Сейтбаев Қ.Ж., Бектурғанов Б.Б., Момбаева Б.К., Жанилова А.Т.

 

ӨНЕРКӘСІПТІК БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

 

Азық-түлік бойынша бағдарламаны орындауда балық шаруашылығының үлесі зор, әсіресе, су шаруашылығы және бейімделген су қоймаларындағы тауар балықтарының үлесі.

Қазір алдымыздағы басты мақсат – елдегі балық өнімін арттыру. Облыс аймақтарында ондаған гектарлы пайдасыз жатқан өзен алқаптарындағы жарамсыз жерлер, арықтар, жыралар және т.б. көп. Аталған жерлердің суын молайту арқылы балықтардың мәдени тұқымдарын көбейтумен айналысуға болады. Үлкен және  шағын су қоймаларында мәдени балық шаруашылығын дамытуды, азық-түлік тағамдарын арттыру бағытында жасалған еңбек деп санау қажет.

Ұсынылып отырған ғылыми  мақалада  біз мамандардың көпжылдық ғылыми-зерттеу жұмыстарына сүйене отырып, Жамбыл обылысындағы өнеркәсіптік балық шаруашылығының дамуын зерттедік.

Зерттеу мақсаты: Өнеркәсіптік балық шаруашылығы технологиясын зерттеу, оларда балық тауарларын өндірудің жетілдірілген технологиясын қолдану, сонымен қатар балық тұқымын өсірудің биологиялық технологиясын зерттеу.

Мақсаттары келесі мәселелерді қамтиды:

- су айдындарына гидрохимиялық және гидробиологиялық талдау жасау;

- су айдын балықтарын қоректендіруді дамыту технологиясын зерттеу.

Жамбыл облысының Талас, Аса, Шу өзендері бассейндерінде орналасқан 60-тан аса жасанды және табиғи суқоймаларын зерттеу нәтижесінде зерттеу нысандарынан ихтиофауна құрамы, негізгі гидрологиялық, физико-химиялық және гидробиологиялық сипаттамалар анықталған, олардың кешенді биология-экологиялық бағасы беріліп, оларды балық шаруашылығы саласына пайдалану және өндірістік балық қорларын барлау мүмкіндіктері зерттелген.

Ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына сүйене отырып, біз Талас өзенінің алқабындағы Гродиково ауылының жанында орналасқан «Сандель» толықжүйелі балық шаруашылығын зерттедік. Аталған шаруашылықта тұқы, ақ амур және дөңмаңдай ұрықтарын және тұқымдарын алуға арналған инкубациялық цех бары анықталды. Ғылыми-техникалық нормативтерге сай егу алды және егу тоғандары, балық ұрығын алуға арналған қытай бассейні орналасқан.

Аталған балық шаруашылығын зерттеу барысында балық өсірудегі қарқындатуды пайдалануға, тоғандағы  судың сапалық құрамына, олардың қоректену базасына, алдын алу шаралары мен балық тауарларын қыстық асырау және өсіруге көп көңіл бөлінді. Зерттеліп отырған толықжүйелі балық шаруашылығы Талас өзенінің алқабында орналасқан, осылайша сумен қамту мен су келуі каналдар арқылы өздігінше жүзеге асырылып отырады. Барлық тоғандарда «Монах» тектес гидротехникалық суағытқыш құрылғылары және балықағызғыш шұңқырлар орнатылған .

Зерттеліп отырғантоғандардағы зоопланктондардың (табиғи жемшөп қорына жататын) түрлік құрамы  алуандылықпен ерекшеленбейді және ол жерден құбылмалылардың 13 түрі, бұтамұрттылардың 4 түрі – дафния, моина, босмина, ескек аяқты шаянтәрізділерден циклоптар және диаптомустардан тұратын  20 түрлі омыртқасыздар кездесетінін байқауға болады.

Ғалымдардың бағасына сүйенсек, зоопланктондардың көрсеткіштері орташа азықты болып келеді, яғни жасанды тоғандарда қосымша қоректену рационын жасау қажет. Сол себепті өнімді көбейту үшін қарқындату шараларын қолдану керек (жасанды азықтармен қоректендіру, тоғандарды тыңайту және т.б. ).

Уылдырықты - ет алдырғыш шаруашылықта көбіне тұқы және аз мөлшерде ақ амур мен дөңмаңдай тауарлы балық деңгейіне дейін өндіріледі. Тұқының артуының 70% астам бөлігі жасанды қоректендіру нәтижесінде жүзеге асады, шаруашылықта балықты тамақтандыру тәртібіне ерекше көңіл бөлінеді. Азық белгілі бір азықтық жерлерге және бір уақытта беріледі. Мұндай тәртіп азықтануды тездетіп және оның жоғалуын қысқарта отырып, балықтарда азықтану уақыты мен жеріне шартты рефлекс қалыптастырады. 

