер мен омыртқасыз жануарлардың түр құрамын анықтау.

-су айдындарын тіркеу және төлқұжжаттандыру.

1. Зерттеу зерзаты  мен  әдістемелері. Зерттеу зерзаттары 2010 жылдың қырқұйек айында жүргізілген  экспедициялық іс-сапарлар барысында жинақталды.

Су айдындарының гидрофизикалық жағдайларын бағалау мақсатында тіршілік ортасының және азықтық қордың даму деңгейін сипаттайтын сынамалар су бассейндерінің әр түрлі акваториялары мен биотоптары ескеріліп, тор принципі бойынша белгілі үлескілерден алынды.

Сулардың гидрохимиялық көрсеткіштері өзіндік зерттеулер нәтижелері және «Казгидромет» РМК-ның «Жамбыл гидрометеорология орталығы» ЕМК-ның су айдындарынан алынған сынамаларды сараптау мәліметтеріне негізделіп, бағаланды. Сулардың гидрофизикалық және гидрохимиялық көрсеткіштері жалпы қолданыстағы әдістемелік нұсқаулары [1, 2, 3] бойынша анықталды. Гидробиологиялық зерзаттарды жинақтау және өңдеу қолданыстағы әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларға сәйкес орындалды [4-6].

Зерттеу барысында зоопланктон мен зообентостың 50 сынамалары өңделді. Организмдердің идентификациясы және санын анықтау МБС-10, Motic (K.Zeis) микроскоптарының көмегімен зертханада жүргізілді. Зоопланктон мен зообентостың түрлік құрамын айқындау үшін белгілі анықтағыштар қолданылды [7].

Зоопланктон сынамалары кіші Джеди торымен су қойнауын тоталды сүзу арқылы жинақталды. Торларда №55 және №70 диірмен торы пайдаланылды. Микроскоп арқылы организмдерді санау сынаманың белгілі бөлігінде жүргізілді. Содан кейін ірі және сирек кездесетін дараларды табу мақсатында сынаманың жарты мөлшері, немесе қалдығы түгелдей тексерілді. Зоопланктон жәндіктерінің жекелей салмағын есептеу үшін сызықты-салмақты қатынасты сипаттайтын теңдеулер қолданылды  [6]. Шаян тәрізділердің әр түрі үшін дамудың барлық сатыларындағы сан мен салмақ қосындысы есептелді. Содан кейін барлық түрлердің даралар саны мен салмақ көрсеткіштері ескеріліп, организмдердің негізгі топтары және бүкіл қауымдастық бойынша қосындысы анықталды. Зоопланктонның саны мен массасы су қойнауының 1 м3 шаққанда есептелді.

Балық қорлары 2010 ж. вегетациялық кезеңінің қырқкұйек айында жинақталған сынамалар мәліметтері бойынша, бақылау торларын қою нәтижесінде ұсталынған балықтарды тікелей сандық есептеу тәсілімен бағаланды.  Ғылыми-зерттеу мақсатында балық аулау үшін көздері 30-55 мм, ұзындығы 25-50 м торлар пайдаланылды. Су айдынының ауданына байланысты 1000 метрлік торлар қойылды.

Бір тор құру ұзақтығының мөлшері тәулігіне 12 сағатты құрады. Негізгі өндірістік балық қорлары туралы анықталған мәліметтер зерттеу кезеңінде  ауланылған балық  мөлшеріне сәйкес  суайдыны бойынша есептеліп, кесте түрінде берілді. Жұмыс барысында бақылау торларына ауланылған 4 түріне жататын балықтың 150 данасына биологиялық анализ жасалынды .

Балықтардың паразиттермен залалдануын анықтау мақсатында ауланған барлық дараларды толық емес гельминтологиялық сойып-зерттеу тәсілімен (Скрябин, 1938) тексердік.Жинақталған мәліметтерді математикалық өңдеу стандартты компьютерлік статистикалық бағдарламаларда орындалды[4].

«Дарбаза» су айдыны. «Жылыбұлақ» ауылының оңтүстік-шығысында 8 км қашақтықта орналасқан. Тараз қаласынан қашықтығы 63 км.(Дарбаза ауылдық округі,участок Дарбаза плотинасы) Су айдынының  жалпы ұзындығы 1,2 км, ені 0,8 км, ауданы 96 га, максималды тереңдігі – 8 м, орташа тереңдігі – 3 м құрайды .

Судың толықтырылуы қар-жаңбыр,жер асты сулары сондай ақ «Каменное» су айдынанда су келеді.Айдынның деңгейі жыл бойы салыстырмалы түрде қубылмалы болып , балық өсіруге қолайлы жағдайда сақталады. Көктем айларында айдынның су үсті өсімдік жамылғысының деңгейі төмен, ал  су асты өсімдік деңгейде толық қалыптаспаған, жазда (маусым-шілде айларында) жұмсақ сабақты өсімдіктер (харалық балдырлар және рдест) айдынның батыс  бөлігінде су бетіне дейін өседі,су асты өсімдік жамылғысыда төмен дамыған.Айдынның сол жағалауында өсімдік жамылғысы жақсы дамыған негізінен қамыс,су асты балдырлар.

Айдынның гидрохимиялық құрамының нақты көрсеткіштері 1-кестеде берілген. Судың минералдық құрамы мен биологиялық қасиеттері балық өсірілетін тоғандарға қойылатын химиялық көрсеткіштердің максималды мағыналарына сәйкес келеді. Соған байланысты қоректік қорлары да жақсы дамымаған.

Ғылыми-зерттеу барысында су айдынының бентофауна құрамында  шаяндар (Pontastacus kessleri (Schimkevitch)) кездеседі (1-суреттер).Бұл шаян балық шаруашылығының маңызды табиғи қоры ретінде қарастыруға болады.

 

DSC00364

 

1-сурет. «Дарбаза» су айдынынан ұсталған онаяқты  шаяндар (Pontastacus kessleri (Schimkevitch))

Су қоймасында кездейсоқ ауланған шаяндардардың аталығының мөлшері 10-12 см, ал аналығының – 10-10,7 см болды. Шаянның санын және өндірістік құндылығын анықтау қосымша зерттеулерді талап етеді[2].

 Су айдынының толықтыру режимінің басым бөлігі  жақын маңнан шығатын бұлақтар арқылы жүзеге асады. Бұл сулар барлық мерзімдерде осы су қоймасын толтырып отыруы себепті, оның суы орташа мөлшерде сақталады және жыл бойы  балық шаруашылығын жолға қоюға мүмкіндік ашады.Су айдынының сол жағалауындағы плотина типиндегі құрылмадағы шлюзді қайта жөндеу жұмыстарын жұргізуді қажет етеді.Себебі 2-3 жыл бүрын шлюз бұзылып су айдынындағы судың турақтылығын бир қалыпта устау мұмкін болмай қалған.Сонғы жылдары шлюзде қосымша жөндеу жұмыстары жұргізілгені мен суды реттеу құрылымы құрылмаған.

 

1        кесте – Дарбаза су айдынының суының химиялық құрамын анықтау нәтижелері

 

 

 

Сынама алынған нүктесі

Анықталған ингредиенттер, мг/л

 

рН

О2

БПК5

С О2

     

                Азот

 

 

 

 

 

аммонийлық

нитрит-тік

нитрат-тық

 

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

 

1

«Дарбаза»

6,99

9,24

3,08

20,9

0,59

0,026

0,42

 

 

Айдынның негізгі балық фаунасы тұқы,мөңке, көксерке, табан түрлерінен құралған . Негізгі өндірістік балық түрлерін бақылау аулулары кезінде саны бойынша сазандар 4,0%, мөңкелер 24,0 %, табандар 54,0 %, көксеркелер 18;  салмағы бойынша, түрлерге сәйкес 4,85; 14,05 ;12,7; 11,0 %   құрады (7-8кестелер).

Тоғанда ауланған сазанның  орташа өндірістік салмағы 476 г, мөңкенікі – 460 г,  табандікі – 384 г,  көксерке – 688 г болды.