Алайда аталған шаруашылықта балықтарды үстеме азықтандыру үшін құрама азықтандыру түрі қайықтан су бетіне шашу арқылы жүзеге асырылады және зерттеулер нәтижесінде мұндай қоректендіру түрі үлкен шығындарға әкелетінін анықталды: механикалық себілу, сумен шайылу және тұнбаларда тұрып қалу, яғни, балықтарды қоректендіру кезіндегі шығын көлемі ұлғаяды.

Шаруашылық иелеріне біз қоректендірудегі инновациялық технологияларды пайдалану жолдарын ұсындық, яғни төменде сипатталғанавтоқоректендіргіштерді пайдалануды. Ұсынылып отырған  «Рефлекс» Ресей автоқоректендіргіші (2, 3, 4 суреттер) қарқынды технологияның бір бөлігі болып табылады.

 

1 сурет. «Рефлекс Т-1500» автоқоректендіргіші

Мұндай қоректендіргіштерді пайдалану кезінде еңбек шығыны қысқарады және азықты жоғалту 20-50% азаяды, өз кезегінде ол тоғанның ластануын болдырмай, судың газды тәртібінің жақсаруына жол ашады.

 

 

 

 

№2 сурет. Тұқыны «Рефлекс» автоқоректендіргішінен азықтандыру принципі:

а) бос автоқоректендіргіш; б) түйіршіктелген үстеме қоректендіру автоқоректендіргіші;

в) тұқының өздігінен қоректенуі

 

«Рефлекс Т-1500» қоректендіргіші екі пантонда орналасқан сиымдылығы 750 кг болатын түіршіктелген азықтың екі бункерінен тұрады.

Түйіршектелген азықтар бункердің төменгі бөлігіндегі саңылау арқылышвелер тіреу тақтайшасына себіледі. Тақтайшаға ілмек тәрізді бүркеншік көмегімен ұзындығы 1,5 м болатын, балықтардың әсерінен жан жаққа қозғалу кезінде тіреу тақтайшадан азық шашып тұратын 20 маятник ілінген.  Бұрандалардың көмегімен тіреуіш тақтай мен бункердің төменгі шеті арасындағы арақашықтықты өзгерте отырып, азықты себу жылдамдығын үдетуге болады.  Автоқоректендіргіш үстеме қоректендіруде 20% майда фракциялар бола тұрып, нық жұмыс атқарады.

Автоқоректендіргіштоған түбіне маятниктер 20-30 см жетпейтіндей 1,2-1,5 м тереңдікте 5-7 тоғанға бір «Рефлекс Т-1500» есебімен орнатылады және зәкірлермен бекітіледі.

Балықтар әдетте автоқоректендіргішке 5-10 күні күнделікті қолмен қосымша тамақтандыру нәтижесінде үйренеді. Азықты күніне 2-3 рет аз мөлшермен автоқоректендіргіштің астына тастайды. Қосымша азықтандыруды су температурасы 11-13°Сжеткенде бастау керек.

Автоқоректендіргіштерді орнату.

Тоғандардың каскадты орналасуы және оның аумағы кіші болғанжағдайда «Рефлекс Т-1500» автоқоректендіргішін пайдалануды қолайлы ету мақсатында оның құрылымын біршама өзгертуді ұсынамыз. Пантондар толығымен және бір бункер алынады, ал қалған бункер стационарлық айлаққа орнатылады. Айлақтың орналасу жері мен құрылымы мұнда аса маңызды емес, бастысы келесі талаптарды орындау қажет: қоректендіргішті көліктің үстеме қоректендіргішке келіп жетуге мүмкіндігі болатындай 1,2 – 1,5м тереңдікте орналастыру. Бұл шарттың нақтыорындалуы үшін «Рефлекс Т-1500» автоқоректендіргішін орнатуға арналған металл айлағының келесі конструкциясын ұсынамыз (4 сурет).

 

 

 

 

№4 сурет. «Рефлекс» автоқоректендіргішінің тоғандарға стұрақты қондырудың сызбасы

2013 жылғы автоқоректендіргіштерді пайдалану оң нәтиже берді, яғни, өткен жылғы деректер бойынша тауар балықтарының шығуы  25-30% өскен.

Қоректендірудегі инновациялық технологиялар, яғни жоғарыда аталған толықжүйелі балық шаруашалағында жүргізілген тәжірибелік жұмыста сипатталған автоқоректендіргіштерді пайдалану оң нәтиже берді деуге болады: еңбек шығыны, азықты жоғалту азаяды, тоғанның ластануы жойылып, судың газ алмасуы жақсарады.

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Рекомендации по интенсивной биотехнологии выращивания сеголеток карпа и растительноядных рыб в прудовых хозяйствах Казахстана. МинРыбхоз. КазССР. Алматы, 1987г.

2.Особенности использования и результаты внедрения маятниковых кормушек «Рефлекс» в рыбоводных хозяйствах Белоруссии. Алматы 1989г.