Өндірістік қорды үлкейту мақсатында су қоймасын бағалы балық түрлерімен  байыту қажет. Осы мақсатта тоғанға тұқымдық көрсеткіштері сапалы 2 жастағы тұқы мен дөңмаңдайларды кемінде 100 дана/га есебінен жіберуге болады.

Мұндай іс-шаралар айдынға жіберілген балықтардың мөлшері мен сапасы туралы құжаттар толтырып, балық шаруашылығы ғалымдары мен балық қорғау инспекциясы қызметкерлерімен бірлесіп өткізілгені дұрыс.

Сонымен,  «Дарбаза» су қоймасының гидрохимиялық және биологиялық жағдайлары, сумен қамту деңгейі балық шаруашылығын дамытуға переспективалы деп қарауға болады.

Қазіргі таңда Дарбаза көлінің ихтифаунасын мына балықтар түрі құрайды: мөңке, сазан, табан, көксерке. Зерттеулеріне жүгінсек балық қоры 8,343 мыңды, ал биомасса бойынша 4,22 т құрайды. Ал ауланған балықтың 3,5%  мөңке, 37,7% - көксерке, 54,6% табан балықтары,4,17 % -н тұқы балықтар құрайды екен. Ал қалған балықтар  жыртқыш балықтардың қорегі болып кетеді екен. 2010 ж. балықтың ауға түсімін анықтау барысында жүргізген зерттеулерге зер салсақ, сазан, мөңке балықтары 1999 – 2004 жылдар аралығындағы балық түсіміне       қарағанда   азайған. Түсімнің аз болуы  көлдегі балық қорының төмен болуымен байланысты. Балық қорын көбейту және қорғау балық шаруашылық ғылымының ең негізгі  міндеті. Осы міндетті іске асыру үшін мамандандырылған , соның ішінде экспедициялық зерттеулер, су қоймадағы балық қоры туралы және балық қорының соңғы 3 – 5 жылдағы өзгерістер туралы мәліметтер жинау керек

Гидрофизикалық және гидрохимиялық зерттеулердің нәтижесінде Дарбаза су қоймасы балық шаруашылығын өркендетуде толық қолайлы деп табылады.(еріген оттегі,макро-микроэлементтер,органикалық қосылыстар стандарт талабына сәйкес).

Қоректік қор зообентоз, зоопланктон құрамы және биомассасы балық шаруашылығын өркендетуге төмен деңгейде жеткілікті, яғни су айдындарында қоректік қор көлемін көбейтуге байланысты іс-шаралары жүргізілуі қажет.

Кәсіптік балықтар ихтиофаунасы бүгінгі күні балықтың 4 түрін құрайды олар тұқы, мөңке, көксерке, табан.

Балықтандыру (зарыбление) жұмыстары соңғы кездері су қоймасында жұргізілмеген. Нәтижесінде су айдынында балық қорының  мәдени түрлерімен толықтырылуы, балық шаруашылығының өркендеуіне үлкен әсерін тигізді.

        

Қолданылған әдебиеттер

1. Сейтбаев.Қ.Ж.Билікөл көлінің экологиялық жағдайы. ТИГУ Жаршысы. №13 (9), қыркүйек-қазан, 2012 ж., бет-57-59

2. Кушнаренко А.И., Лугарев Е.С. Оценка численности рыб по уловам пассивными орудиями // Вопросы ихтиологии 1983.т.23.Вып..6. с.921-926

3. Иванов А.И. Рыбоводство в естественных водоемах, М., 1991

4.Правдин И.Ф. Руководство по изучению рыб (преимущественно пресноводных) Москва., 1966.

5..Привезенцев Ю.А., Власов В.А. Рыбоводство, М., 2004,456 б.

6.Қазақстан Республикасында 2007-2015 ж.ж аралығында балық шаруашылығын дамыту концепциясы. Қазақстан үкіметінің 6 қазан 2006 ж № 963 бұйрығы.

7. 008 «Қоршаған ортаны корғау» бағдарламасы «Бекітілмеген балық шаруашылығы су тоғандарының жағдайын бағалау ғылыми-зерттеу жұмысы» тақырыбындағы № 65 келісім-шарт.